Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
1.1 Абайдың әлеуметтік көзқарастары ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Абайдың рухани мұрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II тарау Абайдың қара сөздері және Абайтанушылар.
2.1 Абай қара сөздерінің астарлық мазмұны ... ... ... 12
2.2 Абай дүниетанымын зерттеушілердің ой.толғамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай –қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататының өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездесетіндей, «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Немесе оның өз сөзімен айтқанда «алла табарака уатағаланың шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек»[1].
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Абай дүниетанымын зерттеп, оны терең танып білу. Абайдың әлеуметтік, діни көзқарастарын талдап, оның көзқарастарының қазіргі таңдағы маңыздылығын талдап көрсету.
Біз қазақ ойшылдарының ішінде Абайды ұлы ойшыл деп білеміз. Өйткені ол өз дүниетанымында көпқырлығымен көзге түседі. Абайды біз қайталанбас тұлға деп те түсінеміз, оның қалдырған қара сөздерінің өзінде де үлкен астарлық мәні бар дүниетанымдық көзқарастары жатыр.
Бұл курстық жұмыстың бірінші тарауында Абайдың әлеуметтік және рухани дүниетанымын зерттелінді. Абайды қатты ойландырған бұл мәселелердің өзі өмір сүрген қоғамда тигізген әсері көрсетілген және оның қөзқарастарының мазмұны, яғни негізгі ойлары ашылып көрсетілді.
Ал, екінші тарауында Абайдың терең мағынадағы қара сөздерінің мағыналары түсіндіріліп,Абайды зерттеу ғалымдардың көзқарастары, олардың Абайға деген көзқарастары зерттелінді.
Абай Құнанбайұлы философияда өзінің тапқырлығымен көзге түседі. Оның дүниетанымдық ой-пікірлерінің мазмұны тереңде жатыр. Сондықтан бұл курстық жұмыстың негізгі міндеті – Абайдың әрбір сөзіне назар аударып , оның мәнін түсіндіру болып табылады.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығы әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге деген көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады. Біріншіден, сыртқы дүиенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеғп тыстағы дүниеден хабар алады» [2] - дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастыра отырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі деп, дене өлгенмен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.

1. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли «Философия тарихы», Алматы 1999ж, 247-252бб.
2. Қ.Ш.Бейсенов «Философия тарихы», Шымкент 2005,407-409бб.
3. «Абай» Алматы 1993ж, 19-20бб, 24-25бб.
4. Д.Досжан «Абай айнасы», Алматы 1993ж, 73-76, 112-115бб.
5. Ғ.Есім «Абай туралы философиялық трактат», Алматы 2004ж, 6-7бб, 15-16бб.
6. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов «Философия» Алматы 2004ж, 100-103бб.
7. М.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа». Алматы 1997ж 5-13бб.
8. М.Әуезов «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» Алматы 1997ж. 3-9 бб.
9. Қ. Мырзағалиев. // «Қазаққа қазақты танытқан» Ақиқат журналы 1995ж №4 63-66 бб.
10. Абай энциклопедия. Атамұра баспасы 1995ж, 327бб.
11. Б.Б.Әбдіғалиев, Қ.Ж.Жамалов, Б.М.Сатершинов. «Саяси ой тарихы» Алматы-2003ж, 112-114бб, 145-147бб.
12. «Қазақ даласының ойшылдары» 13-15ғ, Алматы 2001ж, 45-56бб.
13. Абай Құнанбаев «Абай өлеңдері» жинақ, Қазан 1922ж. 52-53бб.
14. Қ. Мұқаметханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Казмембас 1959ж 206-208.
15. В.М.Жирмунский Байрон и Пушкин, Ленинград 1978ж, 148-149бб.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .3
I тарау. Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
1.1 Абайдың әлеуметтік көзқарастары ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Абайдың рухани
мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...8
II тарау Абайдың қара сөздері және Абайтанушылар.
2.1 Абай қара сөздерінің астарлық мазмұны ... ... ... 12
2.2 Абай дүниетанымын зерттеушілердің ой-
толғамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .21
Кіріспе
Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті
тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай
Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма,
философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай –қазақ
әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол ақынның азаматтық парызы
шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне
жүгіндіруде деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин
секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататының өлшемнің
алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты,
фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-
демократтарының көбісінде кездесетіндей, нағыз дін немесе
рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дінбасыларының насихаттап
жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Немесе оның өз
сөзімен айтқанда алла табарака уатағаланың шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне,
барлығына... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат
қыларға керек[1].
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Абай дүниетанымын зерттеп, оны
терең танып білу. Абайдың әлеуметтік, діни көзқарастарын талдап, оның
көзқарастарының қазіргі таңдағы маңыздылығын талдап көрсету.
Біз қазақ ойшылдарының ішінде Абайды ұлы ойшыл деп білеміз. Өйткені
ол өз дүниетанымында көпқырлығымен көзге түседі. Абайды біз қайталанбас
тұлға деп те түсінеміз, оның қалдырған қара сөздерінің өзінде де үлкен
астарлық мәні бар дүниетанымдық көзқарастары жатыр.
Бұл курстық жұмыстың бірінші тарауында Абайдың әлеуметтік және рухани
дүниетанымын зерттелінді. Абайды қатты ойландырған бұл мәселелердің өзі
өмір сүрген қоғамда тигізген әсері көрсетілген және оның қөзқарастарының
мазмұны, яғни негізгі ойлары ашылып көрсетілді.
Ал, екінші тарауында Абайдың терең мағынадағы қара сөздерінің
мағыналары түсіндіріліп,Абайды зерттеу ғалымдардың көзқарастары, олардың
Абайға деген көзқарастары зерттелінді.
Абай Құнанбайұлы философияда өзінің тапқырлығымен көзге түседі.
Оның дүниетанымдық ой-пікірлерінің мазмұны тереңде жатыр. Сондықтан бұл
курстық жұмыстың негізгі міндеті – Абайдың әрбір сөзіне назар аударып ,
оның мәнін түсіндіру болып табылады.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі,
халқына деген қамқорлығы әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге деген
көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен
көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге
болады. Біріншіден, сыртқы дүиенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды.
Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам ... көзбен көріп, құлақпен естіп,
қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеғп тыстағы дүниеден хабар алады
[2] - дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерде, отыз сегізінші сөзінде жан-
жануарларды, адамды, тіпті машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым
жасайды. Мен және менікі деген философиялық мәселені
қарастыра отырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша мен - ақын,
жан, менікі - адам денесі. Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, менікі
өлсе өлсін, оған бекі деп, дене өлгенмен жан өлмейді деген қорытындыға
келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы
дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздеріннен диалектикалық тұжырымдардың
бейнесін көруге болады. Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек деген
өлеңінде:
-Жас қартаймақ, жол тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өімр қөайта келмек, - деп, отыз екінші қара
сөзінде:
- Дүние - үлкен көл,
Заман – соққан жел,
Алдыңғы толқын ағалар,
Артқы толқын – інілер, [3] - деп, дүиенің өзгерісте, дамуда екенін
болжайды. Мұнымен бірге әр нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуін білмек – бір үлкен
керек іс деген пікір айтады. Өлеңдер мен қара сөздерін зер салып қарасақ,
көптеген философиялық мәселелерді қарастырып, өзіндік ой пікір, тұжырым
жасағанын байқаймыз. Шығармаларының басым көпшілігінде өмір, өмірдегі
адамның орны, оның мақсаты, мұң-мұқтажы туралы ой шертіледі. Ендеше,
философияның негізгі мәселесі Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге
болады.

1.1 Абайдың әлеуметтік көзқарастары
Абайдың философиялық - әлеуметтік ой-пікірі XIX ғасырдың екінші
жартысында қалыптасқан. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди,
Ширази, Низами, Наваилардың шығармаларын және ислам философтарын жетік
меңгерген, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің
әлеуметтік – философиялық шығармаларын және Сократтың еңбектерімен толық
танысты, орыстың революционер – демократтарының да еңбектерін көп оқыды.
Абай дүние тану жоланда өткен замандардың кемеңгер ойшылдардың жолында
өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің
алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып оларды қазақ өміріндегі алдыңғы
қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі алдыңғы
маңыздымәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын
толғандырған басты әлеуметтік – философиялық мәселелерге жауап беруге
ұмтылды.
Абай өзінің дүниетанымдық көзқарасында дүниенің обьективтік
заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай өзгеріп
отырады деп қорытты. Бұл жөнінде Абай былай тұжырымдайды: Дүние үлкен көл,
заман - соққан жел. Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын – інілер,
кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер, - дейді.
Абайды адам неден тұрады? Оның тәні мен жаны қалай қабысады?, [2]
- деген сияқты адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық ұшінші
сөзінде, тән азығы ішіп-жеу, болмаса өсіп қуаттанбайды, ал адамның жан
азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ.
Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген және
көрінбеген қасиеттерін танып білу, іздену, сұрап білу ,ғылымға ұмтылу,
дүние сырын білу көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанады ол.
Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты
екенін Абай терең ұғынған,: тілек мақсат арман сияқты рухани өмірдің
қозғаушы күштері адамның денсаулығы жүйе-жүйкелерінің саулығына байланысты
қалыптасады.Бұл туралы ол жақсы нәрсе хасил болып, жаман нәрседен көңілге
жаман әсер хасил болуын өмірлік тәжірибе жинақталады деп адамның
қалыптасуындағы орнын бағалайды. Адам бойындағы туа біткен болмысы
ескерусіз қалас әлқуаттың қайсысы болса да жоғалады, болмаса еш нәрсеге
жарамай қалады дейді. Егер оны үнемі ескеріп, күріп күніге тексерсең кәдеге
асады. Көп заман тексермесек, тауып алған өнерінің жоғалғанын білмей
қаласың – деп адам қабілетін дамытудағы жаттығу, пысықтау қайталаудың мәнін
меңзейді.
Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы
адал қасиеттерге сипаттама береді. Адамзатқа не керек: сүймек, сезбек,
кейімек, қарекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек. Үш-ақ нәрсе
адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай адам мен қоғам арасындағы байланысқа зор мән берген. Дүние
жалғыз қалған адам – адамның өлгені, - дейді. Егер де есті кісілердің
қатарында болғың келсе, күніңде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең
болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал [4]. Сол алдыңғы есеп алғаннан
бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не дүниеге жарамды , күніңді
өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ бомаса, не қылып өткізгеніңді
өзің де білмей қалыппысың. Олай болса, адам өмір сүру, ол өмірі мәнді
болуы үшін оған өзі қалай болса солай қарауға тиісті емес, өкінбестей өмір
сүруге тиісті.
Адамды ақылдылығына қарай ардақта, - дейді Абай. Талап, еңбек,
терең ой, қанағат, рахым - ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Бұл Абайдың
адамдық бағдарламасының бес тіреулі принципі. Еңбек ету керек, кәсіптің де
иесі болу адам өмірінің бір саласы. Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек
керек. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерші қазақтардың төресі сол,
Еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды, - дейді. Демократиялық
қоғам, нарықтық қатынас әрбір адамнан осыны талап ететіндігіне күмән
келтіруге болады ма? Олай болса Абай адамның, қоғамның болашағында аса зор
данышпандықпен қараған.
Барлық адам бірдей, тең құқылы өмір сүретін қоғам құру туралы
прогресшіл ойшылдардың барлығы армандаған. Мысалы, Я.А.Каменский, Д.Локк,
Ж.Руссо, К.А.Гельвецкий, Р.Оуэн т.б. Бұлар өз еңбектерінде тіпті сондай
қоғамның сүлбесін жазып та қалдырған. Демек, бұл туралы Абайдың ой толғап,
сөз қозғауы заңды. Атап айтқанда, үшінші және қырық бірінші сөздерінде бұл
туралы ой толғап, сайлау туралы және оны жүргізудің ретін көрсете отырып,
ел басқарған адамның орнын ерекше бағалайды. Ол ел басқарған адам білімді,
парасатты болса бір табан шындылыққа жақындар ма екен, деген оймен халықтың
бастыққа сайланған адамы білімді болса, қызмет құмар қазақ балаларына білім
беруге ұмтылар еді, ал егер араларында ондай адам болмаса, онда ол
басқарушыны губернатор өзі белгілесе, ол халыққа өте пайдалы болар еді, -
деп жазады. Ел билеген адам бұрынғы Қасым ханның қасқа жолын, Жеті
жарғыны білмек керек және олардың жаңа заманға тура келмейтіндіктерінің
орнына татымды билік шығарса,... тақ болмаса жұп билер таласып, дау
көбейеді, [5]- деп ертеден келе жатқан алтын ережені ұсынады.
Абай адамның ақылды, білімді болуын оның тұрмысынан емес,
айналадағы дүниені сезіп – біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп қарайды.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек.
Пада, залалды айратұғын қуаттың аты ақыл, - дейді. Сонымен қатар адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады, - деп адамның
осы сапаларының өзара байланысына тоқталған.
Абай адам атаулы жаратылысында бірдей деп қараған. Өзін өзгеден
артық санайтындарды сөгіп, менімен сен тең бе деп мақтанасың, білімсіздік
белгісі ол баяғы, дейді. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Атаңның
баласы болма адамның баласы бол, - дейді.
Абай адам бойындағы, оған тән басқа да қасиеттерге назар аударған,
себебі ол қоғамның мүшесі Кімде кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да
жоқ, Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, - дейді.
Абай қазақ қоғамындағы болмысына үңіле қараған, оның мүшелерінің
адамгершілік мінез-құлқына, оның кейбір формаларын да ұсынады: Бес
нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз, өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз. Талап еңбек,
терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз, - деп өте жоғары
адамгершілік принциптерге шақырады.
Абайдың ойынша, елдің жақсы-жаман болуының тетігі оның ынтымақ
берекесіне байланысты. Ол Берекелі болса ел – жақсы жайлау ол бір көл, -
дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді. Елдің шырқын бұзатындар
еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады:
тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын. Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей, - дейді.
Абай адамдарды игілікті еңбек етіп, өнер-ғылым тауып, өз тіршілігін
силап, рахат көруге насихаттайды. Халықты өнер – ғылым жолына жұмылдырады:
Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, - дейді. Дүние бір алып
құрылыс, оған әрбір адам үлесін қосу кере деп тұжырымдайды: Әсемпаз болма
әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та
бар қалан, [6] - дейді.
Арлы, иманды, білімді, еңбекшіл, ақиқатшыл, әділ, көпшіл,
жақсылықты, жанқиярлықпен жақтаушы, жамандық атаулыға жұлдызы қас, халық
қамын ойлап, қайратын жалындатқан, ақыл-парасатын көрегендікке бағыттаған
Абай.
Абайдың азаматпен қатар асыл поэзиясындағы ұлы үлкен ақын, аңсаған
үлгілі азамат бейнесі, біздің көзіміз жеткенінде, осындай сипатта.
Абай (38 қара сөзінде) адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан
қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық деп
білесің, надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз
біліп болмайды. Білімсіздің хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі
өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік – адам баласының дұшпаны, адам
баласында дұшпан болса, адамнан бөлінеді, - деп адамдарды ғылымға, білімге
шақырып, оған жат нәрселерден бойын аулақ ұстауды айтады.
Абай кейінгі ұрпаққа құнды-құнды мұралар қалдырады. Абайдың
көптеген шығармалары нақыл, өсиет айту, адамгершілікке, ізгілікке баулу
мәселелеріне арналған. Абай өз халқын сүйе білген, тағдырын түсіне білген,
қазақ халқын бақытқа жеткізуге күресе білді. Ол әрбір қазақты жүректілікке,
халықтың, барлық азаматты ұлы болуға шақырады.
Абай қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, философы, оның Қазақстандағы
қоғамдық-әлеуметтік ойдың даму барысындағы орны ерекше.
2. Абайдың рухани мұрасы
Абай философия деген терминді қолданбаған, себебі оны христиандық
дүниетаным деп түсінген. Ол философиялық бұлақтың бастауынан нәр алған.
Абай мойындаған философтар – Сорат, Платон, Аристотель – бұлардың заманында
хритиандық та, ислам да діни жүйе ретінде анықталмаған. Дін туралы түсінік
басқаша болатын, дін ағартушылық дәне идеологиялық қызметтеріне әлі
сенбеген. Дін ол кездерде білімнің тек синонимі емес, оның өзі болатын. Дін
танымның әмбебап формасы болып тұрған заманда өмір сүрген грек ойшылдары
Абайды қызықтырған. Батыс философиясының мәдениетінің христиандық іргетасы,
әрине мұсылмандық көзқарастармен үйлесе бермейді. Бүгінде басы ашық
мәселені кеңістік идеология әрі маркстік-лениндік бағытқа лайықталған
философия. Батыс мәдениетін діни дәстүрден ада деп түсіндірді. Шындық
өзгеше болатын. Осы мәселеге қатысты М.К.Мамардашвилидің мына пікірлерін
келтірейін: На русской истроии, повторяю, лежить печать невероятной
инертности, и эта инертность была отмечена в начале XIX века единственным
обладателеьем автономного философского мышления в России – Чаадаевым. Он
констатировал, что Просвещение в России потерпело поражение, и из этой
констанции родилась его философская мысль, мысль автономная и
метафизическая, - дейді де әрі қарай: Потому в европейской культуре это
вещь фундаментальная. Классическую европейскую культуру, т.е. ту, что
складывается к началу XVII века на гребне возрожденческого подъема, можно
определить как культуру христианскую [7].
Батыс Европа мәдениеті XVII ғасырда басталған христиандық
дәстүрінен XIX ғасырға дейін негізінен айрылған жоқ, керісінше діни жаңа
арналар тауып жатты. Сондықтан Абай европалық білімді ғана алып, оның
дүниетанымын қабылдамады. Ол өзінің мәдени дүниетанымдық дәстүрлі
кеңістігінен шықпады, сөйтіп ұлттық ойлаудың өз арнасын тапты. Абай өз
заманындағы жаңашылдық болып саналатын ағартушылыққа да ден қоймады. Қазақ
даласында ағартушылық дінмен бірге жүріп жатты. Абай ол жағына болған жоқ,
ол ұлттың ойшылдық дәстүрін жаңа сапаға шығарды.
Орыс мәдениеті тарихындағы Чаадаев сияқты Абай қазақ рухани
әлеміндегі ағартушы емес, метафизик мәніндегі ойшыл боған. Абай ағартушылық
бағытында болған емес. Оны ағартушы деп жүргеніміз бір жағынан ойшылдың
табиғи болмысын білместіктен болса, екінші жағынан ол Абай мұрасын
зерттеудегі кеңестік замандағы идеологиялық қажеттілектен туған саяси
тәсіл [5] - дейді Ғ.Есім.
Абай өз заманындағы Аристотель сияқты дүниенің басталуының бас
себебін зерттеуші ойшыл. Дүниенің мүмкіндіктен шындыққа айналуының бас
себебін Абай махаббат ұғымы арқылы түсіндірген. Махаббат жаратушының
құдіреті, нұры, дүниені мүмкіндіктен шындыққа айналдырудың басты себебі.
Қазіргі ғылымның қисынды тіліне салсақ, махаббат бар болмыстың заңдылығы
және де ол адамзатқа тәуелсіз онтология заңдылығы немесе дүниенің бар
болуының мүмкіндігі. Осы мәнде махаббат адамзат тарихының басталуы.
Махаббаттың адамзатқа дейін бар мүмкіндік-шындық болғанымен, ол ерекшеленіп
айқындалмаған. Адамзат та мүмкіндік ретінде аңғарылған, себебі адам деген
адамзатқа дейінгі идея. Адам идея шындығы, ал адамзат идеяның расқа,
шындыққа айналған ақиқаты. Адамзат ақиқат, себебі ол идея мен шындықтың
синтезі, сондықтан да, оның періштеден де, шайтаннан да биік болуы. Періште
мен шайтанның шындық ретінде көмескі болатыны, ола р толық ақиқат емес,
олар идея шындығы ретінде ғана аңғарылады, себебі оларға махаббаттың
қатысы жоқ. Махаббат адамды тек идея шындығы ретінде қалдырмай, оған заттық
негіз берген, бұл адамның ақиқат екендігінің басты дәлелі. Дүние бітімі
жаратушы адамзатты махаббатпен жаратқан соң айқындала бастады. Әлемге
айқындық енді. Бұл айна деген ұғым әкелді. Адам – заттың айнасы. Оның
адамдық қиялының шындығы болатын. Айна деген идея шындығы арқылы
түсіндірілетін феномен. Адамзат махаббатпен жаратылған соң, оның айнаға
қарау дәуірі басталды. Айна деген бүкіл әлем, жаратушы құдірет, сол әлемнен
адам өзін-өзі көретін, танитын болды, тіптен келе-келе өз бейне, тұлғасын,
өз кемістігін емес, соларды айқындап көрсетіп тұратын айнаны өзгертуді
мақсат етіп әлектенді, бұл жаратушы құдіретіне күдік келтіруші – шайтандық
еді.
Күдік – таным басы, күдік ойшылдықтың басты принципі. Сөйтіп
махаббатпен жаратылғанадамзаттың табиғатына күдік енді. Адамзат өз
кемістігін жаратушының құдіретінен көре бастады. Алайда мәселе өзгеше еді.
Жаратушы адамзатқа өз құдіретін құпия етіп берген болатын, бірақ ол айнадан
көріне бермейтін адамның өзінің болмысына үңілуді қажет ететін. Жаратқанның
құдіретінің көріну формасы адамның еркінде. Ерікті адам жаратушының
керемет шеберлігі, бірақ Иассауи айтқандай Алланың пендесіне өзі берген
еркі адамға қауіп болатын. Адам өз Еркін меңгере алмаса, ол бүкіл адамзатты
жойып жіберетін жойқын күшке айналуы ықтимал, сол себепті Абай өзін
махаббатпен жаратқан жаратушысын (Алласын) сүю, оны мойындау, соның
құдіретіне сай қызмет етуді әрбір адамның парызы деп санаған.
Парыз философиясын қазақтың рухани әлемінде осылайша қойған Абай,
оны әрі қарай былайша толықтыра түседі. Адамзаттың махаббатпен жаратылғанын
анықтап алған соң, хакім Абай адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,- дейді.
Адамзатқа күн ортақ, ай ортақ, жер ортақ, оның үстіне оны жаратушы
махаббатпен жаратқан, демек махаббат та ортақ. Адамзатты бөліп-бөлшектеп
тұратын географиялық мекендері, соған сай қалыптасқан өмір сүру, өндіру
тәсілдері, дағды-дәстүрлері, тілдері, діндері, қысқаша айтқанда, тарихи-
табиғи қалыптасқан дүниетанымдары. Осы өзгешеліктерге қарамай Абай
адамзатты түр-түсіне, дініне, саясатына бөлмей, тегіс бауырым деп сүй
дейді. Бұл Абайдың Ренесанстық тұлғасын анықтаушы тезис. Осы биік ойды,
яғни адамзатқа ортақ мүддені насихат ететін идеяны, ғұлама даналардың бәрі
айтқан. Сондықтан бұл Абайдың жаңашылдығы немесе ойға, идеяға оның
авторлығы емес, ол оның Ренессанстық (Жаңғыру) ойлау кеңістііген көтерілуі.
Сондықтан да Абай сияқты тұлғалар тек ұлттың ойлау кеңістігінде ғана қалып
қоятын ойшыл емес, ол Ренессанстық тұлға. Ренессанстық дегенде мен
адамзатқа тән биік ой, идеяларды тот бастырмай әр заманда жаңартып,
жаңғыртып отыратын әлемдік кеңістікке шыға алатын даналарлың данышпандығын
айтып отырмын. Ренессанстық деген биік ой, идеяларға тыныс, тіршілік беріп
тұратын, заман немесе сол заманның даналарына қатысты айтылатын түсінік.
Абайды біз осы мәнде Ренессанстық тұлға дейміз. Ренессанс деген әлемдік
ойдың жаңғыру өрісі[8].
Абай адамзаттың бәрін сүю бауырым деп – деген идеяны, одан әрі
нақтылай түседі. Былайша айтқанда адамзаттың бәрін сүю деу абтракция.
Бәрін қалай сүймексің, олардың қылық-пиғылдары әр түрлі. Әр елдің саясаты,
идеологиясы бөлек-бөлек. Адамзат адам қауымы атанғаннан бері адамдар нендей
істерге бармады, қырқысты, жұлысты, жауықты, қырылды, бір-біріне деген
дұшпандық сезімдерін қоздырып, бірін-бірі көрсе қару ала жүгіретін болды.
Адамдар тағы жыртқыш аңдардан емес, адамдардан қорқатын болды. Осындай
халде қайдағы бауырмаластық. Абай мұндай тығырықтан шығудың жолын
көрсеткен, ол хақ жолы - әділеттілік. Әділеттілікті хақ жолы деп сүйсең,
онда сенің бауырмалдық философиясын түсінгендігің. Демек, мәселе
әділеттілік философиясында, бірақ біз мына мәселіне естен шығармауымыз
керек, ол әділеттілік хақ жолы деп тұр. Хақ дегеніміз Жаратушы, Алла,
Әділетті болу үшін Алла жолында болуымыз керек. Міне проблема осы жерден
басталмақ. Абай әділеттілікті исламдық негізде қарастырып отыр, өзге
діндегілер өз тұрғысынан түсіндірулері түсінікті. Алайда, бір мәселенің
басы ашық, ол әділеттіліктің Жаратушының жолы екендігі, бұл жолға да
бастайтын жолдардың (діндердің) көп екендігі. Жалпы алғанда жаратушы
идеясынсыз, әділеттілік жолына түсу мүмкін бе? Абай осы проблеманы
көтерген, оған өзінің концепциясын ұсынған. Мұны әділеттілік туралы
айтылған Абай ұсынысы делік[7].
Мен ойлаймын, Абай әділеттілік дегенде нені түсінді екн деп, біздің
мысалға келтіріп отырғандығымыз, оның Алланың өзі де рас, сөзі де рас -
деген өлеңі. Абай әділеттілік туралы поэзия тілімен айтып отыр. Поэзия тілі
дәлелді тіл емес, ол идея білдіруші тіл. Дәлелдер ғылыми тәсілдермен
жасалады. Әділеттілік туралы сөз де, теория да, утопия да көп. Адамзат
баласы әділеттілік туралы айта-айта жалыққан да сияқты. Қандай қоғамдық,
әлеуметтік қозғалыс болмасын айтиатындары әділеттілік туралы ұран. Кешегі
күні өткен социализмді жер бетіндегі ең әділетті қоғам деп даурықтық.
Онымызбен не іс бітті, қарапайым тілге салсақ, босқа арам тер болдық,
алдандық, алдадық, адам айтқысыз жапа шектік. Неге және неліктен? Мұның да
дәлелдері және қисындары өкп, ол жөнінде бүгінде алуан түрлі көзқарастар да
бар. Социализм жағдайында әділеттілік неге мүмкін болмады дегенге келсек,
менің айтарым, біз әділеттілікті Абай дәстүрінде түсінген жоқпыз.
Коммунистер әділеттілікті діннен тыс қарастырды. Дін әділетсіздікке
бастайды деп түсіндірілді. Дінсіз әділеттілік бола ма? Абай ұғымында дінсіз
әділеттілік жоқ, ол әділеттілікті Хақ жолы деп нақты айтып отыр. Біз осы
идеяны қабыл аламыз ба, жоқ па? Жалпы әділеттілік дегеннің өзі не? Біздің,
яғни әрқайсысымыздың бұл дүниеге келуіміз әділеттілік нышаны ма? Бұл
дүниеге біз зорлықпен немесе әлде кімнің қалауымен ғана ендік пе? Біздің
еркімізге салсақ не болмақ? Шәкәрімнің мақсатсыз біткен жан бар ма?
деген сауалына ден қойсақ, жан біткеннің мақсаты болғаны ма, қалай?
Әрқайсысымыздың дүниеге келу еркіндігіміз өзімізге қатысты болды ма? Бұл
сұрақтарға жауаптар көп, бірақ нақтылы, тиянақты тоқтамды дәлел жоқ. Бұл
сауалдарға жауапты дін мен философия ерте заманнан іздеп келеді, [9]
кейбіреулер жауап тапқансып оны догма, қағидаға, сенімге айналдырып
тастаған.

2.1 Абай қара сөздерінің астарлық мазмұны
Абай қазақ философиясында өзінің қара сөздері арқылы құнды дүние
қалдырды. Ол оның қара сөздері. Абай бұл қара сөздері арқылы өзінің мұңын,
адамдарға деген, бұл дүниеге деген көзқарасын айтып өтті.
Абай қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да ебін білуге
шақырады. Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлан, мал тап дейді.
Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан
бір ауылға селтендеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп,
одан аулақ болуды армеан етті. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам
баласын, - деп түйіндейді Қырық екінші сөзде. Абай қазақты пайдасыз,
жұмыссыз қаңіғырып жүруге құмар деп сынады. Абай өзінің өлеңдерінде,
әңгіме, өсиеттерінде жан-жағыңа қара, көршілес өзбек, татар халықтарынан
өнеге ал, солардан үйрен дейді. Ең алдымен Абай орыс халқымен дос болып,
тілін үйренуге, өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы қазақ халқының көзі
ашылатынын айтты. Орысша оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz