Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қашықтықтан білім беру институты

«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру.

Ғылыми жетекшісі:

Мазмұны

Кіріспе
3
: І тарау.
Кіріспе: Оқушылар шығармашылығын қолөнер негізінде дамытудың маңызы
3: 7
: 1. 1.
Кіріспе: Шығармашылық ұғымының мәні
3: 7
: 1. 2.
Кіріспе: Қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
3: 12
: 1. 3.
Кіріспе: Оқушыларды қолөнерге баулу үрдісін ұйымдастырудың шарттары
3: 20
: 2 тарау
Кіріспе: Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың әдістемелік негіздері
3: 25
: 2. 1.
Кіріспе: Қолөнерге баулу мазмұны
3: 25
: 2. 2.
Кіріспе: Жоғары сынып оқушыларына ұлттық қолөнер бұйымдарын әзірлеуге үйретудің әдістері
3: 30
: 2. 3.
Кіріспе: Қолөнер шеберханасын ұйымдастыру
3: 36
: 3 тарау.
Кіріспе: Сырмақ әзірлеу технологиясы
3: 38
: 3. 1.
Кіріспе: Ою-өрнек және оның бұйымды әсемдеуде қолданылуы
3: 38
: 3. 2.
Кіріспе: Жүннен әзірленетін бұйымдардың түрлері
3: 47
: 3. 2. 1.
Кіріспе: Киіз басу технологиясы
3: 50
: 3. 3.
Кіріспе: Сырмақ түрлері және оны әзірлеу технологиясы
3: 55
: 3. 4.
Кіріспе: Бұйымның өзіндік құнын есептеу
3: 61
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 62
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 63
:
Кіріспе: Қосымша
3: 66

Кіріспе

Жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті бүгінгі таңда тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту тұрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, күнде өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру. Осыған орай, тарихи археологиялық бағыттағы А. Х. Марғұлан, С. М. Дудин, Б. В. Веймарин, А. Ақышев т. б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениетін сөз еткенде үй шаруасьшда қолданатын заттар мен бұйымдарға сипаттамалар беріп, мәнін пайымдайды.

Қазақ қолөнерінің туындау тарихы мен өмірдегі әлеуметтік маңызын Т. К. Басенов, Е. Р. Шнейдер, У. Джанибеков, М. С. Мұқанов, Ә. Тәжімұратов, С. Қасиманов, Х. Арғынбаев, Қ. Мұқанова, К. Ибраевалар ашып көрсеткен.

Киім үлгілері мода айына емес күніне өзгеріп, небір жаңа киім-кешек, жиһаз, керек-жарақтардың түрі пайда болуда. Сонымен бірге, материалдарды өңдеудің де тың технологиясы, бұрын болмаған әдіс-тәсілдері қолданылуда. Бұрынғы, ескі көркемдеу элементтерін заманалық бұйымдар мен өнімдерде пайдалану, сол арқылы оларға жаңа түр беру де кең орын алуда.

Бұл өз кезегінде бүгінгі оқушылардың шығармашылығын танытып, қалыптастырудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына шарт түзуден басталатыны белгілі. Шығармашылық үрдісті зерттеуші ғалымдар В. И. Андреев, Д. Б. Богоявленская, А. В. Бушлинский, А. М. Коршунов, Я. А. Пономарев, А. Б. Мигдал, А. Н. Лук т. б. оның туындап қалыптасуы, даму жолын қарастырады.

Кейінгі кездерде оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім жэне тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап, қалыптасып келеді. Бұл ретте А. С. Белкин, А. Бенно, В. П. Беспалько, Э. Ф. Зеер, М. В. Кларин, Г. К. Селевко, Ф. Янушкевич т. б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Біз зерттеу жұмысымызда оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындап отырғанын ескердік.

Халқымызда ежелден қолданып келе жатқан "ісмерлік", орыс тілінде кең тараған "партной" - француз сөзінің баламасы. Орыс тілінде швея - тігінші, қазақ тілінде - ісмер, шебер дегенді пайдалану, осы кәсіптің маңызын дұрыс ашып беретін секілді. Ісмерлік дағдылар дегеніміз тігіншілік дағдылардың, басқаша айтқанда, ине шаншу әдіс-тәсілдерін меңгеріп, маталар және басқа тігіншілікке қажетті ісмерліктерді игеріп, соған дағдылану деп пайымдап, осыны дәлелдеудің педагогикалық жолдары осы уақытқа дейін қарастырылмаған.

Бұлар зерттеу тақырыбын "Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру" деп алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты: қазақтың қолөнер бұйымдарын әшекейлеуді шығармашылықпен қолдануға қажетті ісмерлік дағдылар жүйесін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін педагогикалық негіздеу.

Зерттеу нысаны: технология сабағында оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдылары.

Зерттеу пәні: қазақтың қолөнері оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың ісмерлік жүйесін айқындап, оның технологиясын белгілейтін болсақ, онда бұл қазақтың қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әшекейлеуде қолданудың педагогикалық мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді. Өйткені, мұнда оқушылар теориялық білім және дәйекті шығармашылық дағдылармен қамтамасыз етіліп, нарықтық жағдайда күнде өзгеріп отырған талаптарға сай қажетті білім, біліктерді меңгереді.

Зерттеу міндеттері:

- оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру үрдісіне педагогикалық, психологиялық сипаттама беру;

- қазақтың қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен даярлауда "ісмер" ұғымына анықтама беру және ондағы дағдылар жүйесін айқындау;

- оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың технологиясын анықтау;

- қолөнер бұйымдарын әзірлеудің әдістемелік негіздерін айқындау;

- қолөнер бұйымыны әзірлеудің технологиясын зерделеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- "ісмер" ұғымына анықтама беріліп, алғаш рет жаңа сипатта
қолданылып, ғылыми-теориялық негізделіп, айналымға түсті;

- оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
жүйесі жасалып, оның педагогикалық, психологиялық тұстары ашып
көрсетілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымын әзірлетуде олардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері анықталып, бұйымның материалдық және технологиялық ерекшеліктері ашып көрсетіледі.

І-тарау. Оқушылар шығармашылығын қолөнер негізінде дамытудың маңызы

1. 1. Шығармашылық ұғымының мәні

Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан /балалардан/ жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың барлығы бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын тигізе алады.

Қабілеттер тұлғаны айшықтайтын компоненттердің бірі болса, онда “тұлға” немесе “жеке бас” ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады.

Шығармашылық-бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процес белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, біз оның “әрекет” ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1. Репродуктивті-іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

2. Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория “шығармашылық” ұғымының мәнін анықтауға көшеміз.

“Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару”, ”ойлап табу” дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “Шығармашылық-қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет”, -деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский “шығармашылық” деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны “даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары “шығармашылық” сөзімен “жаңалықпен” қатар “бастамалылық, белсенділік”, ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе мына төменлегідей қорытындыға келдік.

Шығармашылық-өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, кәзіргі ғылым жетістіктері қабілетінің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулурдің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер, әрі психолог А. Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударуды қажет етеді. А. Н. Лук әрекеттің нәтижесінің шығармашылық деңгейі көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

-Мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендік;

-Ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлау;

-Тасымалдай білу;

-Ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығы;

-Әрекетті бағалай білуді қарастырады.

Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.

Оқушылардың көрке-шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамытудың жолдары мен әдістері А. А. Мелик-Пашевтың, В. С. Шубинскидің, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.

Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В. Э. Чудновский, В. С. Юркевич, И. П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олар мен жұмыс түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстар береді.

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шыңармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде, шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, жолдарын, құралдарын белгілеу сияқты ортақ идеялардың бар екенін байқадық.

Сонымен, біз “шығармашылық қабілет” ұғымының соңғы уақыттарда көптеген зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасаймыз:

-Шығармашылықтағы қарама қайшылықтардың болуы,

-әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы,

-шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы,

-шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы,

-нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Бұдан шығар қорытынды:”Шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті”, -деген тұжырым жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық.

Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі Адандар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:

1. Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

А. Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:

1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

2. Күшті жұмылдыру қойылған мақсат.

3. Проблемадан уақытша кету. Инкубация.

4. Интуицияның оянуы. Инсайт.

5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.

Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырдық:

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.

3. Шешімнің жарқ етуі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылы елес орын алады. Белгісіз кезеңіндегі “бас қатырулар” табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптырса, еңбектің нәтижесі, баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.

Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптастырып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.

1. 2. Қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу” деп атап көрсетілген.

Адамзаттың мәдени өмір сүру дәрежесі көтерілген сайын тұтыну бұйымдарының сапасы, үйлесімділігі мен көркемдігіне қойылатын талаптар да күшейе түсуде. Олардың әрі сәнді, әрі қолайлы болуы адамдардың көңіл-күйін қуанышқа бөлеп, өмірге деген сүйіспеншілігін арттыра түспек. Қолөнер бұйымдарының қай-қайсысын да қазіргі заман тұрмыста тиімді қолдануға болады.

  • Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. “Халықтық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім-өрім қолдан әр алуан ыдыс-ақ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды”. ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулерді тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізенудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. Тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды, тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды. Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек.

Шығармашылық - қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын қазіргі заман үй ішін әсемдеуде талғаммен орналастыру, оларды тиімді таңдау немесе жаңасын жасау, оны көркемдеп тігу, сөйтіп, жасалған заттың құндылығын арттырып, бағасын көтеру, нәтижеде бұл оның бәсекедегі ұтымдылығын қамтамасыз етеді.

Бұған қол жеткізу - тігіншілік өнерінің негізі болған ісмерлік дағдылардың дамып, қалыптасуына байланысты. Осыған орай, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, тарихи-өнертану ғылымдары саласындағы әдебиеттерді зерттеу арқылы ісмерлік дағдылар жүйесін айқындауға қол жеткіздік. Ісмерлік дағдылар - материалдарды (мата, жіп т. б. ) үйлесімді және ұтымды орналастырып тігуді асқан шеберлікпен орындау үшін қажетті дағдылар жүйесі. Оқушылар сабақта және сабақтан тыс уақытта қолөнер бұйымдарының үлгілерін түрлендіріп жаңа туындылар жасап шықты. Бүл олардың шығармашылық іс-әрекетінің бір көрсеткіші болып табылады.

Ол шапшаң, көркем, ұтымды, үйлесімді, тиімді деген секілді іс-қимыл түрлерімен қатар ине шаншу тәсілдерінен тұратын технологиялық, матаға сай жіп таңдау, заттың моделіне сай ою, өрнек таңдау секілді компоненттерден де құралады. Осы компоненттердің болуынан заттың не бұйымның құндылығы арта түседі. Жалпы ісмерлік дағдыларды қалыптастыру мәселесін педагог, психолог ғалымдар практиктердің іс-қимылын зерттеу арқылы зерделеп, жүйелеп әдістемесін жасауға мүмкіндік береді (1-кесте) .

1 кесте

Ісмерлік дағдылар жүйесі

Зерде дағдылары
Сенсорлы дағдылар
Іс-қимыл дағдылары
Зерде дағдылары:

Талдау, жіктеу, топтау,
салыстырмалау, ұқсату,
сараптау, іріктеу, таңдап
алу, т. б. ойлау сипаты -
жылдам, баяу, шапшаң,
жай; логикалы, жүйелі
немесе байланыстыра
ойлау, қажеттісін

таңдап алу т. с. с

Сенсорлы дағдылар: Көру, түйсіну арқылы
қолөнер бұйымдарын
әзірлеуге қолданатын
жүн, былғары, тері, маталардың қасиеті, сапасы, түр-түсін, фактурасын т. б. анықтау; бұйымға қатысты тапсырманы тыңдап түсініп,
көрсеткен үлгілерді кө-
ңілге тоқу.
Іс-қимыл дағдылары: Ойдағыны затқа айналдыру: ой мен іс-қимылды байланыстырып орындау - бұл іс-қимылдың орындалу ретімен, жылдам орындауға біртіндеп дағдылану, ептілікке дағдылану - бұлар жаттығу, қимылды көп рет қайталау нәтижесінде автоматтандырылған қимылға айналуына алып келеді.

Дағды педагогиканың аса маңызды ұғымдарының бірі болып білім мазмұнының құрамдас бөлігі және ғылыми білім, іскерлікпен (білік) тығыз байланыста И. Ф. Харламов. Дағдыны психологтар зерделік, сенсорлы, қимыл дағдылары деп бөледі Г. П. Щедровицкий, С. Л. Рубинштейн, Е. В. Гурьянов, В. Д. Шадриков, А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин т. б. Оқыту теориясында дағдыны зерделік-талдау, топтастыру, жіктеу, жалпылау, дерексіз ойлау т. б; практикалық-құрастыру, жасау, еңбек дағдылары; арнайы немесе заттық картамен жұмыс, приборлар, материалдар т. б. қолдану; жалпы оқу-кітаппен жұмыс, жоспар түзу, жылдам жазу, жылдам оқу, өзін бақылау т. б болып бөлінеді, дейді Ю. К. Бабанский.

Педагог, психолог ғалымдардың дағдыға байланысты зерттеулерін ескере отырып, тігіншілік дағдыларының ерекшеліктерін зерделей келе, тігін бұйымдарында қолданатын ісмерлік дағдылар жүйесін зерделік дағдылар, сенсорлы дағдылар, қимыл-әрекет дағдылары деп, оның компоненттерін анықтадық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеу
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету
Оқыту әдістер тобы әдістер
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Қайың қабығы, қабығы
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz