Ислам діні негіздері мен тарихы - оқу-әдістемелік құралы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

Д. Т. КЕНЖЕТАЙ

ИСЛАМ ДІНІ НЕГІЗДЕРІ

МЕН ТАРИХЫ

Оқу-әдістемелік құралы

АЛМАТЫ

2012


ӘОЖ C 57. 3.

К-09

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Дінтану және теология кафедрасы

Дінтану және теология кафедрасы мен Түркология ғылыми-зерттеу институты бірлескен кеңесі мақұлдаған.

Рецензент: ә. ғ. д., профессор Нұсқабаев О.

К-39 Кенжетай Д. Т. Ислам діні негіздері мен тарихы. - Оқу-әдістемелік құралы. -

Алматы, 2012 жыл. - 99 б.

ISBN 998-068-1968-02-7

Бұл оқу-әдістемелік құралында ислам діні негіздері мен тарихына жаңаша методолгиялық нұсқаулық ұстанымдары енгізілді. Ислам діні феномені мен тарихи серуені арасындағы негізгі ортақ ұстындар мен байланыстар діни феноменологиялық және социологиялық төрғыдан қарстырылады. Негізінен оқу-әдістемелік құралы дінтану және теология, сонымен қатар мәдениеттану мамандықтары студенттері мен оқытушыларына арналған.

ӘОЖ С57. 3.

К-09

©Кенжетай Д. Т. 2012

ИСЛАМ ДІНІ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТАРИХЫ

ИСЛАМ ДІНІ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ4

ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕДТІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ7

АРАБ ЕЛІНДЕГІ БАСҚАРУЛАР15

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУІ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ84

МҰСЫЛМАН РЕНЕССАНСЫ90

ҚҰРАН КӘРІМ93

ШАРИҒАТ - МҰСЫЛМАНДЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ БІРТӨТАС ЖҮЙЕСІ98


1 лекция

Ислам діні пайда болуының алғы шарттары

1. Ислам дінінің пайда болуына дейінгі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай;

2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай;

3. Пұтқа табынушылық

Лекция мақсаты: Білім алушыларға исламға дейінгі азғындық, надандық дәуіріндегі бүкіл әлем мен арабтардың саяси, әлеуметтік және діни жағдайы турасында мәлімет беріледі.

Лекция мәтіні

1. Ислам дінінің пайда болуына дейінгі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай

Ислам дінінің дүниеге келуі кезеңінде Иранның иесі Сасаниттер болатын. Әлгі елдің Шығысы мен Солтүстігінде түркілер, Батысында Шығыс римдіктер орналасқан еді. Осы дәуірде бір-бірімен бәсекелес болған Иран мен Византия арасында бітіспен шайқастар болып жатты. Сол бір кезеңде парсылар Византияны жеңіп, Сирияны басып алып, Анатолияны талан-таражға түсірген. Тіпті Византия империясы ирандықтарға жылына 30 000 алтын салық төлеп төруға мәжбүр болған. Араб түбегінің Оңтүстігіндегі Иемен өлкесі де ирандықтардың қол астына өткен кезең де болған. Ислам дүниеге келуінен бұрын Иран шахы Хұсрау Первиз Сирия мен Иеменді басып алған болса да, исламның алғашқы жылдарында Византия императоры Гераклиус оны қайтарып алды. Кейінгі кезеңдерде Иранда тақ таласы бастарып, бір-бірімен алауыз ағайындар мемлекеттің іргесін шайқалтты. Исламның дүниеге келуінен бұрын парсы халқы әдепсіздік әдетке былыққан, елде әлеуметтік тәртіп бұзылған еді. Ирандықтар жәй халық және тектілер деген сатылардан төратын. Жәй халықтың саны басым екендігі қалыпты жағдай. Иранның исламнан бұрынғы ресми діні Зороастризм болатын. Осы дінді ұстайтындар отқа табынумен ерекшеленді.

Иранның саяси бәсекелесі Византия келер болсақ, исламның дүниеге келуі жылдарында ыдырау үстінде төрған. Осы сәтте императордың бас қолбасшыларының бірі Герклиус тақты императордан тартып алып, мемлекеттің іргесін бекітті, Иранның қол астына қараған Сирия мен Таяу Шығысты қайта қолына алды. Бұл елдің ресми діні христиан діні еді. Десек те олардың ұстайтын діндері бастапқы қалпынан бұзылып заман талабын қанағаттандыру дәрежесінде емес болатын.

Ескі копт мәдениетін өртеп, халқын қырып жойып римдіктер Мысырға басып кіргені әлем тарихынан аян. Исламның дүниеге келуі төсында мұнда Визанияға вассал Мукавкис билік жүргізетін. Мұнда да әлемдегі құлдырау, азғындық, әділетсіздік белең алған.

2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай

Араб түбегі семит тобының бесігі ретінде белгілі. Осы арабтар ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып бөлінетін. Араб түбегінің климаты құрғақ, диқаншылыққа қолайсыз болуына орай халықтың саяси, діни төтастығы болмай, қуатты мемлекетті арабтар құра алмады, олар бытыраңқы өмір кешті.

Исламнан бұрын надан арабтар Аллаһтан өзге пұтқа табынатын, оны құдай мен адам арасында дәнекер деп танитын, оған құрбандық шалатын. Күштілердің әлсіздерді қанау, құлдыққа айналдыру қалыпты жағдайдағы әдет саналған. Әйел затының қоғамда хұқығы болмады, қыз балалар дүниеге келсе оны тірідей жерге көму дәстүрі де етек алды. Қысқаша қайырар болсақ исламнан бұрын арабтар әбден рухани түрде азғындаған болатын.

Араб түбегі (Жазирату-л-араб) немесе Арабстан атауының шығу тегі зерттеушілер арасында шешімін таппаған тақырып. Кейбір филологтардың пікірінше осы атауды тапқан - арабтар.

Арабтардың ата жұрты және исламның бесігі болып табылатын Араб түбегі Азия континентінің оңтүстік батысында орналасқан. Шығысында Парсы шығанағы, Оман шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак, Сирия, оңтүстігінде Аден шығанағы мен Араб теңізі орналасқан түбек. Кейбір географтардың пікірінше, кең мағынада, Сирия мен Ирак та Араб түбегіне жатады. Шығыс арабтарының мекені жоғарыда аталған аймақ. Арабтардың түп отаны, семит тобының бесігі бүгінгі Сауд Арабстаны мен Иеменнің біршама аймағы деп саналады.

Үш жақтан теңізбен қоршалған Араб түбегі - маңызды географиялық аймақ. Ежелгі дүние дәуірінде аталған түбек материктер мен континеттер арасындағы орталық нүкте болып есептелген. Түбектің осы ір географиялық орнығуы жергілікті халықтың әлеуметтік, экономикалық құрылымына елеулі әсер етті, яғни сауда-саттық, туризм, диқаншылық пен малшылық Арабстан экономикасының күре тамыры саналған. Мекке мен Қағба - экономикалық ахуалдың басты тірегі, ал тау аңғарлары, көгалдар, жайылым жерлер мен аз мөлшердегі су көздері негізінде қалыптасқан диқаншылық пен малшылық та маңызды орынды иеленді.

Араб түбегінің маңызды орындарының бірі болған Мекке - арабтар үшін қасиетті мекен болған. Әуелден бері қала болуын қамтамасыз еткен Қағба Меккенің сауда орталығы және зиярат орны болуына көп септігін тигізді. Риуаяттарға қарағанда ежелгі дәуірде аталған Қағбаны Ибраһим мен Исмаиль пайғамбарлар Аллаһқа құлшылық жасау үшін төрғызған. Десек те заман өте келе Қағбаның ішіне пұттар толтырылған.

Қаланың басқармасы ақсақалдар алқасының қолында болды. Әйтсе де қаладағы елеулі қызметтердің бірі Құсай әулетінің қолында болған. Аднанилердің бір тармағы - Құрайштар осы қалада мекендеді. Хазіреті Мұхаммед осы тайпаның өкілі еді.

3. Пұтқа табынушылық

Жоғарыда баяндағанымыз сияқты Аллаһқа ғибадат жасау үшін Ибраһим мен Исмаиль пайғамбарлар тарапынан төрғызылған Меккедегі Қағба Араб түбегінің қасиетті орны болған. Исламнан бұрын да арабтар оған қажылыққа келетін. Десек те оның ішіне заман өте келе қолдан жасалған пұттармен толтырылды. Қағбаға зиярат жасайтын алыстан келген зияратшыларға Мекке халқы қызмет көрсететін. Осы қызметтің көпшілігі Құсайдан тараған ұрпақтардың үлесінде еді. Бұл қызметтер сол заманғы арабтар үшін өте абыройлы іс саналатын. Осы қызметтердің қатарына мыналарды жатқызуға болады.

Араб пұттарының үш түрлі аты болды: Санем, Уасан және нусуб. Десек те пұттардың ең үлкені Хубал болатын. Адам пішіміндегі қызыл түсті асыл тастан жасалған оның кейіннен бір қолы сынып, кейіннен алтыннан бір қол жасатылған. Пұттардың үлкені саналатын ол Меккеде, қағбада сақталатын.

Арабтарда пұтқа табынудың жайылғаны соншалық, сыйынатын жерлердегі пұтқа қанағаттанбай, үйінде де табынатын.

Араб тайпаларының пұттары түрліше болған. Мәселен, Лат пұты Тайфта орналасқан, оған Сақыф тайпасы табынатын. Ал Ұзза пұтына келер болсақ, Меккеде орналасқан және оған көбінесе Қинана мен Құрайш тайпалары табынған. Әус, Хазреж және Ғассан тайпалары табынатын Манат пұты Ясрибде орналасқан.

Бақылау сұрақтары:

  1. Исламға дейінгі Византия және оның діні мен мәдениеті
  2. Ислам діні дүниеге келгенге дейінгі Иран мемлекеті жіне оның діні мен мәдениеті
  3. Исламға дейінгі арабтардың саяси және экономикалық жағдайы
  4. Исламға дейінгі арабтардың діні мен мінез құлқы және әдет ғұрпы
  5. Исламға дейінгі арабтар табынған пұттар

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі :

1. Грюнебаум Г. Классический ислам М., 1986

2. Ислам: историографичесий очерки. М., М., 1991

3. Конрад Н. Н. Запад и восток. М., 1966

4. Крывелев И. История религии в 2-х томах. М., 1988т. 2.

5. Мец А. Мусульманский ренессанс М., 1993

6. Панова В. Ф., Вахтин Ю. Б. Жизнь Мухаммеда. М., 1991

7. Саидбаев Т. Ислам и общество. М., 1984

Қосымша:

  1. Джебран Халиль. Пророк. М. 1989
  2. Бартольд В. В. Ислам и культура мусульманство. М., 1992
  3. Жданов Н. В., Игнатенко А. А. Ислам на пороге ХХІ века. М., 1989
  4. Ислам: образ жизни и стиль мышления. Н., 1990
  5. Мюллер А. История ислама от основания до новейшей времени. С-Петербург., 1985
  6. Шах И. Суфизм. М., 1994

2 лекция

Исламның негізін қалаушы - Хазіреті Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) өмірі мен қызметі

1. Хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келуі;

2. Алғашқы уахи;

3. Пайғамбарлықтың Мекке кезеңі;

4. Пайғамбарлықтың Медине кезеңі.

Лекция мақсаты: Білім алушыларға ислам дінінің ардақты пайғамбары - Хазіреті Мұхаммедтің өмірі мен өміріндегі қызметі турасында мәліметтер беріледі.

Лекция мәтіні (қысқаша)

Хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келуі

Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді. Әлем Хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келуімен адамзат еш көрмеген және көре алмайтын зор төңкеріс пен надандықтан құтылу дәуіріне кірді. Адам баласының рухын қарайтып кірлеткен ахлақсыздық, зұлымдық пен надандық тәрізді адамды хайуаннан да төмен түсіретін жамандықтар ортадан айыға бастады. Сонымен қатар Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) туылғанда Кисра сарайының 24 діңгегі құлағанын, Мәжусилердің оттары сөнгенін және Сәуә көлі құрғап кеткенін тарихи жазбалардан білеміз.

Хазіреті Мұхаммедтің әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның жанұясы төрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаћ, шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазіреті Мұхаммедтің туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдуллаћ, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед 8 жасына дейін атасы Әбдімүттәліптің қолында қалды. Құрайштың белді ақсақалдары саналатын Әбдімүттәліп адамгершілігі мол, жомарттығымен, мәрттігімен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсінігі мол жан болған. Немересі Мұхаммедті қайда барса қасынан тастамай алып жүрді. Әбдімүтәліп милади1 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгілікке көз жұмды. Мұхаммедті (ғ. с. ) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды. Хазіреті Мұхаммедтің осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандық өмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. ¤мірінде ешбір Өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.

Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша анаға үйленді.

Хазіреті Мұхаммедтің 3 Ғлы, 4 қызы болған. Ұлдары: Қасым, Абдуллаћ, Ибраћим, ал қыздары: Зейнеп, Руқия, Үммү Гүлсім және Фатима.

Балаларынан Ибраћимнен басқалары осы Хадиша анадан туылған. Алайда балаларының Фатимадан басқалары Хазіреті Мұхаммедтің тірі кезінде қайтыс болған.

2. Алғашқы уахи

Біздің эрамыздың 610 жылы Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) 40-қа толған төста Хира үңгірінде ұлы Аллаћ тарапынан алғашқы уахи келді. Жәбірейіл хазіреті Мұхаммедке көрініп;

  • «Оқы!» - деді.

Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) қатты үрейленіп,

  • «Мен оқи алмаймын! Оқу білмеймін!», - деді.

Періште әмірді қайталады. Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) тағы да:

  • «Оқу білмеймін!», -деп жауап берді. Періште қатты құшағына қысты. Сонда Хазіреті Мұхаммед:
  • «Нені оқиын?» - деп сұрады. Сол кезде періште алыстан естілген дауыстың ең тәтті ырғағымен мыналарды оқыды:

"Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын Ғйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен" (Алақ 1-5) .

Алақ сүресінің бастапқы бес аяты - Хазіреті Мұхаммедке алғаш уахи болған аят. Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) бұларды жүрегіне тоқып, періштенің үніне ұйи ілесіп дәл оқыды да, бөгелместен үйіне қайтты. Осылайша, адам баласына адамгершілік нәрін таттыратын ислам дінінің күні туылды.

Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) уахи келгеннен бастап алғашқы 3 жыл бойы ислам дінін құпия түрде жайды. Кейін Аллаћтың әмірімен халықты тура жолға, бейбітшілікке, ислам дініне ашықтан-ашық шақыра бастады.

3 . Пайғамбарлықтың Мекке кезеңі

Алғаш ислам дінін қабылдағандар Хазіреті Мұхаммедтің жан жары - Хадиша, азат етілген құлы - Зейд, 5 жастағы немере інісі - Әли және жан досы - Әбу Бәкір Сыддық болды. Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан, Абдурахман бин Ауф, Саад бин Әбу Уаққас, Зүбейір бин Аууам, Тальха бин Үбейдуллаћ т. б. -лар мұсылман болды.

Бірақ саналары надандыққа шырмалып, азғындаған дін дұшпандарының Мекке қаласында 12 жыл бойы ардақты Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға жасамаған қастандығы жоқ-тын. Мүшріктер2 Әбу Бәкір, Осман сияқты мықты, дәулетті адамдарға еш нәрсе дей алмай, Біләл Хабаши, Аммар бин Ясир (әкесі Ясир мен анасы Сүмеййе), Сүћейб бин Руми, Хаббаб бин Ерат, Әбу Фүкейћа т. б. сияқты жоқ-жітік, әлсіз мұсылмандарға жан түршігерлік қорлықтар көрсетті. Оларды аш, сусыз қалдырды, ұрып-соқты, ыстық құмның үстіне жатқызды, кеуделеріне тас бастырып, қатты азапқа салды. Осыған байланысты алғашқы мұсылмандардан біршамасы Хабашстанға (Эфиопия), христиан еліне көшуге мәжбүр болды.

Мұсылмандар 615 жылы 11 ер мен 4 әйел болып бір дүркін, және 617 жылы 83 ер мен 20 әйелдік екінші дүркін болып Хабашстанға көшті. Хабашстан патшасы Нажжаши барған мұсылмандарды жақсы қарсы алған.

Тіпті Меккеде мүшіріктер Хазіреті Мұхаммедтің руы Хашим ұлдарымен қарым-қатынас жасауды үзу туралы бір-бірімен анттасты. Бірақ олар Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) пайғамбардың құдайдың мінтетін орындауына кедергі бола алмады. Ол Меккеге келген рулармен кездесіп, оларды исламға шақырып отырды. Указ, Мәжәннә және Зүлмежаз атты жәрмеңкелерге барып төрды, сол жерде кездескен адамдарға Құран оқып беріп, исламды таратуға тырысты. Құранның өрескел кереметі, адамға тартымдылығы көптеген адамдарды мұсылман етті. Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) Өзіне жүктелген міндетті атқару үшін, тынбай адамдарға исламды түсіндірді. Тіпті шөл далаға шығып, ондағы тайпаларды исламға шақыратын. Ал Мекке мүшріктері де, Хазіреті Мұхаммедті жамандап, Меккеге келген адамдарды исламнан шошытуға тырысты.

Миғраж. Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) Меккеде болғанда Аллаћтың бұйрығымен Меккеден Құдысқа көтерілді. Одан Жебірейл періштенің бастауымен, Ақса мешітінен Миғражға көтерілген.

Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) бірінші қат көкте Хазіреті Адаммен, екінші қат көкте Хазіреті Яхия және Хазіреті Исамен, үшінші қат көкте Хазіреті Жүсіппен, төртінші қат көкте Хазіреті Ыдырыспен, бесінші қат көкте Хазіреті Ћарунмен, алтыншы қат көкте Хазіреті Мұсамен, жетінші қат көкте Хазіреті Ибраћиммен кездесті. Сол арадан Сыдырату-л-Мұнтаћаға жетті. Миғражда ұлы Аллаћ, Хазіреті Мұхаммедке үш нәрсе сыйлаған:

  1. Бақара сүресінің соңғы екі аяты;
  2. Үммбеттеріне Аллаћу Тағаланың жәннатқа кіруін сүйіншілеу;
  3. Күніне бес уақыт намаз оқу.

Миғражда Хазіреті Мұхаммедке он екі бұйрық берілді. Құран Кәрімде бұл бұйрықтар Исра сүресінің 22-38-ші аяттары аралығында қамтылған. Олар:

1. Аллаћтан басқаға құлшылық жасамау;

2. Ата-ананы құрметтеу және оларға бағыну;

  1. 3. Туыс-туғанға, жоқ-жітікке, жолаушыларға және қорғансыздарға көмектесу; 4. Ысырап жасап мал-мүлкті орынсыз жерге жұмсамау; 5. Балаларды өлтірмеу; 6. Зинақорлық жасамау;

7. Жазықсыз адам ұлтірмеу;

  1. 8. Жетімдерге, қорғансыздарға қорған болу; 9. Уәдеде төру; 10. Таразыны тура тарту, таразыдан жемеу; 11. Өзің білмеген нәрсенің соңынан түспеу; 12. Жер бетінде тым асқақ кетпеу.

4 . Пайғамбарлықтың Медине кезеңі

Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) пен меккелік мұсылмандар 622-ші жылы құдайдың жазуымен Меккеден Мединеге (Ясриб) көшті. Мединеліктердің көбі ислам дінін қабылдады. Осы берекелі қала алғаш ислам қоғамы болып қалыптасқан қала болып, тарихта өшпес атын қалдырған. Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) осы бір мекенде 10 жыл пайғамбарлығын жалғастырды. Алайда Медине қаласында да Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) пен Мұхажир (қоныс аударушы), Ансар (көмектесуші) мұсылмандардың көретін тауқыметі мен қиыншылығы әлі алда болатын. Мұсылмандарға меккелік мүшіріктер, көршілес араб тайпалары мен мединелік яћудилер қысымшылық, кемсітушілік, зорлық көрсете бастады. Мұсылмандарға тыныш, бейбітшілікте Өмір сүру арманға айналып бара жатты. Сонда да Хазіреті Мұхаммед: «бізге соғысуға рұқсат берген жоқ» - деп, сабырлықпен соғысқа тыйым салды. Дегенмен құдайдың рұқсатымен қысым көрсеткендерге қарсы тойтарыс беруге ғана рұқсат етілді. Сонымен мұсылмандар ішкі (мұнафықтар мен яћудилер) және сыртқы (мүшіріктер) жауларымен қандай қиыншылық болса да күресіп бақты. Мұсылмандар Мединедегі ішкі жауларының бірі Қайнұқа, Бәни Нәзір, Құрайза яћудилерімен соғысты, оларды жеңді және сыртқы жаулары меккелік Құрайш мүшіріктеріне, Бәни Хауазин, Бәни Сақыф рулары мен сириялық христиан арабтарға Өздерінің аман қалулары үшін қарсы төрды. Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) пен оның сахабалары (Аллаћ олардың барлығына разы болсын) қаншама қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, Өздеріне қауіп төндірген жауларымен күресті, барлығын да құдайдың қолдауымен сәттілік және үлкен абыроймен жеңіп отырды, Бәдір, Ұхұд, Хайбар, Хандек, Мұте, Хұнайн соғыстары тарихтан белгілі.

Мұсылмандық найзаның ұшымен, білектің күшімен, яғни соғыс арқылы таралған жоқ, жоғарыдағы баяндалған соғыстар шарасыздықтан туған оқиғалар. Керісінше ислам діні уағыз-насихат, бейбітшілік пен келісім, түсіністік, көркем мінез бен жоғары адамгершілік, қайрымдылық пен мейрімділік және бауырмалдық арқылы таралған. Мүшіріктермен жасалған Хұдайбие келісімінен кейін, сол аралықтағы бейбітшілік уақытты пайдаланып, Хазіреті Мұхаммедтің (ғ. с. ) исламды шартарапқа шеберлікпен тарата білуі соның айғағы. Тіпті ардақты пайғамбар Византия, Мысыр, Хабашстан, сасаниттік Иран және алыстағы араб тайпаларына исламға шақыру хаттарын жөнелтті. Көршілес тайпаларға исламды түсіндіретін ұстаздар жіберді. Хазіреті Мұхаммедтің асыл мінезі мен ибалы әдебінен үлгі алған ұстаздар (мүршид) және әз Мұхаммед жүріс-төрыстарымен, жылы сөздерімен мұсылмандықты қалың араб халқына мойындатты. Олар надан халықтың жүрегіне адамгершіліктің, көркем мінездің, бейбітшіліктің және кешірімділіктің ұрығын септі. Исламды оңайлатты, қиындатпады, сүйіндірді, үркітпеді. Адамдармен сүйіспеншілік, кешірімділік қатынаста болды. Ісінде және сөзінде өзінің мейрімділік пайғамбары екенін көрсеткен Хазіреті Мұхаммедтің (ғ. с. ) осындай уағызы арқасында Меккені соғыссыз алды. Ондағы қарсылық пен зұлымдықты, надандық пен тҒұрпайылықты күшінен қалдырды, дүниені білімге, әділетке, ақиқатқа және бақытқа қауыштырды.

Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) Меккеге жасаған қажылығында үмбеттеріне қоштасу құтпасын оқыды. Осы қоштасу құтпасы деген атпен ислам тарихына енген пайғамбардың үндеуі барша мұсылмандарға, күллі адамзатқа мәңгі өшпейтін өмір өлшемі секілді.

«Бисмиллаћи-р-рахмани-р-рахим.

Ей адамдар!

Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкім биылдан соң сендермен бұл жерде жүздеспейтін шығармын.

Халайық!

Бүгінгі күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиетті болса, мал-жандарың, ар-намыстарыңыз да да соншалықты қасиетті, зорлық атаулыдан қорғалған.

Сахабаларым!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Зәки Уәлиди Тоған
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Әзиз хан медресесі
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Діни мәдениеттің теориялық аспектілері
Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz