Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТI

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу

Орындаған 4 курс студенті

Ғылыми жетекші

аға оқытушы

Норма бақылаушы

рұқсатымен қорғауға жіберілді

з. ғ. к., доцент

АЛМАТЫ, 2009

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: І
3: Азаматтық құқық бойынша меншiк құқығының нысандары мен түрлерi
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 1. 1
3: Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы және оның пайда болуының негізгі жолдары
5
КІРІСПЕ: 1. 2
3: Жеке меншіктің түрлері мен формалары және оның жүзеге асырылуы
15
КІРІСПЕ: 1. 3
3: Ортақ меншік құқығының ұғымы мен түрлерi
24
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ІІ
3:
Қазақстан республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
КІРІСПЕ:
КІРІСПЕ: 2. 1
3: Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері
29
КІРІСПЕ: 2. 2
3: Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі
36
КІРІСПЕ: 2. 3
3: Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері, жекешелендірудің кезендері
41
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ІІІ
3: Меншік құқығын қорғау және оны иелену
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 3. 1
3: Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық әдістерінің ұғымы
51
КІРІСПЕ: 3. 2
3: Меншік құқығын қорғаудың заттай құқықтық әдістері
59
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН

НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР ТІЗІМІ

3:

70

71

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Меншiк қай қоғамның да сан қырлы өзектi мәселесi болып келдi. Сондықтан да меншiк құқығын құқық институты ретiнде қараған кезде оны меншiктен шығатын экономикалық категория деп түсiнуi керек.

Меншiк дегенiмiздiң өзi - затты иелену, меншiктену екен, оның өзi заттың пайдалы қасиеттерiне орай жүзеге асады, демек, оны меншiктенген соң өндiрiс барысында пайдаланып, оған билiк етiледi. Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақтылы тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни, ол бірыңғай тұтас құқық институтын құрайды.

Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:

Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгісі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді. Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді. Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.

Меншік құқығының субъективтік мазмұны - өкілеттелінген тұлғаның мүмкіндігі болып табылады. Субъективтік меншік құқығы меншік иесіне өз еркінше мүлкін кәсіпкерлік немесе заңмен тыйым салынбаған басқа іс - әрекет үшін пайдалану және билік ету құқығын басқа тұлғаға өкілеттеуге, сатуға, кепілдікке беруге құқығы бар.

Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.

Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заң жүзінде қамтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.

Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу тағы басқа өзге де нысандарда болуы мүмкін. Бұл құқықтар тек мүлікке ие болған жағдайда ғана жүзеге асады. Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық айтылған құқықтардың ішінде негізгісі болып оның бар болуы меншік иесін басқа титулдық иеліктерден ерекшелендіреді. Меншік иесінің үш құқығы, заңның тарихи дамуынан туындап отырған заңды құрылымы болып табылады.

Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің құқықтарында ғана емес, сондай-ақ олардың өзгешелігінде болып отыр. Мұнда жалдап алушының мүлікке деген құқығы меншік иесінің құқығынан шектеулі болып отырғандықтан емес, меншік иесінің құқығы жалдап алушыға мүлікке қожалық етуге мүмкіндік беруінде.

Басқа заңдық мүлік иесінің құқықтар меншік иесі өкілеттілігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда болды. Меншік құқығының осы үш құқығының (триада) дерексіз ұғымы ұзақ уақыт осы сияқты субъектілерді меншік иесі деп немқұрайды санап келгенде, ал шынында өздеріне тиістілі мүлікті өз шаруашылығында өз еркінше пайдалану
мүмкіндігі болмаған. Сондықтан, жаңа заң меншік иесіне өз еркінше өзіне тиістілі мұлікке ие болу, пайдалану, билік етуін белгілеп берді. Бұрынғы заңдарда меншік құқықтарын пайдалану шектері белгіленген болса қазіргі уақытта меншік иесі өз мүлкін заңмен тиым салынбаған кез келген іс- әрекетте пайдалана алады. Осының бәрі қаралып жатқан құқықтық негізгі заңдылық ерекшелігін қалаушы меншік құқығының тәуелсіздігін, мазмұнының кеңдігін көрсетеді.

Осындай заңдылықты еске алып, субьективті меншік құқығы бұл меншік иесінің өз мүлкіне өз еркінше ие болу, пайдалану және билік ету, заңда тиым салынбаған басқа да іс -әрекеттер жасау құқықтарын пайдаланып, яғни өз мүлкіне толық қожалық ету деп түсінуге болады. Дипломдық бітіру жұмысы ІІІ тараудан, әр тарау бірнеше тармақтардан тұрады. Кіріспе бөлімде меншік белгілері, функциялары көрсетіледі. I. Азаматтық құқық бойынша меншiк құқығының нысандары мен түрлерi деген бірінші тарауда Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы және оның пайда болуының негізгі жолдары және Мемлекеттік меншiк құқығының объектiлерi және оның мазмұны қарастырылады. II. Азаматтардың жеке меншік құқығы деген негізгі тарауда Жеке меншіктің түрлері мен формалары және оның жүзеге асырылуы және Ортақ меншік құқығының ұғымымен түрлерi анықталса, III. Меншік құқығын қорғау және оны иелену атты тарауда Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық әдістерінің ұғымы мен Меншік құқығын қорғаудың заттай құқықтық әдістері ашылады.

I АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРI

1. 1 Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы және оның пайда болуының негізгі жолдары

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады», - деп жазылған.

Азаматтық кодекс меншiктiң екi нысанда - жеке және мемлекеттiк екендiгiн тәртiптейдi. [1] Сонымен, меншiкке субъектiлер: мемлекет, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Азаматтық кодексiне сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемелекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Респуликалық бюджет қаражаты, алтын, валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін.

Ал, жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресірстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.

Мемлекеттік меншік - экономикалық категория ретінде мүліктің халыққа тиістілігін білдіреді. Осы көзқарастан мемлекеттік меншік құқығы объективті мазмұны, ол, материалдық игіліктердің халыққа тиістілігін бекітуші және қорғаушы құқық нормаларының жинағы.

Сонымен бірге мемлекеттік мүлікке ие болу, пайдалану және жойылу жолдары.

Мемлекеттік меншік құқығының субъективті мазмұны - меншік иесінің заңда көрсетілген құқықтарынан тұрады да, осы тұрғыда басқа меншік иелену құқықтарынан ерекшеленбейді. Мұнда мемлекеттік меншік қатынастары меншіктің басқа түрлері меншік қатынастарынан ерекшеленеді.

Оның көріністері:

Біріншіден, мемлекеттік меншікке кез-келген мүлік жатуы мүмкін, сонымен қатар айналымнан алынған немес айналымға шектелінген мүлік.

Екіншіден, мүлікті өз меншігіне алу жолдарын тек қана соны қолдануы мүмкін (мысалы, алымдарды және салықтарды жинау) .

Үшіншіден, саяси егеменді мемлекет ретінде құқықтық актілерді шығару жолдары арқылы меншік иесінің құқықтарын және оны іске асыру жолдарын белгілейді.

Мемлекеттік меншік құқығында кез-келген мүліктің болуы және заңда көрсетілген жолдары мен алуға және белгіленген шектерде пайдалануға құқығы бар.

Мемлекеттік меншіктің ерекше сипаты, мемлекеттің - саяси егемендігінің белгісі. Сондықтан, құқықтың басқа субъектілерімен бір деңгейде болуы мүмкін.

Меншік туралы заң мазмұны бойынша өкілетті органдар халық атынан мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып табылады да, олар тек қана мемлекеттік мүлікті басқарады және билік етеді. Бұл мемлекеттік органдар мемлекеттік мүлікті шаруашылықта пайдалну үшін және азаматтық айналымда мемлекет атынан іс жүргізетін арнайы құрылған мемлекеттік органдар. Негізінен қазына институттары қайтадан құрылып мемлекет шаруашылығын жүргізіп азаматтық құқық қатынастарында мемлекеттің толық праволы өкілі болып отыр.

Қазына немесе мемлекеттік мүлік ведомстволары құқық қатнастарының субъектісі бола отырып, басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады. [2] Сондықтан, мемлекеттің товар айналымына қатысуы басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады да теңдік принципі бұзылмайды. Бұл органдарға мемлекеттік игілікті басқару жөніндегі комитеттер жатады. Ал, мемлекеттік мүлік жөніндегі қорлар коммерциялық заңды тұлғалар үлестерін иемденіп солардың құрылтайшылары және қатысушылары болып табылады. [3]

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет жекешелендіруге жататын объектілерді белгілейді, ал мемлекеттік мүлік қорлары оларды сатушылар ретінде көрінеді, ал сатылмай қалған акцияларды иемденіп акционерлер жиналысында акционерінің міндетін атқарады. Сонымен бірге акциясының бағасының төмендеу нәтижесінен шыққан шығындарды өтейді.

Кейбір жағдайларға мемлкеттің мүддесін меншік иесі ретінде қаржы министерствосының органдары қаржы бөлімдері, басқармалары, немесе мемлекеттің басқару органдарын арнайы міндеттелген органдары құрайды.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері шектелмеген - себебі, мемлекеттің меншігінде кез -келген мүліктік болуы мүмкін. Бұл жағдай мемлекеттік меншіктің, меншік құқығының ерекшелігінің салдары, сондықтан, мемлекеттік меншік құқығының ерекшелігінің салдары, сондықтан, мемлекеттік құқығының объектілері әр түрлі.

Солардың ішінде негізгі объектілер болып - мемлекеттік өкімет органдарының және мемлекеттік басқару органдарының мүліктері, бюджет қаражаттары, кәсіпорын, халық шаруашылық комплекстері және басқа да әлеуметтік мәдени саласының объектілері, мемлекеттік банкілер, сақтандыру қорлары, мәдени тарихи байлықтар және басқа да мемлекеттік міндеттерін атқаруға керек мүліктер жатады.

Мемлекеттің белгілі бір мүлікті өз меншігіне алуының заңдылық негізі әртүрлі.

Шартты түрде оларды екі топқа бөлуге болады.

Біріншіден: «Жалпы азаматтық тәсіл» - меншік иесі тек мемлекет қана емес, кез-келген басқа азаматтық правоның субъектілері болуы мүмкін, яғни меншік құқығын әр түрлі келісімдер және мекемелер негізінде иемдеу.

Екіншіден: Тек қана мемлекет белгілі бір меншіктің иесі бола алады. Мысалы: мемлекетке азаматтардың өсиеттеген мүліктері - яғни, жәй жалпы азаматтық меншік құқығына ие болу жолы иесіз қалған мүлікті мемлекеттік меншікке өтуі.

Үшіншіден: Меншік құқығына ие болу негіздерінің маңыздылығының бірі алым-салықтар және міндетті төлемдер болып табылады.

Кейбір меншік иелерінен мүлкін жалпы мемлекеттің қажетін өтеуге алу және салық өндіру барлық мемлекеттерде ұлттық меншікті жасау үшін жүргізіледі. Сонымен бірге салықтар мемлекеттің нарықтық экономика реттеу тәсілі болып табылады.

Тарихта мемлекеттік меншік құқығы бізде «национализациялау» негізінде пайда болған, яғни арнайы заңдар негізінде жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру.

Жеке меншік мемлекеттің меншігіне төлемсіз экспропарция негізінде (тартып алу) немесе бұрынғы меншік иелеріне белгілі бір төлем арқылы айналдырған.

Елімізде Совет өкіметінің құрылуы кезінде негізінен жеке меншік иелігінен мемлекеттің меншігіне қайтарылусыз алу формасы қолданылған. Себебі, бұл форма революциялық кезеңнің әлеуметтік экономикалық талабы болды. Қазіргі уақытта меншік құқығын мемлекеттің шешімімен жоғалтып алу тек қана заңда көрсетілген жағдайларда меншік иесіне тартқан зиянын толық қайтару арқылы жүргізіледі.

Жеке меншікті мемлекет меншігіне айналдыру (национализация) реквизациялаудан және конфискациялау, конфискациямен ерекшеленеді. [4]

Реквизация және конфискациялау бұл да мемлекеттің меншігіне кейбір меншік иелерінің мүлкін алу жолдарының бірі.

Реквизациялау - дүлей апаттар, авариялар жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік өкімет және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін (реквизиция) .

Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады.

Мүлкі реквизицияланған адам реквизиция жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы. Конфискациялау - заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мүмкін.

Мемлекеттің меншігінен иесіз қалған мүлік, зат өтеді.

Иесіз зат меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.

Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуде жүзеге асыратын есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға Уәкілдік берілген орган иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады. Коммуналдық меншікке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену көнелігіне сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

Иесіз заттарды арнайы жағдайлары болып олжаның, көмбенің, қараусыз жануарлар табылуы есептелінеді.

Жоғалған затты тауып алушы туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға міндетті.

Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса затты тауып алушы олжа туралы милияцияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.

Егер олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға немесе милицияға не жергілікті атқару органына мәлімдемесе затты тауып алушы оған меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ұстап алған адам егер оның өзі немесе туған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар (органына мәлім) туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар меншік иесін іздестіру шараларын қолданады.

Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не - ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін. Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және оларға жануарларды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады.

Егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімдеген кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде - екі ай ішінде олардың меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшеді.

Бұл адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншікке түседі және тиісті жергілікті атқару органы белгілейтін тәртіп бойынша пайдаланады.

Көмбе, яғни жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын немесе заңдарға сәйкес оларды құқығынан (немесе заңдарға) айырылған ақша немесе өзге де бағалы заттар.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктеуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құқының елу процентін немесе сый-ақы алуға құқылы. Мемлекет меншігіне мемлекетке өсиеттелген және мұрагерсіз қалған мүлік өтеді. Мемлекеттік меншіктің пайда болу жолдарының бірі бағалы қағаздарды (облигация), вексел, чек, банк сертификаты, коносомент, акция шығару. Заттай-ақшалай ұтыс лотореяларды шығарып ойнату, аукциондарды өткізу болып табылады.

Мемлекеттiк меншiк құқығын объективтiк мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игiлiктердi бекiтетiн және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсiну керек және де ол мемлекеттiк мүлiктi иеленуге, пайдалануға және билiк етуге байланысты тәртiп жүйесiн бекiтедi.

Мемлекеттiк меншiк объектiлерiне мыналар жатады: 1) қозғалмалы және қозғалмайтын заттар; 2) ақша, шетелдiк валюта; 3) бағалы қағаздар; 4) мiндеттемелiк және басқалай заттық құқықтар мен мiндеттер. Күрделі меншiк иелері - мемлекет жалпылай қоғамдық ұйымдар, басқа да меншік иелері өздеріне тиісті мүліктер негізінде шаруашылық жүргізу үшін жеке құқықты (мүлікті) тұлғалар құрады. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заң құжаттарынан белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекет заттық құқығы болып табылады.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі, егер заңдарда өзгеше көрсетілмесе кез-келген мүлік бола алады.

Мүлікті құрылып үлгерген мемлекеттік кәсіпорынға бекіту меншік иесі шешім қабылдаған мүлікке қатысы шаруашылық жүргізу құқығы, егер заңдарда немесе меншік иесінің шешімінде өзгеше белгіленбесе, бұл кәсіпорында мүлікті кәсіпорынның дербес балансына бекіткен кезде пайда болады.

Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі, кірісі, сондай-ақ, кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алуға арналған заңдарда белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорынның шаруашылық жүргізілуіне келіп түседі.

Мүлікті шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ меншік иесінің шешімімен кәсіпорыннан мүлік заңды жолмен қайтарылып алынған реттерде тоқтатылады.

Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі заң құжаттарына сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарына белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті пайдалануынан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға құқылы. 3

Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органының келісімінсіз кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:

Біріншіден: Өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жылға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Мерзімді есептеу тәртібі
Халықаралық ұйымдардың тұлға құқықтарын қорғаудағы орны
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz