Жасөспірі мнің өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Е. Тұр манова

Жасөспірі мнің өзін-өзі тәр биелеу белсенді лігін арттыру

мәселесінің теориялық-әді снамалық негіздері

The teenager’s stage is the most extensive of the discovery problems. The teenager’s stage

is known like one the stage of sociology, transition from dependent childhood to independent

adult life. The social researches pay attention to the problems of the social roles, which man

must assimilate, of the forming of the observation programs, of the step to the working life.

Әлеуметтік педагогикалық және психологиялық аспектіде жасөспірімдік кезең

басқа жас кезеңдерімен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгеймен және

танымдық мотивацияның жоғары деңгеймен ерекшеленеді. Сонымен бірге жасөспірімдік

кезең - әлеуметтік қауым, яғни ол әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және

әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Жасөспірімдік

кезеңнің осы ерекшілігін есепке алу - мұғалімнің әр оқушыға педагогикалық қарым-

қатынас серіктесі ретіндегі, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының

негізінде жатыр. Тұлғалық, іс-әрекеттік тұрғыдан жасөспірім оқушы белсенді, өз іс-

әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде

қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты, тұлғалық

бағдарланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тән.

Өзiндiк сана-сезiм және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің педагогикалық мәні мен оны

зерттеудегі теориялық көзқарастарды бірге топтастыратын болсақ, онда олардың ортақ

пікірлері бірегеді. Яғни, жеке өзіндік сана-сезім мәселесі даму тарихының ментальды

рефлексиямен синтезделген адамның өзіндік болмысы ретіндегі көзқарас И. Кант, И.

Фихте, Г. Гегель, М. Хайдеггер, М. Шеллер, А. Шопенгауер, П. Рикер, М. Фуко, В. Библер

және М. Бахтиннің философиялық еңбектерінде табылған. Бұл идеялар әлеуметтік

ғылымдар үшін жалпы болып табылатын сәйкестілік ішкі өзін-өзі жүзеге асыру және

сыртқы контексттің нәтижесі ретіндегі көзқарастың пайда болуында маңызды рөлге

ие болды. Олар шетелдік (Э. Гоффман, Э. Дюркгейм, Ч. Кули, С. Мадди, Дж. Мид, С.

Московичи, А. Мумендий, Ж. Пиаже, Э. Эриксон т. б. ) және кеңестік ойшылдардың (Н. А.

Антонова, В. Д. Балин, М. С. Каган, С. Л. Рубинштейн, И. С. Кон, А. Г. Спиркин, В. В. Столин,

И. И. Чеснокова, А. Р. Лурия, B. C. Мухина, В. А. Ядов) тұлғалық және әлеуметтік жетілуін

зерттелуіне ықпал етті. Кеңестік психологияда өзін өзі тәрбиелеу жөніндегі түсініктер

өзін-өзі тануды зерттеулер шеңберінде дамыды. Бүгінгі таңда, кеңестік ғалымдардың

С. Л. Рубинштейн, И. С. Кон, А. Г. Спиркин, В. В. Столин, И. И. Чеснокова, А. Р. Лурия, B. C.

Мухина, т. б. зерттеулерінің арқасында өзін-өзі тәрбиелеуді зерттеу саласында белгілі бір

категориялық аппарат қалыптасты. Мұнда өзін-өзі тәрбиелеу, өзіне деген қатынас, өзін-

өзі бағалау сияқты түсініктердің арасында байланыстар тағайындалып, сана мен өзін-

ПСИХОЛОГИЯ

279

№ 1 (74) 2010

өзі тәрбиелеудің ара-қатынасы сияқты сұрақтар жақсы зерттелінген. Өзіндік сана-сезім

әлеуметтік-психологиялық шындық саласында психологтар (У. Джемс, Дж. Тэрнер, X.

Тэджфел, Э. Дюркгейм, т. б. ) назарында бұрынан бері келе жатқан тұлға жетілуіндегі

құрылымындағы дәстүрлі зерттеулерінің көзі олардың терең өңделуі себебінен Л. А.

Логинова, В. В. Нуркова, К. Мұздыбаев, Л. И. Анцыферова, К. А. Абульханова-Славская

еңбектерінде қарастырылады [1, 137] . Өзін өзі тәрбиелеу мәселесімен айналысқан

Қазақстандық зерттеушілер арасында Ж. М. Абдильдин, К. Марданов, А. Н. Нысанбаева,

Р. К. Кадыржанова, М. С. Әженова, С. Е. Нұрмұратовты атап өтуге болады. Олардың

зерттеулері философия және оның әдіснамасымен байланысты [2, 112] .

Танымдық әрекеттегі өз бетіншелік жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді

белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу әрекеті. Танымдық әрекет жүйесі бүкіл

оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқудың мазмұны мен іс-әрекет амалдарын біртіндеп

күрделілендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді

меңгеруімен қатар, оның оқу-тәрбиелеу іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар

аударуы қажет [3, 210] .

Оқу-тәрбие процесінің сапасын және пайдалығын көтеру міндетін шешудің негізгі

мәселесі оқушылар оқу әрекетін, тәрбиеленуін белсендіру болып табылады. Оның

ерекше маңыздылығы мынада, оқу жылжымалы қалыптастырушы қызмет бола тұрып,

тек оқу материалын қабылдауға ғана емес, оқушының танымдық әрекетке қарым-

қатынасын тәрбиелеуге, қалыптастыруға да бағытталған. Іс-әрекеттің қалыптастырушы

сипаты әрқашан да субъектінің белсенділігімен байланысты. Дайын күйінде алынған

білім, оқушылар бақылап жатқан құбылыстарды түсіндіруге және нақты міндеттерді

шешуге пайдаланған кезде қиыншылықтар туғызады. Оқушылар біліктілігінің негізгі

жетіспеушілігінің бірі - теориялық білім және оны практикада қолдану қабілеттілігі

арасындағы үзіндіде байқалатын формализм. Оқу процесіндегі белсенділік- мұғалімнен

оқу процесін оқушылар бойында құлшыныспен өз бетімен жұмыс істеуді, білімді

берік, терең игеруді, қажетті білікті, дағдыны жүйелі қалыптастыратындай және

олардың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шығармашылық және есте сақтау қабілеттерін

дамытатындай етіп құруды талап ететін дидактикалық қағида [3, 162] .

Тәрбиелей оқыту- біріншіден, оқушының білімі, білігі және дағдысымен бірге оның

дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттерін және басқа да қасиеттерін

қалыптастыру; екіншіден, оқушылардың қоршаған ортаға бір-біріне деген сезімдік

қатынастарын қалыптастыру. Бұл оқыту принциптерінің бірі. Бұл терминді педагогика

ғылымына енгізген неміс философы, педагогі И. Ф. Гербарт болатын [3, 211] .

XVII -XIX ғасырдың ірі педагогтары Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо,

А. Дистерверг, К. Д. Ушинский және т. б. оқытушының негізгі жұмысы - оқушыларды

өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. А. Дистерверг былай деп

жазған: «Нашар мұ . алім шындықты хабарлап қояды, жақсы мұғалім оны табуға

үйретеді». Ал, қазақ ойшылдары мен ағартушылары Абай Құнанбаев, Ыбырай

Алтынсарин, қоғамдық қайраткер және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелерін оқушылардағы шығармашылықты

дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Дәл қазіргі кезде білімнің кең көлемді қоры

жиналған оқушылардың оқу әрекетін белсендіру оқушыларды тұлғалық даму әрекетіне

тәрбиелеудің міндеттерінің бірі. Оның негізі мынада болып отыр, жеке тұлға әрекетте

қалыптасады, басқаша айтқанда бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: «Маған

айт - мен ұмытып қаламын; маған көрсет - мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға

бер - мен үйренемін» [2, 173] .

Жалпы білім беруде өзін-өзі тәрбиелеуді белсендіру жұмысы - бұл оқытушының

белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу-тәрбиелеуде қолданылатын

280

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

жұмысы, сондай-ақ қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын,

шығармашылықты арттыратын білімдерді меңгертуде оқушының өзіндік үйренуі, дағды

мен шеберлігін қалыптастыратын тәжірибелерді қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің

құлдырауы және тоқтап қалудан сақтайтын оқыту мен тәрбиелеудің жігерлі, мақсатқа

бағытталған жүйесі болып табылады. Бұл дегеніміз, тұлғалық белсенділікті арттыру

жұмыстарының негізгі мақсаты - оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу -

тәрбие саласын көтеру. Жасөспірім оқушылардың өзін тәрбиелеу белсенділігі мәселесі

- терең педагогикалық зерттеулердің пәні.

Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - оқушы тұлғасының ерекшелігінің мәні

неде екенін түсіну үшін, сол субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің көрінісінің

екі деңгейінің барын, бірінен-бірі танымдық және тәрбиелеу үдерісінің әрекеттік

айырмашылығы бар екенін көрсетеді. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі жасөспірімнің

әрекет етуге деген қатынасында өзбетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан,

алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын

оның тұлғалық сипаты ретінде айқындалады.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігінде маңызды рөл атқаратын - қызығу жасөспірімнің

танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан

дүниесінің ұмтылысы. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін

қанағаттандыру үшін әр қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді.

Жасөспірімнің танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, кеңдігі

мен тұрақтылық қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігінің белгісі ретінде сенім- жасөспірімнің белгілі бір

түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау

жолында жасөспірім дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары

жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

ХІХ ғасырдың аяғында неміс педагогикасында пайда болған ағым тұлға

педагогикасы қарапайым азамат емес, қоғам өмірінің барлық салаларындағы, соның

ішінде азаматтық қызметке даярланған тұлға тәрбиелеу талабын ұсынды. Оның басты

өкілдері Г. Гаудинг, Э. Линде, Э. Вебер тәрбиелеудің ең маңызды бір міндеті- өзіндік

тұрғыдағы жоғары дамыған іс-әрекет негізінде тұлғаны қалыптастыру деп есептеді.

Осыған орай, олар балаларды ақыл-ой еңбегінің неғұрлым оңтайлы әдістеріне үйретуге

ерекше маңыз берді. Г. Гаудинг мұғалім оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен қатар

ой еңбегіне баулудың сан алуан мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілерде

өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшыныстары мен білікті қалыптастыруды міндетім деп

білетіндей мектеп оқытуын ұйымдастыру идеясын ерекше табандылықпен насихаттады

[4, 10-12] .

Г. Гаудинг осы арқылы өз оқушыларында жігерлік, батылдық, ұстамдылық,

жауапкершілікті сезіну қасиеттерін тәрбиелеуге болады деп санады, яғни өзінің іштей

көңілі толмаушылығын өз жағдайымен еңсере алатын әрекетшіл тұлға тәрбиелеу

мүмкіндігі бар деп білді. Тұлға педагогикасының жақтаушылары балаларға ақыл-ой

еңбегінің оңтайлы әдістерін үйретудің, қадағалау, әңгіме өткізу, оқығанының мазмұнын

баяндап беру, өз бетімен баяндамалар дайындау және т. б. білімдер дарытудың әдістемесін

жеткілікті дәрежеде егжей-тегжейлі талдап белгіледі. Тұлға педагогикасы теорияларының

рухында ұйымдастырылған оқыту процесінде негізгі салмақ мұғалімнің қызметінен

гөрі оқушының іс-әрекетіне ойыстырылды, дегенмен педагогтің жетекші рөл атқаруы

сақталады деген ойларында білдірген [3, 218] .

Жасөспірім- дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан

кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан ретінде

де айтуға болады. Оның өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі категориясын түсіндірудегі жеке

281

№ 1 (74) 2010

тұлғалық сипаттар мен психологиялық құрылымдар жеке тұлғалық сана мен ақылы

арқылы дараланады. Оның талаптану әрекеті қоғамдық жағдайда бір-бірімен қарым-

қатынаста қарастырылады. Жасөспірімнің өзін-өзі дамытушылық құрылымы мен

ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылатын түсіндірсек:

1. Жасөспірімнің әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасы

мен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл- оның жеке тұлғалық

адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар.

2. Жасөспірімнің білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар оның

даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін

көрсетеді.

3. Жасөспірімнің дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік

ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен

ерік, оның психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.

4. Жасөспірімнің биологиялық тума қасиеттері- нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар

адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрініс

береді. Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып жетіледі.

Ұстаздар мен тәлімгерлер, жетекшілер мен тәрбиешілер балалар мен жастардың

жоғарыда топтастырылып көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктерімен жете танысып,

ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдіс-тәсілдерін үнемі іздестіруді көздейді. Бұл

ерекшеліктердің адамға тәуелсіз дамып отыратындығын да ескерген жөн.

Жасөспірім оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін дамыту және

қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптетен

еңбектері мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық

ой өкілдерінің тәрбиелеуге қатысты, әсіресе, тұлғалық белсенділікті дамыту идеяларын

зерттеу барысында төрт бағытты сипаттап бере аламыз. Олар: әлеуметтік-педагогикалық,

дидактикалық-әдістемелік, психологиялық-дидактикалық және жанашыл педагогикалық

бағыттар [5, 12] .

Бүгінгі жағдайда халыққа білім беру өзгерістерге ұшырады, білім берудің

бағдарламаларына өзгеріс енгізілуде. Ол қазіргі нарықтық экономикаға байланысты

бүгінгі ғылыми-техникалык революцияның талаптарына сай еңбек ететін өзіне де өзгеге

де пайдасы тиетін адам болып қалыптасуы тәрбиедегі қоғамның басты талаптарының

біріне айналды. Бүгінгі Қазақстан Республикасына халыққа білім, тәрбие берудің негізгі

мақсаты Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүние жүзі мойындап

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz