Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу



Кіріспе

Негізгі бөлім

Дидактикалық ойындар

1 Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану
2. Дидактикалық ойының маңызы
3. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы, педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпымәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И. Г. Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым –Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдыңбасында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады.
1.Егемен Қазақстан 12.02.2009ж.[10б]
2.А.Қ.ЕГЕНИСОВА.«Бастауыш мектеп»-N5,2008[21-24б]
3.С.Фейзулдаева .«Бастауыш мектеп»-N8-9,2007[24-25б]
4.Б.Нарқұлова.«Бастауыш мектеп»-N3,2009[8-11б]
5.Ш.Ақхожина. «Тәрбие құралы»,2\2009[41-43б]
6.Қ.Хұсман. «Бастауыш мектеп»-N12,2009[62-63б]
7.Р.Қ.Керімбаева. «Бастауыш мектеп»-N3,2008[11-13б]
8.Р.Керімбаева.Қазақстан мектебі.1\2006[67-69 б]
9.М.Жайлауова,З.Сексенбаева..«Бастауыш мектеп»-2004[29-30 б]
10.Н.Б.Тіленбаева.Отбасы және балабақша N2(132)наурыз-сәуір 2009[30-31б]
11.Б.Нарқұлова. «Бастауыш мектеп»-N10-11,2007[36-37б]
12.А.Қ.Ахметова.«Бастауыш мектеп»-N12,2005[15-18б]
13.Б.Нарқұлова. «Бастауыш мектеп»-N3,2006[13-15б]

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Дидактикалық ойындар

1 Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану
2. Дидактикалық ойының маңызы
3. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы, педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту
және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім
мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен
ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын
саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпымәдениеттің, ғылымның
дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне
байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өз інің Ұлы
дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің
мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және
табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды
ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық
идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И. Г. Песталоцийдің,
неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресе йде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан
әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби
шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, Қорқыт
ата кітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелде рде, ертегілерде ұрпақ
тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің
философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті
қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның
өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге
болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі Кодекс Куманикус сөздігі
мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк сөздігінде де тәлім-тәрбиеге
қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет
Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала
тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты
тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан
Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық
педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың
тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы
ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ
тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол.
Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып,
тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат
салысқан ғалым –Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз
(қазақ) хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне
алғашқы басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр
қырынан сөз болады. XX ғасырдыңбасында балаларды оқыту, тәрбиелеу
мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауы тов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.
кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы
әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары,
әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына
негіз қалады.
Кейін оқыту теориясыменайналысқан педагог  ғалымдар (Қ.Жұбанов,
Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың
заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап,
тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады.
Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен
принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі
бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-
тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің
қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған. 
Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның
ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді.2020 жылға қарай білім
беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге
дейін ,түбегейлі жаңғыртатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім
алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты
түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады.Мемлекет барлық
балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке
дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім беруге көшуі іске
асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл
ішіндегі бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оку бағдарламаларының
мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттілікті дамытуға
бағытталатын болады.
Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі
"Назарбаев.. Зияткерлік мектептер" жоспары болады. Бұл мектептер
балабақшасы мен мектеп алдында, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы
ісін оқу-төрбие бағдарлшаларын өзгерулер, енгізу жөне сынау жөніңдегі
бастапқы алаңдар болып табылады. Осы бағдарламалар,Қазақстандық білім
берудің озық үлгілерінің әлемдік педагоггық тәжірибенің озық үлгісімен
үндесетін, физика-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша
бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру орташажасауға ықпал ететіт
болады. Білікті кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі
жоспарлармен байланыстырылатын болады.Кәсіптік жөне жоғары білім беру
жүйесінде мемлекет" негізгі" жүмыс беруші ретінде білім беру стандарттарын
белгілеген кеңестік жүйеден мазмұны қалыптасатын нарық біліктілік жүйесі
аркылы кесіби стандарттармен ынтымақтасатын; нарық жүйесіне көшу
жоспарлануда.
Орта техникалық, кәсіптік және жоғары білім электронды оқыту жүйесі
енгізілді.
Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент принцптерін енгізе
отырып, академиялық еркіндік берілетін болады
Білім беруде маңызды жобалардың бірі Астана қаласында әлемдік
деңгейдегі беделді жоғарғы оқу орны Назарбаев университтетін құру жобасын
іске асыру болып табылады. Бұл университет Қазақстанның ұлттық бренді
болады, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадырларды даярлауда және
қазіргі заманғы ғылыми зерттеу инвра құрылымды қалыптастыруда сапалы
серпінді қамтамасыз етеді.
Университеттің құрамына кірген әрбір мектептің жетекші жоғарғы оқу
орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі және мықты ғылыми және
өндірістік базасы болады.

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып
окытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабакқа деген ынтасын
оятып. танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.Дидактикалык
ойындарға материалды тандап алу кезінде біз мына жайттарды есепке алдық:

- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
- білім көлемі мен сипаты,оларды меңгерудің қолайлылығы;
- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ал дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына
сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек.
2. Талсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, акыл-ой іс-
өрекетінің тесілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.
3. Ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі төсілмен орындауын қадағалау және
оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер
карапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
6. Дидактикалык ойындардың нәтижелері объективті түрғыдан бағалануы тиіс.
Дидактикалық ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және
дамытушылық максаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялык
аспектіге сүйендік. Атап айтканда, олар төмендегілер:
— оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік жоне дагдының көлемі,
оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-куйі;
— оқып-уйренілетін материалдың сипаты мен мазмуны, сол сабақтың мақсаты;
— нақты ойын жагдайындагы ерекшеліктері.
Осы өлшемдерге сәйкес біз 1-сыныпта тіл дамыту және сауат ашу (ана тілі),
математика және дуниетану сабақтарында дидактикалық ойындардың жіктемесін
пайдаландық. Ал сауат ашу бойынша дидактикалык ойындарды төмендегідей
топтарға жіктедік.
1. Сөйлем, сөз. олардың өзара байланысы туралы түсінікгерді калыптастыруға
бағытталған дидактикалық ойындар: "Қай сөзді жоғалттым?", "Үндемес",
"Сойлем қуаласпак". "Не кажет?". "Орамал тастамақ", "Оз орныңды тап",
"Домино". "Кім жылдам?", т.б.
2. Дыбыс және әріп үғымдарьін бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар:
"Бүл қалай өзгерген? , "Тапшы, кімнің дауысы?", "Әріп таңдау", "Кім
жылдам',
т.б.
3. Буын, тасымал туралы білімдерін бекітуте бағытталған дидактикалық
ойындар: "Қай буынды жогалттым?", "Өз атынды буынға бөл?", "Ойлап тап".
"Сақина салу", "Бәйге", "Үшты-үшты". т.б.
4. Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратуга
бағытталған дидактикалық ойындар: "Суретті лото", "Сұрақ қой". "Айдаһарды
олтіру", "Ғажайып алаң", "Жеті күн". "Жеті қазына", санамак-ойындар. жұмбақ-
ойындар,
т.б.
1-сыныпта грамматикалык ұғымдарды меңгерту барысында жоғарыда
корсетілген дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдалану өте тиімді болды.
Бүл ойындарды грамматикалық ойындар десе ле болады. Олар "деректіден
дерексізге, карапайым-нан күрделіге" ұстанымы негізінде дамып отырды және
оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін арттырды. Мәселен, 1-сыныпта
көптеген оқушылардың кейбір әріптерге. әсіресе "Р". "Л". "С", "Т"
дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш-ойындарды
пайдаланудың мәні зор.
"Ғажайып алаң" ойынының мақсаты - сөздерге дұрыс сұрақтар коя білуге
уйрету. Ортаға "Ғажанып алаң" қақпасы қойылады. Барабан бірнеше бөлікке
бөлінеді де, әр бөлікте заттардың суреті болады және оның артында
тапсырмалар жазылған. Мысалы, "Атма" суретін 'алайық. Оған "Қандай" деген
сұрақ койылған.Окушы осы сұраққа жауап беру керек.
Сауат ашу пәнінен пайдаланылған дидактикалык ойындар окушылардың білімін
жетілдіруге, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруғ, ақыл-ой әрекеттерін
белсендіруге септігін тигізеді.
Тіл дамыту пәнінен дидактикалық ойындарды мынадай топтарга жіктеуге
болады.
1. Оқушылардың тілін дамытуға бағытталған дидактикалык ойындар: жаңылтпаш
ойындар, "Қуыр-куыр қуырмаш", "Бәйге", "Көкпар". "Малдың төлін емізуге
шақыру". "Сурет сырың",Сейлем куаласпақ". т.б.
2. Окушылардың оқу дағдысын калыптастырута бағытталған дидактикалық
ойындар: "Поэзия сәті". "Тізбек". "Кім жылдам". т.б.
3. Мәнерлеп оқуға жаттыктыруға бағытталған дидактикалык ойындар: рөлдік
ойындар - "Қүстар айтысы". "Мақта кыз бен мысык". драммалық ойындар
-"Наурыз - жыл басы". "Алдаркөсенің айласы". "Жыл басына таласқан
хайуанаттар", "Бога", т.б.
Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың создік қорын молайтуға,
әрбір сөзді еркін, өз магынасында колдануға,тез, жылдам сөйлеуге
жаттыктыруға бірден-бір таптырмайтын кұрал екендігі даусыз. Мәселен.
окқушылардың тілін дамыту максатында пайдатанған "Сурет сыры" ойынында қыс
мезгілінің сыр-сипатьн бейнелеген әр түрлі суреттерге әңгіме құрастыру
кезделеді. Бұл ойынға окушылар аса кызығумен белсене қатынасты.Мәнерлеп
окуға жаттыктыруда рөлдік және драмалық ойындардың мәні оте зор. Өйткені 1-
сынып окушылары рөлді ойнауға ерекше ыкыласпен карайды.
Математикадан пайдаланылган дидактикалық ойындардың
төмендегідей болды.
1. Он көлеміңдегі сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған
дидактикалық ойындар: санамақ-ойыңдар, жанылтпаш-ойындар, жұмбақ-ойындар,
"Тіз "Поезд", "Орнынды тап", "Жалғастыра санау", "Көрші, көрші", т.б.
2. Он келеміндегі сандардың құрамы туралы білімді бекітуге бағытталған
ойын: "Мынау кімнің үйі?", 'Допы қай ойыншыга беру керек? , "Хаттың иесі
кім?", "Керекті саңды қой", т.б.
3. Он көлеміндегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға
бағьтталған дидактикалық ойындар: "Айға кім бұрын жетеді? , "Есептеуіш
машиналар", "Дүкен", "Десанттар", "Баспалдақ", "Аң патшасы", "Орамал
тастамақ", "Хан талапай", "Қасқыр мен қой", "Тенге алу", т.б.
4. Қарапайым геометриялық материалды меңгертуге бағытталған дидактикалық
ойындар: "Геометриялық эстафета", "Ою қүрастыру", "Фигураны тап", "Бірден
сызып шық , "Сыр сандықты ашып қара", т.б.
Дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалану оқушының
алган білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік
жасайды. Математика сабағында ойындарды пайдаланудың түрлі жолдары бар.
Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында пайдалану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына, өткенді қайталауға оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын
көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында пайдаланылатын болса, онда
мүғалімнің мақсаты - оқушылардың коңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын
ұмыттыру, ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не
сол сабақтан алған білімді жинақтау, пысықтау мақсатында пайдаланылады.
Оқушыларға ойындар арқылы берілетін білім балалардың санасына тез жетіп,
есінде ұзақ сақталады. Әрине, белгілі бір білімді меңгертуге бағытталған
дидактикалық ойындарды пайдаланудың да әзіндік ерекшеліктері бар. Ең
бастысы, математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану
оқушылардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.
Дүние тану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі мынадай
болып бөлінеді.
1. Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат,
құстар, жан-жануарлар жөніндгі жұмбақ-ойындар, "Бақытты сәт", "Иесін тап",
"Бұл қай аң?", "Кім тез айтады?", т.б.
2. Тазалық пен күн тәртібін сактауға байланысты дидактикалық ойындар: "Күн
режим", "Тап-таза", "Күн мен түн'\ "Бір минут", т.б.
3. Адам сүлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: "Кім күшті",
"Қуыршақты киіндіру", "Спорт", "Өнер көрсет", т.б.
Дүниетану сабақтарында жұмбақ-ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді,олар
баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың
сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін.тигізеді.
Біз сабақтарда оқушылардың білім деңгейін молайту мақсатында төмендегідей
жұмбақтарды пайдаландық: қүс тураты "Бір-ақ уыс көлемім, Шыбын шіркей
қорегім. Бау-бақшаны қоргаймын, Ал атым ше?" (торғаймьш); аспан әлеміне
байланысты "Тақиям толган сөк, Таңертең турсам дым да жоқ"(жүлдыз); табиғат
кұбылыстары туралы "Аппақ-аппақ, ақ мамық, Жерде жатыр тапталып" (кар),
адамның дене-мүшелері туралы "Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер"
(қол). осімдіктер туралы "Іші жумсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті '
(қарбыз); киімдер туралы "Барады, барады, Аузын ашып қалады" (кебіс),
жануарлар туралы "Таптым-таптым тап жорга, Табаны жалпақ боз жорга" (түйе).
Ұсынылып отырған жұмбак ойындар сабақта жарыс түрінде көрнекі құралдарды
пайдалана отырып өткізіледі. Олар балаларды тапқырлыққа үйретеді ой-
қиялдарының осуіне кемектеседі,қызығуы мен белсенділігін арттырады. Сондай-
ақ, балалардың оз бетімен шығармашылық ізденісін, эстетикалық талғамын
жетілдіру мақсатында оларға үйде жұмбақтар даярлатып, оның суреттерін
салдыртатын болады.
1-сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде біз пайдаланган жоғарғыдағы
дидактикалық ойындар төмендегідей міндеттерді аткарады.
Білімділік - жаңа білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру,алған
білімлерін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелік - қоршаган ортаға кұнды. сыйлы қатынасты калыптастыру.
Дамытушылық - баланын физиологиялық және психикалық (кабылдау, ес,ойлау,
қиял, зейін, ерік) дамуын қамтамасыз ету.
Диагностикалык - оқыту. тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін сараптау.

2.1.Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң озгерістер
қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезідіп отырған
бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімдідігін арттыру бағытында бардық
мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдадануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие
үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай
сирек қолданылатын құралдарының бірі-ойын.
Бастауыш сыңып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-
оііын десек, оқу-торбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу
(таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын
дидактикалық ойындар арқылы жүзегс асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді
шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында
түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру
сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып,
белсендідігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен
анықталады.
Дидактикалық ойындар - балалар үшін озіне тән жүру барысы. мақсаты,
маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі
мақсатты көздейді:
- танымдық, яғии балада тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымеи қарым-қатынас
жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру жәнс
біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқутәрбие
мәселесіне көшу.
2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын
материалдарымен үйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: "Лошо", "Домшю" және т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада:
1) Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді,
оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын
молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырад ы.
3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет
етеді.
Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге
дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік
қорларын молайтуға көмектеседі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен
міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын
бастауыш сыныи мүғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға
қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды
белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмеңдегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пай-далану
тиімділігі артады:
- егер бастауыш сынып мүғалімі балалардың ойын әрекетін үйымдастыру
жолдарын меңгерсе;
- егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
-егербастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымды-ық
дидактикалық ойындарға берілсе.
Бастауыш сыныпгардағы сабактарда дидактикалық ойындарды өткен материалды
пысыктау, қайталау кезінде қолданған пайдалы.[9]

2.2.Дидактикалық ойының маңызы.

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту
мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.
Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма дегендей. ойынның қай түріне
болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ. одан мәнді де мағыналы істер
туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол
бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы
деп білеміз.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегенміз барлық
дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның
іздемпаздық. тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық,
зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері
бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай. сонымен қатар сөздік
қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
Ойын көп жоспарлы. күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке
дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады, оқыту
формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі.
Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: Ойын
сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.
Мен өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана
қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін.
Мен бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға
талпындырамын. ал балалар ойнай отырап үйренеді. сондай-ақ ойын өзіндік
ойын әрекеті нетижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті балалардың
ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын
ойнағанды ұнатады және ез ынталарымен беріліп ойнайды. Тапсырмаларымды
балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға
беруге үйренеді.
Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын
маңызды құрал болып есептеледі.
Мен ойын арқылы білімді меңгеріп жене оны бекіту үшін дағды мен әдетті
қалыптастырамын.
Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін:
1. Ойыншықпен ойналатын ойындар.
2. Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3. Сөздік ойындар.
Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін.
сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және
ойпауын, зейінін. есте сақтауын дамытуға көмектесемін.
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар,
мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент - дидактикалық
тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның
орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат. жануарлар
және өсімдіктер әлемі, адамдар. еңбек т.б.) және қарапайым математикалық
ұғымдарды бекітуге байланасты.
Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың
ойында не істеу керектігін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы
Дидактикалық ойындарды ойластыру
Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Модульді оқыту технологиясы
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
Дене тәрбиесі жөніндегі ұлттық спорт түрлері
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі туралы
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Пәндер