«ЖӘБІРЛЕНУШІ ТҰЛҒАСЫ. ВИКТИМОЛОГИЯНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ»


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

« ЖӘБІРЛЕНУШІ ТҰЛҒАСЫ. ВИКТИМОЛОГИЯНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ»

Виктимология ұғымы

«Виктимология» сөзі - құрбан туралы ілім деген мағынаны білдіреді (victima - латынша құрбан ; логос - грекше, білім, ілім ) . Виктимология туралы сөз қозғағанда біз жалпы құрбанды (мысалы, бақытсыз оқиғадан) және кез келген құқық бұзушылықтан (әкімшілік, азаматтық, еңбек) зәбір көрген адамды емес, КР КІЖК 75-бабына сәйкес қылмыстан моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілген жәбірленуші жөнінде айтып отырмыз. Қылмыспен жәбірленген адамның құзыры КР Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыспен жәбірленген адамның құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнамаларды практикада қолдану туралы» 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 қаулысында толық айтылған. «Виктимология» терминың пайдалана отырып, біз оның криминологиялық аспектілерін ғана қарастырамыз.

Криминологияның жеке бір бағыты ретіндегі виктимология біршама таяуда ғана, миллиондаған өмірді құрбан еткен соғыстан кейін туындады. Қылмыс жасау механизміндегі құрбандық рөлі туралы идеяның өзі онша жаңа емес, ол өзінің бастауын сонау көне заманнан-ақ алып, көптеген заң және әдеби естеліктерден, халықтың ауыз әдебиеттерінен орын алған.

Мамандар Еуропада бұл сөз алғаш рет францүз тілінде дүниеге келіп, ол бастапқыда діни сипат алды деген болжамдар айтады. Келе-келе «құрбан» деген сөздің маңызы кеңейе түсті. Оның тереңдігін бойлай бермей, жалпы мағынада қалыпты күйі мен қызметіне белгілі бір дәрежеде зиян келтірілген кез-келген материя нысаны құрбан болып саналады деген қорытынды жасауға болады. Құрбан туралы ілімнің теориясы мен практикасында ең басты да айырықша объекті адам болып табылады. Сөйтіп, мына төмендегі нәтижелер бойынша адам «құрбан» болып саналады:

а) басқа адамның заңсыз әрекеті;

б) жеке мінез-құлқы;

в) жағымсыз өмір жағдайлары;

г) бақытсыз оқиға.

Басынан қашанда бақытсыз оқиға кетпейтін адамдарға байланысты халық арасында кең тараған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, аңыздар мен мысқылдар жеткілікті. Мысалы, «Сотқардың көзі күнде ісер», «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан».

Өмір шындығы, деп көрсетеді профессор С. И. Радциг, мифологиялық сюжеттердің сыртынан да орын табады[1] .

Афиндік шешен әрі әйгілі саяси қайраткер Демосфен ( 384-322 б. э. д. ж. ж. ) кісі өлтіру ісіне байланысты сотта сөйлеген сөзінде былай деген екен: «Иә, менің ойымша, судьялар мен басқа адамдар осы іске байланысты құқықтық көзқарастары мен түсініктері бойынша жалпы кісі өлтіру жол беруге болмайтын қылмыс және оны кейбір жағдайда әділетті деп ақтап шығуға болады деп шешкен сияқты. Міне, Орест өзінің анасын өлтіргендігін мойындағанына назар аударып отырсам, құдайлар сотының талқысына түскен ол ақталып шығыпты. Олар кейде кісі өлтіру кейде әділетті болып шығады деген тұжырымға келіпті . . . »[2] .

Бұл қандай оқиға? Оған Эсхил, Еврипид және Софокл трагедияларының сюжетіне негіз болған Орестің кісі өлтіру қылмысының мән-жайлары жауап береді. Трояны басып алған Агамемон патша тоғыз жылдан соң үйіне оралады. Халықпен бірге жеңімпаз батырды Эгисф деген бейшара үшін күйеуін ұмытып, дәл сол келген күні оны өлтірудің амал ойластырған әйелі Клитемнестра да қарсы алады. Клименестраның күйеуін өлтіруіне қосымша себеп болған жәйт - бір кездері Агамемон соғыста жеңіске қол жеткізу деген ырыммен оның қызы Ифигенді құдайларға құрбандыққа шалады. Не керек осы үшін Клитемнестра өзінің қанды кегін жүзеге асырады. Патшаның қаза болғанына біраз жыл өтеді. Оның ұлы Орест өзінің қарындасы Электраның көмегімен кек алу ниетімен Эгисфті, оның артынша туған анасы - Клитемнестраны өлтіреді. Осыған байланыст, «қоғамдық пікір» Оресті қолдаса да, әрі ол өзін әділмін деп санаса да, әйел құдайдың кешірімсіз кегі - Эринии соңынан қалмайды. Қуғынға түскен Орест әділсоттан қорған іздеп құдайларға жүгінеді. Старейшиндер соты (ареопаг) жиналады. Оған әйел құдай Афина қатысады, ал қорғаушы ретінде Аполлон шығады. Эринии Оресті айыптап, оны қатаң жазалауды талап етеді. Ал Аполлон болса, ұлы батыр патша Агамемон сияқты күйеуін өлтірген Клитемнестраның керемет айуандығы үшін кек алған Орестің қылығын ақтап шығады (бұл жағдайда көріп отырғанымыздай, жәбірленушінің тұлғасы айтарлықтай мәнге ие болып отыр) . Бұл жерде Аполлонның сөзінде, егер ұзақ уақыт күйеуін өлтірген әйел жазасыз жүрді, өйткені өлтірілген адам оның қызын құдайларға құрбандыққа шалып қатыгездік жасады, осыған орай анасын өлтіргенді жазалауға болмайтын сияқты, өйткені ол кек сезімі заңымен осындай әрекетке аяқ басты деген ой болады. Сотталушы Орест өзін қорғау мақсатында осы салаға жататын, қазіргі кезде жалпы ескертуде (превенция) айтылатын дәлелдерді алдыға тартты: «Уа, Инах жерінің қожасы, кісі өлтіруші атанбастан бұрын әкемнің көлеңкесін Сізден кем күзетпедім. Сіз өз сөзіңізбен бүгін күйеуін өлтіргенді жарылқасаңыз, халық күні ертең не өлуді не әйелінің құлы болуды қалайды. Құдай басқа не салса, соны орындауға даярмыз. Мен болсам, сатқындықпен әкемнің абыройын төккен адамды өлтірдім. Мені өлтіріңіздер, содан кейін заң ғайып болады, адамдар бірін-бірі еш қорқынышсыз өлтіре беретін болады»[3] .

Орест ақталады. Бұл аңызда сөз жоқ жәбірленушінің кінәсі егер бірінші адамның қылығына байланысты туындаған болса, оның жауаптылығы жеңілдетіледі немесе мүлдем алынып тасталады деген идея бар сияқты.

Көне Грецияда «әділетті» кісі өлтірушілік туралы істерді қарау үшін Аполлон Дельфиния храмында мәжіліс құратын арнайы Эфеттер алқасы құрылған. Мұндай қылмыстар болып «жәбірленушінің кінәлі мінез-құлқына» жол беретін әрекеттер саналатын болған. (өзін өзі қорғау мақсатында өзіне шабуыл жасаған адамды өлтіріп алу, әйелінің ашынасын өлтіру, қылмыс жасаған орнында ұсталған ұрыны өлтіру, өлім жазасына немесе соттан бас сауғалап, қашып жүрген қылмыскерді өлтіру және басқалар) .

Виктимогендік жағдай, яғни адамға моральдық, дене немесе материалдық шығын келтіретін қаупін тудыратын тұлғаның немесе жәбірленушінің өзіне байланысты мән-жайлар мен шарттар пайда болатын жағдай Авельді ағасы Каиннің өлтіруіне байланысты белгілі інжіл аңызы бойынша дүниеге келген. Осы істің мән-жайын еске сала кетейік. Адам мен Еваның Каин (үлкені) және Авель (кішісі) деген екі ұлы болған. Авель қой бағады, Каин жер өңдейді. Бірде Каин құдайға жерден жиып терген өнімін сыйға тартса, Авель отарындағы қоздаған қойының алғашқы қозысын сыйлайды. Құдай Яхве Авельдің тартуын ризалықпен қабыл алып, Каинның әкелгеніне қарамайды да. Каин түтігіп, ызаға булығады. Қызғанышты ішіне сыйғыза алмаған ол, Авельді танапқа алдап апарып өлтіреді[4] .

Бұл жағдайда құрбан өзі осыны қаламаса да, өкпелеген інісіне деген ызалы кекті жеңе алмай, өзінің алдындағы жолы болғыш «бәсекелестің» көзін құртуға бағытталған қылмысты арандатады. Авель болса Каиннің үнжорғысы түсіп жүргенін көреді, бір қатердің таяу тұрғанын, ағасының алдындағы кінәсін де сезгендей болады, сөйте тұрса да ағасының алдағанына көніп, өзінің ажалы күтіп турған танап алқабына барады. Жоғарыда жазылған осындай қол сұғушылыққа итермелеген құрбанның жай-күйі «Авельдің синдромы» деп белгіленеді. Мұндай «синдромды» дер кезінде айырып білудің, әсіресе қолсұғушылықты алдын ала ескерту үшін маңызы зор.

Қылмыстың витимологиялық аспектілері көптеген белгілі жазушылардың шығармаларынан орын алды. Мәселен, Данэль Дефоның қаламынан XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы Англияның қылмыстық әлемін суреттеген бірқатар әлеуметтік романдар туындаған. Оларда автор көптеген «джентельмендер мен жолы болғыштардың» өмірбаяндарын әңгіме етеді. Оның «Моль Фландерс», «Капитан Синглетон», «Полковник Джек», «Леди Роксана» сияқты шығармалары - қайыршылар, қаңғыбастар, ұрылар, тонаушылар, кісі өлтірушілер, қарақшылар, жезөкшелер мен қылмыс әлемінің «кейіпкерлерін» суреттеген тамаша да көркем туындылар. Дефоның шығармашылығын талдаған мамандар, оның кейбір жазғандары бүгінгі таңдағы қылмыс құрбаны туралы теорияның ұрығы іспеттес дейді.

Өткен жүз жылдықтың 20-жылдары жарық көрген ағылшын жазушысы Томас Кинсейдің «Өнер ретінде қаралған кісі өлтіру» деген повесін қылмыстың осы түрінің құрбаны туралы жазылған трактат деп санауға болады. Бұл шығармада автор кейбір адамдар өздерінің мінезі мен қасиетіне байланысты қылмыс құрбаны болатын жағдайға өзі себепкер болатындығы және қылмыскердің санасына осы жөнінде қозғау салатындығы жөнінде баса айтады. Өзінің бір кейіпкері арқылы Кинсей, «барлық жағынан қарағанда кісі өлтірудің қолайлы объектісі болуына оның ақшаға бай болуы себеп болады, ал бірақ оған қарсылық жасау мүмкіндігі болмайды» деген тұжырым айтады.

Құрбан туралы ілім тарапынан қылмыстық әрекеттің туындауы мен даму механизмі неміс жазушысы Франц Вельфельдің «Өлтіруші емес, өлген кінәлі» (1920) деген повесінде жақсы ашылған. Повестің атауының өзі әдеби шығармаларға емес, керісінше құқықтық ғылыми трактатқа тән сияқты. Мұнда автордың көзқарасымен Вельфель, жасалуына қылмыскерден гөрі жәбірленушінің өзі кінәлі саналатын қылмыстар болады деп пайымдайды. Кейіпкер атынан жазушы дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушы «миллитаристер әкесінің» ұрпағына үкім айтады. Новелла «Мен өлтірушімін, ал ол құрбан, екеуіміз де кінәліміз, бірақ ол менен гөрі көп кінәлі», деген әйгілі сөзбен аяқталады.

Әлемдік көркем әдебиеттегі қазіргі виктимология идеясының бастау көзі туралы айтқанда орыстың данышпан жазушысы Ф. М. Достоевскийдің (1821-1881) мәңгілік щығармаларын атауға болады. Қылмыс құрбаны туралы теориялық және ғылыми зерттеулер дүниеге келгенге дейін Достоевский әртүрлі дәрежедегі және жағдайдағы қылмыскер мен қылмыс құрбанының арасындағы әлеуметтік-психологиялық және адамгершілік-философиялық байланыстардың күрделі проблемаларының тігісін сөге білді.

Құрбан мәселесіне көрнекті орыс жазушысы, сезімтал психолог әрі социолог А. П. Чехов көп назар аударған. Оның шығармаларынан тұлғаның құрылымы туралы құнды пікірлер мен құқық бұзушылықтың итермелеуші ниеттері ғана емес, өмірдің басқа да ыңғайсыз жағдайларын, тұрмыстың жайсыздығын, адамды бейшара күйге түсіретін провинциализмнің жексұрындығы мен алаяқтықты көруге болады. Бір ғана «Саяттағы драма» деген повесінен қылмыстан жапа шеккен типті көре аламыз. Осы сияқты көркем әдебиет шығармаларын және олардан алынатын мысалдар қатарын жалғастыра беруге болар еді. Дегенмен, келтірілген жоғарыдағы мысалдардың өздері де қылмыстан жәбірленген адамның сонау ықылым заманнан бері адамзат баласының назарында болғанын анық байқауға болады. Құрбандық феноменіне деген көзқарастың қайнар-көзі адамдардың күнделікті өзара қарым-қатынысынан-ақ байқалып тұрды емес пе, ал оны қоздырушы мен тудырушы өмірдің өзі. Сондықтан адамзат қоғамының өз мүшелерін келтірілетін зияндардан қорғаштауға ұмтылуы тегін емес.

Әдеттегі құқықтан бастап-ақ өзінің тайпасы мүшелерінен немесе өзге тайпалар тарапынан келтірілген зиянға байланысты нормалар еңгізіле бастағаны аян. Оларда, сонымен бірге келтірген зияны үшін «санкция» енгізіле бастады. Кімде-кім қауымдық тәртіпті, рулық ережені бұзатын болса, кімнің іс-әрекеті қауымның, рудың немесе оның жеке мүшелерінің тыныштығын бұзып, зиян келтіретін болса, сол қауымдықтан қуылатын болған немесе жазаға тартылатын болған. Мемлекеттік қоғамда, - деп атап көрсетеді профессор М. А. Чельцов, - рудың әрбір мүшесі, жаугер ру немесе тайпадан өзінің руластарымен қорғалатын болған»[5] . Егер бір рудың мүшесіне басқа бір қауымдық тарапынан өлімге апарған зиян келтірілсе, ол қанды кек алумен, ал мүліктік шығын орнын толтырумен шешілетін болған.

Біздерге жеткен құл иеленушілік құқықтың көне ескерткіштеріндегі нормалар да сөз жоқ қызықтырушылық тудырады. Мәселен, Вавилон әміршісі Хаммурани (б. э. д. 1792-1750 ж. ж. ) заңдары: «Егер адам біреудің көзін шығарса, онда оның да көзі шығарылуы тиіс», (196-бап) деп белгілеген, сол сияқты 197-бап - «Егер ол біреудің сүйегін сындырса, оның да сүйегі сынуы тиіс», 200-бап - «Егер адам біреудың тісін сындырса, оның да тісі сындырылуы тиіс».

XII-кесте заңы да осындайды белгілеген: «Егер кімде-кім дене мүшесіне зақым келтірсе және онымен татуласпаса (жәбірленушімен), онда оған да сондай зақым келтірілуі тиіс».

Көне Үнді құқығында әсіресе Ману заңы бойынша жәбірленушінің құқыққа қайшы қылығы есепке алынып отыратыны белгілі. Мысалы, ақы талапкері негізсіз талап қоятын болса, яғни жәбірленгенін мойындай алмайтын немесе оның талабы жоққа шығарылып, яғни жауапкер оны саналы түрде көндірген болса, онда кінәліге арнайы жауаптылық тағайындалатын болған.

Ману заңы, Көне Греция заңнамалары, римдік құқық республика аяғы мен империя кезеңінде қажетті қорғануды жәбірленушіге келтіргені зияны үшін жазаны жеңілдететін және тіпті алып тастайтын мән-жайлар ретінде қарастырған. Жәбірленуші тұлғасы, оның мінез-құлқына баға беру нұсқамалары ертедегі орыс құқығының ескерткіштерінде де кездеседі. 1550 жылғы Сотнаманың «Алаяқтық туралы» 58-бабында сөз алаяқтықтан жәбірленген адамның шығынын қайтарудан бас тарту турасында болады. Заң шығарушы бұл жерде құрбанның мінез-құлқы сондай жазғыру, «кінәлі» болғандықтан оны соттың қорғаудан бас тартылады. Мұндай, алаяқтықтан жәбірленушінің талабын қабылдамай тастау 1589 жылғы Сотнаманың 112-бабында да кездеседі.

1649 жылғы Ережеде құрбанның өзі бастаған төбелесте жәбірленген адамның да кінәсі туралы еске салынады. Басқаша айтқанда, Көне Русь құқығы, көптеген жағдайда жәбірленушінің орынсыз қылығын қарастырған. Дегенмен ертедегі құқық нормаларында кісі өлтіру жөніндегі істегі жәбірленушінің мінез-құлқы басты назарға алынып: былай делінген болатын: «Егер түнде ұрлық жасаған ұры өлтірілсе (қылмыс орнында) - онда өлім (оның) заңды деп саналсын».

Қазіргі заңнамаларда да құқыққа қайшы әрекеттерден, өзінің қылығы мен қылмыскермен өзара қатынасынан жәбірленген тұлғаға белгілі бір дәрежеде назар аударылады. Көптеген елдердің қылмыстық заңдарына жәбірленуші тарапынан арандату әсерінен өзін өзі қорғау мақсатында жасалған әрекет қылмыс деп саналмайды, тиісінше ол жазалауға да жатпайды. Мысалы, Швецияның қылмыстық заңында «адамның өзін өзі қорғау ниеті жазаланбайды», деп көрсетілген.

Швейцарияның Қылмыстық кодексінде «егер жәбірленуші қылығымен қылмыскерді қатты арандатқан болса» немесе қылмыскер «жазықсыз қорланса немесе қатты ауырсынатын дене жарақатын алып соған байланысты ызаланып, әрекет жасаған болса» оған соттың жеңіл жаза тағайындайтыны көрсетілген.

Болгарияның Қылмыстық кодексіне сәйкес, «мемлекеттің немесе қоғамның, тұлғаның мүддесі мен құқығына заңға қайшы тікелей қолсұғушылықтан қорғау кезінде шектен асып кеткен қажетті қорғану» қоғамға қауіпті әрекет саналмайды. Сонымен бірге «қорыққандығынан қажетті қорғану шегін асырып жіберу әрекеті де» жазаланбайды.

Қылмыстан жәбірленуші мәселесі біздің де қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңнамаларымызда маңызды орын алады. Есінің дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне қарамастан кез келген жастағы заңды тұлға жәбірленуші деп танылуы мүмкін. Заңды тұлғаны жәбірленуші деп тану жөніндегі мәселе ҚР КІЖК 75-бабының 12-тармағына сәйкес шешіледі.

Атап өту керек, Польшаның КІЖК 40-бабына сәйкес, өмірі мен мүліктік мүддесіне қылмыс нәтижесінде зиян келтірілген немесе қауіп-қатер төнген нақты және заңды тұлғалар жәбірленуші болып танылады. Тіпті құқықтық қабілеті жоқ мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар да жәбірленуші деп таныла алады.

ҚР ҚК 32-бабына сәйкес қылмыстық әрекет деп саналса да қажетті қорғану түрінде жасалған іс-әрекет қылмыс деп танылмайды. Дегенмен, осыған қарамастан кінәлінің мән-жайларында жауаптылығын жеңілдететін Қылмыстың кодексте нормалар бар ма, жоқ па, бәрібір жәбірленуші тұлғаның мінездемесі мен оның мінез-құлқы ескеріледі.

Ғылыми бағытына қарай виктимология 1947 жылы Бухаресте өткен психиатрлар конференциясында В. Мендельсонның биологиялық-психологиялық-әлеуметтік ғылымның жаңа бір саласы - виктимология туралы баяндама жасаған кезінен қалыптаса бастады.

1948 жылы АҚШ-та, құрбан туралы ілімнің қарастырылғандығы сондай, бірде-бір зерттеуші осы кітаптағы идеясыз іске кірісе алмайтын болды деп, американдық криминолог Вольфганг баға берген, Ганс фон Гентигтің «Қылмыскер және оның құрбаны» деген қітабы жарық көрді.

Американдық психиатр Ф. Вертхем 1949 жылы «Озбырлық бейнесі» деген кітабын шығарып, онда ол құрбанның әлеуметтік жағдайын біліп алмай, кісі өлтірушінің психологиясын түсіну мүмкін емес, сондықтан да виктимология ғылымы өте қажет деп жазған болатын.

1958 жылдың желтоқсанында қылмыстық юстиция мәселелері жөніндегі голланд-бельгия конференциясында виктимология проблемасы арнайы қаралды. Осыдан кейінгі таяу арада Жапонияда виктимология проблемаларын зерттеу жөніндегі институт ұйымдастырылса, АҚШ-та арнаулы виктимологиялық клиника ашылды. 70-жылдары виктимология жөнінде екі халықаралық симпозиум өткізілді (1973 жылы - Иерусалимде, 1976 жылы - Бостонда) . Виктимологиялық зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын қанатын кең жая түсуде.

Көптеген нақты қылмыстардың тікелей себебі жәбірленушілердің өздерінің теріс, жазғыруші мінездерінен туындайды, мұндай жағдайда виктимология «құрбан кінәсі» деген терминді қолданады.

Виктимологияда кінә - кез келген әлеуметтік нормаларды бұзу нәтижесінде пайда болатын ұғым, сондықтан оның кінәнің құғығына қарағанда адамгершіліктік жағы басым, дегенмен, кейде бұлар сырттай сәйкесіп жатады. Виктимологиядағы кінә әлеуметтік категория ретінде қылмыстан жәбірленушінің теріс мінезін, қоғам немесе азамат мүддесіне деген өршеленген мінез-құлқын көрсетеді. Дегенмен, құрбанның мінезі сырттай құқық бұзушының қылмыстың мүддесімен салыстырып қарағанда теріс деп санала бермейді. Осы ережені одан әрі дамыта түсіп, жәбірленушінің мінезінде жазғыру элементі болғанның өзінде де құқық бұзушының жәбірленушіден өзінің айтқанын орындатуына негіз жоқ деп пайымдауға болады.

Мысалы, тонаушы тоналушыға қылмысқа жағдай туғызды немесе тонау кезінде тиісті сақтық көрсете алмады деген жала жабатындай сылтау айта алмайды. Егер адам өзінің мүлкін қараусыз тастап кететін болса, ұрының алдында кінәлі емес қой.

Басқа жағынан қарағанда, құрбанның кінәсін оның өзіне байланысты жат (кінәлі) мінез деп қарау дұрыс болмаған болар еді, өйткені жәбірленушінің мұндай мінезі тек қана құқыққа қайшы әрекеттің бірі ретінде ғана көрінуі мүмкін.

Біздің ойымызша, кінәлі деп құрбанның жасалған қылмысқа сапалы немесе санасыз түрдегі көзқарасы байқалатын және құқық бұзушының әлеуметтік мінез-құлқына белгілі бір себепті фактор тудыратын әрекеті саналады. Басқаша айтқанда, қылмыс құрбанының мінез-құлқы қылмыстың ниеттін жүзеге асырылуына жағдай туғызуымен сипатталады.

Виктимология саласында қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі - «виктимділік» деген термин. Бұл терминнің мазмұны шетелдік және отандық мамандармен бірыңғай түсіндіріледі. Осы терминның түсінігін Л. В. Франк толығырақ береді. Оның көзқарасынша «жекелеген адамның виктимдігі - бұл қылмыстық әрекетпен жүзеге асырылған «бейімділік», анығырақ айтқанда белгілі бір жағдайда қылмыс құрбанына айналу қабілеті немесе басқаша айтқанда, объективті түрде бетін қайтаруға болса қауіптен құтыла білу қабілеті . . . »[6] .

Кейінен С. С. Остроумовпен бірігіп жазған еңбегінде Л. В. Франк, виктимділік «қылмыстық қол сұғушылықтың нысанасына айналғалы тұрған бірқатар субъективті және объективті мән-жайлардың жоғары қабілеттілігі ретінде» танылады деп атап өткен болатын[7] .

Сонымен бірге ғалымдар, «соңғы және қорытынды нәтижесіне қарай неғабыл құрбанның нағыз құрбанға айналу процесін» көрсететін «виктимизация» деген жаңа термин енгізді.

Белгілі бір уақыт аралығында және белгілі бір аумақта жасалған қылмыстың осындай ретіндегі виктимизация: қылмыстың қандай түрімен, кім, қайда және қашан шығын көрді, яғни виктимделді деген сұрақтарға жауап беретін деректермен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Виктимологияның түсінігі, түрлері. Виктимологияның даму тарихы
«Криминология» пәнінен дәрістер
Қылмыстық құқық бұзушылық жәбірленушілерінің виктимологиялық қауіпсіздігі
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары
Виктимологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктері және оның даму тарихы
Жәбірленуші тұлғасының психологиялық анализі туралы ақпарат
Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсет
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz