Діни сананы қалыптастыру мәселелері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ДІНИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Діни наным - сенімдердің қалыптасу ерекшеліктері . . . 7

1. 2 Қазақстандағы діни сана: жай - күйі . . . 17 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

ҚОСЫМШАЛАР . . . 39

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Ғылыми жұмыс қазіргі уақыттағы діни сананың негізгі факторлары мен жолдарына талдау жасауға арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті. Қоғамның әлеуметтік және рухани салаларында болып жатқан өзгерістер, ең алдымен адамның санасына айтарлықтай ықпал етіп отырғаны бесенеден белгілі.

Өйткені, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің сунинттік, христиан дінінің православиелік бағыттарымен қатар, бүгінгі күні республика аумағында Қазақстан халқы үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» конфессиялар қаптап жүр. Сондықтан егемендікке қол жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан дінаралық татулық пен түсіністікті бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін халықтары арасындағы дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.

Екіншіден, дін - бүгінгі таңда рухани жаңғыртудың өзегі ретінде өте маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.

Бүгінгі Қазақстан - көп ұлтты және көп дінді мемлекет дейміз. Сондықтан мемлекет үшін дінаралық және этносаралық келісімді сақтау, қоғамда діндер аралық диалог және өзара түсіністік ахуалын жасау - еліміздегі азаматтық татулық сақтау мен нығайтудың маңызды негізі, бірегей тетігі болып табылады.

Діни сана бүгінгі таңда рухани жаңғыруға үлкен септігін тигізіп отырған процес. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіріп қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.

Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып отырған әлеуметтік бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.

Зерттеу пәні - Діни сананың қоғамда қалыптасу жолдарының ең тиімдісін саралау. Діни наным - сенімдердің демократиялық, мәдени-рухани тұрғыдан қалыптасу жолдарын және ерекшеліктерін талдау.

Зерттеудің мақсаты - қазіргі Қазақстан қоғамының зайырлық, әлеуметтік-экономикалық, демократиялық, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғысынан діни сананың рөлін анықтау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу келесі зерттеудің төмендегі міндеттерін шешуді қарастырады:

  • әлеуметтік-философиялық ойлар тарихындағы діни сананың негізгі факторлары мен жолдарына, теориялық көзқарастар эволюциясына концептуалды талдау жасау;
  • социологиялық парадигмалар аясында діннің, діни сананың қазіргі Қазақстан қоғамындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын жалпылау;
  • діни сананың мәні мен мазмұнын ашу, тұлғаның қалыптасуындағы олардың орны мен рөлін анықтау;
  • Оңтүстік Қазақстан түрғындарының бойында діни сананың іске асуының тетіктері мен ерекшеліктерін анықтау және негізгі бағыттарын зерттеу;
  • күдік тудыратын діни секталар мен топтардың әрекеттерінің алдын алу, діни санаға қатысты үгіт - насихаттың ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау.

социологиялық парадигмалар аясында діннің әлеуметтік институт ретіндегі мәні жан-жақты негізделіп, нақтыланды;

  • діннің қоғамның жаңғыру үрдісіндегі қазіргі таңдағы көріну нысандары, бұрындары беймәлім болған «дәстүрлі емес» түрлерінің Қазақстанда орнығу себептері мен салдарлары сараланды;
  • Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы діншілдік деңгейі бағамдалды;
  • қазіргі нарықтық қоғам жағдайында Қазақстанда діннің саясаттануы, сондай-ақ саясаттың діншілденуі кәдімгідей белең алып отырғандығы бағамдалды;
  • діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің бүгінгі таңдағы стратегиясының мәні пысықталды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Ғылыми жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,

4 бөлімшеден құралған қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І. Діни сананы калыптастыру мәселелері

  1. Діни наным - сенімдердің қалыптасу ерекшеліктері

Ислам - кемелденген монотеистік дін, әлемдік үш діннің бірі, араб тілінде берілу, мойынұсыну, бейбітшілік деген мағыналарды білдіреді. Бұл дінге сенген, бойұсынып, көңіл бөлгендерді мұсылман, муслим деп атайды.

Ислам әлемінің ғалымдары ислам дінін бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы кемел, білім мен бейбітшілікке және адам баласының өмірлік ұстанымына негізделген, Адам Атадан Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған негізгі дін деп есептейді.

Ислам діні - өзіне дейінгі адамдар тарапынан енгізілген бұрмалаушылық және жаңсақтықтарды түзеткен дін.

Исламның қасиетті кітабы - Құран Кәрім. Ол Мұхаммедке (с. ғ. с. ) Хира тауының үңгірінде Жәбрейіл періште арқылы аян етілген. Құран Кәрімнің аяттары жиырма үш жылда пайғамбарымызға жіберілген. Құран Кәрім
114 сүреден тұрады. Құран Кәрімді зерттеуші-ғалымдар сүрелердегі аяттар саны 6204-6236 арасында деп есептейді.

Ислам діні бойынша Таурат (Мұса ғ. с. ), Забур (Дәуіт ғ. с, ), Інжіл (Иса ғ. с. ) кітаптарының негізгі түпнұсқасы хақ деп саналады. Аталған кітап иелерін мұсылмандар құрметтейді. Құран Кәрімдегі барлық нәбилер (25 пайғамбар есімі аталған) мен оларға түскен кітаптардың парақтарының өзгеріске ұшырамаған түпнұсқаларын мойындайды. Қазіргі таңдағы Таурат, Забур, Інжіл өзгертілгендіктен, оларды қабылдамайды.

Алла тағаланың пайғамбарларына уахи жолымен жіберілген кітаптары адамзатқа дүниеде және ақыретте бақыт пен шаттыққа жетуі үшін жүретін жолды және Жаратушыға құлшылық ететін міндеттерді түсіндіреді.

Құран Кәрім аяттары түскен уақыттарына қарай меккелік және мәдиналық болып бөлінеді. Құран Кәрім пайғамбарымыздың тірі кезінде бір кітапқа жинақталмаған. Пайғамбарымызға түскен аяттар әр түрлі тақырыптарға жазылған. 634 жылы бірінші Халиф Әбу-Бәкір Зайд ибн Сәбитке Құран кәрімді жинастыруды табыс еткен. Осыдан кейін жеті адамнан тұратын алқа құрылған. Олар өте сақтықпен тексере отырып Құранды бір кітап етіп жинақтаған.

Осман ибн Ғаффан Халиф заманында Құран Кәрімді жинастыру аяқталды. Осман Құран Кәрімді көшіріп көбейттіретін кеңес құрды. 651 жылы Зайд Ибн Сабит Құран Кәрімді 4 дана етіп жазып шықты. Зайдтың жазу үлгісі құрайыш тайпасының тілі негізінде жүргізілді. Құранның көшірмелері Басраға, Куфаға, Шамға, Меккеге, Йеменге жіберілді және бір данасы Мәдина қаласында қалдырылды. Бұл кітаптарға қайшы келетін басқа кітаптарды өртеп жіберуге тапсырма берілді.

Алла елшісі әз-Мұхаммед милләди бойынша 569 жылы сәуір айының
20 жұлдызында Мекке қаласында дүниеге келген. Алла елшісінің әкесі Абдулла, анасы Әмина болатын. Меккеде ауа-райы ыстық болғандықтан, олар өз сәбилерін салқын жерге сүт аналарына бақтыруға беретін. Сол заманда меккелік арабтардың осындай салты болатын.

Хазірет пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес жасына дейін тұрып, анасының жанына оралды. Дүниеге келмей тұрып әкесінен айырылған әз- Мұхаммед алты жасына келгенде анадан да жетім қалды. Содан кейін атасының тәрбиесінде болды. Атасының дүниеден озуына байланысты Хазірет Мұхаммед сегіз жасында кіші атасы Әбутәліптің қолына келді. Мұхаммед (с. ғ. с. ) Құрайш тайпасынан болатын. Әшім және оның баласы Әбдімүтәліп Қағбаның шырақшылары, беделді, абыройлы адамдар еді. Әз-Мұхаммед (с. ғ. с. )
25 жасында Құрайш тайпасындағы мәртебелі, бай әйел Хадишаға үйленді.

Хазірет Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында берілді.

Жаңа дәуірдің 610 жылы қасиетті рамазан айының Қыдыр түнінде Құран Кәрімнің алғашқы аяттары Жәбірейіл тарапынан уақи етіліп, пайғамбарлық жолы ашылды.

622 жылы мұсылмандар Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына көшіп барды. Мұсылман күнтізбесі Хижра жыл санауы осы жылдан басталады.

Әз-Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болды. Алла елшісінің өсиеттерін, сөздерін сахабалар (пайғамбарымызбен серіктес болған мұсылмандар), табиғиндер болашақ ұрпақтарға жеткізді.

Мұхаммед (с. ғ. с. ) қайтыс болғаннан кейін ислам дінін өркендетуге зор еңбек сіңірген Әбу-Бәкір әс-Сыдық, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Ғаффан, Әли ибн Әбу Тәліб болды. Төртеуі де халифатты басқарды.

Ислам сенімінің негізі бір Алла тағалаға ғана құлшылық ету және бір Алладан ғана көмек сұрау, тілеу.

Ислам діні бес негізгі тұғырдан тұрады:

1. Алланың барлығына, бірлігіне, Хазірет Мұххамед (с. ғ. с. ) Алланың құлы және елшісі болғандығына шын жүректен сеніп, оны тілімен жеткізу. «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі». Араб тілінде «Ла илаһа иллалаһ Мұхаммедур Расулулла».

2. Діннің діңгегі - намаз. Күніне өз уақытында бес мезгіл намаз оқу.

3. Белгілі бір байлық мөлшеріне ие болған мұсылманның байлығының бір бөлігін жылына бір рет Алланың ризалығы үшін зекет беру.

4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау.

5. Денсаулығы жақсы және жетерлік мал-мүлкі болса қажылық ғибадатын орындау.

Иман шарттары: ислам дінінің атын Алла тағала қойған. Таухид - исламның негізгі және оның қуатының қайнар көзі. Ислам дінінің заңдары Таухидке негізделген. Таухид - Алладан басқа тәңір жоқтығын және тек Аллаға ғана құлшылық ету керектігін баяндайды. Таухид Құран Кәрімнің «Ықылас» сүресінде тұжырымдалған.

Исламда Таухид сенімі екі бөлімнен тұрады:

  1. Алладан басқа құлшылық етуге лайық тәңір жоқ.
  2. Мұхаммед (с. ғ. с. ) - Алланың елшісі.

Ислам тарихында белгілі ұстаз, ғалым тұлғалардың ең көрнектілері Әбу Ханифа Нұғман ибн Сабит (699-767) - Ханафи мазһабы, Әбу Абдулла Малик ибн Анас ибн Малик ибн Әбу Әмір Әл-Асхабий (713-795) - Малики мазһабы, Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Идрис ибн Әл-Аббас ибн Усман аш-Шафий (767-821) - Шафий мазһабы, Әбу Абдулла Ахмад ибн Ханбал (778-855) - Ханбали мазһабы. Аталған ұлы имамдар исламдағы негізгі төрт мазһабтың негізін салушылар. Қазақстан және Орта Азияда мекендейтін мұсылмандар ахіли сүннетінің төрт мазһабының бірі - Әбу Ханифа Имам ағзам қауымына жатады. Мазһаб жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Жалпылама алғанда ислам суннит және шиит деген екі ағымнан тұрады.

Әхл ас-сунна ау-ал-джама (сунна адамдары) әлем мұсылмандарының
90%-ын құрайды. Шииттер Әли ибн Әбу Тәліпті жақтайды. Шиға бағыты VII ғасырдың екінші жартысының басында пайда болды. Олар билікті, халифаттықты пайғамбарымыздың немере інісі және күйеу баласы Хазірет Әлиге беруді жақтап шыққан және ол үшін күрескен діни саяси топ.

Ислам - діни ғұрыптар мен мұсылмандардың адамгершілік қағидаларын және дүниелік мәселелерді шариғат (тура, дұрыс жол) жолымен реттейді. Шариғат - Құран Кәрім және сунна арқылы жүйеленген нұсқаулар жиынтығы.

Сунна (ғұрып, үлгі) - Мұхаммед (с. ғ. с. ) өмірінен алынған игі өнегелер. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттерінен, айтқандарынан құрылған. Ислам елдерінде жұма-қасиетті күн, әрі демалыс күні болып саналады.

Ит-әл-фитр - ораза мейрамы. Оразадан соң шәуәл айының бірінші жұлдызы аталады. Ит-әл-адха - құрбан мейрамы. Зулхиджа айының оныншы жұлдызынан басталады. Әрбір мұсылман құрбандық шалуы керек. Мәулит мейрамы рабби-әл-әуәл айында аталады. Бұл пайғамбардың туған күні. Миғраж-раджаб айының жиырма жетінші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл әз-Мұхаммедтің Миғражға көтерілу мейрамы. Ашура - муххарам айының алғашқа он күндігі, шииттердің Әлидің ұлы Хусейнге арналған азалы күндері ретінде аталады.

Әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы - Мекке. Меккеде исламның негізгі қасиетті орны Қағба және бас мешіт - Масджид әл харам орналасқан. Мұсылмандар жер бетінде ең бірінші тұрғызылған Алла тағаланың үйіне (Қағбаға) барып, құлшылық етіп, қажылық парызын өтейді. Қажылыққа бару - шамасы жететін мұсылман үшін парыз.

Дүние жүзінде ислам дінін ұстанушылардың саны 1, 5 миллиардқа жуық, ал кейбір деректер бойынша 2 млрд. Ислам діні әлемнің 120-дан астам елдерінде тараған. Ислам дініне сенушілер әлемнің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды. Әлемнің 28 елінде, атап айтсақ Сауд Арабиясы, Мысыр, Иран, Пәкістан, Мавритания және тағы басқа елдерде ислам діні - ресми дін. Малайзияда мұсылмандар ел халқының 65%-ын, Сингапурда
40%-ын, Ливанда 40%-ын құрайды. Үндістанда 350 млн, мұсылман, Ресейде
14 млн., Италияда 2, 5 млн., Индонезияда 200 млн., Туркияда 70 млн., Германияда 3 млн., АҚШ-та 5 млн., Анголада 2 млн., Францияда 10 млн., Эфиопияда 22 млн., Сингапурда 800 мың., Тайландта 5 млн., Ұлыбританияда
8 млн., Польшада 400 мың, Швейцарияда 120 мың, Швецияда 99 мың мұсылман бар. ХХ ғасырдың 70-80-жылдарынан бері халықаралық істерде, халықаралық ұйымдарда ислам діні белсенді рөл ойнай бастады. 1962 жылы Меккеде Ислам Әлемі лигасы, 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы,
1973 жылы Еуропаның Ислам Кеңесі құрылды.

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам өркениеті мен мәдениеті аясында өмір сүріп, ислам дінін ұстанып келеді. Ислам діні Қазақстан және Орталық Азия жеріне VIII ғасырда енді. 714 жылы Шаш (Ташкент) және Фарабқа (Отырар) жетті. 751 жылы шілде айында мұсылман әскері Талас маңында Атлах деген жерде Тан империясының әскерін жойқын соғыста жеңіп шыққан. Талас жеңісінен кейін ислам діні Қазақстан жеріне біржолата орнықты. Бұл жеңіс Орталық Азия елдерінің діни болмысы мен тұрпатын анықтап берді. Ислам дінінің келуімен қала мәдениеті, ғылым, білім, сауда, өнер жедел дами бастады. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде мешіттер, медреселер, қалалар бой көтерді [24, 91-95 бб. ] .

Дегенмен, ежелгі түркілер мен протоқазақтар ұстанған діндер тарихы б. з. д. ІІ мың жылдықтың аяқ жағынан бермен қарай басталады. Сондықтан да болар, қазақстандық мұсылмандық дүниетанымның спецификалық белгісі ислам дінімен кіріге байланысып кеткен тәңіршілдік, тотемизм, зороастризм, ата-баба рухтарына табыну және басқа да мұсылмандыққа дейінгі салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылардың синкретизмі болып табылады. Қазіргі қазақ, кешегі көп тайпалардың арғы ата-бабалары Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға табынушылықтан шамандыққа, бақсылыққа өткен, одан зороастризмге табынудың ауыр жолын бастан кешірді. Орталық Азияға мұсылмандықты алып келген арабтар жергілікті халықтардың ішінде «құдайлар үйі» бар ауылдарды кездестіріп, талай таңырқаған.

Ортағасырлық Қазақстанның қалалық және далалық тұрғындарының діни наным-сенімдері жан-жақтылығымен ерекшеленген. Қазақстанда түркі тілдес халықтардың өзіндік діни наным-сенімдерімен қатар буддизм, манихейлік, христиандық секілді басқа да діни жүйелерден құралған құрама діни жүйелер кеңінен етек жайған-ды.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан территориясында будда дінінің кеңінен таралғаны жайлы деректердің өткен ғасырдың бірінші ширегінде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде дәлелденгендігіне осы аймақтардан табылған буддалық храм орындары, киелі текпешектер және басқа да діни құрылыстар куә бола алды.

Ал, Орталық Азияда табылған соғдалық тілде жазылған буддалық мәтінде, яғни Бугут жазбасында Таспар Қаған еліне буддизмнің үнділік діндары Чинагуптаны шақыртып, храм салдыртқандығы, буддалық дінге мойын бұрғандығы, буддизмді мемлекеттік дін етпек болғандығы хатталып қалған [25, 433 б. ] .

Қазіргі Қазақстан орналасқан аймақ тұрғындарының бір бөлігі христиан дінін де ұстанған. Н. Барманқұлов жазғандай: «көпшілік біле бермейді, IV-
VI ғасырларда Жетісуда христиандық дамыған болатын. Бұл діннің әсерінің соншалықтығы, христиан дұғаларының белгілі бөлігі түрік тіліне аударылған. Ал, бұл «Русь» еліне православиенің келуіне дейін, яғни 5 ғасыр бұрын болған» [26] . Манихейлік христиандық діннің бір тармағы ретінде ІІІ ғасырда пайда болып, Испаниядан Қытайға дейін тараған. Христиандықтың бұл тармағы Орталық Азияға б. з. V ғасырда таралған. Бұған қоса, қазіргі Қазақстан территориясы аумағында несториандық та кеңінен таралған еді. Христиандықтың бұл бағыты протестантизмнің енуімен пайда болып, көптеген христиандар Еуропадан кетуге мәжбүр болды. Бұлардың ішінде патриарх Константинопольский Несторий да болған еді. Ол христиандықты қабылдамай, 431 жылы қуғынға ұшыраған болатын. Несторий және оның ізбасарлары өз түсініктеріндегі Евангелияны Персияға, Үндістанға, Қытайға таратқан еді. Сол уақыттарда Қазақстан тұрғындары - найман және керейт тайпалық одақтары осы дінге бой алдырған болатын. Несториандық мағыналы православиелік керейттер арасында ХІ ғасырда бекем орныққан еді.

Сириялық және түркілік христиандық жазбалары бар құлпытастар ХІІІ-ХІV ғасырларда Орталық Тянь-Шань далаларынан табылған болатын.

Қазақстан территориясында тек қана православие мен манихейлік діни ағымдар ғана үстемдік етіп қана қойған жоқ. Қазақтардың арғы ата-бабалары - командықтар ХІІІ ғасырдың аяғында христиандық дінінің басты тармағы - католицизмді ұстанды. Оған дәлел «Кодекс куманикус» (1298 ж. ) - қыпшақтардың ежелгі жазба ескерткіштері. Батыс халықтары оларды командар деп атаса, Русь елі половца деп таныған. «Кодекс куманикусте» түрік тілінде католиктік құдайға жалбарыну сөздері жазылған [27, 26 б. ] . Түркі тіліне аударылған ежелгі христиандық жазбалар миссионерлердің түркі тілдес халықтарға құрметпен қарағандығына дәлел бола алады.

VІІ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Омейя әулетінің тұңғыш халифасы (661-80) Муауийл Әбу Суфйан (605-680 ж. шамасы) үстемдік еткен кезінде Қазақстан территориясына ислам дінінің бойлап ене бастауына орай половцалар біртіндеп өздерінің христиандық наным-сенімдерінен арыла бастады. Орта Азия халықтарының исламдану процесі ұзаққа созылмады, жергілікті халық тез мұсылманданды.

Бірақ Орта Азия халықтарына қарағанда көптеген түркі тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Тек ІХ ғасырда
В. Иванов пен Я. Трофимов жазғандай, 893 жылы қираған несториандық шіркеудің орнына Тараз қаласында мұсылман мешіті тұрғызылған. Барлық қала тұрғындары ислам дініне өткен [28, 31-32 бб. ] . 960 жылы ол мемлекеттік дін болып қабылданған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатық, ал оның баласы Мұса 5 жылдан соң исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялаған [29, 4 б. ] .

Мұсылмандықтың Қазақстан территориясына таралуы бірнеше объективті факторлармен түсіндіріледі:

1) . Орта Азия халықтарымен аралас-құраластық, географиялық көршілестік, себебі ол аймақтарда ислам діні ертелеу қабылданған;

2) . Ташкент, Бұхара, Хиуа және басқа да мұсылмандық аймақтармен сауда-саттық байланыстардың болуы;

3) . қарахандықтардың барлық шығыс мұсылман халықтарымен достық қарым-қатынаста болуы;

4) . мұсылмандық руханиятты қолданған қазақ феодалдарының іс-әрекеті [30, 275 б. ] .

Орта Азия өңіріне ислам дінінің таралуына, оның мәнінің жергілікті халықтарға лайықталып түсіндірілуіне, мұсылмандық ғылым-білімнің тез өркен жаюына, жергілікті жерлерде философия, математика, ғарыштану сықылды көптеген ғылым салаларының пайда болып, дамуына үлкен үлес қосқан діни институттардың бірегейі медреселер болды. Бірақ бертін келе медреселер мың жылға тарта керемет жетістіктерді мұралатқанымен, соңғы бірнеше ғасырда схоластиканың құрбаны болып, жаттанды қайтармаларды ғана уағыздайтын институттарға айналып кетті. Бұрындары медреселер жоғарыда аттары аталған пәндердің жетекші локамативті болса, ал бертін келе бұл құрылымдар өзінің алғашқы қасиеттерінен жұрдай болып, молдасымақтардың уағыз айтатын орындарына айналып кетті.

Кейбір дінтанушы ғалымдар медресенің прототиптерінің ертеректе Орталық Азия елдерінде болғандығын дәлелдеп берді, ал қайсыбіреулері медреселерге буддашылардың вихарасы үлгі болды дейді. Қалай болған күнде де, мұсылмандықтың басқа діни ағымдармен байланыста болғандығы, олармен тату-тәтті қатар өмір сүргендігі анық. Белгілі ғалым Баймырза Хайыттың пікірінше, медреселер алғашында мешіттердің жанындағы Құран оқуды үйрететін дәрісханалар ретінде пайда болған. Келе-келе медреселердің оқу бағдарламалары жаңа пәндермен толығып, ІХ-Х ғасырларда олар барлық пән салалары бойынша білім беретін ғылым ұяларына айналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы сана мәселесі
Дүниеге көзқарас түрлері
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Құқықтық мәдениеттің элементі - құқықтық сана
Қазақстандағы конфессияаралық келісім мәселесі
Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру әдістері
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Құқықтық мемлекеттің қалыптастырудағы құқықтық сананың жетілдіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz