Кайқауыстың зиянды әдеттерге қарсы ой-пікірлері



Қазіргі қоғамымыздағы, әсіресе жасөспірімдер арасында жағымсыз іс-әрекеттер мен зиянды әдеттер: темекі шегу, наша тарту, ішімдікке салыну, соның салдарынан зұлымдық пен жауыздықтың етек алуы індетке айналып бара жатқандығы үлкен алаңдатушылық туындатып отыр. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ, бүкіл ұлт үмітін артып отырған, ертеңгі ел азаматтары. Сондықтан темекі шегуге, ішімдік, ішіп, наша тартуға қарсы тәрбие беруді белгілі бір жүйе бойынша іске асыру жолдарын қарастырған жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында былай делінген: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға , дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі немесе алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған және т.с.с.» [1].
Олай болса, Елбасы болып көтерген осы мәселені ел болып жұмыла шешкен жөн. Мұның бәрі әрине білім беру ұйымдары және бала тәрбиесімен айналысатын мекемелер мен ондағы қызметкерлердің де міндеттерін арттырып, олардың алдында үлкен жауапкершілік пен алаңдатушылық тудырары сөзсіз. Жастар тәрбиесінде мұндай үлкен проблемаларды шешуде бұл мекемелердің атқарар жұмысы орасан болмақ. Десек те, бұл мәселені шешуде отбасының да бірлескен жұмысы қажет. Өйткені, бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуы негізінен ата-анаға байланысты. Сайып келгенде, осының бәрі тәрбиеге келіп тіреліп отыр.
Бұл әрине, адамзат тарихындағы тәлім-тәрбие жұмыстарының тіршілік дамуының негізгі арнасы екендігін бізге тағы бір кезекте мойындатып отыр. Олай болса, адамдардың анатомиялық-физиологиялық жетілуінде, сондай-ақ әлеуметтік ортада өзіндік дүниетанымдық көзқарастары қалыптасқан салауатты тұлғаларды қалыптастыруда педагогика негіздері мен педагогика тарихының да орны ерекше болмақ.
Республикамыздағы балалар мен жастар арасындағы темекі мен наша тарту, ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттердің өршуі және келешекте олардың осы зиянды әрекеттерге мүлдем тәуелді болып қалмауының алдын алу шраларын қарастырып, имандылыққа, салауатты өмір сүруді қолдауға, отаншылдық рухта тәрбиелеу істерін барынша жандандыра түскен жөн. Оның үстіне бүгінгі жас ұрпақ әлемдік биіктерге көтерілуімен қатар ұлттық игіліктерді де бойына сіңіріп, ұлттық менталитетімізді сезініп өсуі тиіс. Ал бұл тұста халықтық педагогиканың атқарар міндеті ерекше болмақ.
Халықтық педагогика – бұл ұлттық қазына. Бірақ, халықтық педагогиканың берер тәлім-тәрбиесі тек қана ұлттық дәстүрмен шектеліп қоймай, халық даналығының қазынасымен де сабақтасып жататынын әсте естен шығармау керек. Яғни, халықтық педагогика ата-бабаларымыздан, көне көз қариялар мен ғұлама-ойшылдардан, шешен-билер мен ақын-жыраулардан қалған тәрбие құралы. Оның үстіне «өткенсіз бүгін жоқ» дегендей, өткеннен қалған мұраларды сұрыптап-саралай отырып, жас ұрпақ тәрбиесінде тиісінше пайдаланып жатсақ ұтпасақ ұтылмасымыз анық.
Көптеген ғалымдардың пікіріне жүгінер болсақ, ата-бабаларымыз бен ұлы ғұлама-ойшылдардың да деннің саулығына ерекше мән беріп, өз еңбектерінде осы деннің саулығы, маскүнемдік, нашақорлық сияқты жаман, жағымсыз әдеттердің адамзат баласы үшін зиянын және олардың алдын алу шараларын ашып көрсете білген.
Ғұлама ойшыл Ж. Баласағұн өзінің бүкіл әлемге әйгілі, танымал дидактика-этикалық жанырда жазылған дастаны «Құтты білікте» адам бойындағы әр түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер туралы айта келіп, соның ішінде шарап ішуді қатты сынға алады. Мәселен, ол шарапқұмарлықты халықтың рухани жауы ретінде қарап, адамдарды шарап ішпеуге үндейді. Еңбектің бірінші тарауларындағы бәйіттерден шарап ішудің адам баласын тек қана аздырып-тоздыратынын, ар-ожданға, ақыл-еске, білімділік пен біліктілікке, кісілікке, ең бастысы – денсаулыққа тигізер залалы туралы ойларын кездестіруге болады [2]:
Ішімдік бұл жауы ақыл-есіңнің,
Шоғы даудың, төбелес пен кесірдің.
Қаншама арлы, құлқы жақсы адамдар,
Шарап ішсе, жынды болар қараңдар.
Шарап ішпе, ішсең құтың қашады,
Ішкен сайын, ессіздігің асады!
Білімді ішсе, жұрдай болып ақылдан,
Надан ішсе, сөзді ұмытып шатылған.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы: Білім, 1998.
2. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Алматы: «Жазушы», 1986.
3. Кайқауыс. Қабуснама. Алматы: «Балауса», 1992.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
КАЙҚАУЫСТЫҢ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

М.Шауенова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазіргі қоғамымыздағы, әсіресе жасөспірімдер арасында жағымсыз іс-
әрекеттер мен зиянды әдеттер: темекі шегу, наша тарту, ішімдікке салыну,
соның салдарынан зұлымдық пен жауыздықтың етек алуы індетке айналып бара
жатқандығы үлкен алаңдатушылық туындатып отыр. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ,
бүкіл ұлт үмітін артып отырған, ертеңгі ел азаматтары. Сондықтан темекі
шегуге, ішімдік, ішіп, наша тартуға қарсы тәрбие беруді белгілі бір жүйе
бойынша іске асыру жолдарын қарастырған жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 стратегиялық даму
бағдарламасында былай делінген: Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға , дұрыс тамақтануымызға,
есірткі, темекі немесе алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға бағытталған және т.с.с. [1].
Олай болса, Елбасы болып көтерген осы мәселені ел болып жұмыла шешкен
жөн. Мұның бәрі әрине білім беру ұйымдары және бала тәрбиесімен айналысатын
мекемелер мен ондағы қызметкерлердің де міндеттерін арттырып, олардың
алдында үлкен жауапкершілік пен алаңдатушылық тудырары сөзсіз. Жастар
тәрбиесінде мұндай үлкен проблемаларды шешуде бұл мекемелердің атқарар
жұмысы орасан болмақ. Десек те, бұл мәселені шешуде отбасының да бірлескен
жұмысы қажет. Өйткені, бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуы негізінен ата-
анаға байланысты. Сайып келгенде, осының бәрі тәрбиеге келіп тіреліп отыр.
Бұл әрине, адамзат тарихындағы тәлім-тәрбие жұмыстарының тіршілік
дамуының негізгі арнасы екендігін бізге тағы бір кезекте мойындатып отыр.
Олай болса, адамдардың анатомиялық-физиологиялық жетілуінде, сондай-ақ
әлеуметтік ортада өзіндік дүниетанымдық көзқарастары қалыптасқан салауатты
тұлғаларды қалыптастыруда педагогика негіздері мен педагогика тарихының да
орны ерекше болмақ.
Республикамыздағы балалар мен жастар арасындағы темекі мен наша тарту,
ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттердің өршуі және келешекте олардың осы
зиянды әрекеттерге мүлдем тәуелді болып қалмауының алдын алу шраларын
қарастырып, имандылыққа, салауатты өмір сүруді қолдауға, отаншылдық рухта
тәрбиелеу істерін барынша жандандыра түскен жөн. Оның үстіне бүгінгі жас
ұрпақ әлемдік биіктерге көтерілуімен қатар ұлттық игіліктерді де бойына
сіңіріп, ұлттық менталитетімізді сезініп өсуі тиіс. Ал бұл тұста халықтық
педагогиканың атқарар міндеті ерекше болмақ.
Халықтық педагогика – бұл ұлттық қазына. Бірақ, халықтық педагогиканың
берер тәлім-тәрбиесі тек қана ұлттық дәстүрмен шектеліп қоймай, халық
даналығының қазынасымен де сабақтасып жататынын әсте естен шығармау керек.
Яғни, халықтық педагогика ата-бабаларымыздан, көне көз қариялар мен ғұлама-
ойшылдардан, шешен-билер мен ақын-жыраулардан қалған тәрбие құралы. Оның
үстіне өткенсіз бүгін жоқ дегендей, өткеннен қалған мұраларды сұрыптап-
саралай отырып, жас ұрпақ тәрбиесінде тиісінше пайдаланып жатсақ ұтпасақ
ұтылмасымыз анық.
Көптеген ғалымдардың пікіріне жүгінер болсақ, ата-бабаларымыз бен ұлы
ғұлама-ойшылдардың да деннің саулығына ерекше мән беріп, өз еңбектерінде
осы деннің саулығы, маскүнемдік, нашақорлық сияқты жаман, жағымсыз
әдеттердің адамзат баласы үшін зиянын және олардың алдын алу шараларын ашып
көрсете білген.
Ғұлама ойшыл Ж. Баласағұн өзінің бүкіл әлемге әйгілі, танымал дидактика-
этикалық жанырда жазылған дастаны Құтты білікте адам бойындағы әр түрлі
жағымды және жағымсыз қасиеттер туралы айта келіп, соның ішінде шарап ішуді
қатты сынға алады. Мәселен, ол шарапқұмарлықты халықтың рухани жауы ретінде
қарап, адамдарды шарап ішпеуге үндейді. Еңбектің бірінші тарауларындағы
бәйіттерден шарап ішудің адам баласын тек қана аздырып-тоздыратынын, ар-
ожданға, ақыл-еске, білімділік пен біліктілікке, кісілікке, ең бастысы –
денсаулыққа тигізер залалы туралы ойларын кездестіруге болады [2]:
Ішімдік бұл жауы ақыл-есіңнің,
Шоғы даудың, төбелес пен кесірдің.
Қаншама арлы, құлқы жақсы адамдар,
Шарап ішсе, жынды болар қараңдар.
Шарап ішпе, ішсең құтың қашады,
Ішкен сайын, ессіздігің асады!
Білімді ішсе, жұрдай болып ақылдан,
Надан ішсе, сөзді ұмытып шатылған.
Ал енді тәлім-тәрбиелік мәні жағынан Шығыс педагогикасы тарихында аса
құнды шығармалар қатарынан орын алатын ХІ ғасыр ойшылы Кайқауыстың
Қабуснамасындағы ішкілікке қатысты ой-пікірлеріне тоқталар болсақ, бұл
мәселеге автор еңбектің арнайы бір тарауын, дәлірек айтсақ, 11- тарауын
арнайды. Тарау Шарап ішудің шарттары туралы деп аталады [3].
Бұл тарауда Кайқауыс шарап ішудің зияны туралы және іше қалған күнде
шарап ішу тәртібі туралы ой сабақтайды.
Тарау: Ей перзентім! мен саған шарап ішкін демеймін, өйткені шарап
ішудің өзі шексіз арамдық. Ол ақылға зиян, денеге нұқсан келтіреді - деп,
шараптың ең бастысы ақылға тигізер зияны мен ол зиянның денеге де
қатыстылығын ескертеді. Сондай-ақ ол жастардың шарап ішуіне қарттардың
ықпал ететіндігін де жасырмайды: ... жастар қарттардың сөзін басшылыққа
алып, жігіттік дәуірін шарапсыз өткізбейді. Жігіт кезімде маған да қариялар
көп үгіт-насихат айтқан болатын .... Одан әрі қарай автор шарап ішпеудің
пайдасы мен шарап ішу тәртібін баяндайды: ... егер шарап ішпесең, екі
дүниеде қор болмайсың ... халықтың әңгіме өсегінен құтыласың ... - дей
келе, шарап ішу тәртібі мен оның адам ағзасына әсерін анатомиялық-
физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге тырысады: Егер сен, шарап ішкің келсе,
шарапты қалай ішудің тәртібін біл. Егер шарап ішудің тәртібін білмесең, ол
да бір у ішкендей; ал тәртібін сақтап ішсең – уға қарсы ем. Шын мәнінде
әрбір тағамда, сол сияқты шарапты да ысыраппен, мөлшерден асырмай бір
қалыпта, өз жағдайыңа қарап ішкенде ғана уды у қайтарады. Егер тағамнан
соң шөлдесең, үстемелеп үш рет шарап іш, шөлдемесең үш сағат сабыр еткін.
Өйткені осы мезгілде асқазаныңның ас қорыту қабілеті мықты болса, ішкен
асыңды сіңіріп үлгіреді. Осы мерзімде асқазан ішкен асыңды бауырға
жеткізеді, ал бауыр денеге қажетіне қарай қоректі бөліп беріп, артынан
асқазанға қайтарып отырады. Сегіз сағатта ішкен-жеген тағам денеңе түгел
сіңіп тарайды. Осы мерзімде ас сіңіре алмаса, асқазан емес, мысалы, ол да
бір қабақ. Сондықтан тамақ жегеннен соң, үш сағаттан кейін жүзім шарабын
іш. Менің айтайын дегенім – осы мерзімде асқазандағы жеген асың бойға
тарап, денеңдегі төрт мүшең тағамнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтының негіздері
Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі
Салауатты тамақтану
Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Баланың өсуі мен дамуы
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Құқықтық білім күндері
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Пәндер