Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл


Мазмұны

Кіріспе

1 Тарау Айыппұл түріндегі жаза заңнамасының даму тарихы

1. 1 XIX ғасырдың екінші жартысындағы және XX ғасырдың басындағы қылмыстық заңнамадағы айыппұл

1. 2 Посттөңкерістік кезеңдегі айыппұл туралы заңнаманың дамуы

2 Тарау Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл

2. 1 Жаңа ҚР Қылмыстық кодексіндегі және 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексіндегі айыппұл: салыстырмалы - құқықтық талдау.

2. 2 Айыппұл түріндегі жазаның ұғымы

2. 3 Қылмыстық жаза ретіндегі айыппұлдың әкімшілік айыппұлмен өзара қатынасы

2. 4 Шет ел қылмыстық заңнамасындағы айыппұл

3 Тарау Айыппұл түріндегі жазаны тағайындау және атқару мәселелері

3. 1 Санкцияны талдау және қылмыстық жаза шарасы ретіндегі айыппұлды тағайындау тәжірибесі

3. 2 Атқару тәртібі және айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылық

3. 3 Айыппұлды қолдану тиімділігін талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Жаңа қылмыстық кодекс бұрынғы заңдармен салыстырғанда санкцияны айыппұл түріндегі қылмыстық- құқықтық нормалардың санын едәуір арттыруды көздеді. Бірақ та, 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінде айыппұл жазаның басқа да түрлерімен бірге баламалы түрде кеңінен қарастырылғанмен, сот тәжірибесі көрсеткеніндей жалпылай алғанда жазаның осы шарасын қолдану жағдайлары көп емес. Мәселен, Ресейде 1997 жылы 79, 8 мың адам (барлық сотталушылардың 7, 9%) жазаның айыппұл түріне сотталған, 2001 жылы-73, 2 мың адам (5, 9% ) ол 2002 жылы - 52, 4 мың (61%) жазаның осы түрімен соттылыққа тартылған1. Соттар сотталушыға қасымша жаза түрі ретінде айыппұлды мүлдем тағайындамайды десе де болады. Сонымен, 1997 жылғы Қылмыстық кодекс жаза шарасының бас бостандығынан айыру түріндегі неғұрлым баламалы түрін көздегенмен, сот тәжірибесі бұрынғыдай бас бостандығынан айыруға басымдық бере отырып, бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаны кеңірек қолдануға байланысты қалыптасқан тарихи тенденцияны ескермеуде.

Мұндай жағдай қылмыстылықпен күресудің қазіргі қажеттілігіне сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Тәжірибе керсеткеніндей түзеу мекемелеріне орналастыру қауіп болғанымен, қылмыстылықты тежейтін фактор болатыны даусыз, бірақ та мұндай тежеудің тиімділігі онша әсер етпеуде.

Жазаны колонияда немесе түрмеде өтеу қылмыс жасаған адамдарға да, сондай-ақ толықтай алғанда бүкіл қоғамға да әер етеді. Аталған мекеме қалаптасқан қылмыстық әдеттерді одан әрі жетілдіре түсетін өзіндік “мектеп” болып танылады, осы мекемеден босап шыққаннан кейін оңалту және бейімдеу жүйесінің болмауы олардың қоғамға қайта оралуына жәрдемдеспейді.

Шет елдік мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ- тың, Финляндияның және Германияның тәжірибесі көрсеткеніндей, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау барысында ең жақсы деген жағдайдың өзінде аздаған тиімділік болуда, ол оған өз кезегінде неғұрлым ірі мөлшерде материалды және материалды емес құралдар жұмсалады.

Криминалогтардың зерттеулері көрсеткеніндей, қамауға алынғандардың санының артуы, өлім жазасын қолдану тәжірибесі, санкцияны қолдану саясатын елеулі қатайту қылмыстылықтың деңгейін төмендетпек тұрмақ, оны белгілі бір шектерде ұстап та тұра алмауда2.

Аталған мәселеге байланысты Ресей билік өкілдерінің алаңдаушылығы РФ Президентінің 18 сәуір 2002 жылғы Федеральды Кеңеске Жолдауында көрініс тапты. Онда мына мәселелерге баса назар аударылды, маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ауыр қылмыстармен бірдей санкциялар қарастырылған, бұл қылмыстылықтың азайуына әсер етпейді, тек қана адамдардың қатігездене түсуіне алап келеді, алайда жұмыс істеп тұрған заңнама бойынша бас бостандығынан айырудың орнына айыппұл және басқа да ізгілікті жаза шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану кең тұрғыдағы сот тәжірибесі болуы тиіс3.

Ресейдегі криминологиялық жағдай әлі күнге дейін қиын жағдайда, жасалынып жатқан қылмыстардың саны жылдан жылға артуда, қылмыстылық неғұрлым қауіпті және кәсіби болуда, елде сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстылық өрістеуде. Бірақ бұл фактілерден бас бостандығынан аыру түріндегі жазаны тағайындау белгілі бір деңгейде елдегі жағдайды жақсартады деп түсінбеу керек. Статистикалық мәліметтер көрсеткеніндей, анықталған қылмыскерлердің көпшілігі (49, 4%) бұрын сотты болмаған, яғни қылмыстының жаңа қылмыстарды туындата отырып, жаңадан адамдарды оларды жасауға тартуда4.

Осы жағымсыз нәрселерді болдырмау үшін қылмыстық саясат өзгеруі тиіс. Колонияларда және түрмелерде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасап сотталған адамдар және соттылығы алынбаған немесе соттылығы жойылмаған адамдар ғана отыруы керек. Қалған санаттағы қылмыстарды жасаған адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес басқа да жаза түрі тағайындалуы қажет, соның ішінде айыппұлды қолдануды кеңейту есебінен жүргізілуі тиіс. Айыппұл түріндегі жазаны кеңінен қолдану жазаның неғұрлым қатал түрлерін қолдануды азайту барысында сазайын тарттыру құралдарын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Бұл жерде мынаны айта кету қажет, сотталушыларды түзеу мекемесінде ұстау қымбатқа түседі. Айыппұлды тағайындау барысында мемлекет аталған қаржыны үнемдейді және бюджетке қосымша миллиардтаған теңгелерді түсіреді.

Айыппұлды дұрыс қолдана білу сотталушыға елеулі әсер ете отырып, қылмыстардың рецидивін едәуір азайтады. Мәселен, бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалардың ішіндегі рецидив, 1, 5 % құрады, ол 2001 жылы бұл көрсеткіш 0, 7% төмендеді. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқандардың ішінде рецидив өзгеріссіз қалуда және көптеген жылдар бойы орташа алғанда 35% құрауда5.

Қазіргі жағдайларда қылмыстық саясаттың маңызды бағыттарының бірі- қылмыстық репресияны үнемдеуде, айыппұл жазаның неғұрлым тиімді түрлерінің бірі болып табылады. Сотталушыға мүліктік әсер ету арқылы, жаза мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді- яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталушыны түзеу және жаңа қылмыстарды жасаудан сақтандыру.

Бүгінгі таңда заңшығарушы тарапынан айыппұлды неғұрлым кеңінен тағайындау үшін жағдайлар жасалынған және қазіргі қажеттіліктер ескерілген.

“Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы”6 Заңында айыппұл түріндегі жазаны қарастыратын санкциялардың мөлшері едәуір арттырылған (241 ден 324 ке дейін), нақтырақ айтқанда, меншікке қарсы қылмыстар- 489% ден 88, 2% экономика қызметі саласындағы қылмыстар үшін -58, 9% ден 93, 3% дейін, экологиялық қылмыстар үшін- 61, 1% ден 75% дейін және т. б., сондықтан да қазіргі кезде қылмыстық репресияны үнемдеу идеясын жүзеге асырудың негізгі субъектісі болып құқық қолданушы танылуы тиіс, оның қызметі айыппұлды негізгі де қосымша жаза ретінде тағайындауды кеңейту бағытында бағытталуы қажет.

Барлық жоғарыда айтылғандар бас бостандығынан айырылып сотталынғандардың саны бойынша жетекші елдердің қатарынан көрініп жатқан қазіргі Қазақстанның құқық қолданушы тәжірибесі үшін осы жұмыстың ерекше өзекті екендігін көрсетуде.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Айыппұл түріндегі жазаны қарастырумен байланысты белгілі бір теориялы мәселелерді зерттеуге, өзінің еңбектерін мынадай ғалымдар орнады: Ю. Г. Алексеев, Л. Е. Владирмов, В. А. Власов Д. И. Гольперин, А. А. Гельцензон, Г. А. Гружегева, Д. А. Дриль, В. В. Есипов, М. М. Исаев, В. М. Лебедев, Н. Д. Мартисевич, В. Н. Патраиев, П. С. Ромашкин, Д. И. Сомчина, В. И. Сергеевич, К. А. Соффененко, М. Н. Стоговский, Н. С. Тоганцев, З. А. Тадевосян, Бойницкий, И. М. Цокуцев, М. Д. Шоргородений, Г. Н. Швенков, А. Я. Эстерин.

Жазаның осы түрін зерттеуге арналған іргелі еңбектер өткен ғасырдың 70- ші жылдарының алғымен 80- ші жылдардың басында жүргізілген, одан кейін айппұл түріндегі жазаны зерттеу мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмады.

Қылмыстық және Қылмыстық- атқару кодекстеріне7 енгізілген өзгерістер айыппұл түріндегі жазаны реттейтін нормаларды, айыппұлды есептеу тәртібін, оның мөлшерін, орындау және өрескел жалтарған жағдайда алмастыру тәртібін елеулі қозғады. Сонымен айыппұл түріндегі жазаны тағайыдау және атқарудың көптеген проблемалары қазіргі кезде арнайы зерттеуді қажет етеді, аталған тақырыпты зерттеудің қажеттілігімен осымен түсіндіруге болады.

Зерттеудің мақсаты. Аталған жұмыстың ғылыми мақсаты болып айыппұл түріндегі жазаны кешенді теориясының зерттеу және оны қолданудың тиімділігін талдау. Қолданбалы мақсаты ретінде- зерттеліп жатқан жаза түрін неғұрлым кеңінен тағайындауды қамтамасыз ету үшін қылмыстық заңдарды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу.

Зерттеудің негізгі міндеттері. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

● айыппұл түріндегі жазаның пайда болуының тарихи шарттарын және дамуын қарастыру;

● қылмыстық жаза әкімшілік айыппұлдың арасында салыстырмалы-құқықтық зерттеуді жүргізу;

● айыппұл түріндегі жазаны көздейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды талдау және оны қолдану тәжірибесі;

● айыппұлды қылмыстық жаза түрі ретінде қолдану тиімділігін бағалау;

● айыппұл түріндегі жазаны көздейтін баптардың санкциялардың құрастыру тәртібін жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлеу.

Диссертациялық зерттеудің обьектісі және пәні. Диссертациялық зерттеудің объектісі болып айыппұл түріндегі жазаны тағайындаумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады.

Зерттеудің пәні болып РФ ҚК-нің 46, 88 баптарындағы айып түріндегі жазаны көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалар, қылмыстық-атқару заңдарының нормалары (РФ ҚАК 31, 32 баптары), сондай- ақ қазіргі және бұрынғы заңдардың басқа да нормалары, шет елдердің қылмыстық заңдарының нормалары; сот-тергеу тәжірибесі, айыппұлға сотталынған адамдардың саны жөніндегі статистикалық мәліметтер, айыппұл түріндегі жазаны тағайындауды кеңейту қажеттілігі туралы автормен жүргізілген сауалнама нәтижелері.

Зертеудің әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізі болып теорияның және тәжірибенің өзара байланысына негізделген, өзара тәуелді құбылыстардың тарихи дамуын ескере отыра зерттелінетін танымның тарихи-диолектикалық тәсілі танылады. Диссертацияда зерттеудің жалпы ғылыми тәсілдері: салыстырмалы талдау, гипотезалар, талдау және синтез қолданылған.

Зерттеудің нормативтік базасы болып Ресей федерациясының Конституциясы, Ресей Федерациясының қылмыстық, қылмыстық- атқару, қылмыстық-іс жүргізу заңдары, “Атқару өндірісі туралы”, “Сот приставторы туралы” заңдар, осы жұмыстың тақырыбымен байланысты құқықтық сипаттағы басқа да құқықтық нормалар және құжаттар. Айыппұл туралы заңдардың даму тарихын зерттеу барысында революцияға дейінгі нормативтік актілер, сондай-ақ Кеңестік мемлекеттің қылмыстық кодекстері және басқа да актілері пайданылады. Шет елдік заңнаманы қарастыру барысында Германияның, Францияның, Нидерландияның, Жапонияның және т. б- ларының Қылмыстық кодекстері қолданылды. Жұмыстың эмписерикалық базасын РКСФР Жоғарғы Сот және РФ Жоғарғы Сотының жарияланған тәжірибелік материалдары құрайды. РФ Жоғарғы сот жолындағы сот департаменті басқармасының Ростов облысы бойынша 2000 және 2003 жылдар аралығында негізгі және қосымша жаза ретінде айыппұлға сотталынғандардың саны және осындай қаралған қылмыстық істердің саны туралы мәліметтер зерттелінді. Бас бостандығынан айыруға және жазаның басқа да түрлеріне сотталынған адамдардың саны жөніндегі ресми статистикалық мәліметтер зерттелінді. Жаза ретінде айыппұл тағайындалған қылмыстық істер қаралды.

Зерттеу барысында 100 тәжірибелік қызметкерлерге сауалнама жүргізілді, осының негізінде белгілі бір тұжырымдармен тәжірибелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыс 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің колданылған кезеңінен бастап жазаның айыппұл түріндегі алғашқы монографиялық зерттеулерінің бірі. Кешенді зерттеулер негізінде айыппұл түріндегі жазаны негізгі де және қосымша жаза ретінде де қолданылу тиімділігіне талдау жүргізілген. Диссертацияда қылмыстық заңнаманы дамытуға байланысты нақты ұсыныстар қалыптастырылған.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. X ғасырда жазаның мүліктік түрлеріне өтуі мемлекеттің қанды кекті, кек алуды болдырмау мақсатымен байланыстырылады. Нәтижесінде жеке кек алу мемлекеттік жазалауға айналды, ол ақшалай жазалау ұзақ уақыт бойы неғұрлым кең тараған жазаға айналды.

Кеңестер білігінің алғашқы жылдары, жаңа экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде, жаза саласындағы саясат қолданылатын шараларды жұмсарту жағына бағытталды, бірақ та саяси курстың ауысуы және жауларды аяусыз жаныштау мақсатының орнауы қылмыс жасаған адамдарға қатысты репрессияны кеңінен қолдануға алып келе отырып, айыппұл түріндегі жазаны қолданбай, бас бостандығынан айыру және өлім жазасы жиі тағайындала бастады.

Қазіргі Қазақстандағы демократияның дамуы жағдайында заңшығарушымен кеңестік қылмыстық заңнаманың репрессивті сипатынан бас тартуда, сондықтан да айыппұлды жаза түрі ретінде сот тәжірибесінде кеңінен пайдалану керек.

2. Әкімшілік және қылмыстық- құқықтық нормалардың келісімін қамтамасыз ету үшін РФ Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 3. 5 бабынан азаматтар және лауазымды тұлғалар үшін айыппұлдың мөлшерін дифференциалды белгілеуге қатысты ережені алып тастау қажет.

3. РФ ҚК - нің 69 бабы 3 бөлігін келесідей редакцияда беру ұсынылады.

“3. Егер де қылмыстардың жиынтығы бойынша жасалынған қылмыстардың біреуі ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылса, онда түпкілікті жаза жазалардың бір бөлігін немесе толықтай сіңіру арқылы тағайындалады. Бұл жерде түпкілікті жаза жасалынған қылмыстардың ең ауыры үшін көзделінген жазаның жоғарғы мерзімі немесе мөлшерінің жартысынан аспауы қажет. ”

4. РФ Қылмыстық кодексінің 78 бабының санкцияларында айыппұл негізгі жаза ретінде баламалы түрде тек қана бас бостандығынан айырумен бірге ғана берілген. Бұл әділеттілік қағидасына қайшы келеді және құқық қолданудың тиімділігін арттыруға әсер етпейді. Айыппұл тек қана бас бостандығынан айыру жазасымен баламалы түрде қасастырылатын санкцияларда, жазаның басқа да түрлері қарастырылып кетсе, нақтырақ айтқанда міндетті жұмыстар, түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымда иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру және тұрақты табысы немесе кірісі жоқ, сондай-ақ материалды жағдайы төмен адамдарға баламасыз бас бостандығынан айыруда тағайындауды жоққа шығару мақсатымен қылмыстардың санаттарына байланысты басқа да жаза түрлері көзделінсе дұрыс болар еді.

5. РФ ҚК- де әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі қылмыстар үшін баптардың санкциясын құрауда біріңғай жүйе жоқ, ол өз кезегінде ауырлығы шамалы, орташа ауырлықтағы және ауыр қылмыстар үшін тең дәрежеде айыппұл тағайындау мүмкіндігіне алып келеді. Бұл мәселе Қылмыстық кодекстің баптарының санкциясын елеуші түзеуді талап етеді.

Мына қағида бойынша санкцияны құрау қажет: аурлығы төмен қылмыстар үшін айыппұлдың жоғары шегі ауырлығы жоғары қылмыстың төменгі шегінен аспауы тиіс.

6. Заңшығарушы баламалы санкциялардағы әртүрлі жазалардың, бірінші кезекте айыппұл және бас бостандығынан айырудың келісілген мөлшерінің проблемасын шешу қажет. Бас бостандығынан айырудың жоғары мерзіміне айыппұлдың жоғары мөлшері сәйкес келуі тиіс және керісінше де солай болуы қажет. Сондықтан да келейдей шек белгіленуі қажет- 100 мың рублей 1 жыл бас бостандығынан айыруға тең. Маңызы шамалы қылмыстар үшін айыппұл мөлшері 200 мың рублей, орташа ауырлықтағы қылмыстарға -500 мың рублей, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін -1 млн рублейден аспауы тиісті.

7. Кез келген жазаның тиімділігі оның жазаның мақсаттарын жүзеге асыруға қалай әсер ететіндігімен анықталады. Бұзылған қоғамдық қатынастарды қолына келтіру, қоғамға қауіпті қолсұғушылықпен келтірілген шығынның орнын толтыру, яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру белгілі бір дәрежеде жазаның айыппұл түрімен қамтамасыз етіледі.

Соталушының түзеу мақсатына жетуі айыппұлдың жаза түрі ретінде сотталушының мүліктік жағдайына әсер етуімен байланысты. Сотталушының айыппұл төлеуі белгілі бір деңгейде өзінің мінез-құлқын түзеуге әсер етеді. Айыппұл қоғамға қарсы жағымсыз мінез-құлық ниеттерін өзгеруге бағыттала отырып, жаңа қылмыстарды жасамаудан сақтандыруға әсер етеді.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелек маңызы. Диссертация мазмұнындағы тұжырымдар және ұсыныстар қылмыстық заңнаманы жетілдіру мақсатында пайдалануы мүмкін және жазаның осы түрін тағайындауды кеңейтуге бағытталады. Диссертантпен алынған нәтижелер қылмыстық және қылмыстық атқару құқығы үшін қызығушылық туғызады. Осы зерттеуде Қалаптастырылған теориялық жалпылаулар және тұжырымдар заңшығарушылық процесте, сот- тергеу органдарының тәжірибелік қызметінде, соның ішінде ҚР Жоғарғы Соты Пленумының айыппұл түріндегі жазаны тағайындау және атқару мәселелері бойынша сот тәжірибесі туралы түсіндірмелерін әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеудің нәтижелері аталған мәселені одан әрі әзірлеу барысында ғылыми- зерттеу жұмыстарында пайдаланылуы мүмкін. Диссертацияның негізгі ережелері жоғары және орта кәсіби орындарында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін дайындауда және қайта даярлаудағы әртүрлі кезеңдерде “ Қылмыстық құқық” және “Қылмыстық- атқару құқығы” курстарын оқытуда оқу процесіне енгізілуі мүмкін.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс Ростов мемлекеттік экономикалық университеті “РИНХ” заң факультеті қылымыстық құқық және криминология кафедрасында дайындалған. Диссертацияның негізгі ережелері және тұжырымдары кафедра мәжілістерінде талқылынды және халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциялардағы баяндамаларда және 4 мақалада көрініс тапты.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері Ростов мемлекеттік экономикалық университеті “РИНХ” оқу процесіне енгізілген.

Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаттарында және міндеттерінде анықталған және кіріспеден, он бір бөлімшені біріктіретін үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыс Қазақстан Республикасының ЖАК талаптарына сәйкес орындалған.

  1. Тарау Айыппұл түріндегі жаза заңнамасының даму тарихыXIX ғасырдың екінші жартысындағы және XX ғасырдың басындағы қылмыстық заңнамадағы айыппұл

Жазаның түрлері, саны және мазмұны халықтық және мемлекеттік өмірдің нақты жағдайлары және құралдарымен күштердің қоры өзгеретіндей көпжақты өзгереді. Әр кезең, әр мемлекет жазаны өзінше ұйымдастыра отырып, сол немесе басқа да мақсаттарға ұмтылады, қылмыскерлерді қорқытады, жояды немесе түзейді, тұрмыстың нақты жағдайларына және құралдарына тұрақты түрде икемделе отыра оларды залалсыздандырады8.

Дамудың осы кезеңіндегі заң шығарушының міндеттерінің бірі ретінде жазаланушылық жүйесін тәртіпке келтіру яғни жазалардың қылмыстық іс-әрекеттерінің ауырлығының сәйкестігін анықтау және жазаларды тағайындау ісіндегі соттық (пройзволды) ақылмен шектеу. Сонымен бұрынғы заңнамаға қарағанда 1845 жылғы Уложениенің бір ерекшелігі жазаны қатаң түрде сатылай отырып жүйеге келтіруге ұмтылыстар жасалынды. Техникалық мағынасы жағынан жазалардың сатысы деп олардың салыстырмалы ауырлығы бойынша түрлерге және дәрежеге бөліне отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқан жазалардың барлық тобын түсінуге болады.

1845 жылғы Уложениеде жазалардың он бір тобы (тиісінше, 12, өйткені ақшалай жаза жекелеген топты құрады) осы жүйе бойынша 38 дәрежеге бөлінді (параллельді түрде 47 дәрежеге), олар өз кезегінде өлім жазасынан басталып, сөгіспен аяқталатын бір (убивающую) прогрессті ұсынылуы тиісті болды.

Ойласытырылған жоспарды қатаң және дәл орындау барысында алынуы мүмкін барлық қолайлы жағдайларды 1845 жылғы Уложение тудыра алмады. Сазайын тарттыру жүйесіндегі кейінгі өзгерістер жазалардың сатыларына үлкен (разлад) енгізді. 1863 жылы денеге жарақат келтіру арқылы жазалаудың тоқтатылуы және 1884 және1885 жылдары тобы бойынша каторгалық жұмыстардың айырмашылығын жоятын заңдардың, 10 маусым 1900 жылы жер аударуды тоқтату туралы заңның қабылдануына байланысты жазалардың сатыларының барлық техникалық маңызы жойылды.

1917 жылғы Уложение қылмыстық жазалардың үш тобын қарастырды: өлім жазасы, каторгалық жұмыстар және қонысқа аудару, түзеу жазаларының жеті тобы: а) түзеу қамау бөлімдері; б) барлық ерекшелікті құқықтар және басымдарды айыра отырып, түрмеде ұстау; в) бекіністе ұстау; г) бірқатар құқықтарынан айыра отырып, түрмеде ұстау; д) құқықтарынан айырмай-ақ түрмеде ұстау; е) қамау; ж) сөгіс, ескерту, әсер ету, ақшалай жаза9.

1845 жылғы қылмыстық және түзеу жазалары туралы Уложениемен бірге, 1863 жылы “Бітімгершілік судьяларымен жүктелетін жазалар туралы” Жарғыда қолданылды, ол сонымен бірге жазалардың бірқатар түрлерін қолдану мүмкіндігін көздеді. Жазалардың тобы Уложениенің 1-бабында және оған ескертуде анықталды. Олар төртеу: а) бір жыл алты айдан аспайтын мерзімге түрмеде ұстау; б) үш айдан аспайтын мерзімге қамау; в) 300 рублейден аспайтын сомаға ақшалай жаза; г) сөгіс, ескерту және әсер ету. Жазалардың жаңа жүйесі 1903 жылғы қылмыстық уложениеде әзірленді.

Қылмыстың Уложениенің сазайын тарттыру жүйесі жазалардың жекелеген тобының Қылмыстың Уложениенің сазайын тарттыру жүйесі жазалардың жекелеген тобының дәрежеге бөлінуіне байланысты жазалардың сатысын анықтамады, бірақ соған қарамастан соттың қарауына жұмсарту тәртібі мен жазаның бір түрінен басқасына өту мүмкіндігі ұсынылды. 1903 жылғы Уложениенің барлық жазалары негізгі, қосымша және ауыспалы деп бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық туралы
Қылмыстық құқықтағы шешім
Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Республикасының азаматтығынан айыру
Қылмыстық құқықтың теріс қылық түсінігі
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz