Азаматтық құқық пәніен дәрістер


1 лекция. Таќырыбы: Азаматтыќ ќ±ќыќтыњ т‰сінігі.
Жоспары
- Азаматтық құқықтың түсінігі мен пәні
- Азаматтық құқықтың әдісі
- Азаматтық құқықтың принциптері
- Азаматтық құқықтың жүйесі
- Құқық өзіне тән бірнеше құқық салалары негізінде біртұтас жүйені құрайды. Ал сол құқық салаларын бірін бірінен тиісті құқықтың ажыратамыз. Бұл құқықтың пәні мен әдісі олардың айырмашылығын айқындаумен қатар ол құқық салаларының ерекшелігін де жан-жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінің құқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы айқындалады.
“Азаматтық құқық” термині ежелден белгілі, яғни рим заңгерлері Рим азаматтарының құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салаға жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында құқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.
Азаматтық құқық-азаматтардың, заңды ұйымдардың сонымен бірге мемлекеттік күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терең ашуымыз үшін оның пәнінің анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың ауқымдылығына және сан қырлылығына байланысты азаматтық құқық пәнін анықтау күрделі.
Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді. Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде /критери/ құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі арқылы құқық салаларын бөліп қана қоймай олардың ерекшелігі де анықталады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар - ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) . Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардың негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.
2. Егер азаматтық құқықтың пәнінің түсінігі қандай қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен реттелетіндігімен байланысты болса, ал азаматтық құқықтың әдісі сол қатынастар азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұғымдар.
Әрбір құқ саласына өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
- Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңдық теңдігі яғни жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларға қарамастан тең құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
- Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барысындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
- Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар құқықтарын қорғауда тең құқыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттр арқылы жүзеге асады.
- Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі. Оның мүліктік және өтемді болуы /компенсация/ келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
3. “Принцип” деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген мазмұнды білдіреді. Азаматтық құқықтың принциптері яғни ол қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеудің нормативтик құқықтық мазмұны бар негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.
Принцип біріншіден тікелей қолданылатын норма, екіншіден заң актілерін (заң асты) жасау өзгерту барысында басшылыққа алынады, үшіншіден заң ұқсастығы барысында басшылық алынады, төртіншіден заңдарды түсіндіру барысында ескерілуді болжайды және заңдар қайшылығы барысында басшылыққа алынады.
Азаматтық құқықтық принциптеріне мыналар жатады (АК-тің 2-ші бабы, 1-ші тармағы) :
- Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі;
- Мүліктік және басқа да мүліктік емес құқықтарға қол суғылмаушылық;
- Келісім-шарттың еркіндігі;
- Жеке іске бөгде біреудің араласуына жол бермеу;
- Азаматтық құқықтардың кедергісіз іске асуы;
- Бұзылған құқықтық қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау;
4. Азаматтық құқық жүйесі.
Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық - кездейсоқ құқық нормаларының жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігімен сипатталады. Құқық жүйесіне оны құрушы нормалардың бірлігі және олардың өзара байланысы тән.
Екіншіден, құқық жүйесі өзінің мазмұны және құрылымдық элементтерінің көлемі бойынша біртектес емес, көпжақты құқықтық құбылыс. Құқық жүйесі сонымен бірге құқық нормасына, құқық институтына және құқық саласына бөлінеді.
Құқық жүйесі -бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіне қатысты сонымен бірге құқық нормаларының бірлігі мен келісімділігін білдіретін оның ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің байланысына, арақатынасына айырмашылығына байланысты заңгер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда олардың тұжырымы бойынша құқық жүйесі мен заң жүйесі бір феноменнің көрінісі. Бұған қосымша тағы да құқық - норма жүйесі, және заң да норма жүйесі деген көзқарастар да бар.
2 лекция. Таќырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары, дерекнамалары
Жоспары
- Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының түсінігі
- Азаматтық заңдардың түрлері.
- Азаматтық заңдардың күші және оларды қолдану.
- Азаматтық заңдарға АК-тің 1-ші бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-ші баптың 3-ші тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген жағдайларда ғана сол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық заңдар қолданылмайды.
Азаматтық құқық пен азаматтық заң терминдері өзара байланысты болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдірсе, азаматтық заңнама - сол нормалар корсетілген құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы) . Бұларға келесі сұрақта жеке тоқталамыз.
2. Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Алдымен заңдарды қарастырайық.
Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық құқықтық қатынастар төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны бөлек. ҚР АК-тің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары заңда және басқа да заң актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасының “Нормативтік актілер туралы” заңында барлық нормативтік құқықтық актілер заңдық күштері бойынша айқындалған. Нормативтік құқықтық актілердің ішінде Конституцияның ең жоғарғы күші бар. Оның нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен оның 6-шы бабында Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тең негізде танылатындығы және қорғалатындығы айтылған.
3. ҚР-ның Конституциясынла 4-ші бабында көрсетілгендей барлық заңдар, халықаралық шарттар мерзімді басылымдарда басылады. ҚР “Нормативтік актілері туралы” заңының 31-ші бабында көрсетілгендей ҚР-ның заң актілері Парламент жаршысынднда, Егеменді Қазақстан, Казахстанская правдада, Заң журналарында және Юридическая газета басылымдарында ресми түрде жариялатындығы көрсетілген. Конституцияның 62-ші бабында Парламенттің заңдар қабылдайтындығы, оның қаулыларының ҚР-ның аумағында қолданылатындығы көрсетілген. Бірақ оны шығарған орган оның күшін кейбір аймақтар бойынша шектеуі мүмкін. Азаматтық заңдардың күші сонымен бірге оның қолданылу топтары бойынша да анықталады.
Арнайы заңда көрсетілгендей нормативтік құқықтық актілер төмендегідей сатылардан тұрады. Ең басында Қазақстан Республикасының Конституциясы, одан кейін: конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар және Президенттің заң күші бар Жарлықтары; Президенттің нормативтік жарлықтары; Парламенттің нормативтік қаулылары; Үкіметтің нормативтік қаулылары; орталық атқарушы органдардың нормативтік қаулылары (Заңның 4-ші бабы) .
Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-шы бабына сәйкес күші жағынан әртүрлі актілердің нормалары бір-бірімен қайшы болса, онда күші басым актінің нормалары қолданылады. Егер күші бірдей актілердік арасында қайшылық болса онда күшіне кейін енген акті қолданылады.
3 лекция. Таќырыбы Азаматтық құқықтық қатынас
Жоспары
1. Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі.
2. Азаматтық құқықтық қатынастың элементтері.
3. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері
4. Азаматтық құқықтарды саралау және қорғау
1. Азаматтық құқықты түсіну үшін азаматтық құқықтық қатынас категориясының маңызы зор. Азаматтық құқықтық қатынас дегеніміз- азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастар жатады (қатысушылары субьективті азаматтық құқықтары мен міндеттері арқылы бір-бірімен байланысты) .
Демек, азаматтық құқықтың пәні болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастардың реттелуін, қатысушылардың мінез-құлқының тиісті бағытта болуын азаматтық құқықтық нормалары анықтайды.
Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері мынандай:
1. Азаматтық құқықтық қатынастың субьектілері бір-біріне тәуелсіз, заңдық жағынан тең.
2. Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрснтілген (ҚР-ң АК 7бап) және заңда көрсетілмеген негіздер арқылы пайда болады.
3. Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен шарттары қалыптасуы барысында тараптардың келісімі басым болады.
- Азаматтық құқықтар бұзылған реттерде оны қорғау тәртібі мен қорғаудың ерекшілігі.
Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдағы әрбір болып жатқан немесе болатын азаматтық заңдарға негізделген қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар, өйткені ол азаматтық заң нормаларымен реттеледі, соның талаптарына бағынып, азаматтық құқықтық сипат алады. Демек, азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және ұл нормаларға тәуелді болатын тараптар арасындағы қатынастар - азаматтық құқықтық қатынастар деп аталады.
2. Азаматтық құқықтық қатынастың өзіне тән тиісті белгілері бар. Яғни ол белгілер азаматтық құқықтық қатынастың элементтері деп аталады. Ол элементтер: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер), және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .
Барлық құқықтық қатынастарда қатысушылар бір-бірімен құқықтық байланыста болады, яғни олар субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнын субьективтік құқықтар мен міндеттер құрайды.
Субьективтік құқық дегеніміз - құқықты иеленетін тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлқы. Субьективтік азаматтық құқық мазмұны бойынша әр түрлі. Субьективтік құқықтың мазмұнын тиісті субьектіге заң бойынша берілген мүмкіндіктер құрайды. Ол қандай мүмкіндіктер. Мәселен, меншік құқығы мынандай мүмкіндіктерден тұрады: а) меншік иесінің иелігіндегі мүлікті иемденуге, пайдалануға және оған билік ету мүмкіндігі; б) кез-келген басқа тараптардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында олардың кедергі келтірмеуін талап етуі; в) меншік құқығы бұзылған ретте оны жою үшін құқық қорғау шараларын пайдалануға.
Азаматтық құқықтағы міндет болып тиісті тұлғаның міндеті болып табылатын мінез-құлық болып табылады. Азаматтық құқықтағы міндеттер әр түрлі. Азаматтық құқықтың көптеген нормалары диспозитивтік мазмұнда. Сонымен бірге тыйым салатын нормалар да бар. Тыйым салатын нормалар тиісті азаматтық құқықтық қатынастағы міндеттерді анықтайды. Әрбір азаматтық құқықтық қатынаста екі жақ, құқық иеленетін және міндет жүктелетін тараптар болады. Екі жақта да тиісті тараптар бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Сонымен бірге азаматтық құқықтық қатынастағы бір тарап құқық иеленетін және міндет арқалайтын да тарап болуы мүмкін. (Мысалы сату-сатып алу шарты)
3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңда тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады.
Азаматтық заңдардағы нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды өзгертпейді, тоқтатпайды немесе пайда болдырмайды. Азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуы, тоқтатылуы немесе өзгеруі үшін құқықтық нормаларда көрсетілген тиісті жағдайдың болуы яғни заңдық фактінің болуы тиіс. Сондықтан заңдық фактілер құқық нормасы мен азаматтық құқық қатынастың арасындағы байланыс болып табылады. Заңдық факті болмаса бірде бір азматтық құқықтық қатынас пайда болмайды, өзгермейді және тоқтатылмайды. Яғни азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуына негіз болатын жағдайлар заңдық факті болып табылады.
4. Азаматтық құқықтарды саралау және қорғау
Азаматтық құқықтар мазмұнына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар; а) мүліктік және мүліктік емес, б) абсалюттік және салыстырмалы в) заттық және міндеттемелік.
Мұндай бөлініс азаматтық құқықтың нормаларының қандай қоғамдық қатынастарды реттеуіне байланысты жүргізіледі.
Мүліктік құқықтық қатынас қандай да бір экономикалық мазмұнда болады. Азаматтық құқықтың қатынастың белгілі бөлігі мүліктік қатынастар. Азаматтардың мүліктік құқықтары құқық қабылдаушыға өтсе, ол мүліктік емес құқықтық қатынасты құқық қабылдаушылық болмайды. Мүліктік құқықтық қатынастар азаматтық заңның нормаларымен реттелетін мүліктік құндылық қатынастары негізінде пайда болады.
Барлық азаматтық құқықтық қатынастар субьектілер арасындағы қатынастың құрылымына байланысты абсолютті және салыстырмалы болады. Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқық иеленетін тұлғаға қарсы міндет иеленетін нақты белгілі тұлға немесе тұлғалар тұрады. Мәселен, үлестік меншіктегі қатысушылар арасындағы қатынас - салыстырмалы құқықтық қатынас. Өйткені бұл құқықтық қатынастың субъективтік құрамы нақты белгілі. Абсолюттік құқықтық қатынаста құқық иеленетін тұлғаға қарсы жақ белгісіз бір қатысушы тұлғалар болуы мүмкін. Мәселен, кез келген авторлық құқықтың бұзылуына байланысты қатынас абсолюттік құқықтық қатынас. Өйткені құқық бұзушылардың қатары алдын ала белгісіз тұлғалар болады.
4 лекция. Таќырыбы Азаматтық құқықтың субьектісі
Жоспары
1. Азаматтық құқық қабілеттілігі.
2. Азаматтық әрекет қабілеттілігі.
3. Азаматтың аты-жөні және тұрғылықты жері.
4. Қамқоршылық және қорғаншылық.
5. Азаматты өлді деп жариялау және хабар-ошарсыз кетті деп тану
Тұлғаның екі түрі бар Олар, яғни құқық субъектілері - адамдар /жеке тұлға/ және ұйымдар /заңды ұйым/. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерд, ұйымдарды, кәсіпорындарды, бірлестіктерді, қорларды және т. с. с. айтамыз.
Азаматтық құқықтық қатынастың субьектілері азаматтар, ұжымдық құрылымдар және мемлекет болуы мүмкін. Осы көрсетілген субьектілер азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуы үшін азаматтық құқық қабілеттілігі болуы керек, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі болуға тиісті.
Сонымен азаматтық құқықтық қабілеттілік - бұл тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі. Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқық қабілеттілік - кез келген азаматтық құқық субьектісінің әрекет ету мүмкіндігімен сипатталады. Азаматтарға азаматтық құқық қабілеттілігін қолдануда екі түрлі бағыт сипат алады. Жалпы кең мағынада азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық заң мүмкіндік беретін кез келген құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады. Яғни ол ана құрсағынан тірі туылып адам бейнесіне келуі тиіс. Мәселен, түсік тірі туа тұрса да тұлға саналмайды, алайтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға болып саналады. Құқық қабілеттілік адам өлгеннен кейін тоқтатылады.
2. Азаматтық әрекет қабілеттіліе дегеніміз - азаматтың өз әрекеті арқылы азаматтық құқықтарды иелену және оны жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді қалыптастыру және оны жүзеге асыру мүмкіндігін айтамыз. Азаматтық әрекет қабілеттілігін азаматтық құқық қабілеттілігінен айырмашылығы бар. Құқық қабілеттілігін азамат дүниеге келген сәттен пайда болып ол өлгеннен кейін тоқтайды. Ал әрекет қабілеттілігі болу үшін азамат белгілі бір жасқа толуы қажет. Әрекет қабілеттіліктің белгілі бастамаларының бірі - ол азаматтың өз әрекетіне толық жауап бере алатындай физиологиялық жетілуі. Яғни ол өз еркін ұстай алатын белгілі бір жасқа жеткен қалыпты психикалық жетімділікте болуы тиіс. (АК-ң 17бап. )
Азаматтық әрекет қабілеттілік - бұл тиісті азаматтың нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың әрекет қабілеттілігі мен оның көлемі Қазақстан Республикасының азаматтық заңымен анықталады. Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының шет мемлекеттердегі әрекет қабілеттілігі сол мемлекеттің заңдары мен халықаралық келісім нормалары арқылы анықталады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара /толық емес/ шектеулі деп бөлінеді. 18 жасқа толған азаматта толық әрекет қабілеттілік болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқала кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Олар екі топқа бөлінеді.
3. Құқықтар мен міндеттерді иелену және жүзеге асыру үшін азамат тиісті тәртіппен дараландырылуы қажет. Даралану барлық уақытта азаматтың есімі арқылы жүргізіледі. АК-тің 15 бабы, 1-ші тармағында көрсетілгендей азаматтың есімі болып оның өз фамилиясы, өз есімі сондай-ақ қаласа әкесінің аты болып табылады.
Азамат өз құқығы мен міндетін өз есімі арқылы иеленіп жүзеге асырады. Басқа біреудің есімі арқылы құқықтар мен міндеттер иеленуге тыйым салынады. Бірақ заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін. Есімді өзгерту оның бұрынғы құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз бола алмайды. Есімін өзгерткен адам өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.
Азаматтың есімін ол дүниеге келген кезде әке шешесі береді, ал әке шешесі жоқ болса, оның қамқоршыларының біреуі береді. Баланың фамилиясы әке-шешесінің фамилиясымен анықталады. Егер әке-шешесінде ортақ фамилия болса, балаға сол фамилия беріледі. Ал ортақ фамилия болмаса оны өзара келісіп шешеді.
Әке-шешесінің қалауы бойынша балаға әкесінің немесе атасының есімі негізінде фамилия берілуі мүмкін. Егер бала асырап алынса оның бұрынғы есімі мен фамилиясы және әкесінің есімі сақталады. Асырап алушының өтініші бойынша оның есімі мен фамилиясы өзгертілуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда асырап алынушы бала 10 жастан аспауы тиіс. Бұл мәселе Неке және отбасы заңының 86-шы бабында жан-жақты айтылған.
4. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі жоқ кезде оның құқықтары мен міндеттеріне ие болу мүмкіндігі қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен жүзеге асырылады. Қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Ал қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алады, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиянаттардан қорғап жүреді.
Дене мүшесінің кемістігінен өзінің құықтарын жүзеге асыра алмайтын жәе қорғай алмайтын, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндағы қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz