Әкімшілік жауапкершілік жайында


Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік заңды бұзғандығы үшін белгіленетін жауаптылықтың түрі. Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік қатынастарды реттейтін құқық ережелерін бұзған адамдар тартылады. Мұндай жауаптылыққа азаматтар 16 жасқа толғаннан кейін ғана тартылады. Дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтарының заң бұзуға байланысты мәселесі дипломатиялық жолмен шешіледі. Заңды жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады, Мұнда заңды жауапкершіліктің барлық түрлері қамтылған. Мәселен құқық нормаларының негізі бойынша мемлекеттік мәжбүрлеу құқықтық нормаларының бұзылуы. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқықты бұзғандар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз-бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына белгілі басқару тәртібіне қол сұғуға бағытталған кінәлі/қасақана немесе абайсызда жасалған/ әрекет немесе әрекетсіздік. /егер рл үшін заңда әкімшілік жауаптылық белгілері болса/. Әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік тәртіпсіздік мағынасы бір-біріне ұқсас ұйымдар. Әкімшілік тәртіпсіздік заңды бұзған іс-әрекет. Егер азаматтардың іс-әрекеті әкімшілік жауапкершіліктің ешқандай нормалырына сәйкес келмесе онда әкімшілік жазалануға жатпайды. Әкімшілік тәртіпсіздік анықталуы үшін нақтылай факт болуы керек.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілеріне мыналар жатады: 1. Қарама-қайшылық
2. Кінә.
З. Жалпылық.
4. Әкімшілік жолмен жазалау.
5. Қоғамға қауіптілік.
Қарама-қайшылық құқық нормаларын бұзатын іс-әрекеттерді жасағанда көрінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық тек қана әкімшілік нормаларды ғана емес, басқа кұқық салалары нормаларын да бұзады. Әкімшілік нормалармен реттеліп бекітілген қоғамдық қатынастар сферасы әкімшілік жауапкершілік сферасымен сәйкес келмейді.
Кінә дегеніміз, адам өзінің заң бұзу әрекетін немесе әрекетсіздігін психологиялық, тұрғыдан сезінуі. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық, түрінде жасалуы мүмкін. Әкімшілік қүқық бұзушылықта кінәнің болуы міндетті белгіленеді. Заңды біле түра бұзу және оның келтіретін зиянды салдары болжау қасақаналық болып саналады, ал абайсыздық түрде заңды бұзғанда адам заңды бұзғанын сезбейді және оның нақты жағдайларда осыны ескере отырып, ол мұны сезеді, де болжайда алуы керек. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардын екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайда келтірген зияннның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі. Әкімшілік жаза берілуі, әкімшілік құқық бұзушылық болуы үшін заңда бекітілген әкімшілік жауапкершілік мөлшері болуы тиіс. Қоғамдық қауіпттілік дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылықтын нәтижесінде қоғамға келтірілген залал мөлшері. Өйткені кейбір жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық қылмыс түрі деп те саналады. Бұл әрине қоғамға қаншалықты келтірген залал мөлшеріне байланысты болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы төрт элементтен тұрады:
1. Құқық бұзушылық субектісі; 2. Құқық бұзушылық обектісі; 3. Құқық бұзушылық субъективтік жағы; 4. Құқық бұзушылық объективтік жағы;
Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі-әкімшілік қабілетілігі бар адамдар болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке істеген әрекетеріне орай 16 жасқа толған азаматтар тартылады. Ал, құқық бұзушылық - объектісі заңмен қорғалатын қатынастар болып табылады. Обектілер бірнеше топтарға бөлінеді. Жалпылама объектілер әртүрлі құқық салалармен ретелетін және әкімшілік жауапкершілік шаралармен қорғалатын объекті. Әкімшілік құқық бұзушылық басқару белгіленген тәртіпке қарсы бағытталады. Мемлекеттік және жеке меншік, адамдардың құқығы мен бостандықтары заңмен қорғалатын құқық бұзушлылықтың объектісі болып табылады. Субъективті жағы - бұл субектілердің өз іс әрекеттеріне психикалық қатынастары, былайша айтқанда бұл әкімшілік тәртіпсіздік кінәсі. Адам саналы түрде әдейі өзінің іс-әрекетімен заңды бұзады, өз іс - әрекетінің артында болатын зардабын да біле тұра жағымсыз қылықтарға барады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын әрекеттілік немесе әрекетсіздік арқылы қоғамға қауіпті нәтиже, әрекет немесе әрекетсіздік пен қауіпті зардаптың тууына себепті байланыс. Әкімшілік құқық бұзушылық жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтың төрт құрамы түгел болған да ғана туындайды. Әкімшілік жауапкершілік-әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазалау, оның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Әкімшілік шара.
Әкімшілік құқық нормалары әкімшілік қатынастардығы қандай да бір әрекеттер мен әрекетсіздіктерге тиым салады. Сонымен қатар санкция қолданады. Осы арқылы құқық сақтандыруын қамтамасыз етеді. Ал егер ол бұзылған жағдайда кінәліге берілген жаза түрін қолданады. Әкімшілік шара дегеніміз - әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін лауазымды тұлғалар мен өкілетті органдарға қолдану үшін заңдылықтарды негізге алатын мемлекет органдары қолданатын жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыкқа 16 жасқа толған азаматтар тартылады. Яғни 16 мен 18 жасқа дейін құқық бұзғандарды жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялары қарап занда белгіленген шараларды қолданады. Ал занда көрсетілген жағдайларда жасы толмаған әкімшішк құқық бұзған балалар жауаптылықка жалпы негізде тартылуы мүмкін. Лауазымды адамдарға басқару тәртібін бұзған, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптін, табиғатты, халықтың денсаулығын сақтау саласында белгіленген ережелерді және өз қызмет бабы бойынша орындалатын басқа да ережелерді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да ҚР азаматтарымен бірдей жалпы негізде әкімшілік шара қолданылады.
Әкімшілік жауапталықка тартылатын адам істің материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдер келтіруге, өтініш білдіруге, істің қаралуы кезінде адвокаттың заң туралы көмегін пайдалануға, егер іс жүргізілетін тілді білмейтін болса ана тілінде сөйлеуге және тілмаштың қызметін пайдалануға, іс бойынша қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жауапқа тартылатын адамның қатысуымен қаралады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарланған болса және егер одан істің қаралуын кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда іс ол адам жоқ кезде де қаралуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін мынадай әкімшілік шаралар қолданылады: ескерту, айып салу, әкімшілік құқықты бұзудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты құқық, бұзушыдан оның ақысын төлеп алу немесе тәркілеу, белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру, еңбекпен түзеу жұмыстары, әкімшілік жолмен қамауға алу және т. б.
Әкімшілік жолмен ұстау - тікелей өзін тексеру, заттарды тексеріп қарау және заттар мен құжаттарды алып қою. Республика заңдарында тікелей көрсетілген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық, басталған ретте хаттама жасалады. Әкімшілік құқық бұзушылық, туралы істер жөніндегі қаулыларды орындау мақсатында адамды әкімшілік жолмен ұстауға, оның өз басын заттарын тексеріп қарауға және заттарымен құжаттарын алып қоюға жол беріледі.
Әкімшілік құқықты бұзған адамды әкімшілік жолмен тек заң өкілеттік берген органдар /лауазымды адамдар/ ұстай алады. Ондай ұстау үш сағаттан аспауы тиіс. Әкімшілік жолмен ұстау мерзімі құқық бұзушы хаттама жасау үшін әкелінген кезден бастап, ал мас күйінде әкелінген адамды ұстау мерзімі онын айыққан кезінен басталады. Әкімшілік жолмен қамауға алу әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін тек ерекше занда көрсетілген жағдайда ғана он бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленіп қолданылады. Әкімшілік жолмен қамауға алуды аудандық немесе қалалық халық соты тағайындайды. Әкімшілік жолмен қамауға алу аяғы ауыр әйелдерге, он сегізге толмаған жастарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды. Тәркілеу-әкімшілік құқық бұзушылық қылмыс үшін қолданылатын жаза, ол кінәлі адамның өз меншігі болып табылатын мүлкінің бәрін толықтай және бір бөлігін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу. Белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан, тасымал құралдарын жүргізу құқығынан, аң аулау құқығынан айыру бұл құқықты пайдалану тәртібін өрескел түрде немесе үнемі бұзғаны үшіл үш жылға дейінгі мерзімге қолданылады. Тасымал құралын мас күйінде жүргізуден басқа жағдайда бұл құралдарды пайдаланатын мүгедек адамдарға ол құралдарды жүргізу құқығынан айыру шарасы қолданылмайды. Күнелту негізі аңшылық болып табылатын адамдарға аң аулау құқығанан айыру шарасы қолданылмайды. Ұсақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде ескерту шарасы қолданылады. Кінөлі адамға өзінің іс әрекетін құқыққа қарсы болғандығы айтылып, түсіндіріліп ондай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға міндетті екендігін ескертеді. Айып салу - бұл мүліктік көріністегі шара. Келтірілген зиянның мөлшеріне қарай айлық табысын есепке ала отырып белгілі мөлшерде төлетеді. Ал тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу шарасы мұның мәнісі тәртіпсіздік істеген құралды мәжбүр ету жолымен алу. Еңбекпен түзеу жұмыстары кінәлі адамның тұрақты жұмыс орында шағын мерзімінен беріледі. Әкімшілік тұрғыда тұтқындау бұл соттың қаулысы бойынша қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz