Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . 4

1. БАНКІ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Банкі қызметі саласындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрі ретінде . . . 9

1. 2 Банкі қызметі саласындағы жеке қылмыстар үшін жауапкершілік . 22

1. 2. 1 Заңсыз банктік қызмет . . . 22

1. 2. 2 Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын немесе өзге мүлікті заңдастыру . . . 23

1. 2. 3 Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану . . . 27

1. 2. 4 Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару . . . 29

1. 2. 5 Коммерциялық немесе банкілік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету . . . 30

1. 2. 6 Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру . . 33

1. 2. 7 Банктің ақша қаржатын заңсыз пайдалану . . . 34

2 БАНКІ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Банкі қызметі саласындағы қылмыстардың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы . . . 37
  2. Банкі қызметі саласындағы қылмыстардың себептері мен оған әсер ететін жағдайлар . . . 42
  3. Банкі қызметі саласындағы қылмыскердің тұлғасы . . . 46
  4. Банкі қызметі саласындағы қылмыстардың алдын алу шаралары . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ мемлекетінің тарихында алғаш рет 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кіріспесінде біздің еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі бүкіл әлемге салтанатты түрде жарияланды. Ендігі жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдігіне ешуақытта қайта оралмауға серт етілді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүкіл халықтық ферендумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негізгі қағидалары мен өмірлік қызмет бағыттарын бекітті [1] . Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін жария етті.

Бірнеше он жылдықтар бойы сақталған «социалистік» қоғамдық қатынастан «нарықтық» қатынасқа көшу кезеңі, нақты тәуелсіздікті жүзеге асыру мен жас мемлекеттің егемендікке жетуі оңай шару болмай, өзіндік қиындықтарға кез болды, экономика саласында күйзелістерге ұшырады. Жұмыссыздар пайда болды, еңбек ақы мен жәрдемақының төленбеуі нәтижесінде Республикамыз бірқатар ереуілдер туғызады. Қоғамымызда қоғамдық және құқықтық тәртіп деңгейі төмендеді.

Қазақстан халқына ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 даму, қауіпсіздік және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» атты жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің перспективті дамуы жоспарланды. Жинақталған өмірлік тәжірибиеден арылмас үшін қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттігі туындайды.

Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтік жүйеге өту кезеңі бойынша уақыт күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді.

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерістерге сәйкес мемлекеттік таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардың тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи - саяси климатқа теріс әсер етеді, адамдар ертеңгі күнге сенімсіздік тудырады.

Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулі орын салады.

Кейбір ізденушілердің пікірінше, экономикалық қылмыстардың өсу себебіне мыналар жатады: әкімшілік - бюрократиялық механизімдердің етек алуы, жемқорлықтың өсуі, қос моральдылық, жоғары билеуші эшелондардың қылмысқа қатысуы, екі жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнісінде азамат пен басшылардың теңдігі, жұмыс нәтижесіне шын қызығушылықтың болмауы.

Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктік қылмыстар болып табылады. Себебі қаржы саласы нарықтық экономиканың иіні. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттік дәрежеде экономикалық әсіресе банк қызметі саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы қылмыстылықпен күресудің негізгі бағыты болып табылады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен кәсіпкерліктің дамуы жағдайында еліміздің экономикасында банк үлкен роль атқарады.

Банк ұғымы былайша алғанда, заң саласына жатпайтын, экономикалық ұғым болып көрінетін тәрізді, бірақ құқықтық мәселелеріне зер салған кезде оның қажеттілігі туындайды, өйткені, заң банк қызметін белгілі бір заңдық салдармен байланыстырады.

Қазақстан Республикасында банк дегеннің өзі не екендігіне алғаш рет 1990 жылы заң жүзінде жауап беруге талпыныс жасалған болатын. Онда банк деп ақшаларды орналастыру мақсатында, сондай-ақ өзге де банктік операцияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын тартуға уәкілетті мекемелер деген тұжырым жасалды.

Нарықтық қатынастардың дамуы заңнаманы, оның ішінде банкке қатыстыларын, жаңартуды талап етті. 1993 жылы 14 сәуірді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» заңы қабылданды, соған сәйкес банк ақша қаражаттарын тартуға және оны қайтарылуы, төленетіндігі және жеделдігі жағдайында орналастыруға уәкілетті мекеме болды. Ал ҚР Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын Банк заңды тұлға болды.

Банктік қылмыстардың қауіптілігі ұлттық байлықтың шетелге кетуімен тағыз байланысты. Үш жылдың өзінде (1996 - 1998) несиені заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 1996 жылы 3 млрд. теңгеден 1998 жылы 80 млрд. теңгеге дейін несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулі бөлігі шетелге өткен.

Банктік қызметтегі қылмыстардың қоғамға қауіптілігін тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтік -психологиялық және рухани зардаптары бар түрлі әлеуметтік топ иелері өз араларында негізсіз бөлінуіне және топ иелері өз араларында негізсіз бөлінуіне және тәуелдігіне алып келуде. Банктік қызмет саласында түрлі қылмыстық (криминалды) бірлестіктердің арасында заңсыз баюға байланысты кекті соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмірі, денсаулығы, бостандығына қарсы, отбасы мүшелелері мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 1993 - 1997 жылдарда банк ұйымындағы жауапты қызметшілер мен басшылардың өміріне қол сұққан 100 - ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тіркелген. Сондықтан да банкі саласындағы қылмыстардан қазіргі кезде жәбір көретіндер өте көп деуге негіз бар.

Банк қызметіндегі қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің келесі қыры - оның латентілігінде. Қолдағы бар деректерге қарасақ, жалпы қозғалған қылмыстық істердің әрбір оныншысы сотқа жетеді.

Зерттеліп отырған саладағы криминалды жағдайлар құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметкерлерінің дайындығының болмауы және жауапсыздығы, банктік қылмыстарды ашу және алдын алу кезінде оларды қызметтері координациялаудың тиімсіздігі әсерінен көбейді.

Бүгінгі таңда банк қызметіндегі қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық негізінің болмауын айтпай кете алмаймыз. Қазақстан Республикасында банктік қылмыстар тұтас зерттеліп болмаған.

Жалпы және арнайы әлеуметтік, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендіру, қылмыскерге әсер ететін шараларды анықтау арқылы банкі қызметі саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиімді ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, банк қызметін дұрыс қамтамасыз етудің басты алғышарттары болмақ.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентінің «Елдің жағдайы мен ішкі жеке сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы» жолдауында былай делінді:

«Мыналарды жасау қажет:

  • шаруашылық субъектілерінің банктік несие алуына мүмкіндік беру;
  • мемлекет қарыздарын кезектілікпен жоюдың кешенді шараларын жүргізу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;
  • экономиканың өсуіне, мемлекет қатынасы түсетін және азаматтарға тікелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».

Бұл жағдайда зерттеу тақырыбының өзектілігі құрайды.

Банк жүйесі - нарықтық экономиканыңең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар (параллель) дамып, бір-бірімен тығыз байланыста. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отыр.

Егеменді еліміз дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде, адам құқығы мен босатандығының басымдылығын мойындай отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағаны төл Конституцияда баянды етті.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру бұрынғы социалистік құқықтың, сот және құқық қорғау органдарының мемлекеттендірілген жазалаушы сипатын идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді.

Қылмыстық заңдарда құқыққа қарсы мінез-құлық танытуға сенімді тосқауыл қойып, бастамашылдық пен іскерлікті тежейтін тыйым салушылықты алып тастап, адамның шығармашылық әлеуетін негізсіз шектеулерден босату қажет.

Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жекеленген түрі банктік қылмыстар болып табылады.

Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы елдің банк жүйесін ауқымында іске асырылып жатқан банктік қызметке байланысты туындайтын экономикалық банктік қатынастарды және ұйымдастыру банктік қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарының жиынтығынан тұрады.

Банк қылмыстары екіге бөлінеді: 1) банк саласында кездесетін меншікке тікелей қол сұғатын қылмыстар. 2) банк қызметі саласында жасалынатын қылмыстар.

Соңғы жалдары банк қызметі саласындагы қылмыстардың тұрақты өсу тенденциясын байқаймыз.

Банк қызметі саласындағы қылмыстарды құқықтық, әлеуметтік -психологиялық, техникалық себептерін беріп қарауға болады.

Құқықтық сипаттағы факторларға мыналар жатады:

  • банк саласындағы кәсіпкерлік қызметтерді реттейтін нормативті базаның жетілдірілмеуі;
  • құқық қорғау органдарының қызметтерін реттейтін нормативтік базаларды жетілдірмеуі;
  • банк қызметі саласына құқық қорғау органдарының жеткілікті дәрежеде әсер ете алмауы;
  • қылмыстық шаралардың (ҚР ҚК 194, 206, 207-баптары) жетілдірілмеуі[2] ;

Әлеуметтік - психологиялық сипаттағы факторлар;

  • банк қызметі саласының криминализациялануы;
  • қазақстандықтардың мүмкіндігі мен қазіргі психологиялық -физиологиялық жағдайларының сәйкес келмеу.

Техникалық сипаттағы факторлар:

  • жалған құжаттарды анықтайтын деректорлар, арнайы құрылымдарды күшейту, иемденбеу;
  • құжаттардың қорғану белгілерін күшейтілмеуі.

Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық капиталдарға ие болады. Олар делдалдық қызметінің негізінен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының салаларына дендей енеді. Несие, жүйесі ең қатерлі жолмен нақты өндіріске араласуы ықтимал. Банктер шаруашылық өмірінің орталығына, барлық экономиканың ең басты жүйке торабына айналды. Бұл жағдайда банкі қызметі саласындағы қылмыстардың да алдын алудың әлеуметтік және экономикалық мәні Қазақстан Республикасының әлемдегі 50 өркениетті ел қатарына кіруі барысында Қазақстан халқының болашақтағы тұрмыстық жағдайының жоғары болуы үшін зор болмақ [3] .

Осы мәселе бойынша мемлекет тарапынан бір шешімдерді қолдану, бұл проблеманы жоғары дәрежеге көтеру керек, себебі оны шешпей халқымыздың әл-ауқатының үлкен шыңдардан көрінуі мүмкін емес. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттік дәрежеде экономикалық әсіресе банк қызметі саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы қылмыстылықпен күресудің негізгі бағыты болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу.

Аталған мақсатқа жетуде төмендегідей міндеттер туындайды:

  1. Тұтас банктік қылмыстарды зерттеу;
  2. Банктік қылмыстардың себептерін анықтау;
  3. Банктік қылмыстардың алдын алу шараларын тану;
  4. Банк қызметіндегі жекеленген қылмыстардың құрамын сипаттайтын негізгі белгілерге тоқтау;

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасын Қазақстан Республикасы Коституциясы, «Қазақстан Республикасы ұлттық банкі» туралы, «Банк және банк қызметтері» туралы заңдар, басқа да банк қатынасын реттейтін нормативтік актілер, нормаларды бұзғаны үшін жауаптылық көзделген қаржы, азаматтық (банктік) әкімшілік және қылмыстық заңнамалар құрайды.

1 БАНКІ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА

  1. Банк қызметі саласындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрі ретінде

«Құқық» сөзі мемлекет белгілеген немесе санкциялаған тәртібінің (нормаларының) жалпыға міндетті ережелерінің жиынтығы дегенді білдіреді.

Қоғамдық өмірдің белгілі бір жүйесіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларды өзара байланыстыратын жиынтығы құқық саласын құрайды.

Құқықтың салалары ең алдымен өзінің реттейтін пәні бойынша ажыратылады.

Әр саланың құқықтық реттеу пәні (яғни қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрі) өзіне тән ерекшелікті иеленеді, бұл өз кезегінде аталған қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін айқындайды.

Саладағы құқықтық шектеу үшін қосымша негіз құқықтық реттеу әдісі болып табылады. Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз қоғамдық қатынастарға әсер ететін тәсілдердің аталған құқықтың саласына тән жиынтығы болып табылады.

Егер құқықтық реттеу пәні сол құқық саласы әсер ететін қоғамдық қатынастар жүйесін анықтауға мүмкіндік берсе, онда құқықтық реттеу әдісі мұндай әсер етудің, реттеудің құралы ретінде көрінеді, сонымен қатар ол аталған құқық саласын (пәнмен қоса) сипаттайды.

«Банктік құқық» дегеніміз не деген сауал бойынша әр түрлі көзқарас кездеседі. Мәселен, М. М. Агарковтың пікірінше, банктік құқық негізінен банктерге арналған сауда құқығының арнайы бөлімін білдіреді, банктік құқық мәселесі азаматтық құқықты білуге жетелейді және несие теориясы және ақша айналымымен түбегейлі танысуды талап етеді [4] .

Ал А. И. Худяковтың көзқарасына сүйенсек, құқықтық институт ретінде банктік құқық кешенді, яғни қаржы және азаматтық құқық нормаларынан тұрады екен. Дейтұрғанымен А. И. Худяков құқықтың осы аталған салалары арасындағы айырма мемлекеттік банктермен жүзеге асырылатын банк қызметі қаржы құқығының пәні (бұл жағдайда қаржы-құқықтық шарттардың сипатын иеленетін банк шотының шарттары да, банктік қарыздар да қосылады) болып табылады, ал жеке меншік банктермен жүзеге асырылатын қызмет - азаматтық құықықтың пәні. Мемлекеттің қаржы қызметінің әр алуандығы ретінде банк қызметіне арналған банктік құқықтың сол бөлігін А. И. Худяков қаржы-банктік құқық деп атауды ұсынады [5] .

И. С. Гуревич банктік құқық қаржы құқығының айрықша қосалқы саласы болып табылады деген тоқтамға келеді [6] .

Ал Л. Г. Ефимова болса, өзге көзқарасқа жүгінеді, яғни «банктік құқықпен» белгілі бір дәрежеде реттелетін қоғамдық қатынастарды, олар құқықтың жеке саласының пәнін құрайтындай соншалықты өзіндік ерекшелігі бар деп білуге болмайды екен. Аталған қоғамдық қатынастар Л. Г. Ефимованың пікірінше құқықтың әр түрлі салаларының, ең алдымен, азаматтық, қаржылық, әкімшілік нормаларымен реттеледі [7] .

Бірқатар ресейлік авторлар банктік құқықты құқықтың дербес саласы ретінде қарастырады.

Американдық заңгерлердің көзқарасы бойынша, банктік құқық - бұл мейлінше сан қырлы термин. Ол банктердің ұйымдастыру және қызметінің жалпы принциптерін қамтып қана қоймайды, сонымен қатар қаржы және онымен байланысты қызметтерді көрсетудің тәртібін реттейтін нормалар жиынтығы да болып табылады. Банк құқығы дегеніміз қаржы, әкімшілік және азаматтық құқықтардың түйіскен жерінде қалыптасатын кешенді құқықтық институт болып табылады. Мәселен, қаржы құқығы - елдің ақша жүйесін мемлекет арқылы қалыптастыру және оның қалыпты жүзеге асуын қамтамасыз ету процесінде, сондай-ақ мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру, бөлу мен ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Қаржы құқығына реттелетін қатынастарға әсер етудің императивті - «біржақты-билік! әдісі тән. Қаржы қатынастарын құқықтық реттейтін императивті әдіс төмендегідей белгілермен сипатталады:

  • мемлекеттік ұйғарым нормативті сипат алатын бір жақты құқықтық акті нысанында көрінеді;
  • бұл ұйғарым тараптардың әрекетін мұқият реттейді;
  • тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекеттен туындайды және аталған қатынастарды реттейтін сол нормативьік актіден туындайды;
  • тараптар мемлекеттің ұйғарымынан бас тартуға құқылы емес;
  • мемлекеттің ұйғарымы мемлекетпен не сот арқылы, не бір жақты тәртіпте жүзеге асырылатын мәжбүрлеу тұтқасымен қамтамасыз етіледі;
  • әрекет етуді таңдау, оның ішінде тараптардың келісім негізінде, тіптен болмайды, не қандайда бір болмайтын сәттерге қатысты келеді;
  • ұйғарым орындамау тараптардың заңдық тұрғыдан жауапкершілікке (әдетте әкімшілік және қылмыстық) әкеп соқтырады;
  • мемлекеттің қаржы құқығы қатынастарын білдіретін субъект неғұрлым кең құқықтарды иеленеді, сондай-ақ әдетте оған мемлекеттің ұйғарымын мәжбүрлеп жүзеге асыру мүмкіндігін беретін билік өкілеттіктерін еншілейді.

Мемлекеттік басқару органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жекелеген банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктермен және ұйымдармен өзара қарым-қатынастарында бұл әдісті кеңінен қолданады.

Азаматтық құқық тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ жеке мүліктік емес мүліктікке байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын көрсетеді. Аталған қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық-құқыққа өз тәсілі тән, бұл сол немесе басқа азаматтық қатынастарға қатысушыларға әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Ол бұл қатысушылардың теңдігін, диспозитивтілігін (құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілікті таңдау мүмкіндігін бекіту, сондай-ақ дауларды төрелік немесе аралық сотта айырықша тәсілмен шешу) сипаттайды. Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар шаруашылық субъектісі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің процесінде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметі процесінде пайда болады.

Құқықта экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседі. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым (economik erime, delinguance d' affairess) . Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттің белсенді ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндірісті, технологияларды дамытуды, халықтық сауда көлемін ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруды, бірлескен экономикалық және қаржылық институттар құру, сондай - ақ экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың, экономикалық қылмыстарды алдын алуды қажет етеді.

Экономикалық қылмыс ұғымы туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар. Бу Свенсон экономикалық қылмысты ұзаққа созылатын, жүйелі, пайда күнемдік ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиі кездесетін, жазаланатын әрекет деп есептейді. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиеті барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.

Ал, Тіленшиева Г. Д. экономикалық қылмыстарға төмендегі белгілерді жатқызады:

  • олардың экономикалық -шаруашылық механизмдермен байланыстылығы;
  • қылмыспен қол сұғылатын экономикалық қатынас жүйесіндегі тұлғалар ғана қылмыстың субъетілері бола алады [8] .

Аталған белгілер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрі бірдей жүйелі түрде жасалына бермейді, сондай - ақ қылмыскердің тек сол экономикалық жүйедегі тұлғаның бірі болуы шарт емес.

Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргізу қызметін бұзады. Қылмыскер өзіне материалдық игіліктерді алу үшін шаруашылық механизімдерді саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизімнің звенолары бір - бірімен тығыз байланыста. Қылмыспен бір звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизімдеріне эрозия алып келеді. Экономикалық қылмыстардың кейбір пайдакүнемдікпен, басқа ниетпен де жасалынады.

Д. Д. Дженаро мен Э. Бетерс: «Экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әділ процесі, ол заңмен қорғалатын рыногтық ойын ережесін бұзады», - дейді. Шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бір түрі ретінде, - дейді Вороженин В., - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарқа қол сұғады. Шаруашылық қылмыстың топтық объектісі рыногтық экономиканың дамуына негізделген, қоғамдағы шарашылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады [9] .

Ал, Дементьева Е. Е. диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгілерге төмендегілерді жатқызады:

  • материалдық игіліктерді тарату үшін (пайдакүнемдік) жасалуы;
  • жәбірленушілердің ұжымдылығы және белгісіз болуы;
  • ұзақ, жүйелі;
  • мемлекеттің, кәсіпкердің және жеке азаматтардың мүдделеріне шығындардың келуі.

Автор өз еңбегінде экономикалық қылмыстар мәселесін көтереді, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игілікке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаны меншік құқығына да нұқсан келтіреді, деп есептейді. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншік құқығынан қауіптірек болады да, қылмыстың объектісі ретінде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандырылған қызметтің болуы міндетті емес.

Жаңа қылмыстық кодекстің қабылдануымен экономикалық қызметтегі қылмыстық құқықпен қорғалынатын мүдделер, сәйкесінше олардан туындайтын қатынастардың қатары да (ҚР ҚК 189-227 баптар) толықтырылды. Мемлекеттің тиісті дәрежеде ақша - несие жүйесіне, құнға, банктерге өз бақылауының төмендеуіне ақшамен есептесу, несие жүйесінде түрлі криминалды нысандағы қылмыстар күшейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама
Салықтан жалтару қылмысының криминологиялық аспектілері
Несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдаланудың жалпы сипаттамасы
Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Банктік несиені заңсыз алу
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz