Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы туралы түсінік
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы., ... 8
1.3. Негізгі үйымдық.құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .19
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...19
2.2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қолданылған әдебиеттер .34

Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік жэне муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кэсіпорындарының басым бөліғі жэнс материалдық емес сфера ұйымдары мсн мскемслерінің едэуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының баска мекмелері (жинақ ақша-деиозит мекемелері, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен үйымдар мүлкінің қозғалысы бұл акпарат өндіріс, шаруашылық-каржы жэне әлеуметтік қызметгі басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштсрі де болыл табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмст етеді.
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін түрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және баска кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.
Бүл жұмыстың мақсаты мемлекеттік жалпы республикалық деңгейдегі коммерциялық емес кэсіпорындардың каржысын жан-жақты ашып талдау.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық - Алматы 2005
2. Омирбаев С.М. Финансы Астана 2003 ж.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы:
3. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001.
4. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т.-
Алматы: Экономика, 2002.
5. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.
6. Қүлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оку құралы.
Алматы: Мерей, 2001.
7. Финансы, Деньги, кредит. Учебник. Под.ред. О.В. Соколовой. - М.:
ЮРИСТ, 2001.
8. «Экономикалық теория негіздері», оқулық.-Алматы, «Санат», 1998
9. Назарбаев Н.Э. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030ж.дейінгі) даму стратегиясы».-Алматы, 1997.
10.С.М. Орақбаев , Ғ.Л. Тойғанбаев , Ғ.К. Құнтақбаев «Кәсіпорынды басқару» Алматы : Экономика 2000

Тақырыбы: Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы., ... 8
1.3. Негізгі үйымдық-құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .19
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...19
Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер .34
Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы
өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы
қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар
ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің
жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы
бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл
буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда
дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша
шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу
мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра
алады: мемлекеттік жэне муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сферасы кэсіпорындарының басым бөліғі жэнс материалдық
емес сфера ұйымдары мсн мскемслерінің едэуір бөлігі жұмыс істейді:
коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының баска мекмелері
(жинақ ақша-деиозит мекемелері, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы
қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі
мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық
компаниялар және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен үйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
акпарат өндіріс, шаруашылық-каржы жэне әлеуметтік қызметгі басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық
көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген
(жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің
қаржылық көрсеткіштсрі де болыл табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмст етеді.
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін түрғын үй-
коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және баска
кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін
ұйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.
Бүл жұмыстың мақсаты мемлекеттік жалпы республикалық деңгейдегі
коммерциялық емес кэсіпорындардың каржысын жан-жақты ашып талдау.
1 .ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылъщ жүргізуші субъектілер қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің
қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдщің каржы ресурстарының негізгі бөлігі
калыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның
тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - коғамдық өнім жасалатын материалдық
өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың
негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің
қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық
заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың
талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық
шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен
қорланымдарды бөлу жэне пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті,
экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін
емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынтық қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты
басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы
кызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл үшаруашылығы,
кұрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау,
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты,
түрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми,
білім, медицина, ақпарат, маркетинг жэне басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардыц, фирмалардыц, қогамдардыц, концерндердіц,
ассоциациялардыц, салалыц министрліктер мен басқа шаруашылық органдардыц,
шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардыц, мекемелердіц
қаржыларын қамтиды.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше,
кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кэсіпорындарымен жэне
фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік
жэне отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру
жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару
мен пайдаланудьщ аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің
уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты
мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, оның жаңа иелікке көшуі жэне жекешеге
немесе бірлескенге айналуы болып табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің
республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың,
олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару
органдарының - қогғамдардың, ассоциациялардың, концерндердің,
консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл
процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтардың өзін -өзі басқару мен өзін-
өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бүл саланың техникалық-
экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ
сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл
шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына жэне бірыңғай экономикалық
заңдарға байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
жэне бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясыныц
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде
бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде
кұнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен
қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік
қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу -
өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бүл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы
болып жатады. Табыстың бір бөліғі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған
қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған
бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және
дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында
қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік
функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмүны жәй
жэне ұдайы өндіріс кезінде материалдық жэне ақша қаражаттарының ауыспалы
айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз
етуде болып табылады. Бүл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің
жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық
нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен
шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы
ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған
қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен
бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының бақылау функциясы кәсіпорын
экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық
жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы
басқару, өндірістің өсуін ынталандыру жэне еңбек, материал, табиғи жэне
еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бакылауды қамтамасыз ету
процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен,
жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-
қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылык жүргізуші субъектілер
арасындагы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген
қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-
кредит органдарымен өзара іс-эрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы
міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған
кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды:
Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл төлеу және алу, бағалы
қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына
қаражаттарды инвестициялау, олар блойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу
және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзініц еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын
жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар
төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы
қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік
жарналарды) ортақтастырады;
өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу
кезінде);
мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша
төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды
қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы кағаздармен
жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тэуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгарлік төлемдер бойынша және
басқалары);
құрылтайшылармен (бүл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның
пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес кұрылтайшыға аударған
кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалык табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызметр етуіне
байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі
белгілерді атауға болады:
қаржы қатынастарыныц көпқырлылығы, олардың нысандары мен
мақсатты арналымының сан алуандығы;
өндірістік құралдардыц міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен
байланысты
қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бүл өндірістің серпінді
элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен
қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын
қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық
және ақша нысанында болуы мүмкін;
жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің
барлык жағына әсер ету мүмкіндігі;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл каржы
жүйесінің айқындаушы болып табылады.
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар,
ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша
айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастьрудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін.
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет
сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу
болып табылады. Қызметтің материалдық сферасыныц кәсіпорындары бүкіл
қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатьш материалдық өнімдер мен
игіліктерді жасайды.
Бүл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде
(өндірістік тұтынудың енімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті
тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес
сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді
жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни
олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл
сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер
құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы ксзінде де,
сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қальштастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің козғалысымен
байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістігі, ұлттық
шаруашылықтың текникалық - экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал
жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі
едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып
келеді.
Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың
технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен (созыңқылығымен),
маусымдылықпен, өндірістің табиғат жэне климат факторларына тәуелділігімен,
шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен
анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына,
қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен
кәсіпорыңдардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен
болатын өзара катынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл
шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді. Мұндай факторлар
өндіріс шығындарының мөлшеріне әсерін тигізеді: мысалы, ұзақ кезеңді немесе
маусымдық сипаттағы өндірістер аяқгалмаған өңдіріске қаражаттарды едәуір
оқшауландыруды туғызады; құрылыста маусымдылық қыс уақытында жұмыстардың
қымбаттауына әкеп соғады. Табиғи-климат факторлары жалақыға, сақтандыруға,
аудандық коэффициенттерді төлеуге байланысты шығындарға соқтырады. Ақырғы
қорытындысында шығындардың артуы кызметтің қаржылык, нәтижелеріне әсер
етеді: нарықтық бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорындар өнімді өткізу кезінде
аз табыс алатын болады немесе рынокта өзінің ұстанымдарын сақтап қалу үшін
оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табуы тиіс.
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың,
мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялык және коммерциялық
емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық қызметтіц мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс
істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару,
қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жэнс қамсыздандыру, құқық
тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-кимылдарды орындауға
бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматгық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды түлға
үғымы анықталады. Заңды тұлга деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құкығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік жэне мүліктік емес
жеке қүқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта
талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым
занды түлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және
заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес үйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылык
мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті
қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетгіліктерін жабатын
бюджеттік царжыландыру есептелген. Егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес кызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл
кызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мүндай қызметтің өзін-өзі
қаржыландырылуың ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудьщ маңызды белгісі
меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны
қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардыц
және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері
ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардыц
менгшігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық жэне коммуналдықменшік болып
ажыратылады.
Меншікгің аталған нысандарының ішінде шаруашылык жүргізудің ұйымдық-
құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі
шаруашылық қүрылымдары қалыптасуы мүмкін:
ІМемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның
ішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі
міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағанышта болады.
1.Заңды тұлғалардың жеке менгиігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі
түрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар,
кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
2.Қоғамдық бірлестіктердіц меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен
азаматгардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
б.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы
аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің
құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашшық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардьщ мөлшерін ажырата
білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен —
мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша
кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын,
орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі
сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел
шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын
ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүкін.
Жалпы меншіктін әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ
қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық
мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір
ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты
болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты
бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-қүқықтық нысаны жарғылық капиталды
жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері
мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің
мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және
кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып,
кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік,
жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кэсіпорындар ретінде күрыла
алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде ісәрекет етеді және
кэсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаларына бағынады.
Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік,
жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құкықтық
нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы
екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық
сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіңдегі
мүмкін болатын ұштасуы қаржы жүйесінің бүл буынының қаржы механизмін
күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметі айқын заңнамалық
реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылык процестерді
бақылауды қажет етеді.
1.3. Негізгі ұйымдық-қүқыктык нысандардын шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысыныц ерекшеліктері
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен
шаруашылық жургізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің
дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқыктық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына,
өндірістік-шаруашылык қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жүргізудің
нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын
қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер
(амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы кағаздар
шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл
көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы
бөлумен толықтырылады; кооперативтрде — кооператив мүшелерінің үлестік
жарналарыньщ қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен
шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды қүрудың аралас нысандары
кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен
бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооператвтерде қызметкерлердің
үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік коғамдарда
да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем
жалға берілген мүлік құньшың амортизациялык аударымдарын, жалға беру
мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге
беретін каражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдык қажетті пайдаланудан
түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін
жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылык
қызметінің мынадай каржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза
табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жүмыс істейтін кәсіпорындардың —
шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен
кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының
қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне
сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың
құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары,
мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және
басқаларының), мүлікті қүқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті,
зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің; "Шаруашылық серіктестіктері
туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылык, серіктестігі — жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,
өз кызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға
болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынандай
нысандары белгіленген:
1)толық серіктестік;
2)сенім серіктестігі;
3)жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4)қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5)акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мсн жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды Сенім серіктестігі өзінің
бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша
жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін катысушыларды жэне
серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын
жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.
Қаржы катынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді
қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар
қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық
немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды
таратумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін.
Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларыныд (кәсіпорынның акциялары,
еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың
түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсьшушыға арналған акциялар) әр алуандығы
әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған
тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның
қарамағында қалады жэне акционерлердің арасында дивидендтер түрінде
бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының
шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік коғам
жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға
міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойыыша дивидендтер
төлеуге қүқығы жоқ:
1 )қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
2)егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дерменсіздігі нышан-дарына
жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметтілер ішінде
бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе
акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың
капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса,
төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде
тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада кепшілікке танылған нысан
болыи табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін — акция ұстаушыларды
қазіргі кезеңде неғұрлын тиімді кәсіпорындарды немесе салалардың
қаражаттарын калыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы
ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта кұйылымына
мүмкіндік жасайды. Акциоиерлік нысанның қүндылығына қаражаттардың жеке
иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі
кәсіпорьшдарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек
оның нарықтык сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктің даму
перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акционерлік нысанның аса маңызды
артықшьшығы — шидай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорының қызметіне оның
акцияларын сатып алу аркылы қатысу мүмкіндігі. Нарық жағдайында акционерлік
қоғамдардардың басқа ұйымдық-құқықтық нысаңдарға қарағанда айтарлықтай
тұрақтылығы болады. Бұған табысты (пайданы) қоғамныц қалыптасу мүшесіне
бөлуден уақытша бас тарту, рынокті жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты
қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге
бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды жүзеғе асыру есебінен қол жетеді.
"Шектеулі жауапкершілік" қағидатының, яғни тек акцияларға салынған
қаражаттар бойынша материалдық жауапкершіліктің іс-әрекеті жеке
қаражаттардың негізінде пайда бола алмайтын жеткілікті тәуекелдік
кәсіпорындарды (тез қайтарым мен жоғары табыстылық алу тұргысынан) құрудың
алғы шарты болып табылады.
Экономикада едәуір орынды мемлтекеттік сектор алады. Бүл секторда
кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істсйді:
1)шаруашылық, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық
мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету қүқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге
асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2)жедел басқару құқығына негізделген (қазыналык кәсіпорын)
кәсіпорындар. Бүл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз
қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына
сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану
жэне оған билік ету қүқығын жүзеге асыратын заттық қүқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
1) республика меншігіндегі кәсіпорындар—респу бликалық
мемлекеттік кэсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар—-коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсінорынмен еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндеті
болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің неғізгі міндет-мақсаты
(арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай
әлуеметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық
жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін корғау;
экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған
коғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі
тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып
табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік
басқару органдарының басқару функцяларын орындайды.
Меншік иесі кәсіпорыңды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары,
қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін
шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен пайданың бір
бөлігін алуға құқығы бар.
Меншік иесіне аударуға жататын пайданың үлесі уәкілді органның Қаржы
министрлігімен келісілгсн пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын пайданы
бөлу нормативіндс белгіленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым
қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген
кұндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі
берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай
табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптасады.
Шаруашшық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан
сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін
мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің
1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды
қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем
болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 найызы осы
мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды
жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік
кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда
пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өңдіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық
өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды
қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және
өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді
органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып
белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін
тауарлардың (жұмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған мсншікті табыстар есебінен ұсталады.
Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган
Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі
бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті
бюджетгердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық
болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару
жэне
2)өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, еріген, су тасқынынан және басқа
сұрапыл апаттардан қорғау;
3)заңнамада қаржыландырудың арнаулы тәртібі белгілснген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа инфрақүрылым объектілерінің жүйесін ұстау
мен дамыту;
4)пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және
халықаралык байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
5)топографиялық-геодезиялық және картографиялык жүмыстар жүргізу;
6)денсаулық сактау, табиғатты қорғау, білім беру, элеуметтік қорғау,
ғылым және мәдениет сферасынша өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру
үшін қүрыла алады.
Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (атқаратын
жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган белгілейді.
Қазыналық кәсіпорьндардың қызметі уәкідді орган бекітетін смета бойынша өз
табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті табыстары оның
шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кажетті жетпеген қаражатгар
тиісті бюджеттен бөлінеді.
Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке
аударылуға жатады.
Еншілес кәсіпорын — өз мүлкінің есебінен баска мсмлекеттік кәсіпорын
құрған заңды тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу
кұқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға
қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның
филиалдарын дербес занды тұлға етіп қайта қүру, негізгі өндірістің
тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру,
негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату
мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының
бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады.
Қызметтің түрлі сипатындағы — өндірістік, сауда-саттык, сервистік
бірлескен кәсіпорындар үйымдастырылады. Бірлескен кэсіпорындар қолданыстағы
заңдарды сақтау, меншікті жоспарлар, коммерциялық есеп, өзін-өзі өтеу және
қаржыландыру негізіндс жұмыс істеуі, ортақ жарғылық капиталы, дербес
балансы болуы тиіс. Бірлескен кәсіпорьпадардың мүлкі шартта анықталған
мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен
кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын
жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы
мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар
қатысқан бірлескен кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-әрскет етуінің
тәртібі заңнамамен белтіленген. Кәсіпорын капиталыңцағы үлес уағдаластык
бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішіңде олардың
салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасыньщ) бір бөлігін
валюта түрінде шет жакқа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу
мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін
құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооператиетік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені
буындарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында
меншік нысандарының дамуы қызметтін жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің
бұл демократиялық нысанынын қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның
кеңеюіне кең жол ашты.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі түрі—
өндірістік және тұтыну кооперативтері жүмыс істейді.
"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың
бірлесксн кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен
қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне
негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар,
өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және
халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып
табылады. Ол жеке кәсіпксрлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған
кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүмкін жарғы салымдары, оның қызметіиен алынған
табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Өдірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес
оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив
мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне
кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін
кооперативтің жарғылық кахшталын құру көзделуі мүмкін.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен
резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды
өтеуге арналады.
Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл корытындысы бойынша анықталады.
Салықтар мен (бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен
кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның
мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында
көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмст керсету арқылы
өзінің мүшелерін және басқа азаматтардыц қажетгіліктерін қанағаттандырып
отырады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 21-індегі заңына сәйкес
селолық тұтыну кооперативі мүшелік негізде оның мүшелерінің (пайдаларының)
материалдық жэне өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің
мүліктік (үлестік) жарналарътн біріктіру жолымен жүзеге асырылатын
азаматгардың ерікті бірлестігі деп танылады.
Занды тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады
және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес
келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.
Селолык тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет
көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тыйым салынбаған өзгс де
кызметті жүзеге асыру үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz