Үй гигиенасы


Гигиена

Гигиена - (грек. hygіeіnos - дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын - таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалымӘбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т. б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т. б. ), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған.

Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т. б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.

Тұрғын үй гигиенасы

Тұрмыс гигиенасының негізі -пәтердікүтіп, таза ұстау.

жинай беруге болмайды. Себебі олшаңныңкөп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезенікірлетпей уақтылы сүрткен абзал. тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханадажелдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктермен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пешжаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.

Бөлмені салқындату болады. отырып, ауаны бір мезгілде шаң менылғалдантазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесісызтартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа) : пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауаылғал тартады. Сыз , үй қабырғасы әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконданемесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн. Ваннаныпайдаланған сайын жуып, су ағатын тесікті, унитаздарды күн сайын арнайы щеткамен тазалау керек. Ванналарды, унитаздарды, қоқысқа арналған шелекті жуу сауда орындарында «Санита», «Сосенка», «Дезипон» т. б. арнайы препараттар сатылады.

Тұрғын үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау.

Тұрғын үйлердiң ауданы жанұяның әрбiр мүшесiнде кемiнде 8, 25 квадрат метрi дәл келетiндей етiп болуы керек. Көпқабатты тұрғын үйлерді салуға орналасқан жерді таңдауда тұрғындар санына байланысты 0, 8 гектарға дейін болады. Тұрғын үйдің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, тұрғын үйге арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Тұрғын үйдің территориясы тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Тұрғын үй жерінің 30 % үй ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Тұрғын үйдің ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, спорт және шаруашылық зоналары.

Қорғаныс аймағы.

Қорғаныс аймағы (0, 1-1, 0 га) тұрғын үй кешенінің көше жағында орналасады. Ол тұрғын үйді транспорт шуынан, газынан, көще шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Тұрғын үйдің терезелері мен Бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, үй бөлмелерінің жарығын азайтады.

Демалыс аймағы.

Демалыс аймағы (0, 2-0, 3 га) үй ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз тұрғындардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында тұрғындардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек. Тұрғын үйді салғанда оның бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Ғимараттардың қабаттылық және созылымдығы құрылыс ошағының жобаларымен анықталады. СНиП II-7-81, СНиП 2. 07. 01-89 және СН 429-71 талабы бойынша қабаттылықтар және сейсмикалық аудандардағы адамдар тұратын ғимараттарды созылымдығының анықтауында қатаң бақылауды орындау керек. Пәтер үйлердің қабаттары тоғыздан жоғары емес қылып жобалау керек, жарымжан-мүгедектері бар жанұялар үшiн - бестен жоғары қабат болмауы тиіс емес. Жарымжандары бар жанұялар үшiн адамдар тұратын ғимараттардың басқа түрлерiндегi пәтерлерi бiрiншi қабаттарда орналастыру керек. Ғимараттардың өртке қарсы қорғауын СНиП 21-01-97-iң талабы, осы нормаларда әдейi аталып өткен кейбiр жайларды ескерілмегенде, қосымша сәйкес отқа қарсы заттармен қамтамасыз ету керек. Функционалдық өрт қауiбi бойынша адамдар тұратын ғимараттарды классификацияны СНиП 21-01-97 бойынша қабылдау керек: 1. Ф1. 2 - жатақхана; 2. Ф1. 3-көп пәтерлi үйлер, соның iшiнде жарымжандары бар жанұялар үшiн. Тұрғын бөлмелерден басқа асханасы, iлгергi бөлмесі, дәлiздi жасау керек. Егер асхана кең болса, ол асханалық қызмет көрсете алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гигена туралы жалпы мағлұмат
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
Гигиена туралы жалпы ұғым
Қонақ үй қызметтері
Университет гигиенасының міндеттері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тыныс алу жолдарының гигиеналық талаптары
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Құрылыстағы еңбек қорғау
Өндірістік цехтың сипаттамасы
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz