Жаңа ақпараттық технологиялар зертханасы



1 Есептеуіш техниканың даму тарихы
І кезең (1945.1955 жылдар)
ІІ кезең (1955.1965 жылдар)
ІІІ кезең (1965.1980 жылдар)
IV кезең (1980 жылдан бері қарай)
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу жұмыстарымен айналысады. Жаңа ақпараттық технологиялар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын өңдейді. Әр түрлі шығармашылық топтардың жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады. Шығармашылық топтардың жұмыстарына қорытындылар жасап, талдау өткізеді. ЖАТ саласында мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын (авторлық, конкурстық материалдар) рецензиялайды.Орта білім беру саласын ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады.Қажетті есептілік дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Жоспарланған курстардың бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларын өңдейді. Бағдарламалау тілдерін оқыту және білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар бойынша курстар өткізеді.
7-11 сыныптардағы барлық пәндер бойынша тексеру тапсырмалары Банкін, ғылым негіздері бойынша зертханалық және практикалық дәрістер өткізу үшін оқыту және қолданбалы бағдарламалар пакетін, жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының негізгі пәндері бойынша тестілер пакетін құру жұмыстарын ұйымдастырады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша мультимедиялық оқыту бағдарламаларын өңдеу жұмыстарымен айналысады.
Жеке тәртіп бойынша 7-11 сынып оқушыларының білім, іскерлік және дағды сапалары мен мектеп курсы пәндерін оқыту жағдайларын зерттейді. Тексерудің рейтинг бағдарламасын жетілдіріп, қазіргі заманғы нәтижелерін шығаруды қамтамасыз етеді.

"Жаңа ақпараттық технологиялар" зертханасы

Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу жұмыстарымен
айналысады. Жаңа ақпараттық технологиялар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
мен оқу құралдарын өңдейді. Әр түрлі шығармашылық топтардың жұмыстарын
ұйымдастыруға қатысады. Шығармашылық топтардың жұмыстарына қорытындылар
жасап, талдау өткізеді. ЖАТ саласында мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын
(авторлық, конкурстық материалдар) рецензиялайды.Орта білім беру саласын
ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады.Қажетті есептілік
дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Жоспарланған курстардың бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларын
өңдейді. Бағдарламалау тілдерін оқыту және білім берудегі жаңа ақпараттық
технологиялар бойынша курстар өткізеді.

7-11 сыныптардағы барлық пәндер бойынша тексеру тапсырмалары Банкін, ғылым
негіздері бойынша зертханалық және практикалық дәрістер өткізу үшін оқыту
және қолданбалы бағдарламалар пакетін, жалпы білім беретін мектеп
бағдарламасының негізгі пәндері бойынша тестілер пакетін құру жұмыстарын
ұйымдастырады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша мультимедиялық оқыту
бағдарламаларын өңдеу жұмыстарымен айналысады.

Жеке тәртіп бойынша 7-11 сынып оқушыларының білім, іскерлік және дағды
сапалары мен мектеп курсы пәндерін оқыту жағдайларын зерттейді. Тексерудің
рейтинг бағдарламасын жетілдіріп, қазіргі заманғы нәтижелерін шығаруды
қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік стандартының мазмұнын
анықтап, талдайды. Информатика мұғалімдерін аттестациялауға қатысады.
Мұғалімдердің оқу-әдістемелік жұмыс тәжірибелерімен алмасу және оқытудың
жаңа әдістері мен түрлерін апробациялауды ұйымдастырады. Мұғалімдерге
практикалық және консультациялық кеңестер береді. Мұғалімдердің
біліктілігін арттыру және қайта даярлаумен айналысады Орта білім беру
жүйесінде информатика бойынша байқаулар мен оқушылар олимпиадасын
ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.  

    Есептеуіш техниканың даму тарихы  
 

Абак (Ежелгі Рим) –
V-VI ғасыр

  Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір
деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда
болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция
болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар абак
деп, қытайлықтар суан-пан, жапондықтар серобян деп атаған. Бұл құралмен
есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы
жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды.
Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның
жетілдірілген түрі осы күнге дейін  қолданылып келеді.
   XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм
түсінігін енгізді және логарифм  кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын
Д.Робертсон  жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған
логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак
Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің
бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші
жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан
ығыстырды.
  1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде
бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден
тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында
көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.   

           Арифмометр

  1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып,
өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің
орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу
мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті
квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр
бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен
В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген
калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор
есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда
есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.
  Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш
техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша
адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды.

  Беббидждің аналитикалық машинасы өз
заманының озық идеясы болатын.  Ол 
техникалық жағынан алғанда өте күрделі
құрылғы болғандықтан, оны құрастыруға
қажетті техникалық базаның сол кезеңде
болмауына байланысты Беббидждің
машинасы 40 жылдан астам уақыт
қағаздағы сызба түрінде болды. Алайда
осы машинаның жобасында ұсынылған
негізгі идеялар ХХ ғасырда алғашқы
компьютерлерді құрастыру кезінде
басшылыққа алынған болатын. Сондықтан
аналитикалық машинаны қазіргі
компьютерлердің "арғы атасы" десе де
болады.

 Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821
жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында
ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана
қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған
программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада
қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен
аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар
орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу
барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды
басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған
қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.  
  Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі
құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра
алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана  құрастырылып іске қосылған
болатын.   Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі
ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті
алғашқы программалаушы десе де болады.
 ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына
байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып,
айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан
электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу
қалыптасқан.
 
             І кезең (1945-1955 жылдар)
  ХХ ғасырдың бірінші жартысы  радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі
болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс
істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай
электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін
алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында
құрастырылды. Дж. Моучли  және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен
құрастырылған бұл машина ENIAC (Electronic Numerical Integrator and
Computer - Электронды  санды  интегратор  және  компьютер) деп аталды.
ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол
кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-
механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен
салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын.  

 ENIAC электронды-есептеуіш машинасы - Америка Құрама
Штаттарының Пенсильвания университетінде жасалды.
ENIAC - соғыстық мақсатта қолдану үшін, екінші
дүниежүзілік соғыс біткеннен екі айдан кейін дүниеге
келді. ENIAC-тың ұзындығы 30 м, көлемі 85 м3, ал
салмағы 35 тоннаға дейін жететін. Ол 17 468 вакуумды
шамнан, 7 200 кристал диодтардан және 4 100 магниттік
элементтерден тұрды.

    Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы  жазған EDVAC машинасы
туралы алдын-алабаяндамасында электронды-машиналарды құрастыру мен
басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы 
EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-
тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар
түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті
мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын.
  
   Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы - МЭСМ (Малая электронная
счетная машина) және 1952 жылдары - БЭСМ (Большая электронная счетная
машина) пайда болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей
Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең
қуатты компьютерлердің қатарында болатын.
   Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды
шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын
пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше
тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан
аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен
перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми
есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар
машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл  өте қиын іс болғандықтан
программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын.     
 
       ІІ кезең (1955-1965 жылдар)
   Электронды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Виртуалды зертханалардың оқу процесінде жиі қолданылатын дәлелдер
Ғылыми зерттеу институтыныңақпараттық жүйесін жобалау
Нанотехнология туралы
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Қашықтықтан оқытуда қолданатын формалар мен әдістер
Нанотехнологияларды елімізде дамытудың алдыңғы шарттары__
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
GPS навигациялық жүйелерді қолдану
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Пәндер