Балабақшадағы бала тәрбиесі



Кәмелетке толмаған балғын шақ баланың адам болып қалыптасуындағы ең күрделі әрі қызықты шағы. Осыған қарай ғылым баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт топқа бөліп қарастырады.
1. Бөбектік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін);
2.Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);
3.Мектеп жасына дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4.Төменгі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас аралықтары).
Жалпы балалардың дамуының ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің түрлері мен оларды қоршаған нақтылы орталарына, көзқарастарына байланысты болып келеді. Сондай-ақ балалық шақ кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, этномәдени жағдайының әсері баланың болашақта қабілетінің дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ал жасөспірімдердің тым ерте жастан мектепке дейінгі мекемелерге тартылуы олардың психикалық және дене–тұлғалық денсаулығын нығайтуға, тілалғыш, салмақты болуына, ұжымдық ынтымақтастыққа, достыққа адалдық, түр-сипаты мен бітім-болмысы мығым азаматтар болып өсіп-өнулеріне, жетіліп кемелденулеріне ықпал етеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытып, үйрету ұйымдарына жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай мыналар жатады: балалар бақшасы, мектепалды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері, т.б. Осылардың ішінде жасөспірімдердің жан-жақты жетіліп, өсіп-өнулеріне ықпалы зор ұйым-балалар бақшалары болып саналады.
Балабақша - бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке, имандылыққа, жоғары адамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет-дарындарының дамып, жан-жақты жетілулеріне тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт.
Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған – сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады. Осыған қарай балдырған тәрбиесі балабақшадан терең әлеуметтік, рухани-моральдық тәрбие мен білім беруді талап етеді [1.5-6].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады [2.4].
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне пікір білдіріп, қоғамдық ойдың тамызығы болған алғашқы басылымдарға имене тұрып тұңғыш өлең-жырларын, көкейде жүрген арманды ойлары мен тілектерін ұсынған, оқыған алғашқы қарлығаштар – сауатты қазақ қыздары еді. Бұл қатарда: Н.Құлжанова, С.Есова, А.Оразбаева, Н.Арықова, М.Хакімжанов, М.Бегалиева, Ә.Кемелова, М.Шонанова, т.б атап айтуға болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалауда Н.Құлжанованың еңбегі ерекше, оның педагогикалық ойлы пікірлерінің медицина ілімімен сабақтасуы оның нағыз ғалымдылығын дәлелдейді. Оның «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Баланың аурулары», «Баланың күтімі», т.б еңбектері бүгінгі күнде бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.
Жалпы балабақшаның алғаш дүниеге келуі шет елдерде ағылшын педагогы Роберт Оуеннің (1771-1858) есімімен байланысты. Ол 1802 жылы пролетариат балабақшаларына қоғамдық тәрбие беретін мектеп–балабақша ашып, «қоғамдық тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік береді» деп тұжырымдаған.
1. Қалиев С. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушы //Отбасы және балабақша. -2007.-№ 6.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ∕∕Егемен Қазақстан. - 2009 ж. ақпан.
3. Жұмабекова Ф.Н. Тәрбие негізі балабақшада //Отбасы және балабақша. -2009.-№ 1.
4. Қалдыбаева Т.Ж. Мектепке дейінгі білім бағдарламасының іске асырылуы //Отбасы және балабақша. - 2009.-№ 1.
5. Нұсқабаев О. Мектеп жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. – Алматы: Қазақстан, 1997.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Қ.АБДРЕЙОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

В этой статье рассматривается проблема места и роли детского
сада в социальной развитии детей.

This article is about the place and role of nursery school in
social-development of children.

Кәмелетке толмаған балғын шақ баланың адам болып қалыптасуындағы ең
күрделі әрі қызықты шағы. Осыған қарай ғылым баланың туғаннан бастап
мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт топқа бөліп қарастырады.
1. Бөбектік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін);
2.Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);
3.Мектеп жасына дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4.Төменгі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас аралықтары).
Жалпы балалардың дамуының ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің
түрлері мен оларды қоршаған нақтылы орталарына, көзқарастарына байланысты
болып келеді. Сондай-ақ балалық шақ кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік-
экономикалық, этномәдени жағдайының әсері баланың болашақта қабілетінің
дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ал
жасөспірімдердің тым ерте жастан мектепке дейінгі мекемелерге тартылуы
олардың психикалық және дене–тұлғалық денсаулығын нығайтуға, тілалғыш,
салмақты болуына, ұжымдық ынтымақтастыққа, достыққа адалдық, түр-сипаты мен
бітім-болмысы мығым азаматтар болып өсіп-өнулеріне, жетіліп кемелденулеріне
ықпал етеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытып, үйрету ұйымдарына
жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай мыналар жатады: балалар бақшасы,
мектепалды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері, т.б. Осылардың ішінде
жасөспірімдердің жан-жақты жетіліп, өсіп-өнулеріне ықпалы зор ұйым-балалар
бақшалары болып саналады.
Балабақша - бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын
арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке,
имандылыққа, жоғары адамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар
жасөспірімдердің қабілет-дарындарының дамып, жан-жақты жетілулеріне тікелей
ықпал ететін әлеуметтік институт.
Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған –
сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан
әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған
шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені,
білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі
қалыптасады. Осыған қарай балдырған тәрбиесі балабақшадан терең әлеуметтік,
рухани-моральдық тәрбие мен білім беруді талап етеді [1.5-6].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауында
еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-
бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай бүгінгі қоғам мүддесіне
лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан
парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың
міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке
дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі
өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу
үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан
басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға
негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан
басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе
балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы
өшпестей із қалдырады [2.4].
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне пікір білдіріп, қоғамдық ойдың
тамызығы болған алғашқы басылымдарға имене тұрып тұңғыш өлең-жырларын,
көкейде жүрген арманды ойлары мен тілектерін ұсынған, оқыған алғашқы
қарлығаштар – сауатты қазақ қыздары еді. Бұл қатарда: Н.Құлжанова, С.Есова,
А.Оразбаева, Н.Арықова, М.Хакімжанов, М.Бегалиева, Ә.Кемелова, М.Шонанова,
т.б атап айтуға болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалауда
Н.Құлжанованың еңбегі ерекше, оның педагогикалық ойлы пікірлерінің
медицина ілімімен сабақтасуы оның нағыз ғалымдылығын дәлелдейді. Оның
Мектептен бұрынғы тәрбие, Баланың аурулары, Баланың күтімі, т.б
еңбектері бүгінгі күнде бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.
Жалпы балабақшаның алғаш дүниеге келуі шет елдерде ағылшын педагогы
Роберт Оуеннің (1771-1858) есімімен байланысты. Ол 1802 жылы пролетариат
балабақшаларына қоғамдық тәрбие беретін мектеп–балабақша ашып, қоғамдық
тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп
тұжырымдаған.
Кейіннен неміс педагогы Фридрих Фребель 1837 жылы мектепке дейінгі
мекеме ұйымдастырып, оны балабақша деп атаған. Осындай шетелдік
тәжірибелердің негізінде Ресейде XIX ғасырдың 60 жылдары төлем ақылы жеке
адамның меншігіндегі ең алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастаған. Атақты
педагог А.С.Макаренконың ...баланы дүниеге келген сәтінен тәрбиелеу
керек деген тұжырымдары терең орын алады және тәрбие тал бесіктен
басталатынын ескерсек, ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа жеткен Ел боламын
десең, бесігіңді түзе деген даналық сөзі де осы мақсатпен үйлесім тапқан.
Қазақ халқы осы жайлы елдікпен ойламады деп кім айта алады?
Ойладық, әйтсе де ойдың да, арманның да жүзеге асуы өмір сүріп отырған
қоғамға, уақытқа байланысты екені даусыз. Жасыратыны жоқ, еліміз егемендік
алғанға дейін байтақ қазақ жерінде баланың бесіктегі кезінен тәй-тәй
басқан, былдырлап тілі шығып, айналасындағының бәріне арсалаңдап,
аңқалақтай қарап, анау не? деп тіл қатып, түйсігі ояна бастаған кезеңнің
тәрбиесі дейтіндей қилы-қилы, мәнді мәселелерді қозғап, тәлімгерлік әдісті
үйрететін, түбегейлі жазатын арнайы басылым, газет-журнал болмағаны шындық
[3.2-4].
Дошкольное воспитание журналын ата-аналар мен тәрбиешілер місе
тұтатын.
Бірақ бұл журнал қазақ және басқа ұлттар бүлдіршіндерінің табиғаты,
ерекшеліктері, оларға ұлттық тәрбие берудің талаптары мен соған орай
мәселелерді ескеріп, байыптап, бас қатырып жатпайтын. Қазақстан
балабақшаларының жайы мен мүдделерін ауызға да алмайтын, тиіп-қашып та
жазбайтын. Сондықтан да бізде бүлдіршіндерді отбасында, балабақшада
тәрбиелеу талаптары көбіне елеусіз қалып келгені осының салдарынан ұрпақ
тәрбиесінде халықтық педагогика, ана тілі мен салт-дәстүріне баулу, ұлттық
психология мен этика, эстетика мәселелері қалыс қалып, соның салдарынан
қазақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын әр жас ерекшелік топтарда үйрету жолдары
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Жас ұрпаққа тәрбие беру
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау
Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Пәндер