Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

2 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері

3 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

4 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халыктың денсаулығына және адамгершілігіне карсы қылмыстар жеке тарау болып бірге беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің құқыктық нормалар (оның ішінде қылмыстық құкық) арқылы қөрғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи жөне мөдени мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің касиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң корғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір ізін келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-әрекеттермен қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін қылмыстық кодексінің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамға кауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген. Тікелей объектісіна байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі тұрлі топқа: 1) халықтың денсаулығына және 2) адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін -заттарды заңсыз, дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап) . Есірткі заттардың немесе жұйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап) . Есірткі заттарда немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тутынуға көіндіру (261-бап), құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттаң, аспаптардың немесе жандықтардың заңсыз айналымы (263-бап) . Есірткі затттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастару немесе ұстау (264-бап) . Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау немесе жеке фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу (266-бап) . Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу.

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 259-265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей объектісі --халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына - есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер беретін және улы заттар және Қылмыстық кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Әрбір жеке адамның денсаулығы-ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрібір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрібір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетіміздің Қазақстан Республикамыздың Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. “Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, содай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі” делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерін заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.

Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз-адам организімінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам организімінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақтап, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі-бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы : адам денсаулығына зиян келуі-оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау-тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады. Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмыстарға қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады :

  1. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ;
  2. денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру ;
  3. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ;
  4. ұрып-соғу ;
  5. азаптау ;
  6. денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ;
  7. қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
  8. қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
  9. денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру ;
  10. қорқыту ;
  11. ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету ;
  12. медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерінің тиісінші орындамауы ;
  13. соз ауруларын жұқтыру ;
  14. адамның иммун тапшылығын вирусын жұқтыру ;
  15. заңсыз аборт жасау ;
  16. науқасқа көмек көрсетпеу немесе қауіпті жағдайда қалдыру.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының объектісі-бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады .

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы-басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), әлектірлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді . Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің организміне хирургиялық операциялар жүргізуге келісім берсе, онда хирургтар осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алу мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады :

  1. қасақана (тікелей және жанама) ;

2) абайсызда (менмендік және немқұрайлық) . Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамаға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптық болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында былай делінген, дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді:

  1. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ;

2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру ;

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді :

  1. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ;
  2. ұрып-соғу ;
  3. азаптау ;
  4. денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ;
  5. қажетті қорғаныс шегіне шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
  6. қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ;
  7. денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ;
  8. қорқыту ;
  9. соз ауруларын жұқтыру ;
  10. адамның иммун тапшылығын вирусын жұқтыру ;
  11. заңсыз аборт жасау ;
  12. қауіпті жағдайда қалдыру ;

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады

  1. заңсыз аборт жасау ;
  2. медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ;
  3. ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету ;
  4. науқасқа көмек көрсетпеу.

Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Дене жарақатын жіктеу жарқаттанудың әрбір түрі бойынша қоғамға қауіптілік дәрежесін де көрсететін болуға тиіс. Дене жарақаттануының қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі денсаулыққа келтірілген залал ауырлығы дәрежесіне тікелей байланысты болып келеді .

А. А. Жижиленко дене жарақаттарын жіктеу белгісі деп анатомиялы -патологиялық және әкономикалық мәселелерді алға тартты. Бұл жерде ол әкономикалық белгі запа шегушінің еңбек қабілеттілігіне келтірілген зиянды сиппаттайды, ал анатомиялық -патологиялық белгі сол дене жарақатының сипатын есепке алады деп көрсетті және бұл жереде барлық ағзалардың тұтастай жағдайын ескеру керек деді.

Кейбір авторлар дене жарақатын жіктеу үшін бір ғана анатомиялық -патологиялық белгі жеткілікті деп санайды, ал еңбекке қабілеттілік жоғалтуды өз алдына белгі емес, тек дене жарақатын саралайтын жағдай деп есептеуді ұсынады. Енді басқа бір криминалистер дене жарақатын жіктегенде әкономикалық белгілерге басымдық бергенді дұрыс деп табады. Мысалы, Н. В. Вламировский; денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтырған және соқтырмаған анықтамалар жәйлі бұл түсініктер мүлдем негізсіз деп жаза келіп, объективті және бір ғана белгі есебінде түрлі жарақаттану дәрежелеріне қарай 3 топтың біріне міндетті түрде жататын еңбек қабілеттілігін жоғалтуды ұсынады . Ал М. И. Федоров дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтағанда әкономикалық белгі көп теген жағдайда анатомиялық- патологиялық белгіге қарама -қайшы келеді, сондықтан ол қолдануға жармасыз деді.

Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген : “Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірі тұрақты түрде жоғалтуға ұщтасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға дүшар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру”.

Осы 103- баптың 1- тармағын талдап, тоқталып өтейік : “Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі” 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес :

а) Адамның өміріне қауіпті зиянға-миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрәжедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдардын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру тағыда басқа жарақаттар келтіруге жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7- тармағында тұтастай көрсетілген.

б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу- бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға дұшар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының әлементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.

Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 процентке тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айырған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35% мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айыру-сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін бір жола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады . Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден, аулақ жүреді, сондықтан да тілден айырылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.

г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6 см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту - адам организмінің сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы- ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы- жалпы еңбек қабілетінің 15 процентін, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.

л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға- аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал ( паралич ) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру

Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен :

  1. адамның өміріне қауіптіліктің болмауынан ;
  2. кодекстің 103-бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан ;
  3. денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына ;
  4. жалпы еңбек қабілетінің кемінде үщтен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан ( 21 күннен әрі ) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері Қылмыстық кодекстің 103-бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.

Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру нәтижесінде денсаулық қысқа уақытқа бұзылса немесе жалпы еңбек қабілеті айтарлықтай емес тұрақты жоғалса, бұл- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп танылады.

Қылмыс құрамының обьективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен) ; денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту сияқты денсаулыққа келген жеңіл зиян түріндегі зардаптармен; қылмыстық іс-әрекетпен аталған қылмыстық зардап арасындағы себептік байланыспен сипатталады.

Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот -медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде 10- тармағына сәйкес, денсаулықты женіл жарақаттағандықтың белгілеріне мыналар жатады : денсаулықтың қысқы уақытқа бұзылуы- үш аптадан (21 күннен) артық емес мерзімге, жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту -10%-ке дейін.

Ата заңымыз Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін бекітті.

Осыған орай, қабылданып жатқан заңдар ең әуелі ел азаматының құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекет азаматтардың заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде

ұстауға болатынына кепілдік беріп, ата заңьмызда мемлекеттік меншік пен жеке меншік бірдей қорғалатыны айқындалған. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 6-тарауы "Меншікке қарсы қылмыстар" деп аталады. Онда объективтік жағы мен жасалу әдістеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге байланысты қылмыстар: ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, карақшылык, ерекше құнды заттарды ұрлау, қорқытып алушылық деп бірнеше турге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
Қылмыстық құқықтық пәні
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz