Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.1 Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік.саяси, мәдени жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы таным мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» . ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ...
2.1. Ж. Баласағұн таным ұғымының зерттелуінің қазақ ойшылдары шығармашылығымен сабақтастығы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Соңғы жылдары өріс алған ұлттық мәдениетке жету қолға алынуда. Философия саласында, оның өркениеттік көріністеріне терең бойлауға бағытталған зерттеулер тек ата-бабалар парызын өтеу емес, сонымен бірге заман талаптарынан туатын өзекті мәселе.
Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген мемлекеттерде Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт менталитетіне тікелей қатысы бар дүниелер тез қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңғыртып, ХХІ-ғасырда «өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай» дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені «елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің . Бірақ осы уақытқа дейін тарихымыз бен мәдениетіміз "олардың болашақ қазақ ұлтымен сабақтастығы деген мәселелер әлі терең зерттелмей келеді»
1 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. –Алматы: Раритет, 2000. -352 б.
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Республика Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 2002. – 95 б.
3 Назарбаев Н.Ә. Қазақтың бүкіл тарихы, бірігу тарихы // Қазақ әдебиеті. 27. 03. 1998. – 3-6 бб.
4 Нысанбаев Ә. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. 416 б.
5 Баласағұн Жүсіп. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев. - Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б.
6 Баласағұни Й. Құтадғу білік: Құт әкелетін білім / Баспаға дайындаған Құрышжанұлы Ә. - Түркістан: Тұран, 2004. - 555 б.
7 Касымжанов А.Х., Мажиденова Д.М. Очарование знания. - Фрунзе: Кыргызстан, 1990. – 156 c.
8 Кенжетай Д. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы. – Түркістан, 2004. – 341 б.
9 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 467 б.
10 Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. – 145 б

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .. 3
1 Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы таным
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚҰТАДҒУ БІЛІК - ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН
КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ...
2.1. Ж. Баласағұн таным ұғымының зерттелуінің қазақ ойшылдары
шығармашылығымен сабақтастығы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

КІРІСПЕ
Соңғы жылдары өріс алған ұлттық мәдениетке жету қолға алынуда.
Философия саласында, оның өркениеттік көріністеріне терең бойлауға
бағытталған зерттеулер тек ата-бабалар парызын өтеу емес, сонымен бірге
заман талаптарынан туатын өзекті мәселе.
Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген мемлекеттерде Міне осы
мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт менталитетіне тікелей
қатысы бар дүниелер тез қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай
келді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың
өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін
жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып,
жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңғыртып, ХХІ-ғасырда өзге дамушы
елдер үшін үлгі боларлықтай дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы
отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз
тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып
отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды
тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық
ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге
асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені
елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы
мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде
өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі
мәдениетің . Бірақ осы уақытқа дейін тарихымыз бен мәдениетіміз "олардың
болашақ қазақ ұлтымен сабақтастығы деген мәселелер әлі терең зерттелмей
келеді
Ал Жүсіп Баласағұн философиясының қазақтың тарихы мен мәдениетімен
тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған Ж. Баласағұн
дастанында келтірілген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, қанатты
ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының үндестігі дәлел.
Азаттық алған қазақ елі үшін қазіргі жағдайда рухани жаңғыру, төл
мәдениетін қалпына келтіру жолында Жүсіп Баласағұн сияқты ойшылдың айтқан
ойлары мен идеяларының маңызы зор.
Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал
еткен қазақ даласынан шыққан ойшылдардық көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның
шығармашыдығы энциклопедиялық білімдігімен, әртүрлі философиялық-этикалық
пікірлерінін жүйелілігімен, өміршендігімең дараланады.
Егемендікке қол жеткізгеп тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи
әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында
туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен
дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі,
мәдениеттің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және
үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке
адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде
Жүсіп Баласағұнның философиялық ойлары, өміршең идеялары маңызды да қажетті
терең де соны толықтыру болмақ. Жүсіп Баласағұн идеяларының қазіргі
маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз. Осылайша, өзінің
шығармашылық шабытында бірнеше мәдени дәстүрді қорыта отырып және түрік
халықтарының бай руханиятына сусындай отырып, Жүсіп Баласағұн орта
ғасырлардағы ірі мәдени мұраның қатарына қосылатын түрік тілді философияның
ұлы шығармасын дүниеге паш еткен.
 Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ
ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған
заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге жеткен Ж. Баласағұнның Құтты білігі
адамзат өркениетінің  өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы. Осындай
кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық
өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті
ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси
жағдайлардың заңдылықтары болғаны күмәнсіз.
Ж. Баласағұнның өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау
Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан
Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей
түсінікті, ортақ тілде жазғаны даусыз.
    Ж. Баласағұнның, Құтты білік дастанының бүгінгі күнге дейін
сақталған үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба
кәзір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр.

     Екіншісі Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны
Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 ж.
неміс ғалымы Б.Мориц тапқан.
     Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.В.Валидов Өзбекстанның
Наманган шаһарынан тапқан еді.
Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев Құтты
білік дастанының қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына  идеялық-көркемдік
әсері (дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми
еңбек жазды. Сондай-ақ, ол ақын ретінде Құтты білік дастанының түпнұсқаға
мейілінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты екінші рет филолог ғалым
Ә. Құрышжановтың аудармасымен 2004 жылы елімізде жарық көрді .
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік атты тарихи-философиялық ғылыми
шығармасын жан-жақты зерттеу казіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта
ғасырлық халқымыздың мәдениетін, шығыс мәдениетімен салыстыра зерттеуге жол
ашады. 

1.2 Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы болмыс мәселесі
Жүсіп Баласағұнның іліміндегі болмыс мәселесінің зерделенуі туралы
айтпас бұрын, философиядағы болмыс ұғымы қандай мағына беретіндігін айта
кетсек.
Дүниедегі құбылыстар мен заттардың, процестердің өзара байланысы,
өзгеруі, дамуы, оны танып білуге ұмтылу – болмыс ұғымын тудырады. Табиғат,
қоғам, адамдарға тән нәрсе олардың бар екендігі және олардың өзара
байланыста болуы болып табылады.
Адамдардың материалдық өмірдің табиғатын белгілеуге арналған фило-
софиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа
көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде
алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы
оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы кезеңдерде-ақ дүниеге
әкеліп, оның көптеген ілімдерге негіз болды. Материалистік философияда ол
сезім арқылы қабылданатын материяны, материалдық объектілірдің өмір сүруін,
олардың пайда болуын және жойылуын білдіреді. Ал, идеалистік философияда
болмыс идеялардың жалаң мәні ретінде көрінеді. Сөйтіп, болмыс материализмде
табиғат болмысы, ал идеализмде табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым
Онтология терминi грек тiлiнде екi сөз тiркесiнен тұрады: ontos –
болмыс, logos – iлiм. Демек, онтология грек тiлiнен аударғанда болмыс
туралы iлiм дегендi бiлдiредi. Философияда бұл термин ХҮII ғасырдан бастап
қолданылады, бiрақ оның сол кезге дейiнгi де тарихы бар. Екi жарым мың жыл
бойы философтар әлемдегi адамның орны туралы ой толғап келдi, соның
нәтижесiнде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда болу
деген қасиетке ие болатын барлық нәрселердiң мәнiн ашуға негiзделетiн
болмыс мәселесiнiң сұрақтары қарыстырылады. Онтологияның негiзгi
категориясы болмыс болып табылады.
Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының,
принциптерін, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін
емес. Табиғат, қоғам, адам және оның ақыл-ойы ұшы-қиыр-сыз,тоқтаусыз дүние
ретінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғы шарты болып
табылады.
Болмыс мәселесінің бірініші қыры дүние дегеніміз не? Ол қашаннан бері
және қалай пайда болды, жеке заттар, адамдар тіршілік қызметі қаншалықты
ұзақ жасайды, олар шектеулі ме, ауыспалы, әлде өтпелі ме деген сұрақ
тудырады. Осыдан келіп табиғат болмысының тұрақтылық сипаты мен заттар,
адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші сипаты арасындағы
қайшылықтары мен өзара байланысы мен бірлігі шығады.
Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін
танып білуде, дүниенің тұтас күйінде болғанын, болып отырғанын және
болғандығын көрсететіндігінде. Мәселе болмыстың мынадай негізгі формалары
жайында болып отыр:
Табиғат және заттар болмысы, ол кезегінде табиғи заттар мен процестер және
адамдар жасаған заттар мен процестер болмысы болып бөлінеді.
Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысы және адамның өзіндік
болмысы(өз болмысын және жалпы болмысты танып білу)
Рухани болмыс (жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы).
Әлеуметтік болмыс. Бұл өз алдына қоғамдағы, тарихи процестегі жекелеген
адам болмысына және қоғен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде
көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және адам болмысының тарихи алғашқы негізі.
Философиялық тұрғыдан алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті,
адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал
жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші. Басқаша айтқанда, адамның өмір
тіршілігінің, қызмет әркетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи
процестер. Олар адамзаттан бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және
тәуелсіз өмір сүреді.
Жүсіп Баласағұн өз шығармасын Әлем мен дүниенің жаратылуын
сипаттаудан бастайды:
Алла атымен айттым сөздің әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Құрметі көп, шүкіршілік мың да бір,
Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір...
Жаратты ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,
Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.
Тіледі де, жаратты бар болмысты,
Бол! –деді де бірден бәрін болғызды
Бұл өлең жолдарында тәңір құдіреттілігінің бар болмысы – айды, күнді,
жерді, көкті жаратқандығы баяндалып, тәңірдің сандық қатынас-тардан,
кеңістік пен уақыттан тыс екендігі, көзден жырақ, бірақ көңілге жақындығы
ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол мәңгі табиғаттың барлық
құбылыстары тауы, орманы, көлі - бәрі құдіреттің жасампаздық әректінің ізі,
суреті екенін айтты.
Әлем құрылымының орталығы – жер, одан әрі жеті планетаның жұлдыздар
орналасқан белдеуі бар. Жер сияқты олар да қимылсыз. Құтадғу білікң
шығармасында Сакантір (Сатурн), Оңай (Юпитер), Күрүд (Марс), Иашик (Күн),
Сәбит (Венера), Арзу (Меркурий), Иалчик (Ай), сияқты жеті жұлдыздың атауы
берілген:
Секантр бәрін ең үстінен айналар,
Бір бұрұжда екі жыл, сегіз ай қалар.
Сонсоң Оңай болар екінші орында,
Он және екі ай уақыты бар оның да.
Үшіншісі Күрүд, көк мұз қасарған,
Жақындасса, құрыр жасап, жасарған.
Төртінші Күн жарық шашқан ғаламға,
Жылу жарық төгер жақындағанға.
Бесіншісі Сәбит, нұрлы жұзін бұрғанда,
Сүйенерсің, тыншып қандай мұңнан да!
Одан кейін Арзу тілек келеді,
Жақындасаң, бар тілегің береді.
Бұлардың алдын Иалчык жүріп, шолады.
Күнмен қарсы келсе, жайнап толады
Жаратылыс тілін ғарыш денелеріне қарап түсіну, оның көмегімен табиғат
заңдылықтарын шешіп, ғарыштан әлем жұмбақтарына бойлау ежелгі түркілердің
таным дүниесінің ерекше таным үрдісі болып табылады.
Жүсіп Баласағұн космологиялық жүйесінде жаратқанның көкте тізіл-ген
жұлдыздарының ішінен он екісін бөліп алады да, үш-үштен төрт мезгілге
бөледі. Сонымен, көктем жұлдыздары - Қозы, Уд, Әрәндіз, жаз жұлдыздары-
Қушық, Арыстан, Бұғдай, күз жұлдыздары - Үлгі, Чадан, Иа; қыс
жұлдыздары–Оғлақ, Көнәк, Балық. Олардың үшеуі - су, үшеуі - жел, үшеуі -
от, үшеуі – топырақ. Оларды толығымен бірізділікке мәжбүр ететін жаратушы
Хақ:
Үші – көктем, үші – күздің жұлдызы,
Үші - қыстың, үші жаздың жұлдызы.
Үшеуі - су, үшеуі - жел, үшеуі - от,
Үш – топырақ; жаһан туған түгел боп!
Үш от, үш су, үш жел түгел таралды,

Үш топырақ - ғалам солай жаралды.
Бірі-біріне жаулар бұлар өлгенше,
Жауды жауға салып қойған сөнгенше...
Қатыспас жаулар, іштей тынып жарасқан,
Көріспес жаулар, өшін бүгін тарасқан.
Жаратушы хақ жаратты апарып,
Жаратты да, жарастырды қатарын
Аталған өлең жолдарында Жүсіп Баласағұн үштік қағида арасындағы қарама-
қарсылықтың тұтаса келіп, татулық тапқанын баяндайды. Дәл сол үштік
қағиданың жақындасуы нәтижесінде Әлем мен өмір пайда болды. Үштік қағида
ұстанымын дамуға негіз болатын процесс деп қарауға болады. Осылайша, Жүсіп
Баласағұн дүниенің бастауын от, су, ауа, жер апаттарының бірлігінен
туындайды деп қарайды.
Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы космологиялық проблемалар Әл-Фараби,
Бируни еңбектеріндей толық, әрі терең зерттелген емес. Оны әсіресе,
дүниенің жаратылысы мен адам тірішілігінің пайда болуы айрықша
толғандырады. Қоғамды, адамды, табиғатты тану ілімінің құрамдас бөлігі деп
қарастырылды. Бұл концепция ортағасырлық ұғым-түсінікке тән ерекшелік деп
қаралды .
Жүсіп Баласағұн табиғаттың төрт негізін қарастыра отырып, адам
мәселесінің де төрт тұғырын тапқырлықпен көрсеткен. Олар - Әділет, Бақыт,
Ақыл, Қанағат ретінде аталды және бұл қасиеттер Құтадғу білік
шығармасындағы төрт кейіпкерінің бойына жинақталды:
Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар:
Бірі оның - шындық жолы, Әділет,
Екіншісі - құт пен ырыс, Дәулет.
Үшіншісі - Ақыл менен парасат,
Төртіншісі - ұстамдылық, Қанағат
Төрт тұғырлық өлшемдік қағида Құтадғу біліктің құрылымдық арқауы
болып табылады. Бұл шығармада қоғамдағы, өмірдегі үйлесім осы төрт нәрседен
тұрады. Олар төрт кейіпкердің атымен аталады: Күнтуды-Әділет, Айтолды-
Бақыт, Өгдүлміш-Ақыл, Одғұрмыш-Қанағат. Шығарма осы төрт кейіпкердің сұрақ
жауабына құрылды.
Құтадғу білік шығармасындағы кейіпкерлері атының Күн, Ай планеталары
болып келуі, олардың көне замандағы есімдер екенін білдіреді. Біздің
заманымыздан бұрынғы ежелгі адамдардың космогонияның түсінігіне алынған.

2 ҚҰТАДҒУ БІЛІК - ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН
КӨРІНІСІ
2.1. Құтадғу білік еңбегіндегі діни - философиялық толғамдар
Түрік және парсы мәдениетінің нәрлі ұйытқысында туындап, араб
дүниетанымының қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығармашылығында адамның
қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып мінсіз қоғам жайындағы өзінің
биік философиялық мұраттарын дүниеге келтірді, Оның Құтты білік атты
кітабы — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Ахмет Яссауи
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Шәкәрім философиясы
Пәндер