Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік қуқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3. еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қоргау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;
4. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;
6. өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібің белгілеуге;
7. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативті түрде бекітуге;
9. өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккек қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10. ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық-деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;
Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фото суретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемшекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
5) өндірісгегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауга сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқига болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
Жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейне материалдарды және т. с. с) ;
нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекгі қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды береді.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздері
1. Қызметкермен еңбек шарта жұмыс берушінің бастамасы бойынша:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші-жеке тұлганың қызметі тоқтатылған;
2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымыиа немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
4) өзінің жұмысын жалғастырына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымма немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған;
6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да сағат бойы жұмыста болмаған;
Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінін, бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері кезделген.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндіктерін шектеу
Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында кезделген жағдайды қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл сайынгы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша берілмейді.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі
1 Егер еңбек шартыңда, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым узақ мерзімі белгіленмесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша телісімімен еңбек шартын бұзу ескермеген мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
2. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстің 54-бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу. сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірін ескере отырып
3. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшін қызметкердін осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтіксараптама қорытындысымен расталған болуға тиіс
4. Еңбек шартын осы. Кодекстің 54-бабы 1 -тармағының 6) - 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекст 73-бабында көзделген тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құкықтарына берілетін кепілдіктер
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жадайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі жэне еңбекті қорғау женімдегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бастартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекетті қорғандармен келісім бойынша айқындайды.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
4. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге
міндетті.
Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтары
Қызметкердің:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартпен көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмысты күй-жайлармен, жеке және ұжымды қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;
3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге,
Қызметкердің еңбек кауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері
Қызметкер:
1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адавдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тендіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;
3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тартіппен жұмыстан шектетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс. -шараларын жүргізуге;
4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жургізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болуға тиіс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі, онда тиісті сақтандыру белгілері болуға және қызметкерлердің жұмысорындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Қорытынды
Кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Жұмыс беруші кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды ұйымдастырады және оның қорытындылары туралы еңбек ұжымдарына дер кезінде хабарлап отыруға міндетті. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын кәсіпорындарда қамтамасыз ету жөніндегі және еңбек қорғау жөніндегі стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқауларды қызметкерлердің сақтауы жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық шартта белгіленеді.
Мемлекеттік басқару органдары белгілеген нормалардан кем емес және ұжымдық шарт негізінде қызметкерлерге меншік иесі есебінен арнаулы киім, аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдары, сүт, емдеу - алдын алу тамағы беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz