Балалар қабілеттерін дамытуға арналған ойындар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
2. Ойлауды дамытуға арналған ойындар
3. Қиялды дамытуға арналған ойындар
4. Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар
5. Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.
Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.
Бүгінгі күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.
Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:
- қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін),
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даяр болуы қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-қатынас формасының қалыптасуымен тікелей байланысты. Алайда психолог ғалым Х.Т. Шерьязданова зерттеулері 5-6 жастағы балалардың бірқатарында М.И. Лисина тағайндаған жағдайдан тыс жеке бастық қарым-қатынас формасының кейбір параметрлерінің толық қалыптасып қоймайтындығын көрсетеді. Ол 3-5 жастағы балалардың қарым-қатынас формасында ересектер мен және басқа балалармен өзара әрекеттестік және ақпарат алмасатындығын айтады. Осы арнадағы және өз зерттеу тәжірибемізде баланың жасына лайықты қарым-қатынас формасының қалыптасуына отбасы, балабақша мектеп жасына дейінгі даярлықтың әсер ету мүмкіндігі ерекше болатыны белгілі болды.
1. С. И. Макшанов, Н. Ю. Хрящева. Психогимнастика в тренинге. СПб. 1993
2. Отбасы және балабақша журналы. 2001мамыр №3
3. WWW.google.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне
енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық
әдеттегіден тыс әрекет.
Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп
жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да
мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін,
жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай
көретіндігін көре алатын болуы керек.
Бүгінгі күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде
белсенді қолданыста жүр.
Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:
- қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі
формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін),
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік
ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан
даяр болуы қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-қатынас
формасының қалыптасуымен тікелей байланысты. Алайда психолог ғалым Х.Т.
Шерьязданова зерттеулері 5-6 жастағы балалардың бірқатарында М.И. Лисина
тағайндаған жағдайдан тыс жеке бастық қарым-қатынас формасының кейбір
параметрлерінің толық қалыптасып қоймайтындығын көрсетеді. Ол 3-5 жастағы
балалардың қарым-қатынас формасында ересектер мен және басқа балалармен
өзара әрекеттестік және ақпарат алмасатындығын айтады. Осы арнадағы және өз
зерттеу тәжірибемізде баланың жасына лайықты қарым-қатынас формасының
қалыптасуына отбасы, балабақша мектеп жасына дейінгі даярлықтың әсер ету
мүмкіндігі ерекше болатыны белгілі болды.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші су - десе қолдарын алдына созады,
ауа десе жоғары көтереді, от дегенде екі қолын айналдырады, жер
дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі
бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр
түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар
көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге
болады.
Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап,
қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына
тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша
шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап,
қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1
минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт.
Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі,
пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді.
Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау
ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде
сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп

Ойлауды дамытуға арналған ойындар
Матадағы менің орным
Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс.
Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында
балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.
Ойлан да аяқта
- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...
- екі, бірден көп, ал бір...
-пышақ та, әйнек те...(өткір)
Ойлан да аяқта
- Ат шабады, ал қарлығаш...
- Ит үреді, ал қарға...
- Жылан жорғалайды, балық...
Қарама-қарсы сөзді ата
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.
Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол
сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.
Қара –
Күн –
Аласа –

Қиялды дамытуға арналған ойындар
Менің көңіл-күйім қандай
Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді –
көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-
күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды
әңгімелеп береді.
Жаңа ертегі
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін
көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған
кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды
ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала
жүргізуші болып ойын жалғастырады.
Сиқырлы дөңгелектер
Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан
балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш,
көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады.
Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойында баланың рухани даму теориясы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Қарым - қатынас арқылы шет тілдерін оқыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
Баланың логикалық ойын дамыту
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Пәндер