Дағды, икем, әдет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Дағды, икем, әдет.

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала, бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталада), терлеп-тепшіп қиналады. Аji жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсенің мазмұнына ерекше көңіл бөледі. Өйткені соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.

Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады:

  1. Дағды алудың белгісі әр түрлі амалды тез орындап, шапшаңқимылдау (мәселен, турникке ойнаған спортсменнің дағдысы) .
  2. Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мәселен, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т. б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі) .
  3. Дағдыланудың үшінші белгісі бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады.

«Сауаты ашылған адам, деп жазды А. Байтұрсынов (1873-1937), жазылған я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды . . . Неғұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, солғұрлым жылдам танып, шапшаң оқымақшы . . . Адам әріптерді бірі биік, бірі аласа, ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне . . . ашық, сурет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымшіа белгілері сеп болып, сөз сүгіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады».

  1. Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мәселен, жазу дағдысы баланың қозғалыстүйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинисткада қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі) .
  2. Дағдыға машықтану үшін алдын-ала қабылдай алу қабілетініңболуы, мәселен, машинистка тексті көшіргенде, әрдайым оның көзіалға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқанкезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көзбірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнешесөйлемді қамтиды. Адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологиядадағдының антиципациясы дейді.

Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылады. Мұндай жұмыстың табысты болуы қамтамасыз етіледі. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам, әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, көп істес болатын нәрсесіне дағдыланса, бұдан біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орынды пайдаланатын болады. Өндірістегі жұмысшылардың, инженерлер мен техниктердің шаруашылықтың сан-сапасына күн сайын енгізіп жатқан ұсыныстары мен өнертапқыштығы, олардың еңбек дағдыларының өте-мөте жетілгендігін көрсетеді. Оқу дағдыларын жете меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді. Еліміздегі ғылыми-тсхникалық, прогресс адамдарда жан-жақты білім бөлумен қатар жақсы дағдының, болуын қажет ете түсетіні сөзсіз.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оны түрлі дағды-әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттықтыру болып табылады. К. Д. Ушинский дағды, әдеттердің тәрбие процесіне қатысы қандай екендігін былайша түсіндірген: «Әдеттер мен дағдыларды берік қалыптастырып, соның негізінде құрылатын тәрбиенің өз негізі де берік болмақ, бұлар тәрбиенің сипатына өзінің белгілі бір принципін енгізуге мүмкіндік береді». Бұрынғыдан гөрі жедел дамып отырған психо-логия ғылымы қазіргі кезеңде білім негіздерін тиісті дағдыларсыз жақсы меңгеруге болмайтындығы анықталып отыр.

Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олардың бастылары: мектептік (кітап оқу, жазу, есептеу т. б. ), спорт (коньки тебу, фут-бол ойнау, күрес т. б. ), еңбек, түрлі мамандық (токарь, слесарь, әскери, дәрігерлік т. б. ) - Спорттық дағдыларды - қозғалыс, мектептік дағдыларды сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектік дағдылар депте атайды.

Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі

Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Мәселең, мылтық атып дағдылану үшін түрлі ату әдістерін, жүзіп дағдылану үшін жүзу әдістерін меңгеру керек болады.

Kез келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді.

Себебі, мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай, қандай дағдыға болса да ие болу қиын. Адамның дағдыға машықтана алушылығын төмендегі белгілер көрсете алады.

Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтижесін үнемі біліп отыруға байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға кеткен уақыттың азаюынан, орындау сапасының жақсаруынан, қателердің болмауынан, орынсыз шұғылданып, зорланып істеудің жойылуынан көрінеді. Мәселен, белгілі амалды қайталап орындаған сайын адам өзінің жетістігі туралы, орындауда кеткен кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген қателері туралы есеп берсе, келесі жаттығуларда дағды бұрынғысынан гөрі шапшаңырақ дамитын болады.

Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп кіріссе, жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үзілістер жасап отырса, үйрену әдістерін жетілдірсе, үйренуге өзінің қатынасын жақсартса, үйренетін дағдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады.

Үшіншіден, дағдынын ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі себептерді білудің маңьізы зор. Мұның біріншісі объективтік, екіншісі субъективтік деп аталынады. Объективтік, себептердің (яғни дағдыланушы адамның жеке басына қатысы жоқ кедергінің) біріне дағдыға қажетті құрал-жабдықтардың сапасының нашар болып келуін жатқызуға болады. Мәселен, жазуға алғаш үйренген кезде баланың сиясы сүйық, қағазы нашар, қаламұшы бұзық болса, жазу дағдысының тезірек қалыптасуына бөгет жасайды. Сондай-ақ оқу кітаптарының шрифтерінің ұсақ болуы, класс жарығының кемдігі, ауаның нашарлығы, отыратын партаның қолайсыздығы т. б. мектептік дағдылардың ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін объективтік кеселдер болып табылады. Мұғалімдер тарапынан болатын қате нұсқаулар мен түсіндірулер де осындай себептердің қатарына жатады.

Ал субъективтік себептерді адамның жеке басынан іздестіру қажет. Егер адамның түрлі дағдыларды меңгеруге ықыласы болмаса, табансыздық көрсетсе, ол тез арада машықтана алмайды. Мәселен, біреулердің велосипед тебуді тез үйреніп, екінші біреулердің көпке дейін тебе алмайтындығы осы секілді жеке қасиеттерінің ерекшелігіне де байланысты болады. Дағдыға машықтанар келтіреді.

Ескі дағдының жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесуін дағдылардың тасымалы дейді. Мәселен, шет тілдің біреуін білу, екіншісін үйренуге көп жеңілдік келтіреді. Мұның себебі бұрынғы қалыптасқан дағды мен жаңадан қалыптасатын дағдының арасында ұқсастықтардың көп болуы. Олар: алфавиттегі жеке дыбыстардың айтылуындағы және грамматикалық ережелердегі ұқсастықтар. Осы зандылыққа сәйкес, арифметикада қосу амалын білу көбейту амалын үйренуге, алу амалын білу, бөлу амалын тез меңгеруге жағдай жасайды. Осылайша қалыптасқан дағдыны оқушы басқа пәндерден жазатын дәптеріне де ауыстырады. То-карь станогінде жұмыс істеуді меңгерген жұмысшы машинаның қалған түрлерінде жұмыс істеуге тез дағдылана алады.

Тасымалдау заңы әр текті дағдыларга үйлеспсйді. Мәселен, заттың түстерін айыру дағдыларын сызықтардың ұзындығын немесе нәрселердің салмағын айыру үшін қолдануға болмайды. Сондай-ақ жаяу жарысқа қажетті дағдылар жекпе-жек күресудің дағдысына қолайлы әсер етпейді.

Бұрынғы дағдылардың жаңа дағдылардың жасалуына бөгет келтіруін интерференция деп атайды. Дағдылардың интерференциясы екі түрлі болады. Жаңа дағдыларды қалыптастыруда бұрынғы дағдылар кедергі жасайды. Интерференцияның мұндай түрін ассоциативтік тежелу деп атайды.

Бұрынғы дағды жаңа дағдыға қалыптасып болғаннан кейін де өзінің кесірін тигізе беруі мүмкін. Интерференцияның осы түрі репродуктивтік тежелу деп аталады. Оқу-тәрбие процесінің нәтижелі болуы үшін мұғалім осы зандылықтарды біліп отыруы тиіс.

Бұрын қалыптасқан дағдылар ұзақ уақыт қайталанбағандықтан не жаттықпағандықтан бұзылады. Мұндай жағдайда көбінесе құрамы өте күрделі дағдылар алдымен бұзылатындығы мәлім. Мәселен, тәжірибелі ұшқыштардың өзі көп уақыт бойы ұшпаса, дербес ұшудан сескеніп, батылы бармайтын көрінеді. Ұшу дағдылары өте күрделі дағдылардың бірі екендігі белгілі.

Нашар меңгерілген дағдылар да тез қалыптаспайды. Мәселен, шет тілді шала білетін адам, кейін оған қайтадан кіріссе, оқу техникасынан үлкен қиыншылық көреді. Бірақ қайталап жаттығудың нәтижесінде қалыптаспаған дағдыны адам қайтадан қалпына келтіре алады. Осы моменті Л. Н. Толстой «Анна Каренинада» шалғымен шөп табу дағдысын жоғалта бастаған Левиннің басынан жақсы байқап алған: «көптен бнрі шалғы шаппағандықтан, өзіне қараған жұрт көзінен де қысылып, алғашқы сәтте қатты сілтегенмен де, нашар шапты. Левин . . . қалайда тәуір шабайын деген оймен . . . «қолымды құлаштай бермей, бүкіл кеудемді сала сілтейіп», деп ойлады . . . Тағы да екі сала шауып шықты . . . қазір жұмысында, өзіне бір орасан рақат сезілген өзгеріс те басталайын деді. Жұмыс үстінде тіпті не істеп жүргенін де ұмытып кеткен сәттері болып, ондайда өзіне оп-оңай соғып сол сәттерде шапқан саласы да Тит саласындай тегіс, жақсы шығып отырды. Бірақ не істеп жүргенін еске алып, тәуірірек істейін деп, тырыса бастаса-ақ болды, еңбектің де бар салмағын дереу сезіп, шапқан саласы да нашар шығып отырды . . . Левин неғұрлым шаба түскен сайын, өзін-өзі ұмытқан сәттерін де соғұрлым жиі сезіп, соның тұсында қолы да шалғы сілтемей, қайта өзін-өзі сезінген өмір толы денесін шалғының өзі қозғап, ой жұмсалмай, тылсым бойынша істеліп жатқандай, жұмысы да өзінен-өзі дәл түсіп, дәл істеліп жатыр. Ол бір ең рақат минуттар болатын. Сол өзін ұмыта сілтеген қимылды қойып, ойлау керек болса-ақ, қиындай да берді; қиындағанда не шоқаттарды, не оталмаған атқұлақтарды шапқан шақтар да қиындады . . . Бұл жүріс өзгерістері Левинге де, соның соңындағы жас жігітке де қиын тиді. Ол екеуі де бір түйіле қимылдап, жұмысқа қыза кірісіп алған соң-ақ, қимылдарын өзгертіп, алдыңғы жақта не болып жатқанын коса бақылау дегенге шамалары келген жоқ».

Психологиялық эксперименттердің нәтижелері кейбір күрделі дағдылардын белгілі даму дәрежесіне жеткізілмеуі олардың бұзылуына себепші болып отыратындығын байқатады. Мәселен, балалар бақшасының жоғары тобындағыларды жазды күні кеспе әліппенің кейбір элеметтерімен таныстырып, кеиін күзде олардың сол үйренгендерін байқап көргенде, балалардың бұрын білгендерін ұмытып қалғандары байқалған. Балалар бақшасында хат тану негізгі міндет болып есептелінбейді де, оны үйретудің методикасы мектептегінен әлдеқайда төмен болады. Балалардың бұрын білгендерін кейін ұмытып қалуына да осы жағдай әсер еткені сөзсіз.

Дағдылардың бұзылуының жеке көріністерінің бірі де автоматизация. Мұны дағдылардың босаңсуы деуге де болады. Мәселен, емле ережелерін жақсы білетін адам диктант жазған кезде, сол ережелерді әдейілеп еске түсіріп отырады. Мұндай кезде оның дағдысы бұзыла бастайды, тез жаза алмайды, кібіртіктей береді. Мұндай жағдай баланың осы дағдыны тек бір жолмен үйренгендігін көрсетеді. Егер бала мұның толып жатқан тәсілдерін білсе, үйренгенін ретімен қолдана да біледі.

Адамның түрлі аффект жағдайларында жасалған дағдылары да, сондай-ақ, жеңіл меңгерілгендері де, бұзылуға тез ұшырап отырады. Дағдылардың осылай бұзылып, тіпті жоғалып отыруы олардың автоматталу дәрежесінің әр түрлілігінен болады. Мәселен, жүру, жүгіру, аяқ-қол қимылдарының автоматталынуы оңай болса, спорттық дағдылардың автоматталу жолы өте күрделі болып келеді.

Соңғылары арнаулы жаттығулар мен қайталауларды көп керек етеді. Сол секілді ақыл-ой дағдыларының автоматталынуы да өте күрделі жаттығуларды керек ететіндіктен, бұлардың қалыптасуына да көптеген қиыншылықтар, осыған орай бұзылулар жиі кездеседі.

Дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды, сондай-ақ әдеттерді автоматизмдер деп атайды. Адамда туысынан пайда болатын автоматизмдермен (жүрек пен ішектің қозғалыстары, дем алу процесі т. б. ) қатар өмір сүру барысында қалыптасатын автома-тизмдер (жүру, сөйлеу, киіну, ішу т. б. ) болады.

Дені сау адамның автоматизмінен патологаялық (жүйке жүйесінің қызметіне зақым келген жағдайда) автоматизмді ажырату керек. Соңғысы сананың бақылауынан түгелдей шығып кеткен қозғалыстар. Бұған мәселен, ұйқы кезіндегі адамның жүруі, бұлшық еттердің дірілдеуі, дененің жеке мүшелерінің селкілдеуі, тілін шайнау, ернін тістеу т. б. осындай патологиялық автоматизмдер жатады.

Жаңа туған балада біраздан кейін шартты рефлекстер қалыптаса бастайтындығы өткен тарауларда айтылады. Мәселен, белгілі уақытта тамақтануға үйретілген бала (әрбір үш сағат сайын емізу) . Баланың мектепке түсуі оның дағдыларының белгілі жүйемен дамып отыруына мүмкіндік туғызады. Мұғалім балаға жазу, оқу, есептеу сияқты күрделі дағдыларды үйрете бастайды. Осы айтылғандарға дағдыландырудың бастапқы жолы жаттығу жұмыстарынан басталады. Жаттығу жұмыстарында ережелер түсіндіріледі. Бұдан кейін бала ережені іс жүзінде қолдана білуте үйренеді. Мұғалім сан алуан әдістер мен арнаулы жүйелердің ең тиімді дегендерін таңдап, оны бала дағдысын қалыптастыруға қолданады. Мұғалімнің бар шеберлігімен өнерін салатыны да осы жер. Өйткені дағдының іргетасы дұрыс қаланса, соғұрлым жақсы, тыңғылықты бекитін болады. Баланың ережені жақсы түсіне алуы, практикада қателеспей пайдалануы дағдының орныға бастағаныңың белгісі. Енді осы айтылғанды мысал арқылы түсіндіріп көрейік. Мұғалім

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғалардың арасындағы қарым – қатынас психологиясы
ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жолдары
Іс - әрекет туралы
Еңбек психологиясы және еңбек әрекеті
Еңбек әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары
Психика және іс - әрекет
Жеке адам психологиясы
Ми және психика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz