Әкімшілік құқықтын ұғымын түсіндіру


Әкімшілік құқықтын ұғымын түсіндіру
Әкімшілік құқық-ол мемлекеттік басқарудағы қоғамдың қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының
саласы.
Әкімшілік құқық мәні атқарушы өкімет органдарының (Үкімет, министрліктер, әкімдер және басқалар) мемлекеттік басқару аясында өз міндеттері мен қызметтерін тікелей жүзеге асыруына байланысты қоғамдық қатынастардың жиынтығын құрайды. Әкімшілік құқықпен реттелген қоғамдық қатынастарда әрқашан басқару билігінің өкілеттігі берілген атқарушы өкімет органы қатысуы қарастырылады. Атқарушы өкімет органдарының иелігінде заңды құралдары болады, сол арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын, меншігін қорғайды. Қоғамдық және мемлекеттік басқарудың өкілетті органдары, сондай-ақ әкімшілік соттар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген шараларды қолданады.
Әкімшілік құқық іс жүзінде құқықтық реттеудің барлық әдістемелерін пайдаланады. Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қоғамдық қатынастарға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді әдістеме деп түсінеміз. Әкімшілік-құқықтық әдістерге мыналар жатады:
- тапсырма беру-бұл субъектінің әкімшілік құқықпен
белгілеген қандай да бір нақтылы әрекетті жасау міндеті;
-рұқсат ету-бұл құқық шеңберінде субъектіге қандай бір әрекет жасауға немесе өз қалауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат беру;
- тыйым салу-бұл заңмен тыйым салынған әрекеттерді
жасауға тыйым салу.
Әкімшілік құқыққа нұсқама беру және тыйым салу әдістемелері тән. Өйткені атқарушы өкіметтің заңды билік өкілеттілігін иеленген органы әкімшілік-құқықтық қатынастарға міндетті түрде қатысушы болып табылады. Атқарушы өкімет органдарының мұндай өкілеттіктері әр алуан заңдылық үлгіде: орындалуға міндетті бұйрықтар шығарумен; құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза берумен және т. б. іске асырылуы мүмкін.
Әкімшілік-құқықтық нормалар-бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері. Әкімшілік құқықтық нормалармен тиісті мінез-құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни нормаларда көзделінген
шарттарды сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі), яғни
белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
Әкімшілік-құқықтық нормалар, негізінен, атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттеуге есептелінген. Олар осы органдардың құрылымын, олардың билігінің өкілетті көлемін, қызмет тәртібін т. б. белгілейді. Әкімшілік-құқықтық нормалары, сондай-ақ әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа да субъектілеріне бағытталған (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге басқаларға) тәртіп ережелерінен тұрады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың көп түрлілігіне бөліп қарайды.
Материалдық және іс жүргізушілік әкімшлік-құқықтың нормаларды мазмұны бойынша айырады. Материалдық нормалар азаматтардың, атқарушы өкімет органдарының басқалардың әкімшілік құқықтық жағдайын бекітеді (құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекет органдарының мәртебесі) . Іс жүргізушілік нормалары әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық міндеттемелерді іске асыру тәртібін, сондай-ақ үкіметтің атқарушы органдарының нормативтік актілерді шығару рәсімін белгілейді.
Құқық субъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және уәкілдендіретін әкімшілік құқықтық нормаларға бөледі. Міндеттеуші нормалар субъектіге белгілі бір әрекет жасау міндетін қояды. Мысалы, қызметкерді жұмыска қабылдау кезінде мемлекеттік органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салушы нормалар құқық субъектісіне не ана, не мына әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұрады. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттер жасауға тыйым салулардан құралған. Уәкілеттендірілетін нормалар субъектілерге өз қалауы бойынша, бірақ міндетті түрде құқықтық нормалар шеңберінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Мақсаттылық міндеті бойынша реттелетін және қорғалатын әкімшілік құқықты нормаларға бөледі.
Реттелетін нормалар субъектілерге белгілі бір құқықтар береді немесе оларға міндеттер жүктейді.
Қорғалатын нормалар құқық бұзулардың құқықтың салдарынан, яғни әкімшілік теріс қылықтардың құрамын және соларды жасағаны үшін жаза беру шараларын белгілейді.
Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік құқықтың көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге берілген. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқықтың төмендегідей негізгі көздері қолданынады:
- құқықтың ішінде мемлекеттің негізгі заңы ретінде орталық орынды алатын Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы. Конституция нормалары атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуының және қызметінің негіздерін, олардың мемлекеттің басқа органдарымен өзара қатынастарын белгілейді; Қазақстан Республикасының Заңдары. Олардың арасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" және басқа заңдар айрықша орын алады; мемлекеттік органдар нақтылы мәселелерді реттеу үшін қабылдайтын заңға сәйкес нормативтік актілер. Оларға мемлекет басшысының Жарлықтары мен өкімдері, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің қаулылары, министрліктердің бұйрықтары, әкімдердің шешімдері және басқалар жатады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды әкімшілік құқық нормаларымен реттеу. Әкімшілік-құқықтың қатынастарға, ең алдымен, олардың айрықша билігі табиғатынан тұратын ерекшеліктері өзіне тән болып келеді. Бұл құқықтық қатынастар өзінің мәні жөнінен әкімет пен бағыныштылардың қатынастарында құралған билік қатынастар болып табылады.
Екіншіден, әкімшілік-құқықтың қатынастары басқарушылың қызметі үдерісінде атқарушы әкімет органдарының өкілеттіктерін іске асыра отырып, мемлекеттік басқару саласында мемлекет мүдделерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Үшіншіден, әкімшілік-құқықтық қатынастардың ерекшелігі мынада, оның тараптарының бірі әрқашан билеуші өкілеттіктер берілген атқарушы өкімет органдары және олардың лауазымды тұлғалары болып табылады (ведомстволардың басшылары, әкімдер және басқалары) .
Төртіншіден, әкімшілік-құқықтық қатынастар құқық субъектісінің қалауына қарамастан туындауы мүмкін. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған фактісі анықталған кезде, өкілетті лауазымды адам оның қарсылығына қарамастан құқық бұзушыны жауаптылыққа тарту жөнінде іс жүргізуді қозғайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz