ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әртүрлі саяси шаруашылық науқандардағы жүргізілген сот істерін ғылыми еңбектер мен деректер негізінде зерттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-9
І. СОТ ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 20 ЖЫЛДАРДЫҢ АЯҒЫ МЕН 30
ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ НАУҚАНДАРДАҒЫ
ҚЫЗМЕТІ
1. 1. Астық дайындау науқанындағы сот процестері . . . 10-23
1. 2. Заң органдары мал өнімдерін дайындау науқанында . . . 23-32
ІІ. ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ СОЦИАЛИСТІК МЕМЛЕКЕТТІК
МЕНШІКТІ ҚҰРУДЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
2. 1. Кеңестік сот- тергеу органдарының қазақ байларын жою саясатын жүзеге
асыруы . . . 32-46
2. 2. «Социалистік меншікті қорғау» заңы бойынша жүргізілген сот
істері . . . 46-56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57-59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-62
ҚОСЫМШАЛАР . . . 63-67
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдарының басындағы сот процестері кеңестік кезеңде тоталитарлық жүйе қыспағында біржақты зерттелді. Себебі, бұл кезеңде жүргізілген сот істері алдымен сталиндік жосықсыздықтардың, содан кейін субъективизмнің тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Алайда, қазіргі таңда кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелер де түбегейлі қайта танып түсінуді қажет етеді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаев 1998 жылы наурыз айында Алматыдағы зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде : « Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізде толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ, кім не деп таниды. Қалай мойындайды?» - дегені халқымызды толғандандырған келелі мәселенің басын ашып бергендей. Өткен тарихты шертіп білмей, оның ащы сабағынан тағлым алмай болашаққа нық қадам баса алмасымызда белгілі.
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алып, тұғырлы тарихымыздың шынайы беттері мұрағат құжаттарына негізделіп жазылуда.
Шын мәнінде, кеңестік қоғамдағы сот процестері 20-30 жылдары қалыптасқан тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды. Бұл, әсіресе, жер мәселесінде, ауылшаруашылығын ұжымдық негізде күштеп қайта құру, байларды тәркілеу саясатында айқын көрінеді.
Кеңес үкіметінің құлауы және мұрағат құжаттарын ішінара жариялау кеңес үкіметінің әлеуметтік және саяси өткенін зерттеуге кең жол ашып, сот процестері туралы «тоталитарлық» мектеп зерттеулерінің нәтижесін қайта қарауға алып келді.
Тарихи шындықты қалпына келтіру, сол арқылы еліміз жүріп өткен жолды бар болмысымен көрсету, қайта құру ісінің ажырамас бір міндеті болды. Қайта құру кезеңінен бастап, Қазақстан тарихшылары ескі кеңестік үлгідегі тарихты жазу тәсілдерінен бас тартып, Қазақстан Республикасының тарихындағы «ақтаңдақтарды» анықтау үшін бірқатар еңбектер жариялады. Алайда осылардың ішінде тұмшаланып жабылып «құпия» құлп салынып келген отызыншы жылдардың басындағы сот процестері, елге «халық немесе социализм жауы » деген атпен келген індет туралы еңбектер әлі күнге аз.
Коммунистік идеология көлеңкесінде қалып қойған бұл мәселенің тарихи шындығын қалпына келтіру - жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді.
1925 - 1932 жылдарда Қазақстанда құрылған кеңестік құқыққорғау органдары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен, ғасырлар барысында қалыптасқан билік сот жүйелері санаспады. Кеңестік прокурорлық бақылау жүйесі бұқараны кеңестендіру саясатын жүргізу барысында қазақ халқының дініне салт - дәстүріне, дәстүрлі әдет ғұрпына жаулықпен қарап іріткі салды. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығын күйрету мақсатында әкімшіл - әміршіл жүйе қазақ байларын, билерін, оқыған зиялыларын, олардың үрім - бұтақтарын жою саясатын жүргізіп, заң органдары осы саясатты іс жүзінде жүзеге асырушы органға айналдырды. Конституциядағы міндеттерінен ауытқып, әкімшіл - партияшыл жүйенің саясатын жүргізген сот органдары ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдарының басында адамның істеген ісіне қарай емес, шыққан әлеуметтік тегіне қарай жазалау, тергеулер жүргізді.
Яғни ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл- әкімшіл жүйенің қол шоқпарына айналған заң органдарының Конституциядағы міндеттерінен ауытқып, қарапайым халыққа әкелген қасіреті, әділетсіз сот шешімдері болашақта қайталанбас үшін, осы кезеңде жүргізілген сот процестерінің шынайы мәнін ашу, біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін және тарих ғылымы үшін маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әртүрлі саяси шаруашылық науқандардағы жүргізілген сот істерін ғылыми еңбектер мен деректер негізінде зерттеу. Осыған орай бірнеше міндеттер туындайды:
- Астық дайындау науқандарында ұйымдастырылған сот істерінің әділетсіз шешімін, оның қазақ халқы үшін ауыр зардабын нақты деректермен дәлелдеу;
- Құқыққорғау органдарының мал өнімдерін дайындау науқаны кезіндегі жіберген асыра сілтеулерін әшкерелеу;
- «Социалистік меншікті қорғау» науқанындағы сот істері тоталитарлық мемлекет мүддесіне сай жүргізілгені, онда адам құқын, адамгершілікті аяқ асты ету саясаты үздіксіз жүргенін көрсету;
- Қазақ байларын жою саясатына негізделген сот істеріне қатысты фактологиялық мәліметтер жинау, оның саяси себептеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Зерттелініп отырған тақырып кеңестік дәуірде тек коммунистік, таптық идеология тұрғысынан біржақты зерттелгендіктен, зерттелініп отырған мәселені талдауда жаңа методологиялық және теориялық көзқарастар негізге алынды. «Тарих - адам қызметі» деген методологиялық принципті басшылыққа ала отырып, мұндай тұжырымды негізге алу тың мәселелердің бетін ашып, республика тарихын терең, жан - жақты талдап, «ақтаңдақтар» бетін ашып жазуға бағыт - бағдар береді.
Сол себептенде мәселені зерттеуде тарихилық, объективтілік, жүйелілік принциптерін басшылыққа ала отырып, осы тақырып төңірегінде соңғы уақыттарда қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, ой - пікірлерді және тұжырымдарды мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып, нақты-тарихи, салыстырмалы - тарихи, талдау негізінде жинақтау, қорыту, логикалық, статистикалық зерттеу әдістерін қолдандық.
Тақырыпты зерттеу барысында осындай әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары жүргізілген сот процестерінің және оны жүргізіп отырған заң органдарының шынайы бет - пердесін айқындауға жол ашады.
Зерттелу деңгейі. Зерттелініп отырған тақырып, Қазақстандық тарих ғылымында өзекті мәселелердің бірі болғанымен, әлі күнге жүйелі түрде зерттелмеген. Кеңестік кезеңде тарих ғылымы маркстік - лениндік теорияға негізделіп жазылғандығы және осы тапшыл теория кеңестік тарих ғылымының методологиялық өзегі болғандығы белгілі. Сондықтанда кеңестік тарихшылар сол кезеңде жүргізілген сот істерін ақтайтын, біржақты еңбектер жазды. Яғни кеңестер мемлекеті өмір сүрген жылдары ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдарының басындағы сот процестерін тарихи тұрғыдан зерттеу және объективті баға беру жөнге қойылмады.
Әрине бұл еңбектердің сапасын тарихнама ғылымы ғана анықтап бере алады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезеңге дейінгі жарық көрген з. ғ. д. С. З. Зиманова ., з. ғ. к. М. А. Биндердің басшылығымен жазылған «История государство и права Казахстана. » [1; 183], «Судебное управление в СССР. » [2; 52-53] атты еңбектерде осы жылғы ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, тәркілеу, бай - кулактарды тап ретінде жою және т. б. науқандар кезінде сот - тергеу шешімдері, адамды жасаған қылмысына қарай емес, әлеуметтік жағдайына қарай жазалағаны, және партия мен үкіметтің саясатын орындағаны туралы мәселе көтерілмей, оларға тек жалаң шолу жасаумен шектелуі, ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдарының басындағы сот процестері тоталитарлық қоғам үстемдік еткен жағдайда зерттелгенімен түсіндіріледі.
Еліміз тәуелсіздік алғанынан кейінгі жылдары қазақстандық тарихшылар ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдарының басындағы сот процестерін жаңа көзқарас тұрғысынан нақты зерттеуге, талдауға әрекет жасады. Аталған жылдардағы құқыққорғау органдарының экономикалық- саяси науқандардағы қызметін зерттеген ғалымдардың еңбектері өткен ғасырдың 90 жылдарында жариялана бастады.
1990 жылы «30-е годы: взгляд из сегодня. » [3; 41-55] деген жинақта Мәскеудің белгілі ғалымдары 1929-1930 жылдардағы мемлекеттік билік құрылымын, заң органдарының қызметін сынға алып, сараптап талдады. Аталған еңбекте профессор Е. А Скрипилов «Социалистік меншікке қол салған», « Колхоз құрылысына қарсы үгіт жүргізген» халықты жазалау шараларының зардабын айтса, профессор В. М. Курицын 1929 жылы Сталин бұйрығымен Янсонның еңбекпен түзету лагерьлерін салу жоспарын жасағанын, 1930 жылдың 30 сәуірінен бастап іске қосылған осы лагерді тәркіленген шаруалардың салғанын, ал осы лагерде 1930 жылы РСФСР халықтарының 4, 6 % немесе 160 млн қамтылған деген статистикалық мәлімет береді.
Ал, В. П. Данилов пен Н. А. Ивницкийдің «Документы свидетельствует. » [4; 22-27] атты кітабында 1925-32 жылдардағы заң органдарының қызметіне шолу жасалған. 1928 жылдағы астық дайындау науқаны кезінде соттардың астықты тәркілеу туралы шешімі қолма- қол шығарып, соттардың тұтқындау үкімі халықты жәбірлеу сипатына ие болғаны айтылады. Сонымен қатар, осы еңбекте 1930 жылдардан бастап астық дайындау науқанының жоспарын орындамаған шаруаларға қарсы төтенше шаралардың қатайғаны, науқан жоспарының орындалуын күшейту үшін төтенше үштіктер құрылғандығы туралы жазылған.
Автор 1930 жылдың 15 қаңтарындағы БК(б) П ОК «Жаппай коллективтендіру аудандарындағы кулактарды жою шаралары» деген қаулысын жүзеге асыру барысындағы кулактардың контрреволюциялық белсенділерін тұтқындау кезінде қолданылған репрессиялық шаралар түрін көрсету арқылы заң органдарының қызметіндегі асыра сілтеулерді, бассыздықты көрсетті. Алайда бұл еңбектерде қазақстандық мәліметтер өте аз.
Тәуелсіздік алған жылдары бұл мәселемен ішінара т. ғ. д., профессор
Т. Омарбеков айналысты. Ол 1993 жылы «Ақиқат» журналында жарияланған «Шаруаларға шабуыл қалай басталды?» [5; 61-65] атты мақаласынан, 1928 жылғы астық дайындау науқаны кезінде шаруаларға қарсы қолданылған, ашып айтқанда, астықты алып-сатарлардың Қ. К. 107 бабымен, осыған жол, дем берушілер Қ. К. 109, 111 бабымен, мемлекеттік және кооперативтік астық дайындаушылар 109 баппен, салық төлемеген ауқаттылар 60 баппен қылмысқа тартылғаны айтылған. Сонымен қатар бұл еңбектен 1928 жылдың астық дайындау науқаны барысында сотталғандардың саны, қозғалған қылмысты істердің, соттардың айыпталғандардан тәркілеген ақша, мүлік мөлшеріне, сотталғандардың санына байланысты құнды мәілметтер ала аламыз.
Қазақстандық заң органдарының 1930-1931 ж. ж. саяси экономикалық науқандардағы шаруаларға қарсы қолданылған шараларының күшейгені туралы мәселені «Ақиқат» журналында 1993 жылы жарияланған «Меншік иелері қалай жойылды? » [6; 62-69] атты мақаласында қамтылған.
Ал Т. Омарбеков «Қазақстанда революциялық заңдылық қалай жүргізілді ?» [7; 29-32] деген мақаласында 1924/25-1927 жылдар аралығындағы кеңестік партия басшылары революциялық заңдылық дегенді жамылып, астықты тікелей өсіретін шаруаларды, наразылық білдіргендерді, «астық дайындау науқанын бүлдірушілер және соған шақырған насихатшылар ретінде заң органдары арқылы жазаланған» деген қорытынды жасаған.
Т. Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. » [8; 41-104], «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. » [9; 404], «Тарихпен өрілген тағдыр. » [10; 460] деген еңбектерінде 1920-30 жылдардағы Қазақстандағы ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау науқанына және меншіктен айыруға, күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтары туралы мәліметтер көптеп келтірілген.
1925-32 жылдардағы Қазақстан шаруаларының қасіретті тарихын зерттеп жүрген тарихшы ғалымдар - М. Қ. Қозыбаев, Ж. Б. Абылхожин, Қ. С. Алдажұманов бірігіп жазған « Коллективизация в Казахстане - трагедия крестьянства» [11; 35], Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты. » [12; 275] деген еңбектері мен Абылхожин Ж. Б, Қозыбаев М. Қ. «Классовый натиск. » [13; 52-59], М. Қ. Қозыбаев, Ж. Б. Абылхожин, Тәтімов М. Б. «Казахстанская трагедия» [14; 49-50] атты баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларында сот процестері туралы мәліметтерге шолу жасалған.
Ж. Б. Әбілхожиннің «Очерки социально - экономической истории Казахстана ХХ века. » [15; 53-71] атты зертеуінен 1931 - 1932 жылдардағы бай - кулак шаруашылықтарын жер аудару науқанындағы ОГПУ органының «заңдастырылған» қызметін, жер аударылған шаруашылықтар санын біле аламыз.
Жаңа жариялымдар арасында, ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы - 30 жылдарының басындағы сот процестері туралы әлі өңделмеген мәліметтерді топтастыратын «Коллективизация сельского хозяйства Казахстана (1926 июнь -1941г. г. ) материалы и документы. » [16; 588], «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-1933 г. г. Сборник документов и материалов. » [17; 263], «Новейшая история Казахстана: Сборник. документы и материалы (1917-1939гг) . » [18; 304], «Хрестоматия по новейшей историй Казахстана (1917-1939гг) » [19; 408], «Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938гг. » [20; 336] атты мұрағат құжаттарының жинағын кездестіруге болады.
Зерттелініп отырған тақырып «Сот-тергеу әкімшілік органдары кеңестік зорлық зомбылық шараларын жүзеге асырушы: тарихы және сабақтары (1925-1932 ж. ж. ) » [21; 59-112] атты кандидаттық диссертацияда арнайы зертелген болатын. Осы дисертацияның авторы С. Саржанова көрсетілген мәселелердің төңірегінде жекелеген мақалаларда жариялады. Мұнда тақырыпқа жеке - жеке талдау жасалынып, құнды мұрағат құжаттары негізге алынған.
Сонымен қатар зерттеу тақырыбымен жұмыс істеу барысында Огайон И. «История Казахстана в западных источниках ХІІ-ХХв. в. » [22; 118], Г. Ф Дахшлейгер, К. Нүрпейісов «История крестьянства советского Казахстана» [23; 35], Г. И. Молдаханованың «Деятельность ОГПУ в Казахстане» [24; 176], Д. Ш Орынбаеваның «Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 годы: сравнительно- политический анализ проблемы» [25; 180] атты диссертациялық ізденістерінен, Д. А Шаймуханов пен С. Д. Шаймухановалардың «Карлаг» [26; 102] атты еңбектерінен бағыт алдық.
Соңғы жылдары алға тартылған тақырып бойынша көптеген еңбектер жарияланды. Бұл еңбектердің жұмысқа тікелей қатысы болмасада, 1920- 1930 жылдардағы құқыққорғау органдарының қызметіне байланысты кейбір мәліметтерді пайдалану үшін көмегі болды.
Зерттеу жұмысының деректік қоры: Бұл жұмысты жазу барысында мұрағат құжаттары басты назарға алынған. Бұл кезеңде сот процестерін - кеңес үкіметінің әлеуметтік қайта құру бағдарламасы ретінде талдау жасауға, және оның ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау науқандарындағы салдарларын жүйелеуге Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты [27; 1380] мен Қазақстан Республикасының Президенттік Мұрағатында [28; 141] және Шымкент облыстық партия комитеті партия Мұрағатында [29; 29] жинақталған құжаттар негіз болды.
Бұл мұрағат қорларынан ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы сот процестерін айқындайтын түрлі сипаттағы орыс және аракідік қазақ тіліндегі мәліметтерді кезіктіруге болады.
Байлардың дүние - мүлкін тәркілеу жөніндегі қорда коммиссияның жиналыстарының хаттамасы, жұмыс жоспарлары, жергілікті органдармен хат алмасу, тәркілеуге ілінген отбасылардың жеке іс - қағаздары, үкімді қайта - құруды талап еткен өтініш арыздар сақталған.
Юстиция Халық Комиссариатының қорында Республика прокурорының, ЮХК-ның, Жоғарғы соттың тәркілеу, астық, ет дайындау, бай - кулактарды тап ретінде жою, ұжымдастыру, «Социалистік меншікті қорғау» науқандарындағы заң органдарының нұсқау, қарар, бұйрық, хат алмасу, және статистикалық мәліметтер т. б сақталған.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы сот процестеріне байланысты деректік құжаттар ҚРПМ топтастырылған. Шымкент Облыстық Мұрағатында сол кезеңдегі округ бойынша сотталғандар, олардың өтініш- арыздары, басқада нұсқау хаттар мен хаттамалар бар.
Жұмысты жазу барысында дерек ретінде басшылыққа алынған еңбек Сталиннің «Шығармалар » жинағы [30; 13] мен сол кезеңде Қазақ Өлкелік комитетінің жауапты хатшы қызметін атқарған Ф. И. Голощекиннің «Казахстан на путях социалистического переустройства» [31; 248] атты еңбегі. Бұл еңбектерде ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және социалистік мүлікті қорғау заңы бойынша жүргізілген саяси науқандар барысы және 1928 жылы астық дайындау науқанында жауапқа тартылған кулактар саны мен оларға қолданылған жаза түрлері т. б. маңызды мәліметтер келтірілген.
Зерттеу жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері: Зерттеу жұмысында бүкіл Қазақстан территориясын қамтыған, ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдарының басында жүргізілген сот процестері қарастырылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Зерттелініп отырған тақырып мұрағат құжаттарын негізге алып зерттеліп отыр.
- ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдарындағы ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және жеке меншік иелерін жою науқандарында құқыққорғау органдарының белсенді атсалысқаны жаңа деректік негізбен зерттелінді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі: Жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқылынып, қорғауға ұсынылды. Және тақырып бойынша мерзімді басылымдарда «Қазақстанда ХХ ғасырдың 20 жылдардың аяғы - 30 жылдардың басындағы бай-кулактарды жою саясаты бойынша жүргізілген сот процестері» және «Қазақстанда ХХ ғасырдың 20 жылдардың аяғы - 30 жылдардың басындағы мал өнімдерін дайындау науқанында жүргізілген сот процестері» атты екі мақала жарияланды. Бұларда жұмыстың мазмұны ашылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелер қаралған ІІ тараудан, қортындыдан тұрады. Жұмыс соңында Пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілген.
І. Сот тергеу органдарының 20 жылдарының аяғы мен 30
жылдардың басындағы шаруашылық науқандардағы қызметі
- Астық дайындау науқанындағы сот процестері
Астық дайындау науқанындағы жүргізілген сот процестерін зерттеп - зерделеу Қазақстан тарихындағы маңызды мәселелердің бірі. Себебі бұл науқанның соңы қазақ халқын орны толпас ашаршылық апатына тіреген себептердің бірі болды.
Алғашқы бесжылдық жылдарында іске асқан астық дайындау науқаны кеңес экономикасында маңызды орын алды. Науқан барысында жиналған астықты шетелге сатып, одан түскен қаржыға КСРО-да индустрияландыру бағдарламасы іске асты. Колхоздар мен жеке шаруашылықтардан тартып алынған астық экспортқа шығарылды және ішінара қалаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге жіберілді.
1929 ж. астық дайындау қарқынын арттыру үшін репрессиялық қысымды күшейтті. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың құлдырауы 1927-1928 жылдарға тура келеді. Осы жылдары мемлекет нарықтық баға заңын бұзғандықтан, жеке шаруаның арзан бағамен мемлекетке астық өткізуі күрт төмендейді [8; 43] . Осыған орай, жекешелердің мемлекетке астық тапсыру мәселесі 1927 жылдың 29 желтоқсанында КазАССР Орталық атқару комитетінің отырысында талқыланып, астық дайындауды күшейту үшін заң органдарының науқанға араласуы көзделді. Мәселен, құжаттарға сүйенсек: “ . . . Сауда халкомы мен оның органдарына астыққа бағаны көтерушілермен және дайындаушылардың дайындау бағасын көтерушілерге қарсы сотқа беруге дейін шаралар қолдану;
. . . 19. Сауда Халық Комиссариатының нұсқауларын бұзған реттеуші және сатушы ұйымдарды, олардың дайындау барысында қиянат жасаушылық білдірген жағдайында Республика прокурорына аталған қылмысты істердің аз уақыт ішінде қаралуын қадағалауды міндеттеу.
Осы қаулының 19 пункті 1927 жылдың 17 желтоқсанда Қазақ Өлкелік БК(б) П Комитеті Бюросының астық дайындау мәселесіне арналған отырысының қаулысында бекітіліп, Юстиция Халық Комиссариатына Республика Прокурорына, Сауда Халық Комиссариатына жіберіледі [21; 58] .
1927 жылдың 20 желтоқсанындағы Қазақ Өлкелік комитетінің отырысында Кенжин астық дайындау мәселесі бойынша баяндама жасады. Соның негізінде Сауда Халық Комиссариатының астық дайындау науқанын реттеуші, сауда саттықты ұйымдастырушы және науқан барысында қастандық жасаушы қылмыскерлерді жауапқа тартып, Республика Прокурорына өткізіп, бұл істерді қысқа мерзім ішінде бітіру туралы үкім шығарылды [27; 173] .
Дегенмен Мәскеудегі басшылықты мұндай нұсқаулар қанағаттандырмады И. Сталин сөзімен айтсақ, жергілікті жерлерге “бұл директиваның жөнді әсері болмады, сондықтан БК(б) П орталық комитеті 1928 жылдың 6 қаңтарында өзінің қатаңдығы жағынан және талаптары жағынан мүлде өзгеше үшінші директиваны беруге мәжбүр болды [30; 13] .
И. Сталин өзі қол қойған бұл үшінші нұсқау - жеделхатта базардағы (ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын көтеріп жатқан кулактарға және алыпсатарларға ерекше жазалау шараларының керектігі” атап көрсетіледі. Сондай-ақ онда жергілікті жерлердегі партия басшыларына да қысым жасалып, егер бір аптаның ішінде астық дайындауда шешуші өзгеріске қол жетпейтін болса, Орталық Комитеттің партия ұйымының қазіргі басшыларын ауыстыру қажеттігін мәселе етіп қоятыны ескертілді.
1928 жылдың 6 қаңтардағы И. Сталин қол қойған нұсқау хат астық дайындаудағы төтенше шаралардың басталуына негіз жасады [8; 45] .
1928 жылдың 9 қаңтарында барлық Прокурорларға Юстиция Халық Коммиссариатына Ганин жолдас қол қойған бұйрық хат келіп түседі. Оның мазмұны төмендегідей:
« . . . Жоғарғы партия органдарының шешіміне сәйкес қызметтік қылмыстарға қарсы шешуші күрес жарияланды. Сот және прокуратура органдары өз алдына қандай жағдай болмасын мұндай қылмыс түрінің өсу деңгейін төмендету міндетін алға қойды. Алайда барлық қызметтік қылмыстардың ішінде қатаң және шұғыл түрде шешілуді талап ететін, қазіргі топтар үшін өте маңызды жеке қылмыстық топтар ерекшеленді.
Осындай топтардың бірі астық дайындау науқанына қатысты қызметтік қылмыстар. »
Бұл хатты барлық прокурорлардың алған бойда іске кіріскенін өлкелік Юстиция Халық Комиссары Кузин жолдастың 1928 жылдың 10 қаңтарында жіберген мұрағат қойнауында жатқан құпия жедел хатынан көруге болады. Онда :
« . . . Юстиция Халық Комиссарының орынбасары Ганин жолдастың бұйрығымен астық дайындау науқанына қатысты Сауда Халық Коммиссариатының нұсқауын бұзған қылмыскерлерді жауапқа тарту жөніндегі телеграмманың көшірмелері барлық губерния прокурорларына жіберіледі [27; 173] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz