Беғазы-Дәндібай мәдениеті мұраларының қазбалары еуропаға жетелейді


Беғазы-Дәндібай мәдениеті мұраларының қазбалары Еуропаға жетелейді
Беғазы-Дәндібай қорымындағы мәдени ескерткіштер. Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы. 20 қыркүйек 2009 жыл.
23. 09. 2009
Саят СЕРİК
Қазақстандағы ең маңызды тарихи ескерткіштердің бірі - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын зираттар реставрациялануда. Бір топ археолог-мамандар Беғазы тауларының етегінде қазақтың әйгілі ғалымы Әлкей Марғұланның аяқтай алмай кеткен жұмысын жалғастыруда.
БЕҒАЗЫ МӘДЕНИЕТІ ЕУРАЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНАН ТАМЫР ТАРТАДЫБүкіл Еуразия аумағына тараған Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Осы мәдениеттің ескерткіштерін Ақтоғай ауданында алғаш рет Әлкей Марғұлан ашқан болатын. Ғалымның басшылығымен 1947-1952 жылдар аралығында Беғазы тауларының етегінде қазба жұмыстары жүргізілген. Алайда, содан кейін жарты ғасыр бойы әлемдік маңызға ие мәдени мұра қараусыз қалып қойды. Осыдан бес жыл бұрын Алматыдағы археология институты және Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мамандары «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ежелгі зираттарды қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Беғазы-Дәндібай кезеңі, ғалым Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша, қола дәуірінің Нұра және Атасу кезеңдерінен кейінгі үшінші кезең. Оның олай аталу себебі, Қызыларай тауының етегіндегі Беғазы қорымы мен Қарағанды қаласы маңындағы Топар елдімекеніндегі су қоймасы астындағы Дәндібай ескерткіш қорымдарының бірлесуінен болып отыр. Осыдан жарты ғасыр бұрын Әлкей Марғұлан жүргізген зерттеулер бойынша, Орталық Қазақстан аймағы мен Батыс Сібір жері Беғазы-
Сағындық Жауымбаев, Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, археолог. Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы. 20 қыркүйек 2009 жыл.
Дәндібай мәдениеті қамтыған жерлер деген болжам жасалса, бертіндері бұл мәдениеттің Еуразия құрлығын жайлағаны анықталды. Ғалым Сағындық Жауымбаевтың айтуынша, Беғазы-Дәндібай мәдениеті Еуропа жерлерінен Ауғанстан, Иранға дейін созылған. - Бір жылдары Ақтоғай жеріне Германиядан археолог ғалымдар келіп, осы жерден табылған метал сынықтарын спектро-сараптаудан өткізген еді. Оның нәтижесі әлгі ғалымдарды таң қалдырды. Себебі, осы қорымдардан табылған метал сынықтарының түрі Еуропа жерлерінен табылған қолдан жасалған бұйымдардың металымен сәйкес болып шыққан. Сонымен қатар, ол жерден табылған қоладан жасалған бұйымдар (ыдыс-аяқ, шаруашылық құралдары) арнайы құрылғылардың көмегімен жасалған болса, орталық Қазақстан жерінен табылған металдан жасалған бұйымдар қолдан жасалынған. Сондықтан, Еуропа жерінен табылған бұйымдардан, қолдан жасалған Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қолтаңбасы анық көрініп тұрғанына неміс ғалымдарының көзі жетті, - дейді археолог ғалым Сағындық Жауымбаев. Ғалымдардың айтуынша, Беғазы-Дәндібай қорымдарынан сондай-ақ Еуропа және Азия жерлеріндегі мәдениеттердің үлгісінде жасалған түрлі бұйымдар табылған. Бұдан жасалған болжам - Беғазы-Дәндібай дәуіріндегілер Азия мен Еуропаға жаугершілік жорықтар немесе сауда-саттық қатынастарын жиі жасаған. Демек, бұл дәуірде осында өмір сүргендер сауда жасаса да, жаугершілік жорыққа шықса да өз беделін алысқа жүргізе алған дейді археологтар. Себебі, қандай қарым-қатынас болмасын, ат тұяғы әрең жететін жерлерге мәдениетін жеткізе алған сол кездегі қоғамның осал болмағаны деп тұжырымдайды ғалымдар. Археологтардың тағы бір тоқтала кеткені, қорымдардағы зәулім тастардың асқан шеберлікпен қаланғандығы. Салмақтары орта есеппен 4-5 тоннаны құрайтын тастардың осы араға Қызыларай тауынан ғана жеткізілгені айдан анық. Ал ол жердегі таудағы тас шатқалдардан оны ойып алып жазық далаға жекізу үшін аз күш жұмсалмағаны көрініп тұр. Демек, қола дәуірінің өз шырқау биігіне жеткен кезең деп ғалымдардың бағасын алған Беғазы-Дәндібай кезеңінде сол кездегі адамдардың күшті болғаны немесе олардың осындай салмақты құрайтын жүкті тиімді жолмен жеткізу жолдарын таба алғандығы деп бағалау ғана
Беғазы-Дәндібай қорымынан табылған мәдени ескерткіштер. Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы. 20 қыркүйек 2009 жыл.
қалады. Кейбір деректер бойынша, бұл жұмыстарға өгіз жегілген арба қолданылған деген болжам барын да ғалымдар жасырмайды. Кейінгі уақытқа дейін ғалымдардың мазасын алып келген мәселе - қорымдардан шеберлікпен әшекейленіп жасалған бұйымдардың ғана табылуы. Оның үстіне ол бұйымдар асқан шеберлікпен гранитті тастардан қаланған мавзолейлерден табылған. Бертін келе қорымдар маңынан анықталған қарапайым ескі зираттардан әшекейлі ою-өрнектері аз, бірақ сол дәуірдің үлгісінде жасалған бұйымдар табылды. Бұл, сол кезде-ақ қоғамның элиталы тап, яғни ру басы, қол басы және қарапайым кедей-кепшік пен жұмысшы қауымға бөлінгеніне ғалымдардың көзін жеткізді. БОЛАШАҚТА АСПАН АСТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАР АШЫЛАДЫМәдени мұра бағдарламасы бойынша Беғазы-Дәндібай қорымындағы реставрациялық жұмыстарды Алматы археологиялық институтының археолог мамандары атқарып жатыр. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың бөлім меңгерушісі Арман Бейсеновтің айтуынша, реставрация жасаудағы басты мақсат - болашақта Беғазы-Дәндібай қорымдарымен қоса Қарқараладағы Кент, Апат пен Баянауыл жерлеріндегі тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру арқылы халықтың мәдени мұрасын тоналып, жойылып кетуден сақтау. Ғалымдардың тағы бір ұсынысы - осы жәдігерлерді сақтай отырып, қайта қалпына келтіру арқылы осы жерлерде аспан астындағы мұражай ашу. - Жоспар бойынша, бұл жерге туристік кешен ашу көзделіп отыр. Ол үшін осы мавзолейлердің барлығы реставрациядан өтуі тиіс. Осы жердегі алты ірі қорымның бүгінгі күнге дейін төртеуі толық қайта қалпына келтірілді, - дейді Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі Арман Бейсенов. Беғазы тауларының маңы - табиғи жағдайларына, географиялық орналасуына байланысты адамның қоңыстануына ыңғайлы жер. Бұл жерде тек қола дәуірінің ғана емес, сонымен қатар сақ және түрік мәдениеттерінің де ескерткіштері табылып жатыр. Орталық Қазақстанды біздің заманымызға дейін XII - IX ғасырларда қоныстаған адамдар қола дәуірінде Еуропа елдерімен қатынас құрған көрінеді. Беғазы-Дәндібай кешенінің әлемдік маңызға ие болу себептерінің бірі - ол орталық Азияда қола дәуірінде қоныстаған адамдардың өркениет деңгейіне жеткендігінің айғағы. Реставрациялау жұмыстары әлі де жалғасады.
“Беғазы-Дәндібай мәдениеті мұраларының қазбалары Еуропаға жетелейді”. “Қазақстандағы ең маңызды тарихи ескерткіштердің бірі - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын зираттар реставрациялануда. Бір топ археолог-мамандар Беғазы тауларының етегінде қазақтың әйгілі ғалымы Әлкей МАРҒҰЛАНның аяқтай алмай кеткен жұмысын жалғастыруда . . .
Беғазы-Дәндібай кешенінің әлемдік маңызға ие болу себептерінің бірі - ол орталық Азияда қола дәуірінде қоныстаған адамдардың өркениет деңгейіне жеткендігінің айғағы. Реставрациялау жұмыстары әлі де жалғасады. Келесі жылы алты ірі қорымның соңғысы көне кезеңдегі қалпына қайта келтірілуі тиіс . . . ”. Авторы: Саят СЕРІК.
“Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт болып, бір адам қаза тапты”. “Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт бүгін күндізгі сағат 14. 30-да басталған. Өрт жалыны өндірістік цехтардың бірінен шығып, біраз алаңды шарпып өткен . . .
Зауыттың шамамен 1000 шаршы метрін шарпыған өрт Астана уақыты бойынша сағат 15. 51 ауыздықталды. 1945 жылы іске қосылған бұл зауыт авиациялық жанармай шығарумен айналысады”, -деп хабарлайды Азаттық радиосы.
“Болашақ:” бәсіре кімге бұйырды?”. “Ақордада Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат САУДАБАЕВтың төрағалығымен өткен кеңесте үш мәселе талқыланды. Олар, еліміздің азаматтығын алуға тілек білдірген 16 мың үміткердің құжаты болса, екіншісі - Шетелдерде кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына ұсынылған “Болашақ” халықаралық стипендиясынан үміткер 300 талапкердің өтініші, үшіншісі - ғылым мен техника саласындағы еліміздің 2009 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі мәселе. “Болашақ” халықаралық стипендиясына 143 үміткер шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түсу арқылы қатысса, 157 үміткер жалпы конкурспен өткен. Үміткерлердің жалпы санына шаққанда бакалавриатқа - 218, магистратураға - 352, докторантураға - 6, клиникалық ординатураға - 8, ғылыми тағылымдамаларға 3 адам өтініш беріпті. Бұлардың 168-і Ұлыбританияда, 40-ы АҚШ-та, 12-сі Ресейде, 11-і Чехияда білімін жетілдіруге тілек білдірген. Республикалық комиссия осы өтініштерді қарап, 254 талантты жасқа “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарды. Ғылым мен техника саласындағы 2009 жылғы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі мәселе сөз болғанда Қ. Саудабаев Мемлекет басшысының нұсқауы бойынша еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын және Қазақ елін ғылым мен техниканың мекеніне айналуына үлес қосқан ғалымдарға берілетінін атап өтті. Осы ретте, Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, талдамалық бағалау жұмыстарын жүргізіп қойғанын мәлім етті. Алдын ала іріктеу нәтижесінде ұсынылған 16 жұмыстан 3 жұмыс іріктеп алынады. Комиссия отырысында сарапшылардың қорытындысын және қоғамдық пікірлерді ескере отырып, жасырын дауыс беру арқылы 3 жұмыстың ішінен таңдаулысы Мемлекеттік сыйлықты беруге ҚР Президентінің қарауына ұсынылатын болды. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру туралы Мемлекет басшысының шешімі және лауреаттарға тапсыру - Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді”. Авторы: Н. ӘУБӘКІР.
“Мемлекеттік тілдің бағы бала тіліне айналғанда ғана жанады”. “Кеше елордадағы Президенттік мәдениет орталығында Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйытқы болуымен Қазақстан халқы тілдерінің ХІ фестивалі аясында тұңғыш “Тіл туралы” Заңның қабылданғанына және халықаралық “Қазақ тілі” қоғамына 20 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ұлттық-мәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, орталық және жергілікті атқару органдарының, сол секілді БАҚ өкілдері қатысты . . .
Қазақстан Жазушылар одағының төрғасы Нұрлан ОРАЗАЛИН қазақ тілінің тағдыры туралы мәселені қазақ әдебиеті алыптарының бірі Ғабит МҮСІРЕПОВтің кемелді делінетін Кеңес дәуірінде, яғни, 1984 жылы көтеріп, өзі баяндама жасағанын айтып, одан кейінгі кезеңдегі айтулы оқиғаларға тоқталып, тіл мәселесі осы 20 жыл ішінде толық шешілмегенін, егер шешілсе Мұхтар ШАХАНОВ шырылдамай, өлеңін жазып жүре беретінін жеткізіп, тіл үйренуді отбасынан бастайық, сонда ғана бүкіл қазақ топырағындағы жұрт қазақ тілінде сөйлейтін болады. Шыны керек, осындай тіл мәселесі өзбекте де, түрікте де, әзірбайжанда да жоқ деуге болады. Біз ұрпақ алдында да, тарих алдында да жауап беретін кез келді. Кейде осындай пікір білдіргендерді жау санайтынымыз жасырын емес, тіліміз үшін күймесек, біздің кім болғанымыз, деді . . .
. . . Сонымен, конференция аясында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі пікірлер тыңдалып, келелі мәселелер талқыланды. Тиісті тұжырымдар мен ұсынымдар қабылданды”, - деп қорытты Сүлеймен МӘМЕТ.
ALASHAINASY. KZ. “Жеке тұлға банкроттығы институтын енгізу халыққа тиімді ме?”. “Қаржы нарығының сарапшылары өтелмеген қарыздарды жойып, Қазақстан экономикасын жақсартуды ұсынады. Осы ретте олар дамыған елдерде кеңінен қолданысқа ие жеке тұлға банкроттығы институтын енгізу қажеттігін айтады. Бұл Қазақстан азаматтарына, қаржы құрылымдарына қаншалықты тиімді? Ол алаяқтарға тағы бір мүмкіндіктің жолын ашып бермей ме? Әлде шынымен де, аталған институтты енгізу арқылы борышкер мен қарыз берушінің қарым-қатынасын жақсартуға бола ма?”. Дайындаған Кәмшат САТИЕВА
Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
“-Жоқ. . Бұл - адамды құқықтық жағынан шектеп қана қоймай, оған моральдық тұрғыда үлкен зиян келтіретін масқара нәрсе. Мәселен, біз заңды тұлғаны банкрот деп жариялағанда мекеме қызметін тоқтатып, барлық мүлкін тәркілеп, оны борышкерлік міндеттемелерін жабуға саламыз. Сөйтіп, ол мекеменің іс жүзіндегі функциясын ауыздықтаймыз. Ал бұл шараны жеке тұлғаға қалай пайдалануға болады? . . . ”
Сара АЛПЫСБАЕВА, Макроэкономикалық зерттеулер институтының директоры:
“-Иә. Әлемдік қаржы дағдарысының үшінші толқыны тұтынушылар нарығында орын алады делініп жүр. Сондықтан осы дертпен күресте қолданатын шараның бірі тұтынушылар нарығындағы дағдарысқа бағытталуы тиіс. Жалпы, аталған нарықтағы сұраныстың төмендеуіне бірден-бір себеп - жұмыссыздық, жалақының қысқаруы және банктегі қарыздар. Міне, осы мәселелер бойынша Үкімет қазір шара қолдануы тиіс. Осының ішіндегі банктегі қарыздармен “күрестің” ең тиімді құралы мемлекет пен жеке тұлға банкроттығы институтын енгізу болып табылады. Оны мен қолдаймын. Ол жұмыс істемей жатқан несиелерді жойып, ақырындап банк секторын қарыздардан тазалайды. Қазір жалақы қысқарып, өз күнін әрең көріп отырған халықтың банктегі қарызды өздігінен төлеуге шамасы жоқ. Сондықтан банктегі міндеттемелері алдында борышкерді заңды түрде қорғауда бұл тиімді құрал бола алады деп білемін. Осы жағын Ресей тәжірибесінде пайдаланып, жеке тұлға банкроттығының тиімді жақтары көп екенін нақтылады.
Бірақ олар бұл институтты заңды түрде қолданысқа енгізді ме, енгізген жоқ па - оның турасын айта алмаймын . . . ”.
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК:Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың тамыз айында екінші деңгейлі банктердің стандартты несие үлесі - 30, 6 %, күмәндісі - 44, 4 %, үміт артпайтыны 25, 0 %-ды құраған екен. Бұл - БТА мен Альянс банкті қоспағандағы арасалмақ.
ТҰЖЫРЫМ:Жеке тұлға банкроттығы Батыс Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-та кеңінен қолданысқа ие . . .
“Ұлт көшбасшысы" туралы ұсынысқа қызығушылықпен қарадым”. “Қазақстанда өмірлік президенттік мәртебесін енгізу мәселесі төңірегінде қазір түрлі пікір, болжам, жормал көп. Біз осы тақырып бойынша Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет ЕРТІСБАЕВқа хабарласқанды жөн көрдік.
Өмірлік президенттік идеясының авторы кім?
- Сіз алдыңғы бір сұқбатыңызда Конституцияға “өмірлік президенттікке байланысты ешқандай түзетулер топшыланбағанын”, тіпті “осындай алып-қашпа әңгімелер үкіметке қарсы рөл ойнап жатқандығын” айтқан едіңіз. Бірақ көп ұзамай “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары Дархан Кәлетаев “Ұлт көшбасшысы туралы” заң жобасы даярланып, оған өмірлік президенттік жөнінде жазуға болатындығын мәлімдеген. Енді мұны қалай түсіндіресіз?
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВпен соңғы рет маусымның 26 күні кездестім. Сол кезде өмірлік президенттік туралы әңгіме мүлдем қозғалған емес. Мен - Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісімін. Президентті 1990 жылдың сәуір айынан бері жиырма жылдай білемін. Президент командасында айтарлықтай үлкен өмірлік, саяси мектептен өттім. Егер президент әкімшілігінен немесе мемлекет басшысынан осындай нақты бастама көтерілсе, мен одан хабардар болар едім . . .
-Онда бұл бастама тек “партиялық” идея болғаны ғой?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz