Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы. Жұмыссыздық



1 Елбасы жолдауы
2 Оңтүстік Қазақстан облысының
2011 жылдың қаңтар.қазан айларының
әлеуметтік.экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
3 Жұмыссыздықпен күрестің әлемдік әдістері
4 Жұмыспен қамтудың әлемдік ағымдары
5 Жұмыссыздық түрлері
6 Кедейшілік . жұмыссыздықтың негізгі көзі
7 Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту бағыттары
«Елбасы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, оның ішінде жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды басымдықты міндеттердің қатарына жатқызып келеді.
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таңғалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. «Қазақстан – 2030» стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.
Алдағы онжылдықтың басты мақсаттарының бірі – еліміздің барлық азаматтарының өмір деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалу деңгейін жақсарту болып табылады. 2020 жылға дейін халық санының 10 пайызға артуына мемлекет барлық тиісті жағдайды жасауға барынша күш салатын болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдылығы – халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Сондықтан да 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайтын, табысы күнкөріс деңгейінен төмендердің үлесі 8 пайыздан аспайтын нәтижеге қол жеткізуді мақсат қойып отырмыз. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, оның сапасы еліміздің өмір деңгейі мен стандарттарына сай болуы керек. 2015 жылы базалық зейнетақы көлемі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына жетуі тиіс, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе ұлғаюы тиіс.
1. http://turakimat.kz
2. http://alash.ucoz.org
3. ЖАС АЛАШ - zhasalash.kz
4. http://www.azattyq.org
5. http://www.edu.gov.kz
6. http://www.freepapers.ru
7. http://www.egemen.kz
8. http://www.egemen.kz/303337.html
9. http://www.bnews.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Елбасы жолдауы
Елбасы   халықтың  әлеуметтік  жағдайын жақсартуды,  оның ішінде
жұмыссыздарды  жұмыспен қамтуды   басымдықты міндеттердің  қатарына 
жатқызып     келеді.  
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді.
Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла
қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін
дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға
соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де
экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары
деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын
білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз
сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына
түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті
артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышартына
айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет
басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің
бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық
қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен
таңғалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи
оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын
болады деп сенемін.
Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық
өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Қазақстан – 2030
стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны
тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам
жасау.
Алдағы онжылдықтың басты мақсаттарының бірі – еліміздің барлық
азаматтарының өмір деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалу
деңгейін жақсарту болып табылады. 2020 жылға дейін халық санының 10 пайызға
артуына мемлекет барлық тиісті жағдайды жасауға барынша күш салатын болады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдылығы – халықты жұмыспен
қамтамасыз ету. Сондықтан да 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан
аспайтын, табысы күнкөріс деңгейінен төмендердің үлесі 8 пайыздан аспайтын
нәтижеге қол жеткізуді мақсат қойып отырмыз. Әлеуметтік қызметтер тек
мұқтаж адамдарға көрсетіліп, оның сапасы еліміздің өмір деңгейі мен
стандарттарына сай болуы керек. 2015 жылы базалық зейнетақы көлемі күнкөріс
деңгейінің 60 пайызына жетуі тиіс, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе ұлғаюы тиіс.
Меніңше, былтырғы жылы экономиканың алға ілгерілеуі стипендия мен
бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын жоспарлағаннан 3 ай бұрын, яғни 2010
жылдың 1 сәуірінен бастап 25 пайыз арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін дағдарысқа байланысты еңбекақы мен стипендия биылғы жылдың
1 шілдесінен бастап өсіріледі деп хабарланған болатын.
Біз өз әрекетімізді жүйелі түрде атқарып келеміз. Былтыр зейнетақы,
стипендия мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өсті.
Жәрдемақылар көлемі 9 пайызға арттырылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында, ресми мәлімет бойынша, қазір облыстағы
77 мың жұмыссыз адамның 35 пайызы жастар. Жыл сайын оқу орындарын
тәмамдаған түлектердің жартысына жуығы жұмыссыз қалады екен.
Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбекпен қамту департаменті мамандарының
айтуынша, жұмыспен қамтитын арнайы үйлестіру кеңесі жұмыс беруші
кәсіпорындар мен жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары арасында тығыз
қарым-қатынас орнату үшін құрылған. Қазірдің өзінде оқушылар, студенттер
және жалпы жастарды еңбек орындары жөнінде ақпараттандыру жұмыстары
жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 5 жарым миллион теңге бөлінген
екен.
Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысындағы
77 мың жұмыссыз адамның 35 пайызы жастар. Оның сыртында, еңбекпен қамту
департаментінде тіркелмеген жастар бар дейді мамандар. Шымкент қаласының
тұрғыны,жоғары оқу орнында философия мамандығы бойынша 5 курсте оқып жатқан
студент Ыбырай Қасеновтың айтуынша, бұл мәселені реттемесе жағдай ушығып
кетуі мүмкін:
- Қандай да бір мамандыққа деген сұраныс бұрын зерттелетін. Ал
қазір бәрі ақша боп кетті. Ақшаң болса - қызметті де, оқуды да,
дипломды да сатып аласың. Сондықтан, жұмыссыз жастар көбейді.
Ертең бұдан да көбейеді. Өйткені, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты дұрыс емес. Кейді көңілден шығатын бір жобалар
жасалады, бірақ, ол үлкен мұхиттағы кішкентай қайық сияқты.
-

Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің бастығы Ерғали
Сарманов, жастар арасындағы жұмыссыздықтың басты себебі -
мамандықты дұрыс таңдамауда жатыр дейді. Мысалы, осы облыстағы
білі ордасын тәмамдаған 18 мың түлектің 4 мыңы мұғалімдер екен.
Ал, облыс мектептерінде олар үшін не бәрі 200-ге жуық жұмыс
орны ескерілген. Е.Сарманов мырзаның айтуынша, облыста жастарды
жұмыспен қамту мақсатында құрылған арнайы үйлестіру кеңесінің
бірінші отырысында жергілікті кәсіпкерлерден бірқатар сұраныс
түсіпті:

- Ол жерде кәсіпкерлер сөйледі. Олар өздеріне технологтар
жетпейтінін, екі мың техник мамандарына мұқтаж екенін айтты, ал
бізде ондай мамандар саны 500 адам.

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі оқу орны - мемлекеттік
университет ректорының орынбасары Шәріпжан Ескендіровтың
айтуынша, жұмыс берушілердің өздері мамандарға жұмыс бергісі
келмейді:
- Бізде мектептер 41 мың түлек шығарады. Қазақстан бойынша ең
көп сан. Ал, бірақ мұғалімдердің 36 пайызының жоғары білімі
жоқ. Солардың орнына неге жастарды алмайды?

Оңтүстік Қазақстан облысының білім департаментінің бастығы
Ерғали Сармановтың айтуынша, оқу орындары бірнеше жыл бойы
Қазақстандағы еңбек базарын зерттемей, мамандық беріп келеді.
Соның кесірінен қазір облыста экономист, заңгер және мұғалім
мамандығын алған жастар көбейген. Бірақ, оларға жұмыс орындарын
табу қиынға соғып тұр.
- Жыл сайын оқу орындарын тәмамдаған түлектердің жартысына жуығы
жұмыссыз, - дейді Ерғали Сарманов.
- Шымкент қаласындағы ең ірі жұмыс беруші Южполиметалл
кәсіпорнының кадр басқармасының бастығы Фатиха Боранбаеваның
айтуынша, қазір кезде компанияға металлург-инженерлер,
энергетиктер, механиктер және құрылысшылар қажет екен. Бірақ,
мұндай мамандық алған жастар саны аз дейді кадр басқармасының
бастығы.
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік университет
ректорының орынбасары Шәріпжан Ескендіров болса, қазірде жұмыс
берушілердің өздері мамандарға тәжірибе бергісі келмейді деп
отыр:
- - Бізде биыл бітіретін 4800 адам, жалпы оқып жатқан 24 мың
студент бар. Қазақстандағы ең үлкен оқу орнының біріміз. Ал,
Южполиметалл біздің студенттерді тәжірибеден өткізгені үшін
ақша сұрайды. Сондықтан, біз оларға маман дайындамаймыз дедік.
- Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы облыста өткізілген еңбек
жәрмеңкелеріне келген 1700 адамның ішінен тек 600 адам
сұрыптаудан өткен екен. Ал, оқу орындарын тәмамдаған
түлектердің қатарындағы мыңнан астам жас азаматтардың білімі
жұмыс берушілердің көңілінен шықпай қалды дейді мамандар.

Оңтүстік Қазақстан облысының  
2011 жылдың қаңтар-қазан айларының 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы

Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-қазанында облыста 293,4 млрд. теңгеге
өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2010 жылдың тиісті кезеңінің
деңгейіне – 101,9% құрады. 
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 22,3% үлесін құрайтын
тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 5,2% артып, 65,6 млрд.
теңгені құрады. 
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 68,1%) өнімінің нақты көлем индексі – 97,3%,
немесе өнім көлемі 199,8 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс материалдарының өндірісі
Аса маңызды өнімдердің ішінде бензин өндіру – 3,2% (878,2 мың тонна),
мазут өндіру – 8,6% (өндірілгені 858 мың тонна), цемент – 23,8% (1238,9 мың
тонна), әк – 1,8 есе (83 мың тонна),  бетон  – 14,3%  (534,7 мың тонна) 
артқан. 
Сонымен қатар, мақта талшығы – 28,3% (41,9 мың тонна), мақта     
иірімжібі – 67,7% (2799 тонна)  кеміген. 
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 24,2 млрд.
теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,4% құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын
бақылауда 3,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес
кезеңіне 112,4% құрады.  
Ауыл шаруашылығы. 2011 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының
жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 187,2 млрд. теңгені құрады, бұл
өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5% – ға артық, оның ішінде
мал шаруашылығы – 80,9 млрд. теңге (104,6%), өсімдік шаруашылығы – 105,5
млрд. теңге (109,8%).
Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы көлемі

 
Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 135,4 мың тонна - мал және
құс етін (тірі салмақта), немесе 2010 жылдың  тиісті кезеңіне – 105,6%, сүт
– 567,7 мың тонна, немесе 104,2%, жұмыртқа – 225,6 млн. дана, немесе 97,2%
өндірді. 
2011 жылдың 1 қарашасында облыстағы шаруашылықтардың барлық
санаттарындағы ірі қара мал саны – 890,8 мың басты, немесе өткен жылдың
сәйкес кезеңіне – 105,3%, қой – 3663,2 мың бас, немесе 104,3%, ешкі – 414,6
мың бас, немесе 95,7%, жылқы – 184,1 мың бас, немесе 111,8%, түйе – 20,3
мың бас, немесе 117,0%, шошқа – 45,3 мың бас, немесе 113,9%, құс саны –
2503 мың бас, немесе 102,9% құрады.
Көлік және байланыс. 2011 жылдың қаңтар-қазанында жедел деректер
бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 81 млн.
тонна жүк және 1416,9 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың
тиісті кезеңіне – тиісінше, 138,1% және 134,4% құрады.
Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 2,2 есеге, жолаушылар тасымалдау – 35,8%-ға
артып, 1400 тонна жүк және 750,8 мың жолаушы тасымалданды.
2011 жылдың қаңтар-қазанында байланыс кәсіпорындары 6802,2 млн. теңгеге
қызмет көрсеткен, немесе 2010 жылдың  тиісті кезеңіне – 106,8% құрады.
Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 70,1% құрады.
Табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысына (38,0%),
халықаралық және қалааралық телефон байланысына (25,4%), интернет – 26,1%
тиесілі.
Шағын кәсіпкерлік.  2011 жылдың 1 қарашасына облыс
рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
саны                 115 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 93,6% құрады.
2011 жылдың қаңтар-қазанында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 391,6 млрд. теңгені (101,2%),
жұмыспен қамтылғандар саны 311,8 мың адамды құрады (98,5%).
Инвестиция саласы. 2011 жылдың қаңтар-қазанында облыс экономикасын
дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 197,7 млрд. теңге инвестиция
бағытталды, немесе 2010 жылдың  тиісті кезеңіне – 96,0% құрады.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың 
пайдалану бағыттары бойынша

Халықты әлеуметтік қорғау. 2011 жылдың басында аз қамтамасыз етілген
азаматтардың саны 25288 адамды, немесе облыс халқының – 1,0% құрады. 2011
жылдың 1 қарашасына  олардың саны 38,9 % төмендеп, 15461 адамды құрады. 
2011 жылдың 1 қарашасына 25,6 мың азаматқа 189,7 млн. теңгеге атаулы
әлеуметтік көмек көрсетілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 13,9 мың адамға  және 64,2 млн. теңгеге кем. 
18 жасқа дейінгі 213,8 мың балаға 2378,6 млн. теңге жәрдемақы төленді. Ол
өткен жылдың тиісті кезеңінен 13099 адамға кем және          25,6 млн.
теңгеге артық. 
Тұрғын үй көмегі 5756 отбасыға 83,8 млн. теңге тағайындалып, төленді.
Ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 4923 отбасыға және 49,3 млн. теңгеге кем.
Демография. 2011 жылдың 1 қазанына облыс халқының саны 2609,8 мың
адамды құрады, (2010 жылдың сол айына  – 2554,2 мың адам) оның 1021,3 мыңы
қала халқы (39,1%), 1588,5 мыңы – ауыл халқы (60,9%). 
Жұмыспен қамту. 2011 жылдың 3 тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан
белсенді халық саны 1227,8 мың адамды, жұмыссыздар – 69,4 мың адамды, жалпы
жұмыссыздық деңгейі 5,7% құрады.  
2011 жылдың 1 қарашасына жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 38,1
мың жұмыссыздың – 31 мыңы, немесе 81,4% жұмыспен қамту органдары арқылы
жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 10008 ресми тіркелген
жұмыссыздар тартылды.    
Халықтың табысы. Еңбек ақы. 2011 жылдың қыркүйегінде облыс халқының
орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 28577 теңгені
құрап, 2010 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 16,4%-ға артты, нақты ақшалай
табысы 7,7%-ға өсті.
Шымкенте 14 желтоқсан күні Жастарды жұмысқа орналастыруда білім мен
мәдениеттің маңызы деп аталатын дөңгелек үстел жиыны болады.
Оны Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Қазақстанның жастар
ақпараттық қызметі қоғамдық қоры Бота қоғамдық қорының  қолдауымен
ұйымдастырып отыр. Өйткені әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс
дәуірінде жұмысқа орналасу Оңтүстік Қазақстан облысында жас мамандар мен
жоғары оқу орындары бітушілері арасында көкейкесті мәселелердің бірі болып
отыр. Оған еңбек нарығының ұсынысы  мен  дәстүрлі академиялық білім беру
ұсынысы арасындағы алшақтық өз ықпалын тигізуде. Сол себепті бұл шараның
мақсаты - оқушылар арасында жоғары білім беру мен кәсіптік бағдарды
талқылау. Сондай-ақ жұмыс берушілердің бітірушілер мен жұмыссыз жастарға
қоятын талабы мен мүдделі тараптардың өзара әркеттестік жолы арқылы
ұсынымдар жасау. Оған мемлекеттік құрылымдардың, жеке сектор мен жастар
қоғамдық ұйымдарының жетекшілері қатыспақ.
Үкіметте ОҚО-дағы Жұмыспен қамту бағдарламасы -2020 іске асыру
мәселелері бойынша ВАК отырысы өтті
Бүгін, 20 шілдеде, Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оітүстік
Қазақстан облысындағы Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020 іске асыру
мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді.  Сондай-ақ,
отырыс барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.
ОҚО-дағы жұмыспен қамту мәселелері бойынша комиссия отырысын
өткіздім, - деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасында.
Отырыста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың
облыстағы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндамасы
тыңдалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыз және халықтың аз қамтылған
бөлігін жұмысқа орналастыру және оқытуға қатысты Мемлекеттік бағдарламаның
негізгі бағыттары, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және еңбек ресурстарының
мобилділігін арттыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, ВАК отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-
экономикалық дамыту, соның ішінде көлік инфрақұрылымының құрылысы, білім
нысандары, Шымкент қаласы инженерлік-коммуникациялық құрылымын дамыту
бойынша жобаларды іске асыру  мәселелері қаралды.
Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Премьер-
Министр Кәрім Мәсімов өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Еске салайық, ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы
тапсырмасы бойынша әзірленген Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске
асыруға кірісті.
Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту бағдарламаның мақсаты тұрақты,
өнімді жұмыспен қамту жолымен халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Бағдарлама үш бағыттан тұрады. Біріншісі - халықты оқыту жолымен ары
қарайғы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету. Екіншісі –
кәсіпкерлікті ауылда дамыту.  Үшінші бағыт – еңбек ресурстарының
мобилділігін арттыру.
 2015 жылға қарай Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасымен
1,5 млн қазақстандықтарды жұмыспен қамту күтілуде. Әлеуметтік қорғаудың
мемлекеттік шаралары Қазақстанда кедейлікті 8,2-ден 6% дейін төмендетуге
мүмкіндік береді, жұмыссыздық деңгейі  5,5% пайыздан аспайтын болады.
Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға пилоттық тәртіпте республикалық
бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінеді.
Бүкіл әлемнің ең өткір проблемаларынан біріне айналып отырған
жұмыссыздықпен күрес мәселесі әлемнің әр шалғайындағы саясаткерлерді,
ғалымдарды, адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілдерін қатты толғандыруда.
Қазіргі күні жаһандық проблемаға айналып отырған бұл дертпен ұйымдасып
күресу мақсатында бірқатар халықаралық ұйымдар жұмыс істеп келеді. Солардың
алдыңғы қатарында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бар. БҰҰ-ның осы саладағы
маманданған мекемесі болып табылатын бұл ұйым 1919 жылы Версаль шарты
негізінде құрылған болатын. 1946 жылдан бастап ол БҰҰ аясында ресми
мәртебеге ие болды. Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс уақытын регламенттеу,
жұмыс күшін іріктеуді регламенттеу, жұмыссыздықпен күрес, өндірістегі
қайғылы оқиғалармен, кәсіптік аурулармен күрес, еңбек қатынастарында
балалардың, жасөспірімдердің және әйелдердің құқықтарын қорғау, кәсіптік-
техникалық білімді ұйымдастыру секілді мәселелермен шұғылданады.
Міне, осы әлем бойынша еңбекпен қамту, жұмыссыздықпен күрес
мәселелерімен шұғылданатын халықаралық ең беделді ұйым 2010 жылғы өзінің
қорытынды есебінде аталған проблеманың барған сайын белең ала түскендігін
атап көрсеткен.
ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың
зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда
жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.
ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды
проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3
миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.
Сонымен қатар, халықаралық еңбек ұйымы 2007-2010 жылдар аралығында
халықтың жұмыссыздық деңгейі әсіресе, дамыған елдерде өсе түскендігін
мәлімдей келе, жұмыссыздықпен күрес мәселесінде Бразилия, Қазақстан,
Тайланд секілді елдер жақсы жетістіктерге жетіп келе жатқандығын атап
көрсеткен.
Сөйтіп, қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша алғанда Қазақстан өз
ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой
көрсетіп отыр. Бұл әрине, үлкен жақсылық. Елбасының еліміздегі халықтың
әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен
күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала
бастағандығының бір көрінісі.
Оның үстіне үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстанда Жұмыспен
қамту- 2020 бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты
тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен
табысын арттыру болып табылады. Бұл бағдарлама үстіміздегі жылдың 1
шілдесінен бастап жүзеге асырыла бастайды.
Бағдарламаның қандай бағыттар бойынша жүргізілетіндігі, қалай іске
асырылатындығы туралы осыдан бір-екі апта бұрын ғана газетіміздегі
Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы деген мақаламызда кең көлемде жазған
болатынбыз. Сондықтан онда жазылған жәйттерді қайталап жатпас үшін біз бұл
жолы мақаламыздың басында айтылғандай, жұмыспен қамту, жұмыссыздықпен күрес
мәселелерінің әлемдік ағымдарына тоқталмақпыз. Осы ағымдармен сәйкес
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шараларды салыстыра көрсетпекпіз.
Жұмыссыздықпен күрестің әлемдік әдістері
Әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі
модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті
азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың
қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен
ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары
азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал
скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы
қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс
күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік
қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін
арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай
жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның
қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік
ерекшеліктері аз емес.
Жұмыспен қамтудың әлемдік ағымдары
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық құрылыс кезінде әлем халқы
түгелге жуық ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткендігі белгілі. Капитализм
өнеркәсіптің жандануына үлкен ықпал етті. Соның нәтижесінде бұрын ауыл
шаруашылығымен шұғылданып келгендердің басым көпшілігі бірте-бірте
фабрикалар мен зауыттарда жұмыс істеуге ауысты. Бұл қалалар құрылысын
дамытты. Сөйтіп, қазіргі күні дамыған елдерде халықтың басым көпшілігі
қалаларда өмір сүретін болды.
Өнеркәсіптік өндірістегі еңбекті автоматтандыру ісінің дамуына
байланысты енді зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін адамдардың орнын
түрлі автоматты құрал-жабдықтар баса бастады. Сөйтіп, капитализмнің қазіргі
соңғы сатыларында жұмыс күштерінің қызмет көрсету салаларына қарай
ойысқандығы анық сезіліп отыр. Қазіргі күні өнеркәсіптік дамыған елдерде
халықтың 60 пайызы қызмет көрсету салаларында еңбек етуде. Ал өнеркәсіптік
кәсіпорындардан біліктілік қабілеті төмен адамдар барған сайын ығыстырылып
шығарылу үстінде.
Осы жағдай ендігі кезекте жұмыс күштерінің бәсекелестік қабілетін
барынша арттыра түсуді қажет ете бастады. Кімнің білімі жоғары, жұмысқа
біліктілігі артық болса, сол адам ғана өз өміріне лайық тиянақты және
тұрақты жұмыс орнында еңбек ете алатын болады. Егер 90-шы жылдардың басында
бастауыш білімі ғана бар адамдардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 10,9
пайызды құраса, орта білімге толықтай қол жеткізе алмағандардың арасында ол
8,4 пайызды, толық орта білімділердің арасында 5,7 пайызды, ал жоғары
білімділер арасында 3,9 пайызды құраған. Демек, қазіргі күні кімнің білімі
төмен – сол адам жұмыссыздық жағдайына жиі түсетін болады.
Біздің Қазақстанда жұмыспен қамтудың осы жаңа ағымдық құбылыстары
алдын-ала ескеріліп отыр деп айта аламыз. Елбасымыз жастардың ортасында
болған кезде әр адам өз кәсібінің шыңына шығу үшін ол ең алдымен білімді
болуы керек деген сөзді жиі айтады. Осы қағида біздің мемлекетіміздің
білім саласындағы саясатының басты өзегін құрайды. Мұны орта білім
жүйесінің 12 жылдық оқытуға қарай бағытталып келе жатқандығынан, елімізде
интеллектуалдық мектептер жүйесінің құрылуынан, Болашақ бағдарламасының
әзірленіп, ел жастарының шетелдің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен
тегін оқытылуынан анық  байқауға болады.
Жұмыссыздық түрлері
Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша, дәл сол сәтінде жұмысы
жоқ, бірақ оны белсенді түрде іздестіріп жүрген, еңбек биржасында ресми
тіркеуден өткен адам жұмыссыз деп есептеледі. Әрине, көптеген елдерде
жұмысы жоқ адамдардың барлығы бірдей ресми тіркеуден өте бермейтіндігі
белгілі. Мұны жасырын жұмыссыздық деп атайды. Мұндай елдер халықаралық
еңбек ұйымының талаптарына толық жауап бере алмағандықтан, көп жағдайда
оның қорытынды есептерінен тысқары қалып жатады.
Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық сарапшылар жұмыссыздықтың
өзін бірнеше түрге бөледі. Олар фрикциялық, құрылымдық, циклдік, маусымдық
және ерікті жұмыссыздық деп аталады. Осылардың ішінде біздің елімізге
қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-экономикалық географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік – эконмикалық дамуының орны мен ролі
Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Шағын қалалардың әлеуемттік - экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
Пәндер