Сезімдер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Сезімдер өздерінің мазмұны және мәні жағынан әртүрлі және сан қырлы болады.

Психологияда сезімді - моральдық (адамгершілік), интелектуальды (танымдық) эстетикалық сезімдер болып бөлінеді.

Моральдық сезімдер. Моральдық сезімдер дегеніміз - жеке адамның адамдардың өзінің мінез құлқын деген эмоциялық қатынасы. Өршіл сезімдер арасынан моральдық сезім ерекше орын алады.

Интелектуальды сезімдер. Ақыл ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді интелектуалды сезім деп атайды.

Эстетикалық сезімдер - адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы барысында туады және сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне тамашалап, қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді.

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан - алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т. б. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену - мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатыннас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін тоғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандайда себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға » келіп оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым - қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. 18-19 ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалды, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім - елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тітілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көп жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет - қылыққа себепші болады.

Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклективті, яғни әртүрлі психологиялық қарама- қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен

Адамның сезімі мен ерік күші.

Күнделікті тұрмыс-тіршілікте адамдардың сан алуан жағдайларға тап болуы, оған әр түрлі әсерленуі, соған сәйкес сөзімен, іс-қимылымен жауап беруі немесе, бас салып қайғы-мұңға батуы, еш әрекетсіз, дәрменсіз күй кешуі мүмкін.

Мұның бәрі ең алдымен, адамның қаншалықты сезімтал, ерік күші қаншалықты мықты, әлсіз, соған тығыз байланысты. Және де кімнің ой-өрісі, таным-түсінігі қандай дәрежеде, ол адамның әсерленуі мен соған орай іс-әрекет жасауында айрықша орынға ие. Біз бұл мәселенің мән-маңызын тереңірек түсіну үшін, ең әуелі, сезім, ерік күші дегеніміз не, олардың қандай түрлері болады, адамның сезімі мен ерік күші өз өмірінде
қандай роль атқарады, олар қандай құндылықтар ретінде бағаланады.

Сезім мен эмоция

Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстарды сезім деп атайды. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте ақыл-парасат иесінің бойында кездесетін сезімдер әрқилы. Олардың ең бастылары: торығу мен жайдарылану, ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахаттану, сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен тамсану және т. б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті құштарлыққа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты сезімге де ұласуы ғажап емес.

Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айырмашылықтары бар. Психолог Қ. Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі орга-никалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.

Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі».

Адамның сезім мүшелері Тіршілік иелері - адамдар мен жан-жануарлардың ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны мидың сезімтал орталықтарына жеткізетін талдағыштардың шеткі бөлімі бар. Мұны - рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар - қоршаған ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы. Интерорецепторлар - ішкі органдарда, қан және лимфа тамырларындағы қабырғаларда орналасқан, осы органдардағы тітіркеністерді қабылдаушы. Олар: ішкі органдардағы барорецепторлар мен олардың кілегейлі қабықтарындағы бос сезімтал рецепторлар, тамырлар қабырғаларындағы аншорецепторлар, тірекқимыл аппараты органдарындағы, проприорецепторлар. Тірек-қимыл аппараты дегеніміз - сүйек бұлшық ет, буын.

Бір мәселедегі сезімдер қайшылығы

Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгеріс-тер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында болғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес.

Адам бойындағы ең биік сезім

Ол жөнінде әркімнің өзіндік ой-пікірі, түсінігі болады. Біздің және бірқатар мамандардың дүниетанымы бойынша, адамның жоғары сезімдері көп. Солардың ішінде әркімнің күнделікті тыныс-тіршілігінде айрықша орын алатыны және ең бастысы - парыз сезімі. Бұл - адамның өз Отанының, халқының, ата-анасының, отбасының, туған-туыстарының, еңбек ұжымының, қоғамының, дінінің, өзіндей адамдардың алдындағы парызы. Адамдар оны қалай түсінеді, оған сөзімен, ісімен қалай жауап береді, оның бәрі өзінің де, өзгенің да алдында көрініп тұратын өлшем. Парыз сезімі терең дамыған адамда оны орындау, өтеу ауырлық әкелмейді, қайта бақытқа бөлейді, оған зор сый-құрмет сыйлайды.

Сезім арқылы адамды танып, білу

Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене сезінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақтылығы; сезімнің әсерлігі.

Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерленіп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруынан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған байланысты.

Адамның эмоциялық өмірін талдап, таразылағанда оның өмірінде ең үлкен орын алатын сезімдері қандай, ол жеке дүниетанымынан, көзқарасынан туған ба, негізгі мақсаттарымен сәйкес келе ме, сезімдері ұсақ па, ірі ме, аумалы-төкпелі ме әлде тұрақты ма, соған басты назар аударған жөн. Себебі, кейбір сезімдердің бағытына сәйкес жоғары немесе уақ болатыны белгілі.

Осы орайда өшпенділік сезімін алып, қарастырсақ, Елің мен Жеріңнің жауларына деген өшпенділік сезімің сені ерлікке құштарландырады, қаһарман етіп шығарады.

Олай болса, бұл ең жоғарғы сезім. Ал енді, бағы жанған біреуді күндеп, оған өшпенділікпен қарау - өсек туғызып, жат қылықтар жасауға итермелейді. Яғни, бұл - тайыз сезім. Көрдіңіз бе, бір ғана өшпенділік сезімінің өз бағытына (не нәрсеге бағытталуына) байланысты қандай мән-маңызға ие болып отырғанын.

Кез-келген адамның эмоциялық өмірінің байлығы мен мазмұндылығы бойындағы сенімдерінің күшімен емес, тереңдігімен өлшенеді. Терең сезім әр адамның тыныс-тіршілігінің ең маңызды жақтарын қамтиды, ойымен, талап-тілектерімен жан-жақты байланыста болады, өзінің бүкіл рухани болмыс-бітіміне әсер етеді, оған нәр береді. Бұл орайда Лермонтов былай деген: «Сабырлылық - бойда жасырынып жатқан ұлы қуаттың белгісі; сезімнің, ойлардың толық және терең болуы ұстамсыз қылықтарды болдырмайды». Иә, тез лып етіп өте шығатын, сыртқа көрінуі күшті сезімдердің барлығы бірдей терең сезімге жатпайды, адамның сенімінен туатын, оның өмірлік күресінің бағыт-бағдарын айқындайтын, принципті түрде жек көруді туғызатын сезімдер терең сезім болып саналады.

Қандай сезім тұрақты? Адамның бойындағы сезімі терең болса, ол тұрақты да берік. Тайыз сезім күшті болғанымен, уақытша және өткінші. Кез-келген адамның басында болатын жағдай, ол бір істі шын жүрегімен сүйсе, оған зор сенім артса, онымен әрдәйім шұғылданса да зерікпейді, қажып шаршамайды. Керісінше, бұл іске күннен-күнге ынта-ықыласы арта түседі. Жақсы ән-күйді тыңдауға құштар жан оны тыңдаған сайын оған деген құштарлығы кемімей, керісінше, арта түседі. Өмірде ықыласы тайыз, тұрақсыз, бар күнін күлкі-думанмен өткізуге құштар адам тез қажиды, бәрінен де тез суынады, тез жалығады. Өйткені, оның сезімі терең емес, тайыз, үстірт қана. Олар уайым-қайғыға да тез көндігіп кетеді де, өмірі күн санап бос болып, мәңгіреді. Бұл сезімі тайыз, үстірт адамдардың эмоциясы мен сезімінің тез мұқалғыштығынан, тез жасып кететіндігінен.

Сезім-адамның мінез-құлқы үшін қозғаушы күш. Тек есте болатын бір мәселе, кейбір адамдар үшін қозғаушы күш болып табылатын сезім екінші бір адамдардың мінез-құлқына онша әсер етпейді. Осы соңғы категориядағы адамдардың бір сезімге қатты берілуі де мүмкін, бірақта ол ісіне, қылығына әсер ете қоймайды. Сонда сезім әсерсіз болғаны ма? Жоқ, берік және терең сезімдердің әсерлік күші жоғары. Негізінен, зерттеушілер сезімнің әсерлілігі деп оның адамды іскерлікке жұмылдырушы қабілетін, күш-қуатын айтады.

Терең де берік сезім қашанда адамның ойын туралап, барлық іс-қимылына белгілі бір бағыт-бағдар сілтейді, қызметіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Психологтар сезімнің бұл түрін құмарлық деп атап, «Құмарлық адамның тұла-бойын билеп алады, сол себепті ол үлкен күш», - дейді. Иә, өзінің Елі мен Жерін сүю, оның әдебиеті мен мәдениетін, ғылымы мен білімін сүю-адамды ізгі істерге ұмтылдырады, ерлік істерге, ұлы шығармаларға жол ашады.

Біздің тіліміздегі «құмартып сүю», «ызаланып жек көрушілік», «өз ісіне деген құштарлық» деген сөздер әсерлі, өте терең, тұрақты сезімдер туралы.

Ғалым Б. М. Тепловтың айтуынша: «Сезімнің әсерлігі жөнінен, бір жағынан, сентиментальдық адамдар, екінші жағынан, құмартқыш адамдар бір-біріне қарама-қарсы болады. Біріншілер өз се-зімдеріне өздері сүйсініп, содан ләззат алатындар, ол туралы көп айтады, бірақ оны іске асыру жағын аз ойлайтындар; екіншілері, сезімдерін көп білдірмейді, бірақ өмірі соның соңында болады, оларды іске асыруға тырысады . . . ».

Адамның ерік күші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім жөнідегі түсінік
Сезімнің түрлері, қызметі, физиологиялық негізі, ерекшеліктері эмоциядан айырмашылықтары
Эмоция және сезімдер
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
Эмоция және сезім түрлері
Таным процестер және олардың жас маманның жетілдірудегі рөлі
Жоғары сезімдердің адам өміріндегі маңызы
Эмоция және сізім
Жоғары деңгейдегі сезімдер
Адамдардың сезімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz