Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Кафедрасы
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
на тему: «Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері »
Жетекші
Студент:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
- Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатынПрезиденттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1. 2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26
2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінід тиімділігімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президеыттік институтты енгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дүрыс жолы болды.
Сонымен қатар, басқару нысанынан елдін, тарихи -ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси- мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алуы керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік билікті толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Керісінше, ұлтқа жат идеялар мен саяси институттарды күштеп будандастыру қоғамдық қатынастарды шиеленістіруге, қоғамды түсініксіз мемлекеттік нысанның көлеңкесінде қалдырып, тоқырауға әкеліп тірейді.
Екі ғасырдан астам өмір сүрген Америка континентінде пайда болған президенттік институт бірте-бірте жаңа кеңістікті жаулап алды. Дегенмен, бір континенттен екінші континентке, бір елден екінші елге, бір тарихи кезеңнен келесісіне өтуде ол неше түрлі өзгеріске ұшырады, яғни, демократияның өзіндік ұғымын бейнелейтін, қоғамдағы түлғалық рөлі мен орныи білдіретін жаңа ерекшеліктер мен сипаттарға ие болды.
Тарихи тұрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159] . Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.
Академик Н. А. Сахаровтың "Жалпы айтқанда, президенттік институтты талдауға байланысты мәселе келешекте кеңінен және әр алуан және жан-жақты анық зерттеуді қажет етеді" [2, с173] деген пікірі көңілге қонатындай.
Қазіргі кезде қалыптасқан президенттік институт мемлекеттік құрылыс аумағындағы әлемдік өркениеттің қол жеткен озық тәжірибесінің жиынтығы екендігін есепке алмауға болмайды. Отандық ғылым үшін әр түрлі елдердегі президенттің өзіндік құбылыстарын тарихи тұрғыда зерттеу олардың өкілеттіктерінің жалпы және арнайы ерекшеліктерін айқындайтын себептерін анықтауда ерекше маңызды.
Тарихи тәжірибенін, зердесінде қоғам мүдделеріне жауап бере алмайтын президенттік институттың конституциялық құқықтық реттелуі оқта-текте заңды сыйламау, билікті теріс пайдалану, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапсыздығы және заңға үстірт қана құлықтылық таныту, жемқорлық сияқты әлеуметтік кемшіліктер түрінде көрініс тапқан фактілері тіркелгені хақ.
Президенттік институттың қызмет тәжірибесін және оның конституциялық қүқықтық реттеуін жетілдіруді мемлекеттік басқарудың қандай да бір түрінің қүрылымы мен тиімділігін конструктивті- сыни қабылдаудан тыс және әлемдік тәжірибені қорытпай жүзеге асыруға болмайды.
Президенттік институттың пайда болуы мен өкілеттіктерінің дамуынық тарихи- құқықтық аспектілерін қарастыру өтпелі экономика және заңнамаларды жетілдіруге қажетті күш жұмсау және мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында біздің қоғамды демократиялық қайта құрудың жолдары мен тәсілдерін, мүмкіндіктерін ой елегінен өткізуге ықпал етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. .
Президенттік билікті құру мәселесі әртүрлі мемлекеттердің әр қилы тарихи кезеңдерінде конституциялық жобаларды дайындау мен талқылау кезінде өткір туындап, заң арқылы монархтың, көсемнің, диктатордың жеке билігін шектеу идеяларымен айқындалатын. Бұл идеялар XX ғасырдың басында М. М. Сперанский мен Н. И. Муравьевтің Ресейге арналган, М. Дулатов пен А. Бөкейхановтың Алаш Қазақ автономиясына арналған конституциялық жобаларында өскін алып, басқа да "ұлттық шеткері аймақтың" көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлерінің еңбектерінде қарастырылған.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы - дәстүрлі түрде елдің ұжымдық ирезиденті деп саналатын, бұның өзі зандарды түзеуге және оны КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлықтарымен алмастыру тәжірибесімен ақтауға мүмкіндік беріп келген. Президенттік республиканы мемлекеттік басқару нысаны ретінде қабылдамау буржуазиялық деп танылған және ол социалистік мемлекеттің алқалық- жауапсыз партия органдарымен сыйыспайды деп саналатын сол кездердегі құқықтық мемлекет концепциясына және билікті бөлу теориясына сыни көзқарасқа байланысты пайда болды.
Алайда, 70 -ші жылдары шет мемлекеттердегі президенттік институттарға терең талдау жасаған жұмыстар дүниеге келді. Сол кезеңдегі жұмыстардың авторлары арасынан А. А. Мишинді, И. П. Ильинскийді, С. А. Егоровты, М. А. Крутоголовты, Ю. К. Абрамовты атауға болады.
80-ші жылдардың екінші жартысында "социалистік" деген атаумен құқықтық мемлекет идеясы, билікті бөлу теориясы саяси және мемлекеттік құжаттарда танылып, С. С Алексеев, Г. В. Атаманчук, Г. В. Барабашев, А. П. Бутенко, В. Е. Гулиев, Н. Н. Деев, И. П. Ильинский, Д. А. Керимов, В. Н. Кудрявцева, Б. П. Курашвили, Г. В. Мальцев, В. С. Нерсесянец, Н. В. Черноголовкин, В. А. Четвернин сынды құқық және тарих, мемлекеттік жүргізу және басқару теоретиктерінің еңбектерінде көрініс таба бастады.
Қазақстанда 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында құқықтық ғылыми ой президенттік республика идеясы және билікті бөлу теориясына қайта оралады. КСРО тарағаннан кейінгі саяси жағдайды таңдауда республикаға қолайлы басқарудың практикалық нысаны іздестіріледі. Парламенттік республикаға, сондай -ақ "қуатты атқарушы тіке билік" құру мақсатында ел басына үкімет басшысының қызметін қоса беру арқылы мемлекеттік басқарудьщ президенттік түріне баса назар аударылады.
Бұл модель тәуелсіз Қазақстанньщ 1993 жылғы Конституциясында бекітілген. С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, Г. С. Сапарғалиевтың, Н. А. Шайкеновтың, А. К. Котовтың және В. А. Малиновскийдің еңбектерінде өз көрінісін тапқан осы маңызды мәселелер бойынша идеялар сол кездегі қазақстандық құқықтанушылар мен мемлекеттанушылардың жарқын да өткір де маңызды идеялары болып табылды.
Мемлекетті басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканың
түбеғейлі өзгеше моделін қалыптастырған 1995 жылғы Конституцияның
жасалуы мен қабылдануы Қазақстан Республикасындағы басқаруқұрылымы мәселелерін зерттеуге өзгеше қарқын берді. Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанда президенттік қызметке тағайындаудың, онын, өкілеттіктерінің қалыптасуының теориялық және тарихи алғышарттары, республикадағы қазіргі заманғы президенттік институттың ауысуының себептері мен кезеңдері және келешегі әлі де болса толық зерттелмеген.
Заң қабылдаушы және атқарушы биліктің жоғарғы органдарыньщ өзара іс-қимыл жүйесінде болып жатқан саяси-тарихи процестердің дамуы, олардың Елбасымен өзара қарым-қатынасы, президенттің осы қарым-қатынасты үйлестіруі, президенттің мемлекет басшысы және мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлға ретіндегі конституциялық ролінің басқа да мәселелері терең талдау жасауды және ой елегінен екшеуді қажет етеді.
Сонымен, мемлекеттік басқарудың жаңа, неғұрлым алдыңғы қатарлы нысаны ретінде президенттік республиканың пайда болу және даму тарихын зерттеу маңыздылығы елімізде оның қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу процестерімен өзара қарым- қатынасының теориялық жағынан өңделуінің жеткіліксіздігі осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқарудың жаңа
нысаны ретінде президенттік республиканың тарихы мен теориясы,
өкілеттіктері ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелеріи өз бетінше кешенді зерттеу, осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен қазақстандық юриспруденция айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және басқа да мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалык кепілдемелер жасау болып табылады.Автор белгіленген мақсаттан туындайтын мына төмендегідей міндеттер қояды:
- мемлекеттік дамудың әлемдік тәжірибесі жинақтаған материалдарды қорыту және зерттеу, жаңа өзекті проблемаларды жарыққа шығару және зерттелінетін тақырыптың теориялық өңдеу деңгейі мен дәрежесін ашу негізінде олардьщ ғылыми шешім табуынық жолдарын анықтау;
- "мемлекеттік басқару нысаны", "мемлекеттік басқарудың түрлері мен
типтері", "президенттік институт", "президенттің өкілеттігі" үғымын
сипаттайтын анықтамаларды талдау және мазмұнын ашу;президенттік басқару нысанының пайда болуы, өкілеттік ерекшеліктерінің қалыптасуы және дамуының тарихи-қүқықтық аспектілеріне талдау жасау;
- президенттік институттың мемлекеттік-құқықтық мәртебесінің алуан
түрлі үлғісінің қызметтік мазмұнын анықтау;- Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу
кезеңін негіздеу;- президенттік республиканың қазақстандық үлгісінің конституциялық-
құқықтық ерекшелігін көрсету;Зерттеу объектісі президенттік республиканың пайда болуыньщ генетикалық негізі ретіндегі мемлекеттік басқару нысаны дамуының тарихи- құқықтық тәжірибесі болыптабылады.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканың дамуы меи президент өкілеттіктерінің конституциялық-құқықтық ерекшелігін көрсетуге арнаган.
Дипломдық жұмыста әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептерге жататын отандық және шетелдік ғалым-мемлекеттанушылардың, құқықтану, тарих, философия, мәдениеттану, саясаттану, басқару теориясы, психология және басқа да салалар бойынша ірі мамандардың еңбектеріқорытылып, талданады. Соның ішінде, ең алдымен, қазақстандық ғалымдар: С. З. Зимановтың, М. Т. Баймахановтың, С. С. Сартаевтың, Г. С. Сапарғалиевтің, С. Н. Сәбікеновтың, В. А. Кимнің, А. К.
Котовтың, В. А. Малиновскийдің, Ж. Жүнісованың, С. Ф.Ударцеваньщ, Б. А. Майлыбаевтың, М. Б. Қасымбековтің, Р. Т.
Окушеваның, А. Х. Бижановтың Н. А. Шайкеновтың, алыс және жақын
шетелдік авторлар: М. Амеллердің, В. Е. Гулиевтің, Н. Ф. Бабанцевтің,
В. П. Прокопьевтің, Д. Л. Златопольскийдің Я. М. Бельсонның, К. Е. Ливанцевтің, А. В. Зиновьевтің, және басқалардың еңбектері бар.Еңбектің теориялық негізін күрделі демократиялық процестерге және қазақстандық мемлекеттіліктід қалыптасуына, қоғамның саяси өміріне, құқыққа, конституциялыққа, басқарудың әртүрлі нысанының дамуына қатысты отандық және шетелдік мерзімді баспасөзде жарияланған көптеген материалдар толықтырған.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы проблеманың маңыздылығымен де, сондай-ақ, осы мәселені көтерудің тарихи мәнділігімен және өңдеу дәрежесін есепке ала отырып, оны зерттеуді кешенді түрде жүргізумен анықталады. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі президенттік басқару нысаныныд пайда болуынын, және Президент өкілеттіктерінің ерекшеленіп қалыгггасуы мен дамуының тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеуде әртүрлі пәндердің методологиялық мүмкіндіктерін, оның сындарлы элементтерін президенттік институттьщ қазақстандық үлгісін талдауға енгізуарқылы интеграциялауға ұмтылысы жүзеге асырылған.
Дипломант президенттік институтты конституциялық-құқықтық нормаларға негізделген, оньщ мемлекеттік-құқықтық мәртебесін анықтайтын және оны жүзеге асыруда қатынастарды айқындайтын, сондай-ақ, президентке тікелей бағынышты және оның алдында есеп беретін президенттік әкімшілік пен органдардың ұйымдық- басқару құрылымын, азаматтық демократия мен билікті бөлу механизмі арқылы қоғам көсемінің саяси еркін жүзеге асыратын мемлекеттік шешімдерді дайындау мен қабылдауды қамтамасыз ету тәртібін қоса алғандағы үздіксіз өзара байланысты элементтер жүйесі деген ұғымға тоқталады.
Қорғауға мына төмендегідей ережелер мен қорытындылар ұсынылады:
- Президенттік институт әлеуметтік тұрақтылық, мемлекет пенқоғам істерін басқарудың жаңа нысандарын іздестіру мемлекет үшін қуатты атқару билігі идеясыныңнеғұрлым жарқын көрінісі ретінде қалыптасты.
- Президенттік институттың мемлекеттік-құқықтық мәртебесі тиістімемлекеттің өмір сүруінің әлеуметтік-саяси және басқа дашарттарының барлық жиынтығының әсерімен қалыптасады, қоғам дамуының адами- тарихи және мәдени деңгейін көрсетедіжәне бәрінен бұрын сол елдегі Конституцияда жарқын көріністабады.
- Президенттік институты бар саяси тәртіптің маңызды сипаты осыинституттың заң шығарушы билікпен өзара іс-қимылыныңөзгешелігі болып табылады. Президенттік институттың жәнебиліктің басқа тармақтарының өзара қарым-қатынасын жетілдіруқұқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өмір сүруіне қажеттіфакторларды қалыптастыруға ықпал етеді. "Қуатты президент-тиімді парламент" формуласы кең көлемде президентке тәуелдіатқарушы биліктің қызметіне заң қабылдаушы билік тарапынанбақылауды жоққа шығара алмайды. Президенттің және оның стратегиялық бастамаларыныңтабысқа жету дәрежесі оның заң шығарушы органмен сындарлыөзара қарым-қатынас жасай алу қабілетіне, жүзеге асыратын президент жанындағы ұйымдыққұрылымдардың іс-қимылының нәтижелілігіне тікелей қатысты.
4. Қазақстан Республикасындағы президенттік институтты,
толығымен алғанда, қазақстандық қоғамның мемлекеттік-
кұқықтық негізін нығайтудьщ ұзақ мерзімге арналған ықпалды
құралы деп санауға болады. Сонымен қатар, президенттік
институттың, әсіресе, мемлекет басы әкімшілігінің биліктің басқа
тармақтарымен, соттармен және аймақтар мен жергілікті
жерлердегі мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-
қатынасын неғұрлым толығырақ, неғұрлым нақтырақ реттеу
керек.
5. Қазақстанда тарихи мақсаттылық жағдайына және елдің сапалық
ерекшеліктеріне, оның әлеуметтік-экономикалық ахуалының
деңғейіне және қоғамның саяси-кұқықтық мәдениетіне сәйкес,
өзініқ құқықтық өкілеттілігі және қызмет ету практикасы жағынан
басқарудың "қуатты" президенттік жүйесі үлгісіне жақын
президенттік институт заңды түрде қалыптасты. Алдыңғы
онжылдықтарда қалыптасқан, мемлекеттің өмір сүруі мен
өркениеттің дамуы жолындағы барлық жауапкершілікті өз
мойнына артқан қоғамның ағартушы жетекшісінің болуы жаңа
тәуелсіз мемлекеттерде президенттік институттың қалыптасуының
мақызды субъективті алғышарты болып табылады. Басшының
көпшілік қауымның экономикалық және саяси мүддесін білдіруге
қабілетті және олардың саяси өмірдегі демократиялық белсенділігі
мен экономикалық өмірдегі еркін кәсіпкерлігін, бәсекелестіктігін
қорғайтын батылдығы мен табандылығы бар.
Зерттеудің теориялық маңызы ондағы тұжырымдалған ережелер мен қорытындылар тарихи-құқықтық ғылымның, мемлекет және құқық теориясының, сондай-ақ, мемлекеттік басқару нысаны ретіндегі президенттік республиканы және президенттік институт мәртебесін зерттеуге арналған конституциялық құқықтың тиісті бөлімдерін дамытып, толықтыра түседі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҮҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ
1. 1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы)
Президенттің функциясы - термині Президенттің негізгі, аса маңызды
қызметінің бағытын білдіру үшін қолданылады. Құқықтық мемлекеттегі заң шығару, атқару және сот билігі қызметінің негізгі бағыты жалпы табиғи мәнге ие. Олардың ең басты мақсаты қоғамның үйлесімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Президенттік институттың функцияларындағы оның мәні, қоғамдық дамудың негізгі мәселелерін шешудегі, ең алдымен, ел тұрғындарының сан алуан мүдделерін қанағаттандырудағы шынайы ролінен көрінеді. Президент функциясы оның дамуының әр түрлі кезендерінде мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттарға, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты (президенттік, жартылай президенттік және парламенттік) қойылып, осы мақсаттарды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Президент функциясының мазмұны әр түрлі ішкі және сыртқы факторларға байланысты анықталады.
Мәселен, елдің экономикалық өміріндегі дағдарыстар президенттен осы экономикалық міндеттерді шешу үшін күш- жігерді үйлестіруді талап етеді. Қылмыстың өршуі президентті оған қарсы күресті күшейтуде, оны тудыратын себептер мен жағдайларды табу және жоюда дер кезінде маңызды іс-қимыл жасауға бағыттайды. Сыртқы агрессия қаупі президентті ел халқын оған тойтарыс беруге дайындауға жүмылдырады.
Әр түрлі елдердегі президент институты функциясының ортақ
сипаттары бар: президенттің әрбір функциясының мазмұны мемлекеттік
қызметтің біртектес аспектілерінің жиынтығынан тұрады; мемлекеттік
қызметтің ұқсас тұстары олар ықпал ететін қоғамдық қатынастардың
өзгешеліктері мен сипаттарына орай бір функцияға біріктіріледі;
қызметтің белгілі бір түрлеріне арнайы белгіленген көптеген мемлекеттік
органдардың (ІІМ, Сыртқы істер Министрлігі, Прокуратура)
функциясымен салыстырғанда президенттің функциясы белгілі бір
мемлекеттік қызметті жүзеге асырудағы жекелеген органдардың мәнін
төмендетпестен, мемлекеттік қызметтің барлық аспектісін қамтиды;
олар кешенді, жинақы сипатта болып келеді; оларда мемлекеттің
күш-қуатын ішкі және сыртқы қызметінің маңызды, шешушібағыттарына жұмылдыру көрініс тапқан; президенттің функциясын оларды жүзеге асырудың нысандарымен және әдістерімен теңестіруге болмайды: президенттің нақты функциясы мемлекеттік қызметтің осы бағытымен тығыз байланысты мемлекеттік билікті жүргізудің мазмұны, нысаны мен әдістерінің бірлігі болып табылады.
Қазіргі замандағы президенттің барлық мемлекеттік қызметі негізгі мақсатқа: адам игілігіне, онын, адамгершілік және материалдық жағдайының жақсаруына, құқықтық және әлеуметтік қорғалуына шоғырландырылуы қажет. Президент - жоғарғы сақтаушы және жеке
түлғалардың завды мүдделерін қорғаушы болуға тиіс. Жеке тұлғалар арқылы Президент қоғамның ілгері басуына ықпал етіп, оны жетілдіреді және қоғамдық қатынастар жүйесін байыта түседі.
Кез-келген қазіргі заман қоғамының өмірі негізгі екі аспектіде: елдің ішкі және сыртқы аренасында өтеді. Сондықтан, президент қызметінің барлық негізгі бағыттары да қоғамдық өмір айналымына қарай ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Президент функциясының іс-қимылы ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша (төтенше) болып бөлінеді.
Президент түрақты функциясын қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырады. Уақытша функциялары төтенше сипаттағы нақты мақсаттар орындалғаннан кейін тоқтатылады. Президенттің қызметін жеке- дара (премьер-министр мен министрліктер тарапынан контрассигнацияны талап етпейтін) және алқалы (президент тиісті контрассигнациядан кейін жүзеге асыратын) деп бөлуге болады.
Президенттің ішкі функциясы - ел президентінің қоғамның ішкі өмірін басқарудағы қызметінің негізгі бағыттары.
Оларды саралауды мемлекет қызметінің айналымына қарап жүргізген жөн. Олар экономикалық және әлеуметтік функция, сондай-ақ қаржы бақылау, кұқық тәртібін қорғау мен экологиялық деп бөлінеді.
1) Экономикалық функция - президенттің ел экономикасын неғүрлым оңтайлы тәртіпте дамытудың стратегиялық бағыттарын жасауы мен үйлестіруінен көрінеді [4, с 204-221] .
Нарықтық тауарлы қатынас кезінде өмір сүрген қүқықтық
мемлекетте экономиканы мемлекеттік реттеу негізінен әкімшілік емес, экономикалық жолмен жүргізіледі. Қазіргі заманғы қүқықтық мемлекетте президенттің экономикалық қызметі мына бағыттардан көрінеді:
- Президент қоғамның экономикалық өміріне тұтас ықпалжасайды, ол мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оныңорындалуын бақылайды;
- Ел көлемінде экономикалық даму бағдарламасын үйлестіреді, өнеркәсіптік және ғылыми зерттеулер ;
- Материалдық игіліктерді өндірушілерге өндірісті ынталандыруүшін субсидия береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz