Діндер жайында


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 203 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде. Сол себепті алғашқы адамнан бүгінгі күнге дейін түрлі діни түсініктерімен қатар, алуан түрлі Тәңір бейнелері ортаға шықты. Уақыт өте келе үкімі жойылған діндердің бар болғаны секілді, діндер арасында құлшылық түрлері де өзгеріп отырды. Діндер мен адамзаттың иесі Ұлы Аллаһтың жіберген ең соңғы діні Ислам бойынша адамзаттың алғашқы діні - таухид діні. Діннің құрушысы - Ұлы Аллаһ. Аллаһ он сегіз мың ғаламды, адамды жаратты, кітаптар мен пайғамбарларды жіберді. Адамзат - бір ата-анадан тарады. Хз. Адамға (а. с. ) әрбір нәрсенің есімі үйретілді және алғашқы пайғамбарлық міндеті жүктелді. Хз. Адам (а. с. ) Аллаһтан алған уахимен өз дәуіріндегілерді тура жолға шақырды. Біршама уақыт өткен соң адамдар таухид негізін ұмытып, Аллаһтан басқа нәрселерге, табиғат күштеріне, өз қолдарымен жасап алған пұттарға табынып, бұларды Аллаһқа ортақ (серік) қоса бастағанда, Аллаһ Тағала елшілер жіберіп оларды хақ дінге тура жолға шақырып отырды. Хақ дін Аллаһтың елшілері арқылы ақыл - есі бүтін адамдарға жеткізілді. Сондықтан да адасушылықтар осылардан кейін, көп тәңірлік (политеизм) Тәңір сенімінен кейін пайда болды.

Ұлы Аллаһ, адамзатқа жаратушысын табу, ақиқатты түсіну үшін ақыл, үйреткен жолында жүру үшін ерік, қателескен кезде, тура жолын табу үшін мүмкіндік беріп, адамзатты жер бетінің халифасы қылды. Аллаһ Тағала мұнымен ғана шектеп қоймай адамзатқа ақиқат пен міндеттерін үйрету үшін әрдайым елшілер мен кітаптар жіберіп отырды. Кітап берілген пайғамбарлар дүниенің төрт бұрышындағы адамдарды ескерту мен тура жолға шақыру міндеттерін атқарды.

Аты аталған пайғамбарлардың кейбіреулерінің аттары Құран Кәрімде аталса да, негізгі саны мұнымен шектелмейді. Бұл мәселе жайлы Ниса сүресінің 164-165 аяттарында былай баяндалады: «Және саған бұрынғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақ пайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар. Және Аллаһ (Т) Мұса (а. с. ) -ға (тікелей) сөйлескен. Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік. Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін». Осы және осыған ұқсас аяттардан Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) - ға қыссасы баяндалған пайғамбарлармен қатар баяндалмағаны да бар екендігі белгілі. Оның үстіне бір хадисте 124 000 пайғамбар жіберілгендігі риуаят етіледі.

Адам баласы жолдарынан ауытқыған уақытта пайғамбарлар оларды қайтадан хақ дінге шақырушы елшілер болып саналады. Кітаптар пайғамбарлардан кейін олардың әкелген үкімдерін сақтады. Алайда белгілі пайғамбарлардың кітаптары бар. Басқалары солардың жолын ұстанды. Кітаптағы үкімдер толық сақталмай өзгертіле бастағанда кейінгі кітап келіп алдыңғы кітапты толықтырып жаңаланды. Адамдар көбейіп қоғам дамыған сайын діннің үкімдері де, жағдай мен қажеттілікке байланысты кемелденіп отырды. Кітаптар алдымен сухуфтарда (сухуф, парақ, жазу жазылған тақтай, папирус жапырағы) болса, кейіннен кітап беттеріне жазылды және Құран Кәріммен соңғы көрінісін тапты. Алайда парақтан кітапқа, жеңіл қарапайым үкімнен толыққанды үкімге қарай даму барысында таухид пен сенімге қатысты негіздер өзгерген жоқ. Өйткені уахидың қайнар бұлағы Ұлы Аллаһ, пайғамбарларда соны жеткізді. Куә болғанымыздай Исламда діннің қайнар көзі Ұлы жаратушыдан. Діннің бастауы (тотемизм, анемизм, натуризм) секілді көп тәңірлікке, көп тәңірліктен Жалғыз Жаратушы сеніміне ауысу емес, өз арасындағы кемеліне жету болатын. Алғашқы Хз. Адамнан (а. с. ) бастап соңғы Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) -ға дейін Аллаһтың барлық елшілері бір ғана таухид негізін жеткізді. Бұл хабар түсінікті болсын және жүзеге асырылсын деп әрбір пайғамбарды сол қауымның тілінде сөйлейтін өз ішінен таңдады.

Біздің бұдан түсінетініміз Ислам сенімінде діннің қайнары уахи және пайғамбарлық. Уахи мен пайғамбарлықтың бар екендігіне тарих куә. Алайда уахи мен пайғамбарлық болмаған жағдайда адам ақылының дінді таба алуы, таба алмауы жайлы түрлі көзқарастар бар. Мұғтазила бойынша ақыл діннің негіздерін нақты түсіне алады. Әшғари сенімінде ақыл иләһи ескертуді түсінудегі көмекші құрал, сондықтан да адам уахи мен пайғамбарлық болмаса дінді танып біле алмайды. Сол себепті пайғамбарлық келмейінше Аллаһтың бар және бір екендігін танып білу адамға уәжіб емес. Матуриди сенімі бойынша уахи мен пайғамбарлық болмаса да, адамдар ақылдары арқылы Аллаһтың бар және бір екендігін табуы уәжіб. Ханафи ғұламаларының көпшілігінің айтуынша ақыл Аллаһтың бар екендігін, Оның кәміл сипаттарын танып біле алады. Әрине бұл ақыл жүгіртіп, ойлағанда ғана мүмкін нәрсе. Сол себепті адамзат Аллаһты ақылымен табуға міндетті. Діни үкімдерді түсіну иләһи ескертуге байланысты.

Біз кіріспеде қаншалықты дәрежеде дінге деген қажеттілікті Ислам көзқарасы бойынша баға берсек те, кітабымызда барлық діндерге кең көлемде тоқталдық. Ислам шеңберінен тыс әр діннің өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталып, оқырманға жеткілікті түрде мағлұмат берілді. Бөлім соңындағы берілген сұрақтар, сол тақырып түсінікті болуы үшін бірегей қайталау болып саналады.

Бұл кітаптың шұғыл дайындалуына қажеттілік туындап отыр. Сондықтан қолымдағы мағлұматты жүйелі пайдаланып қажет болмаған мәселелерге көңіл бөлмей, өзекті нәрселерге тоқталуға тырыстым. Кітаптың шығуында атын еріксіз еске алатын ұстазым проф. Док. Гүнай Түмердің кітаптарынан көп пайдаландым. Сол себепті оның рухына дұға бағыштаймын. Иншаллаһ қолыңыздағы бұл кітап мұқтаждықты өтей алатындай, пайдалы мағлұмат болады деген сенімдемін.

1 - БӨЛІМ

Діндер тарихына кіріспе

А. Дін сөзінің зерттелуі

1. Дін

Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе. Адамзат тарихына қаншалықты тереңірек үңілсеңіз де наным-сенімсіз ешқандай қауымды кездестірмейсіз. Тарихи кезеңдерде болғаны секілді б. з. д. кезеңдерде де адамзаттың кейбір діни сеніммен өмір сүргендігі ғылыми зерттеулерде кездесіп жатады. Біз бұдан қоғамның бірлігін сақтайтын негіз дін екендігін көре аламыз. Мұнымен қатар философия, құқық, этика секілді адам жайындағы білімнің қайнары дін екендігі қабыл етілуде. Тіпті Виктор Кузин «Әрбір нәрсе дін төңірегінде, дін үшін, дінмен қалыптасты» - дей келе діннің тақырыбы мен саласын одан әрі кеңейте түсті.

Адамзат тарихында өте маңызды орынға ие болған діннің сөздік және терминдік мағыналарына тоқталу дін ұғымының түсінікті болуына жәрдемші болады.

а. Діннің сөздік және терминдік анықтамасы

Діннің сөздік және терминдік мағынасын жалпы дін логикасымен және соңғы иләһи дін Ислами көзқарас бойынша қарастырамыз.

ә. Діннің жалпы мағынасы

Барлық қоғамда дін ұғымын білдіретін бір сөз қолданылады. Дін сөзі тарихи беттерінде Авестада «daena», пеһлеви тілінде (ежелгі парсы тілінде) «den» кейінгі парсы тілінде «din» секілді сөздермен түсіндірілуде: жол, мәзһаб, құлшылық рәсімдері, амал, тәсіл деген мағыналарға келеді. Қазіргі таңда дін ұғымы, тек қана «дін» сөзінің орнына қолданылуда.

Иврит тілінде де алғашында ғибадат, құрбан және дұға істерін бағалау мақсатында қолданылған «abodath elohim» тұрақты сөз тіркесі сонымен қатар «дін» ұғымын да білдірген. Дін ұғымын білдіру үшін кей уақыттарда психологиялық термин болып есептелетін. «yir’ah» (қорқыныш, үрей) «ömanath» (иман) сияқты сөздер қолданылған. Алайда Киелі Кітаптан кейінгі әдебиеттерде «dath» сөзі дін үшін қоғамдық термин болды. Бұл сөздің парсы тіліндегі «dad» тан алынғандығы, Езра және Естер кітаптарында үкім, әмір, бұйрық мағынасында қолданылғандығын алға тартады.

Көне Грек тілінде дін сөзі қорқыныш пен аралас құрмет мағынасына келетін «thri oheya» сөзімен қалыптасқан еді. (бұл сөз әдет - ғұрып мағынасына келеді)

Сөздіктерде түрік тілінде қолданылатын «дін» сөзінің араб тілінен келгендігі белгілі. Исламнан бұрын түркілердің дін ұғымын түсіндіру үшін қилы кезеңдерде «drm», «dapm», «nom», «den» секілді сөздерді қолданғандығы деректерде кездеседі. Бұлардан «drm», «darm» дін, сенім мағынасында, санскритше «dharma» дан (пали тілінде dhamma) « nom», дін, сенім, заң мағынасы соғды тілінен өкендігі белгілі. Бірақ тарихи кезеңдерде түркі халықтары мен мемлекттерінде дін ұғымын түсіндіу үшін қай сөзді қолданғандығын нақты айту қиын. Мұнымен қатар ұйғырлар арасында дін мен мәзһәб сөзінің орнына дін сөзін қолданғандығын көреміз. Арабшадағы «дін» сөзі орта Ираннан шыққан деп айтылуда. Қысқасы арабша, ежелгі Иран және ескі түрікшедегі дін сөзінің қайдан шыққандығы жайлы нақты бір байламға келген жоқ.

Батыс әлемі философия, ғылыми кейбір мәселелерде Ренессанстан (қайта өрлеу дәуірі) кейін ежелгі Грециядан әсерленсе де «дін» тіркесін ежелгі Гециядан да, христиандықтан тараған иудаизмнен де емес ежелгі пұтқа табынушы Римнен алған. Латыншада дін ұғымы үшін үлкен құрмет, мұқияттылық, талғампаздық, тағзым етілген зат мағынасына келетін «religio» сөзі қолданылуда еді. Бұл сөздің бір нәрсені міндетіне алу, қайта-қайта оқу, орындау, селқостық танытпау мағынасына келетін және Ұлы күшке деген міндетін мұқияттылықпен орындау мағынасына келетін «re-legere» ден немесе байлау мағынасына келетін және адам мен жаратушысы арасындағы байланысты білдіретін «re-llgare» ден шыққандығы алға тартылады. Мұнымен қатар қазіргі таңда Батыс әлемінде қолданылып жүрген «religion» сөзін де жоғарыда аталып өткен екі мағынаныда білдіретіндігі айтылған.

Индуизмнің қасиетті санскрит тілінде дін мағынасында «dhr» түбірінен шыққан «dharma» сөзі қолданылады. Сөз санскрит тілінде дамып, буддизмнің қасиетті тілі пали тілінде доктирина мағынасындағы «dhamma» деп келген. Бұл сөз дін, ақиқат, заң, жол, міндет, жүйе, туралық, абзал деген мағыналарды қамтиды. «Dharma» адамдардың қалай әрекет ететіндіктерін белгілейтін тәртіпті білдіреді. Мұнда діні және эстетикалық жүйе сөз болғаны секілді аспан әлемінің жүйенінен де сөз қозғайды. Бұл термин индуизмде болғаны сияқты буддизм, джайнизмде де «мәңгілік заң» орнына қолданылады.

б. Діннің анықтамасы

Төменде діндер тарихын зерттеушілерінің діннің анықтамасы жайында көзқарастары кейін Исламдағы дін анықтамасына тоқталамыз.

б. а. Діндер тарихын зерттеушілердің көзқарасы бойынша дін

Діннің жүздеген анықтамасы бар. Діннің анықтамасы бір кітап боларлықтай көп. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген. «Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет» Макс Мюллер.

«Дін, абсолюттік мойынсұну сезімінен құралады» Шлаейермахер.

«Дін, дағдыланған іс-әректтерімізді еркін орындауға кедергі келтіретін тыйымдардың жинағы» Салмон Рейна (S. Reinach) .

«Дін бір сенімдер, жүріс-тұрыстар және әлеуметтік өмірдің белгілі шарттарына сәйкес жинақталған қоғамдардың жүйесі» Тиллих.

«Дін әрдайым өмір иесі бір тәңірге, яғни бір иләһи түсінік пен қалаудың әлемді билейтініне және адамзатқа байланысты этикалық қарым-қатынастардың құдіретінде екендігіне сену» Жеймс Мартино (J. Martipeau)

«Дін бір жамағаттың ортаға шығуын қамтамасыз ететін діни салт және сенімдер жүйесі» Э. Дюркгейм. Бұл анықтамаларда дін: қастерлі ұғымды, сенім, ақыл мен құндылықтар ұғымы және Тәңір секілді мәселелерге баса назар аударған. Бұл анықтамалар діннің бір жағына ғана баса назар аудара отырып жасалынғандықтан, барлығы да құптаған бір анықтама жоқ. Бұл анықтамалардағы үйлеспеушілік, бір жағынан дін мәселесінің шиеленісуінен, тағы бір жағы бұл анықтамаларды берген кісілердің субьективтік көзқарасы түйсік және өмірлік пікірлер, сонымен қатар өмір сүрген орталарының жалпы жағдайына қарай туындаған. Діннің нақты түсіндірілуі яғни барлық діндерді қамтитын анықтамасы тек қана дін терминінің шекарасы белгілі болғанда ғана жасалады. Сондықтан да дін ғылымдары тұрғысынан «дін» болуы үшін мына нәрселер қажетті: 1. Адамзаттан жоғары бір күштерге сенім (тәңірлер, періштелер, жындар т. б. ) 2. Қасиетті болып, болмағандығын белгілейтін мәселелер. 3. Ғибадат, діни құлшылық және рәсімдер. 4. Иләһи бір қайнары бар қасиетті кітаптар-мәтіндер, ауызекі келген салт-дәстүрлер, мінез-құлыққа қатысты (ахлақи) заңнамалар. 5. Табиғаттан, адамнан жоғары бір күштерге қатысты діни сезімдер (қорқу, сыр, сенім, күнәһарлық, сыйыну, тәуелділік, тәубе т. б. 6. Адамзаттан тыс күштермен байланыс (уахи, илхам, пайғамбар, дұға, жалбарыну т. б. ) 7. Бір әлем мен адам көзқарасы, өмір мен өлімнен кейінгі сенімі. 8. Өмір жүйесі. 9. Жамағат. 10. Түп нұсқасының болуы, жасанды болмауы. 11. Саяси мақсатпен немесе пайда табу мақсатында құрылмаған болуы, кіршіксіз таза бір жаратылысқа ие болуы тиіс.

Жоғарыдағы мәселелерді қортындылар болсақ, жалпы бір дінде мына нәрселер болады. Тәңір түсінігі, сенім, ғибадат, ахлақ, қасиетті кітап, уахи-ихлам, пайғамбар, құрушы және жамағат. Бұл нәрселерге қарай отырып діндер тарихы тұрғысынан дінге мынадай анықтама беріледі. «Дін бір жамағаттың болуы, қасиетті кітап, пайғамбар немесе құрушы, Тәңір ұғымы бар сенім жүйесі және бұл жүйеге қатысты жасалатын құлшылық, орындауға талпынатын этикалық құралдар жиынтығы»

Қысқаша айтар болсақ діннің анықтамасы. Сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы

б. ә. Ислами түсінікте дін ұғымы

Араб тіліндегі «дін» сөзінің түбіріне қатысты әртүрлі көзқарастар айтылған. Бұл сөздің арамей-иврит тіліндегі бір түбірден шыққандығы, Орта Ираннан алынғандығы, негізі арабша екендігі талқылануда, бірақ нақты бір тоқтамға келген жоқ. Көпше түрі «Әдиан» ретінде келетін бұл сөз мына мағыналарға келеді: жаза, сый, үкім, есеп, итағат, мойынсыну, ғибадат, шариғат, әдет-ғұрып, хал-ахуал, заң, жол, мәзһәб.

Мұнымен қатар қарыздану, қарыз алу мағынасындағы «дәйн» сөзі де «дәнә-иәдиину» түбірінен шыққан.

Араб тіліндегі «дін» түбірінен шыққан сөздердің қандай мағыналарға келетіндігіне төмендегідей өрнектер берілді.

1. Жаза, сый, үкім, есеп. Бір араб мақалында «кәмә тәдину тудану» (іздегеніңді табарсың, не ексең соны орасың) делінеді. Бұл жерде дін сөзі жаза, сыйлық, ақысы мағынасында қолданылуда. Фатиха сүресіндегі «Мәәлики иаумиддиин» (дін күннің иесі) аятында да «дін» сөзі жаза, есеп мағынасында.

2. Бағыну, мойынсыну, берілу, қызмет, ғибадат. Арабтар арасында итағат, мойынсыну мағынасында «Динтәһум фәдәәну» (олардан басым түстің, олар саған мойынсынуда) қызмет мағынасында «Динтә-р рәжулә» (Адамға қызмет еттің) деп айтылады. Бақара сүресінің 132 аятындағы «Инналлаһастафа ләку-муддина» (Аллаһ сіздер үшін дін таңдады деп қолданылуында) «дін» сөзі «шариғат, бағыну, мойынсыну, ғибадат мағынасында берілген.

3. Басым түсу, билік жүргізу, мәжбүрлеу: Араб тілінде «Дәәнән нәәс» (Адамдарды мойынсынуға мәжбүрледі) «Динтәл қаума» (қауымға басым түстің, құлдыққа салдың) секілді мысалдарда «дін» мойынсынуға мәжбүрлеу, мағыналарында қолданылған. Нахл сүресінің 52 аятында «Уә ләһу мәә фиссәмәәуәти уә арди уә ләһу-д дину уәсибәә» «Көктерде және жерде болған нәрселер Оның иелігінде. Ұдайы құлшылық Аллаһқа тән», деген сөзде «дін» билік, мойынсыну мағынасында.

Айрықша арабшада әкім, қаһарлы, билік жүргізуші, есепке алған, жазаландырылған мағынасында «дәййән» сөзі де қолданылуда. (сөздіктерде бұл сөздің Аллаһтың есімі екндігі де жазылған. ) Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) ға бірде «Иәә сәйидун нәәси уә дәййәнул Араб» (Уа! адамдардың мырзасы, арабтардың билеушісі) деп айтылғандығы бар.

4. Әдет-ғұрып, жол, заң, шариғат, мәзһәб: Арабтар «мәә зәәлә зәәликә диинии уә дәйдәнии» (Менің әдет - ғұрпым міне осы) дей келе, дін сөзін «әдет-ғұрып» мағынасында қолдануда. Бір хадисте «Иннәһу Алейһиссәләм кәәнә алаа диини қаумиһи» (Расулуллаһ қауымының әдет ғұрпында еді) делінеді. Бұл хадистің «диини қаумиһи» сөйлемінде аталып өткен дін сөзі Хз. Ибраһим (а. с. ) - нан қалған таухид, хаж, неке, мирас секілді ерекшеліктері бар. Сонымен қатар Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) -қауымының жомарттық, батырлық сияқты жақсы әдет-ғұрып пен салт- сананың баяндалғаны, дін мен мәдениетттің, әдет - ғұрып пен салт-сананың арасындағы байланыстың бар екендігіне тоқталған.

Юсуф сүресінің 76 - аятында «Мәә кәәнә лиә-хузә әхааһу фии диинил мәлики» « . . . Өйткені, Аллаһ қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді» , «дін» сөзі «шариғат», «жол», «заң» мағынасында. Әнғам сүресінің 161 - аятында « . . . Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбраһим (а. с. ) -ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» деген аятта тура жол, дін деген мағыналарда қолданылған.

Құран Кәрімде «дин» сөзінің түбіріне қатысты сөздер жүзден аса аятта жоғарыда аталып өткен төрт топ мағынасына келгені сияқты, кей жерлерінде де осы төрт мағынаны қамтитын жүйе мағынасында да қолданылған. Бұл жүйені білдіру және басқа дін сөздерінен бөліп-жарып түсіндіру үшін Құранда «диину-л хақ» (1), «Диинән қиямән», «Диинән қайимән» (тұп-тура дін) (2), «диинуллаһ» (Аллаһтың діні) (3) секілді сөз тіркестері қолданылған. Мұнымен қатар Құран Кәрімде «дин» сөзі екі тарапты да ішіне қамтиды. Бұл екі тараптан бірі Аллаһқа қатысты билік жүргізу, есепке алу, бағындыру, жазаландыру, екінші жағы құлға қатысты мойындау, бағыну, жан-тәнімен берілу. Бұл екі жақтың арасындағы байланысты тәртіпке келтіретін нәрсе заң, жүйе және дін.

Құран Кәрімде дін терминімен Ұлы Жаратушыға бас иіу, Сол Жаратушының бұйрық және тыйымдарына құлақ асу, бұйрық пен тыйымдарына сай өмір сүрген жағдайда сый, қайшы жағдайда жазаланатына сенім тәрізді өмір жүйесін меңзегендігі байқалады. (4)

б. б. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Дін

Ислам ғалымдары дінге әртүрлі анықтама берсе де бұл анықтамалардың бір-біріне өте жақындығы көңіл аудартарлық. Бұлардың бірнешеуіне мысал келтірейік.

Сайд Шәріп Жұрханидың (816/1413 ж. ө. ) «Тағрифат» атты еңбегінде дінге былайша анықтама берілген: «Дін дегеніміз - ақыл иелерін пайғамбардың әкелген нәрселерін қабыл етуге шақыратын тәңірлік заң». (5)

Бұл анықтаманың мағынасын одан әрі нақтылай түсетін тағы бір анықтама бар: «Дін дегеніміз - ақыл иесі - адамға ерікті түрде қайырлы нәрселерге жөн сілтейтін тәңірлік заң. Яғни ол - Ұлы Аллаһтың қайырлы нәрселерге, мәңгілік бақытқа жету жолындағы құлдарына уағыздаған заңдары». (6)

Тағы бір анықтама: «Дін, ақыл иелерін өз қалауларымен осы өмірде туралыққа, ақыретте азаптан құтылуға шақырады» (7) (Таха-Нәби)

Бұл соңғы анықтама діндар бірінің дүниеде және ақыретте бақытты болатындығын түсіндіру. Жоғарыда аталып өткен бұл үш анықтама бір-біріне өте жақын мағынаны қамтиды. Бұл анықтамаларға үңілер болсақ Ислам бойынша дін; ақыл иесі саналы адамдарды, өз қалауларымен қайырлы болған нәрселерге жетелейтін Тәңірлік заң. Дін пайғамбарлардың уахи және илхамға сүйене отырып халыққа жеткізген нәрселерінің топтамасы. Дін адамзаттың кемеліне толысып жету үшін ұстана алатын ең тура жол. Дінді тек қана Аллаһ жібереді. Ешқандай адам, тіпті пайғамбарлар да иләһи дінді ортаға қоя алмайды. Пайғамбарлардың міндеті тек қана жеткізу (8) . Дін адамзат үшін. Дін арқылы олар табысқа жетеді. Өйткені дін, ақылды, саналы адамдарға жақсылық пен жамандықты үйретеді; оларды өз қалауларымен жақсы істер жасауға, жамандықтардан ұзақ жүруге шақырады.

2. Тарих

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Діни наным-сенімдердің бастауы
Діннің тәрбиелік мәні
Ислам діні және оның ерекшеліктері
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Дін этнологиясы
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Діндердің классификациясы
Карен армстронгтың «Тәңірінің тарихы» еңбегіне дінтанушылық талдау
Ең жас дін - Ислам діні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz