Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.тарау. Азаматтық.құқықтық қатынастар
§ 1. Азаматтық.құқықтық қатынастар ұғымы және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
§ 2. Азаматтық.құқықтық қатынастардың мазмұны ... ... ... ... ... ...10
§ 3. Азаматтық.құқықтық қатынастардын субъектілері мен
объектілері ... ... ..13
2.тарау. Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
§ 1. Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ... 34
§ 2. Азаматтық.құқықтық қатынастардың өзгеру және тоқтатылу
негіздері ... ... ... ...41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар — заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Құқықтық реттеудін нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қаты-настармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды.
Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларынын нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қаты-настарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардын объектілері болады.
Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатъшастар сапасына ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз — азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудін объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатъшастардын аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қаты-сушылардын заң жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінін екішпісіне міндеттерін орындау женінде талап қоюы биліктін екілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінін тендігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.

Заңдар және нормативтік құқықтық құжаттар
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Заңы. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы" 1999 ж. 1 шілде.
5. Қазақ ССР-інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан. Арнайы әдебиеттер
6. Гражданское право Республики Казахстан. (Под.ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Учебное пособие (часть общая). Издание второе, дополненное и измененное Алматы, 1999 г.
7. Гражданское право (Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К.) том 1,2 и 3. М., 1997-1998 г.г.
8. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие, Алма-Ата, 1978 г.
9. Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алма-Ата, 1990
10. Гражданское право в 2-х томах (отв. Ред.Суханова ЕА. М., 1998 г.)
11. Гражданское право (Под ред. Калпина А.Г., Маслеева А.И.) ч.1, М., 1997 г.
12. Гражданское право России.Под ред. Цибуленко З.И., ч.1, М., 1996 г.
13. Гражданское право России. Отв.ред. Садиков О.Н. (курс лекции) ч.1, М., 1996 г.
14. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) Отв.ред. Сулейменова М.К., Басин Ю.Г., кн.1 и 2, Алматы, 1998 г.
15. Гражданский кодекс Республики Казахстан — толкование и комментирование. Общая часть. Вып.1-10. Алматы, 1996-2000 г.
16. Гражданское право России. Отв.ред. Садиков О.Н. ч.2, Обязательное право, М., 1997г.
17. Комментарий к гражданскому кодексу Российской Федерации Отв.ред. Садиков О.Н. ч.1-2, М., 1997г.
18. Гражданское и торговое право капиталистических государств, М., 1993г.
19. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права, М., 1995г.
20. Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Особенная часть). Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, Жеті жарғы, 2000 г.
21. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие, Алма-Ата, 1980г.
22. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. ж.б. Гражданское право. Оқу құралы - Алматы: казГЮУ АПО/24 1999/-126 б.
23. Джусупов А.Г. Право собственности и иные вещные права - Алматы: Жеті Жарғы, 1996ж.-8б.
24. Ғ.Төлеуғалиев. ҚР-ң Азаматтық құқығы.1-том.А.,2001 ж.
25. Ғ.А.Жайлин. ҚР-ң Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Оқулық. 1, 2-том, А., 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастар
§ 1. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 5
§ 2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны ... ... ... ... ... ...10
§ 3. Азаматтық-құқықтық қатынастардын субъектілері мен
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 13
2-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу,
өзгеру және тоқтатылу негіздері
§ 1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ... 34
§ 2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың өзгеру және тоқтатылу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 49
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Кіріспе
Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге
мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар — заңды тұлғалар) арасында
қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік
нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар
құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Құқықтық реттеудін нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қаты-настармен
қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды.
Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардың
нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларынын нормалары реттеп
отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша
айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қаты-настарды да
реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардын
объектілері болады.
Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық
қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатъшастар сапасына ие
болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз — азаматтық құқық нормалары
реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын ерекшеліктері азаматтық-құқықтық
реттеудін объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық
қатъшастардын аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қаты-сушылардын заң
жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын субъектілері билік пен өзара бағыну
қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана
байланысты болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінін екішпісіне
міндеттерін орындау женінде талап қоюы биліктін екілеттігіне емес, оған
тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінін тендігі олардың мүліктік
дербестігіне сүйенеді.
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастар
§ 1. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы және
олардың түрлері
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы.
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды
тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар
(олар құрған ұйымдар — заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты
қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап
айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай
қатынастардын айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық
қатынастар нысанына ие болады.

қатар, өлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды.
Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардын

жүзіндегі теңдігі. Азаматтық-құқықтық қатынастардын субъектілері билік пен
өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен
ғана байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың
бірінін екішпісіне міндеттерін орындау женінде талап қоюы биліктін
екілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қаты-настар субъектілерінін тендігі олардың мүліктік
дербестігіне сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұңдай
қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-
құқықтық қатынастардын басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда
олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұңдай құқықтық
қатынастардын мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың
ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын нормалары реттейтін объектіге қарай
азаматтық-құқықтық қатынастардын мынадай түрлерін ажыратады:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Азаматтық-құқықтық реттеудін объектісі, ең алдымен, мүліктік
қатынастар болатындықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі
мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қаты-настардын
объектісі материаддық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік
қатынастары, мүліктін бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату,
айырбас, займ және т.с.с.) деддаддық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің
нәтижелері мүліктік қатынас-тармен байланысты мүліктік емес өзіндік
құқықтық қатынастардын объектісі болын табылады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтін нәтижелеріне құқық мүліктік
емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сүғылмау құқығы және
т.с.с), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы
ереже бойынша жүргі-зіледі, осынын салдарынан аталған құқықтық қатынастар
мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады.
Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игі-ліктер —
ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардын объектісі болын табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық
қатынастар болады.
Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті
ретінде үшінші адамдардын беймәлім төбы қарсы тұрады, мұндай құқықтық
қатынастарда іс жүзінде өркім және барша жүрт міндетті болып шығады.
Мысалы, меншіктін құқық-тық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады,
мұнда меншіктін субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты
бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті үштасады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып
табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптын да,
міндетті тарашъщ да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген
болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын
төлтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттын құнын төлеуге міндетті. Көз
келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық
субъектісіне оны көз келген адамның бұзуынан қорғау құқығы үсынылады.
Мәселен, автордың шығармасына қол сүғылмау құқығын көз келген адам бұзуы
мүмкін.
Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған
жұмыстын ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек,
салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан
қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда - тапсырыс беруші
тарапынан қорғалады.
Азаматтың-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-
құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық
берілген субъектінін затқа өзінін әрекетімен ғана жүзеге асатын құқьпы
болады ("өзі әрекет ету" құқығы).
Заттық құқықтың субъекгісі өзінін затқа деген мүддесін басқа
адамдардын көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей өсер ету жолымен
қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық
құқықтық қатынастар болып табылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік
етуге құқылы, ал міндетті субъектілер - қандай да бір әрекеттер жасамауы
тиіс, оларға меншік иесінін өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау
жөнінде енжар міндет жүктеледі.
Міндеттемелік құқық субъектісінін затқа деген мүддесі басқа адамның
белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.
Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан
белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы ("бөгде әрекет" құқығы).
Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал
сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардын объектісі болып саналады,
ал міндеттемелік қатынастардын объектісі — зат болмауы мүмкін. Мысалы,
баспа мен автордын арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан
туыңдаған құқықтық қатынастын объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің
нәтижесі әдеби шығарма болады.
§ 2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны
Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық
реттеу мұндай қатынастардын қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру
жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл
адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы.
Азаматтық-құкықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары
мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінөз-
құлқынын заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы.
Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінін әрекет ету (өзінін
дүрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір
әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы -талап ету құқығы) талап ету
мұ^шандігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған
қол сүғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Керісінше, жалға берушінін өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім
откен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер
жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер -субъективтік
құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға болінуі мүмкін.
Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп ата-лады
(мысалы, белгілі бір агшараттын онертапқышы аталу құқығы), осыған орай,
барлық басқа өкшеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады
Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті
мінөз-кұлқынын заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік
құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тьпыз байланысты, өрбір
субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше.
Құқықтық қатынастардын бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті
адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптын
осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді.
Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі
субъективтік құқығына құқықтық қатынастардын келесі қатысушы-сынын бұл
құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық
құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізі-летіндіктен, әрбір
өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Мәселен, көркем туынды
жасаушынын оның авторы бөлу құқығы осымен бір мөзгідде оның өзіндік,
мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан
қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық
болып табылады.
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде
коптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген
әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда
субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас
элементтер — жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ құқықтық қатынастын
шегінде екілеттіктер біртекті немесе өртекті бөлуы мүмкін. Мәселен,
мүліктік жалдау шартында жалдау-шынын құқығы жалға алынатын мүлікті иелену
және пайдалану мұм-кіндігін қамтиды (заттық, абсолюттік өкілеттіктер),
сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер көзінде жүргізуді талап ету
мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы өкілегтік).
Заң тұрғысынан алғаңда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі
құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.
§ 3. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері
болып табылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастар субъек-тшерінін ауқымы АК-ның 2-
тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азамагтық құқық реттеп отыратын
қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып
табылады. Жекелеген иңдивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер
осындай қатынастардын қатысушылары бола алады.
Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық
құқық субьек-тілерін белгілеу үшін өдетте "тұлғалар" деген жинақтаушы
термин пайдаланылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам
ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктін бөлуын талап етеді, ал ол
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілегтілігін қамтиды.
Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық
қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды
жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет
қабілеттілігі болады.
Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. "Жеке адамдар" ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ
адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардын
субъектілері Қазақстан Рес-публикасынын азаматтары болады, сондықтан
құқықтық нормаларда, өдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай
нормалардын қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады
дегеңді білдірмейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясынын 12-бабына сәйкес,
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін
белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді
атқарады.
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық
қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасын, құқық
субъектісінін тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық
қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті — азаматтық құқық
субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге
және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың
кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, өкіміііілік-аумақтық
бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады.
Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық
субъектісіне айналдырады. Мұнда өрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын,
мейлі басқа мемлекеттін азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын,
азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъекгісі
деп танылады. Ал ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың
субъектісі бөлуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі
болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардын, сондай-ақ
мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердін азаматтық құқық субъектілігі
бар.
Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық
субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның
құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты
жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектіліктін бастаулары экономикалық тауарлы
қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині
пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттін өзін қолданылын жүрген
құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымы-нын өзін заң ғылымы
қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау
(2-тарау) арнаған, онда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" терминдері бір
мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы
нормалар АК-да ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде көздеседі.
Азаматтық құқық субъектілерінін (немесе тұлғаларынын) ішінен АК ҚР
азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп корсетеді, оларға осы
оқулықтын бір тарауы арналған. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктін жалпы
ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал қажетті жағдайларда
жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы
тұрғыда қарастырынады.
"Жеке тұлға" жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап
жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Рес-нубликасынын азаматтарын,
басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым
көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дын ұлттық заңы болып
табынатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да
белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминің қолданады. Егер заңдар
мен халықаралық шарттарда өзгеиіе көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді
атқаратындықтан, "азамат" терминің осылайша кең ма-гынада түсінуге болады
(ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, К,Р АК-ның 3-бабының 7-тармағы).
"Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында
қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері
ретінде сөздін арнайы мағынасында ғана айтылады.
Азаматтық құқық субъектілік - салалық құқық субъектіліктін бір түрі.
Бұл ұғымды талдау көзінде, жалпы алғанда, заңдық шыңдық ретінде құқық
субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданынады деген сұрақ
бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың
ерекше институты - құқық субъектіліктін бөлуы қогамдық ағзалар - адамдарды
құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу
қажеттігіне байланысты. Соіздықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардын
қоғамдық, заңдық касиеттері болын табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі
салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардын
құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу жоі іе
айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары
келемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған қоса, ҚР азаматтарына
ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, өскери
қызметті өтеу міндеттері).
Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудін алғышарты
- құқық субъектіліктін бөлуы қатысушылардың тендігіне негізделген тауар-
ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және
азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның
үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.
Азаматтық құқық субъектіліктін жалпы ұғымдарын ескермейінше,
азаматтық құқық субъектіліктін бір түрі — жеке тұлғалардың құқық
субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүрегін
құқықтық шындық, жеке адамдардын жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық
шындықтын көрінісі — құқық субъектілік ұғымымен шатас-тырмау керек. Нақты
өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы заңдық қасиеті ретінде
жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң
әдебиеттерінде көрсететініндей, әдце бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын
жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті,
яғни әрбір жеке субъектіге тән жалпы қасиет болып табылады. ҚР
Конституциясынын терминологиясында құқық субъектіліктін нақ әрбір тұлғаға
тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабынца әркімнің құқық субъектісі
ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған.
Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң өдебиеттерінде нақты субъек-тивтік
құқықтар мен міндеттер құқығын иеленудін абстрактілік алғы-шарты ретінде
құқық субъектіліктін сипаттамасы кең таралған. Мұ-нымен бір ғана ескертпе
арқылы абстрактіні ұғымда бар нөрсе ретінде ғана емес, сонцай-ақ жеке
тұлғаларцын нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге
болацы.
Кейбір авторлар құқық субъектілігі құқықты иеленудін абстрактілік
мүмкіндігі регінде құқық субъекгісінін жеке құқықтарының жиынтығы немесе
кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды. Мұнымен келісуге болмайды,
өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мұлде оның мазмұнсыздығын
көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктін өз көлемі, өз мазмұны бар, оның
үстіне, өр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға
қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмұны болады. Бұған қоса,
тігпі әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларцын құқық субъектілігінің
көлемі мен мазмұны да түрліше болады. АК-ның 14-бабында азаматтардын құқық
субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементтері туралы айтылады.
Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікгі мұраға алып,
мұраға қадцыру, республика аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер
тандау, заң құжаттарында тыйым салынбаған көз келген қызметпен айналысу,
жеке өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды
тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндеттемелерге қатысу, материалдық және
моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету құқығы, басқа да мүліктік және
өзіндік құқықтары көзделген.
Өзінін заңдық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше
субъективтік құқық — мәмілелер жасау және субъективтік құқықтар мен
міндеттерді иелену құқығы болын табылады. Субъективтік құқық ретінде құқық
субъектіліктін табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан
ерекше айқын байқалады. Мөселен, Конституцияда эркімнін құқықтары туралы,
республикаца кімцердін заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп-
тұру, тұрғылықты жерін тандау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне құқығы туралы айтылады. Конституция әркімнің құқық субъектісі
ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматтың конституциялық
құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР
Конституциясынын 13,21 және 26-баптары).
Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы
ретінде көздей отырын, ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілігі
элементтерінің бірін құқық деп атайды. (41-бап)
Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудын теориялық
қана емес, сондай-ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша
тану құқық субъектілікті жүзеге асыру көзінце азаматтық құқықтарды жүзеге
асыру туралы АК-ның 8-бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің
құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс, адал, әділетті
отуі тиіс.
Адамның заңдық қасиеті ретінде, ерекше субъективтік құқық ретінде
азаматтық құқық субъекгілікті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерден
айыра білу керек. Өзінің табиғаты жөнінен құқық субъектілік те субъективтік
құқық болып саналғанымен, нақты субъективтік құқықпен салыстырғанда бұл
өзгеше деңгейдегі құқық болып табылады: олар бір-бірімен жалпы және жеке-
дара арақатынаста болады. Басқаша айтқанда, әрбір құқық субъектілік тұлға
тиісті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Әрбір
құқық субъектісінін заң актілерінде көзделген көлемде құқық субъектілігі
бар. Нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерге қатысты мәселе басқаша.
Әрбір тұлға үшін олардың жиынтығы жеке-дара болады және ұдайы өзгеріп
отырады. Мысалы, барлық жеке тұлғалардың меншік құқығында мүлкі, атап
айтқанда, меншігінде пәтері бөлуы мүмкін. Аплйда көз келген адамның іс
жүзінде белгілі бір мекен-жайдағы белгілі бір үйдегі нақты пөтерге меншік
құқығы бола бермейді. Көз келген басқа мүлік жонінде де осыны айтуға
болады. Нақты субъективтік құқық ретінде меншік құқығы қашан да жеке-
дараланған — бұл белгілі бір адамның белгілі бір мүлікке құқығы.
Кейде құқық субъектілік пен нақты субъективтік құқық арасын-дағы
айырмашылықтар келтірілген мысалдағыдай соншалықты көрнекті көрінбейді,
бірақ осыған қарамастан, олар қашан да өмірде көздеседі. Мысалы, құқық
субъектілік элементі ретінде әрбір азаматтың тұрғылықты жерді таңдау құқығы
бар, бірақ қалаған жерінде тұру — бұл енді нақты субъективтік құқық болады.
Белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде көз келген субъективтік
құқық пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. Мысалы, азаматтың құқық
субъектілігі ол туған сәттен басталып, оның өлімімен тоқтатылады.
Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, алуан түрлі заңдық
фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады. Кейде нақты
субъективтік құқық бір фактінің негізінде емес, іс жүзіндегі құрам деп
аталатын бірқатар фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады.
Мәселен, сатып алу-сату, сыйға тарту, мұра алу секілді заңдық фактілердің
негізінде белгілі бір адамның белгілі бір объектілерге меншік құқығы пайда
болады, бірақ бұл қашан да тиісті құқық субъектілігі бар адамда туады. Ол
нақты субъективтік құқықтардың пайда бөлуынын алғышарты болып есептеледі
және олар пайда болғаңда төлъгқ колемде сақталады. Алайда құқық
субъектілікті шектеу осымен бірге тиісті нақты субъективтік құқықтың
тоқтатылуына себепші болады.
Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінін бөлінбес бірлігі
түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың құқық субъектілігінен өзгеше, жеке
тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігіне болінеді, бұлар Азаматтық кодексте жеке тұлғалар туралы
параграфта әр түрлі баптармен беріледі.
Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның
құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық
құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп,
оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады (АК-ның 13 және 17-
баптары).
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық
құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады.
Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола
алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды (АК-ның 43-бабы).
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп танылады (33-бап).
Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және
коммерциялық емес заңды тұлғаларға болінеді. Өз қызметінін негізгі мақсаты
ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға
жатады.
Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады.
Мәселен, діни бірлестіктін негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті
дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық
нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін
мұндай нысаңдардын жеткілікті тізбесі Азаматтық кодексте берілген (34-бап).
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардын
қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар,
аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық
қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде
әрекет етеді (АК-ның 111, 112-баптары). Мемлекет пен әкімшілік-аумақтъіқ
боліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың
азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да
қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде).
Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары,
шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан
Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық
қатынастардын субъектілері бола алады.
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық
қатынастардын субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардын басқа субъектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды
тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардын
субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы
мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін
орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы
анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған көзенде азаматтық құқық теориясында заңды
тұлғалардың мөні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған-ды. Негізінен
алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу
объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен
түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В.
Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы"3
деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардын
теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде
көздесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік
ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі
бойынша, "...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда
(коммерция) айналымына қатысуға өдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі
заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын
дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған —
жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық
құрылымдардын құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған
құқық тарихы мектебінін басшысы К.Ф. Савиньидін есімімен байланысты. Ол
құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады.
Оның түжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым
өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық
субъектіліктін бірден-бір мүмкін болатын иелері — жеке тұлғалар заңды
тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болын қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды
тұлга пайда бөлуынын рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең
алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығынын іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршаддын
корпорацияға берген мынадай кең таралған анық-тамасы АҚШ-тағы теория мен
практикада мәлім болды: "Корпорация — бұл көрінбейтін, сөзілмейтін және заң
жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенін есімімен
байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік
етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, олде бір
әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз емір сүретін одақтас тұлға
ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұсталған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердін оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың
дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде
түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға
мұлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін "заңды тұлға"
деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтық кодексінде 1942 ж.
заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар
жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен,
Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағынын 52-бабы заңды тұлғаларды
өлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар
адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінін
азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидін 1865 ж. азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай түжырым-дама береді: "Құқықтарды жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады".
Көлумбиянын, Сальвадордын, Эквадордын азаматтық кодекстерінде де осындай
анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға
институты азаматтық құқықта басты орындардын бірін алады деп атап көрсетуге
болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін,
олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және
тарату тәртібін белгілейтін нормалардын жиынтығы, азаматтық құқықтың сала
тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында
баянды етілген: "Меншік, шаруашылықжүтяізу немесежедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие

ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы бөлуға тиіс".
Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген
ұйымнын заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға
мәртебесін алу үшін мынадай белгілердін жиынтығы бөлуы қажет:
— ұйымдық бірлік;
— мүліктік оқшауланушылық;
— дербес мүліктік жауапкершілік;
— азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде
анықтайды. Иңдивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара
әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар
ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда
біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген
тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп
түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті
түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде
капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердін шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарыңда да осындай құбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын
корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардын
нәтижесінде корпорациянын, компанияның қалған бір мұшесіне корпорацияның
борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама
жолмен тану жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның
қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды
тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында
корсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғынын
және құрылтай шартының не жарғысынын негізінде жүзеге асырады. Жарғыны
кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын —
құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері,
нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар бөлуы тиіс.
Жарғынын бөлуы — заңды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорыннын қызмет етуінін
міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары).
Мүліктік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның
дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығы оған мүліктін бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке
билікжүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі,
бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінін бөлуы емес, ұйымның қызмет етуінін
мүліктік оқшауланушынық секідці принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп
әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол
тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік
қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке
меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік
кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың
мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың бөлуы — заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы бөлуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша
көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес
азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның
құрылтайшысы (немесе құрььлтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді.
Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз
ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен,
қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің
борыштары бойынша өзінін барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар
ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-
ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін
жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның
міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz