Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері
1.1 Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі және еңбек пен еңбекақы есебінің маңызы, еңбекақы төлемінің жүйесі, түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Еңбек ақының түрлері мен нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3 Жалақы және тариф жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ІІ Өнімдер мен еңбек төлемініңесебін ұйымдастыру және
олардың атқаратын қызметтерін талдау
2.1 Өнім өндіру есебенің жүйелері мен еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Еңбеккелердің денсаулығына байланысты
еңбек қызметін тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.3 Еңбек ақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі ... ... ... ... .26
2.4 Еңбек ақының талдаманың (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Шаруашылық үдерістері жадықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тауарларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Курстық жұмыстың мақсаты еңбекті және ақы төлеуді есепке алуды ұйымдастыруды зерттеу.
Тауарлық-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтар, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазылар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, ай және жылы, мекен жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңді яғни уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет.
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы 2002 жылғы 24
маусымдағы Қазақстан Республикасының №309-ІІ заңы.
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының
Ұлттық комиссиясы. – Алматы, 1996-2003 ж
3. Бухгалтерлік есептің типтің шоттар жоспары. Қазақстан
Республикасы қаржы министрлігі 2002 жылғы 18 қыркүйектегі
№438 бұйрығымен бекітілген.
4. Андреев В.Д. Практический аудит. – М.: Экономика, 1994.
5. Ндросов А.М. Бухгалтерский учет. – м.: Финансы и статистика, 1996.
6. Әбдіманапов Ә.Ә. бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы: АЙАН, 2001.
7. Безруких П.С. Бухгалерский учет. –М. 1996.
8. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет. – М. 1996.
9. Кеулимжаев К.К. Әжібаева З.Н. Кұдайбергенов Н.А. Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Ээконмика, 2201.
10. Кеулімжаев Қ.К. Тулегенов Э.Т Байдаулетов М.Б. Кұдайбергенов Н.А. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының коресспонденциясы. Алматы: - Экономика, 1998.
11. Кузьминский А.Н. Теория бухгалтерского учета. Киев, 1990.
12. Козлова Е.П. Парашутин Н.В. Бабченко Т.Н. бухгалтерский учет в промышленности. – М. 1995.
13. Малькова Т.Н. Древняя бухгалтерия: какой она была? – М. 1995.
14. Палий В.Ф. Палий В.В. Финансовый учет. – М. ФБК Прес, 1998.
15. Укашев Б.Е. Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы: - Ұлағат, 1999 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

І Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері
1. Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі және еңбек пен
еңбекақы есебінің маңызы, еңбекақы төлемінің жүйесі, түрлері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .4
2. Еңбек ақының түрлері мен
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 16
3. Жалақы және тариф
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... 19

ІІ Өнімдер мен еңбек төлемініңесебін ұйымдастыру және
олардың атқаратын қызметтерін талдау
1. Өнім өндіру есебенің жүйелері мен еңбек ақы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. .23
2. Еңбеккелердің денсаулығына байланысты
еңбек қызметін
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25
3. Еңбек ақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар
есебі ... ... ... ... .26
4. Еңбек ақының талдаманың (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық)
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..30
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31

Кіріспе

Шаруашылық үдерістері жадықтау, өндіру және сату деп алдыңғы
тауарларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек
заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Курстық жұмыстың мақсаты еңбекті және ақы төлеуді есепке алуды
ұйымдастыруды зерттеу.
Тауарлық-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының,
негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай
жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар
мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың
еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу
қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен
қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтар,
сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазылар жазылып және оған үлгілі түрі
Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің
білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, ай
және жылы, мекен жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша
есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңді яғни уақыттағы
ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет.

І Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері
1.1 Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі және еңбек пен
еңбекақы есебінің маңызы, еңбекақы төлемінің жүйесі, түрлері мен формалары

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі (кадрлар
жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір
адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық
бөлімшелеріндегіқызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын,
жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын,
біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке
еңбек еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі,міндеті,
құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының
ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір
сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім-
шартқа Қазақстан Республикасының еңбек тұралы заңының 7,8 және 9 баптары
енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек
шартын жасуға құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан
және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:
-белгісіз мерзімге;
-белгілі мерзімге;
-белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
-еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальды және минмальды мерзімі белгіленбеуі
мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол
белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты екі
данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қояды. Оның бір
данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі.
Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта көрсетілген күннен бастапкіріседі,
онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек
кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім-
шартын, білімі туралы құжатын талап етугеқұқылы. Жеке еңбек келісім-шарты
не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы тұралы
тұжырым жасайды: бұрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа
қабылданғаны көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі.
Қызметкердің жұмыс жағадйларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс
нәтижелері, техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы
бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер
үлгінің сырт жағына соғылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында
кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат
кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол
қойған бұйрық қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточкасын толтырады,
жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия
дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Жеке еңбек келісім-шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес
қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды
құжаттау үшін Демалыс беру туралы бұйрық қолданылады. Екі дана етіп
толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға
беріледі.
Қызметкерлердің (жұмысшылардың) еңбегі өндіріс процесінің,
тұтынушылардың және өндірілген өнімнің құрама бөліктері болып есептелінеді.
Жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсалған қызметі еңбекақымен бағаланады.
Осыған орай, кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап,
қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың
сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын
күрделі мәселелерінің бірі.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді
атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне
қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің
бірі және осы жұмыстарды атқаруда бүхгалтерлік есептің рөлі өте зор. Міне,
сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер
мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып
қарастырылатындығы осыдан.
Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:
• Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін
еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;
• Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;
• Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;
• Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорына,
қоғамдық тұтыну қорынан және т.б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;
• Жұмысшы және қызметкерлермен бірге уақытында дұрыс есеп айырысу.
• Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;
• Еңбек және еңбекақы жайында статистикалық және бухгалтерлік қорытынды
есеп беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі
жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
• Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемі ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
• Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестік құрылымын қолдану.
• Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы
жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
• Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен
жеңілдету.
Еңбек ақы есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне
жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне
кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың
күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф
мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің
(лауазымды адамның) айлығын белгімеген кезде жалақының минималды деңгейін
және біріңғай тариф кестесін пайдаланады. Бірыңғай тариф кестесі
еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік
тариф коэффиценті белгіленеді. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып
мыналар табылады:
• Тарифтік кесте;
• Тарифтік еңбекақы мөлшері;
• Тарифтік мамандық анықтамалар;
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің
үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі
күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай
топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне
қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте
мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың
әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті
ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен
қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі
және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына
керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме беріледі.
Тарифтік кестеде- жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының
арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатнасы айқындалады. Тарифтік
кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында
өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін
мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші
дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған
дәрежелі еңбектің арақатнасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі
еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және
мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді
еңбек бағасы белгілі тарифтік баға ьойынша бір сағатқа белгіленген немесе
бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне,
орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен
уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім
мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін
жүргізу кезінде анықталады.
Еңбекақының түрлері мен нысандары. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге
есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған
уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
Мерзімді және кесімді еңбекақы.
Сыйлықтар мен сыйақылар.
Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет
атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Олар:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін
төлемдер.
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған
уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын
көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленетін төлемдер.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам
күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және
т.б. жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында
еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын
екі нысаны қолданалады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақтына
сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе
өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақтына
төленеді.Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге
болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес
болып есептелетін инженерлік- техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы: Автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен
қызметкерлерге, ұйымның басшыларына, қаржы мен есеп бөлімінің
қызметкерлеріне т.б. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
Жай мерзімді;
Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
жұмыс істеген уақтына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша
төленеді.
Мерзімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе
штатта көрсетілген тұрақты еңбек ақысына қосымша олардың өндірген
өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және т.б. көрсеткіштердің өсуіне
қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін
өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру
мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін
қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген
өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне
қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен
сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға
керекті, яғни қажет болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген
уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің
белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен
немесе көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
• Тікелей кесімді;
• Кесімді сыйлықты;
• Үдемелі кесімді;
• Аккордтық;
• Жанама кесімді;
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді
жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің,
істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл
жүйе бойынша еңбекақы мөлшері- бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің
санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған түр, яғни белгіленген еңбек
бағасына көбейту арқылы табады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар
өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан арттығымен орындағаны, өнім
өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді
және ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша
сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар
мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны
есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем- өнім өндіруге белгілі бір
мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде
төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын әрі күрделі, ауыр болып саналатын
операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін
белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында
қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен
қызметкерлергееңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі
жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне
қарай алдын ала кесімді қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша
еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы
анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу
жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын
өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы
есептеушаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек
өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар
мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама
кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы
шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет
ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша
еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, т.б. құралдардың тоқтамай
жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға,
операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да
жұмысшыларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу. Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен
қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем,
мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс
немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен
зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты
төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, т.б.
төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін
төлемдер жатады.
Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге
төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы
қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде
мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай,
күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен
қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда
оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен
мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде
еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа
немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті
еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті
белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған
нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы
жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту
арқылы табылады.
Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 17600 теңге тұрақты
еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған
және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің
ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал
қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені+3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны)
еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін бір айға
белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 17600 теңгені осы айдағы жұмыс
күнінің санына, яғни 22 күнге бөлеміз (1760022). Содан кейін алынған
нәтижені (800 теңге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері
сандарының қосындысына көбейтеміз.Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда
көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 14400
теңге болады. (800х(15+3))=14400 теңге. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен
қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген күні мен сағатына
байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір күнге немесе бір сағатқа
белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы
басқадай қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың
жұмысына көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақыны есептеу. Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу
жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың
өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі
жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы
құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелеген жұмыстардың
және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы
саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген
бағаға көбейтеді.
Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім
өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан
өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді
еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына
төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен
қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып
өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір
данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы
бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін,
олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға)
белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы
есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен
қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген
уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің
жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен
қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа
белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына
көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф
бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар
бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда
көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының
қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан
кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген
еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе
қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық
дәрежесіне байланысты табылады.
Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында
өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60
тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының
еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына
сәйкес былайша есептеліп шығарылады.
Кесте 1 – Уақытты белгілеу
№ Код
Шартты белгілері
әріптіксандық
1 2 3 5
Жұмыс сағаттары (күндері) Я 01
1.
Түнгі жұмыс сағаттары Н 02
2.
Кешкі жұмыс сағаттары ВЧ 03
3.
Мерзімнен тыс жұмыс сағаттары:
4.
-кесімді қызметкер үшін С 05
-мерзімді қызметкр үшін СП 06
5 Кесімді қызметкердің толық сменалық Ц 07
мерзімді жұмыс
6 Қызмет бабындағы іссапарлары К 10
7 Жыл сайынғы демалыстар ОТ 14
8 Жұмысқа уақытша жарамсыздығы Б 17
9 Екіқабат болуға және бала табуға Р 18
байланысты берілетін демалыстар
10 Қызеткердің кінәсінан болған толық П 20
сменалық кідірістер
11 Қызеткердің кінәсінан болған В 21
сменадағы кідірістер

2. Еңбек ақының түрлері мен нысандары

Жалақы екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған
жұмыстары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері
Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
Бухгалтерлік шоттары
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судья мәртебесі
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Жер құнын бағалау
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Пәндер