Заңды тұлғаның түсінігі



Кіріспе
1 Заңды тұлғаның түсінігі
1.1 Заңды тұлға туралы ұғым
1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
2 Заңды тұлғаларды құру тәртіптері
2.1 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы дамудың даңғыл жолына түсіп, жоғары халықаралық беделге ие болу арқылы өз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесіне қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ еліміздің асыл мақсаттарының бірі - әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену болып табылады. Осыған орай, елбасымыздың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында қазіргі кезде еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына айрықша назар аударылуда [1].
Азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз, ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.
Заңды тұлғаларды құру - бұл нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде кәсіпкерлік қызмет дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi.
Азаматтық құқықтық айналымда заңды тұлғалар тең құқықты, тәуелсіз субъект екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді, өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады.
Өзінің мақсатына жету үшін заңды тұлғалар заңнамалармен тыйым салынбаған әр түрлі кызметтермен айналасады. Олар: халық тұтынатын тауарларды көтерме және бөлшек саудасы, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет:экcпорттық, импорттық операциялар, ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру, еңгізу және басқа қызметтерді көрсету, түрлі көліктік қыметтерды көрсету; занды және жеке тұғаларға мәліметтер беру бірлескен қызметтерді көрсету; ақпараттық-жарнамалық қызмет; халық тұтынатын тауарларды, ауыл шаруашылық өнімдерін сату, сатып алудағы делдалық қызмет және тағы да басқа сауда-делдалық қызмет, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да қызметтер жүзеге асыру құқылы.
1. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 30.01.2010ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1994 жылғы 27 желтоқсан N 269-XIII.
3. Ғ.Төлеуғалиев “Азаматтық құқық” (Жалпы бөлім) “Жеті жарғы” 1-том, 2002ж, 102- бет.
4. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству РК. Понятие и общая характеристика. Алматы, 1996. 21-бет.
5.Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий в двух книгах. Книга 1. Алматы. Жеті Жарғы.1998, 105-бет.
6.Толстой Ю.К. Содержание и гражданско-правовая защита право собственности. Автореф.докт.дисс.-Харьков,1964. 32-бет
7.Гражданское право т.1. Под.ред Суханова Е.А. М.Бек,1999,76-бет.
8. Ғ.Төлеуғалиев “Азаматтық құқық” (Жалпы бөлім) “Жеті жарғы” 1-том, 2002ж. 105 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1 Заңды тұлғаның түсінігі
1.1 Заңды тұлға туралы ұғым
1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
2 Заңды тұлғаларды құру тәртіптері
2.1 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы дамудың даңғыл жолына
түсіп, жоғары халықаралық беделге ие болу арқылы өз тәуелсіздігінің 20
жылдығы қарсаңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына
төрағалық ету мәртебесіне қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ еліміздің асыл
мақсаттарының бірі - әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену
болып табылады. Осыған орай, елбасымыздың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Жаңа
онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты
халыққа жолдауынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында қазіргі кезде
еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына айрықша назар аударылуда [1].
Азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан
Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда
біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген
өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те
үлгерген уақытта құру үстіндеміз, ендеше осы бағытта әр түрлі
өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан күнделікті
тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің
өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың
дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға
да тән. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.
Заңды тұлғаларды құру - бұл нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде
кәсіпкерлік қызмет дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi.
Азаматтық құқықтық айналымда заңды тұлғалар тең құқықты, тәуелсіз
субъект екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие
болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді,
өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып
ие болады және оларды жүзеге асырады.
Өзінің мақсатына жету үшін заңды тұлғалар заңнамалармен тыйым
салынбаған әр түрлі кызметтермен айналасады. Олар: халық тұтынатын
тауарларды көтерме және бөлшек саудасы, Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет:экcпорттық, импорттық
операциялар, ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру, еңгізу және басқа
қызметтерді көрсету, түрлі көліктік қыметтерды көрсету; занды және жеке
тұғаларға мәліметтер беру бірлескен қызметтерді көрсету; ақпараттық-
жарнамалық қызмет; халық тұтынатын тауарларды, ауыл шаруашылық өнімдерін
сату, сатып алудағы делдалық қызмет және тағы да басқа сауда-делдалық
қызмет, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да
қызметтер жүзеге асыру құқылы.

1 Заңды тұлғаның түсінігі
1.1.Заңды тұлға туралы ұғым
Азаматтық кұқық іліміңде заңды тұлғаның қазіргі нарықтық қатынастарында
құкықтық жағдайы қарастырылған.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ак кұрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының
түрлері, тағайыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. ҚР Азаматтық кодекстің 33-ші
бабында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға болып танылады деп көрсетілген [2]. Бұл жерде оперативное
управление деген термин жедел басқару, ал Кодекстің 10-тарауында
оралымды басқару деп аталған. Осындай әр түрлі аудармалар біздің
Азаматтық кодексте жиі кездеседі тұратының ескертеміз [3].
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды
тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар заң құжаттарына және
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық
құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады .
Заңды тұлғалар ҚР Азаматтық кодексте 4-бабында көрcетілгендей үлкен екі
топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды
тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептеленуі тиіс. Коммерциялық
ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына
шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер
жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да заңда нақты анықтала
отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке
негізделеді.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік окшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
(1-қосымша).
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп карайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
ҚР Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің
жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің
белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды
тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіңдегі сыртқы
еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым —
заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек [4].
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті
түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде
капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын
корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың
нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның
борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама
жолмен тану жүзеге асырылады.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтык белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құкығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құкығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
күқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета занды түлғаның оқшаулық мүлкін айқьндайтын қүжаттар.
Оқшауланған (жеке) мүліктің болуы заңды тұлғаның негізгі белгілерінің бірі.
Бұл оның тиісті мүлікке мүліктік құқығын анықтайды.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріе тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Мүліктік жауапкершілік яғни тиісті заңды тұлға өзінің міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктерімен жауап береді. Жеке мүліктік
жауапкершілік жалпы ереже бойынша жеке қатысушыларға заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша туындамайды. Яғни жеке қатысушылар заңды тұлғаның,
заңды тұлға жеке қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Бірақ заң актілерімен заңды тұлғаның қатысушыларының заңды тұлға
міндеттемелері бойынша жауаптылығы көзделуі мүмкін. Меншік иесі
қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-
тармағына сәйкес мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап
бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша
оның құрылтайшысы жауапты болады.

1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Мүліктік
азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық
маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының оз кәсіпкерлік тәуекелін
өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар"
[5].
Азаматтык кұқық іліміңде (теориясында) заңды тұлғаның, онын ішінде
әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құкықтық жағдайы
жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары занды тұлға институты қандай
коғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері каралмақ,
мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген
сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп түрған кезеңде азаматтық құқық теориясында
заңды тұлгалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды.
Негізінен алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер
зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік
етуімен түсіндіруге болатын еді.
Профессор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше,
мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады [6].
Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдарыда
айтарлықтай кең тараған. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, осы заманғы
коммерциялық практикада азаматтын немесе сауда (коммерция) айналымына
қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін
түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті" [7]
.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған —
жасырын (жалған) теория және шыңдық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық
құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Жасырын теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың
корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен
практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз - бұл көрінбейтін,
сезілмейтін жене заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық
көзкарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін
қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде кұқык субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, занды тұлғанын
сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Шындық
теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты
органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне
қажетгі құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір әлеуметгік
шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде
қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады [8].
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес
қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретіңде түсінеді.
Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде
анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін "заңды тұлға" деген
терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтык кодексінде 1942 ж. заңды
тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама
және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж.
Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат
үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде
анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің
азаматтық кодекстерінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Талап қою арқылы іс жүргізу
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Салықтық-құқықтық қатынастар субъектілері
Пәндер