Қ.Р-ң бюджет-салық саясаты


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І Тарау. Бюджет-салық саясаты туралы түсінік

1. 1. Қазыналық саясат ұғымы және оның маңызы . . . 3

1. 2. Бюджет-салық саясатының экономикалық құрылымына әсері және оны іске асыру әдістері . . . 7

1. 3. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы . . . 11

II Тарау. Қ. Р-ң бюджет-салық саясатының қалыптастыру деңгейі

2. 1. Мемлекеттік кіріс және шығыс теңдестікті қалыптастырудағы қазыналық саясаттың орны . . . 20

2. 2. Қ. Р-ң бюджет-салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мәселелері . . . 24

2. 3. Қ. Р-да бюджет-салық саясатының стратегиясы . . . 28

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Кіріспе

Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден-бір құрал.

Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) - мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Салық төлемі (Т), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция І-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Y қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.

Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. (Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін. ) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі (Т) мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі (G) арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет-салық құралдарын пайдалану қазіргі таңда шетелдік тәжірибеде тамаша пайдаланылуда. Бұл жерде Скандинавия түбегі елдерінің әлеуметтік-экономикалық бағыттағы іс-әрекеттерін толық мысал ретінде қарастыруға болады. Бірақ сонымен қатар жергілікті ерекшелікті соның ішінде табиғат және де халықтың мәдени-экономикалық білімділік деңгейін айтуға болады.

Қазақстан табиғи шикізатқа бай ел, бірақ бұл сөзсіз жеткіліксіздік тудырары анық. Сондықтан бюджет-салық құралдарын пайдаланғанда әрине біріншіден әлеуметтік, ал екіншіден шағын орта бизнеске негізделген экономикалық бағытты тиімді дамытуды көздеу керек.

Біз тәуелсіздікке жеткен жас мемлекетпіз деп қарап отыру қазіргі заманғы әлемдік интеграцияланған экономикалық саясатқа мүлдем қайшы, Біз экономикадан саясаттың басып озғанын қаламаймыз, себебі осының негізінде КСРО құлаған болатын. Жалған уақытша жетістіктер бізді мүлдем тұралатары хақ сондықтан нарықтық экономиканың зор тәжірибелерін сіңіре отырып, бюджет-салық саясатын озық тәсілде қолдануымыз керек.

І Тарау. Бюджет-салық саясаты түсінігі

1. 1. Қазыналық саясат ұғымы және оның маңызы

Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) - мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың және мемлекеттік шығындардың мультипликаторы әсерімен байланысты болады.

Мемлекеттік шығындардың өзгерісін көру үшін кейнс кресін пайдаланамыз. Мемлекеттік шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып табылады, олардың өсуі жоспарланған шығындарды да өсіреді. Егер мемлекеттік шығындар ΔG-ға өссе, онда жоспарланған шығындар қисығы оңға қарай сол мәнге жылжиды. Ал тепе-теңдік өнім көлемі Y1-ден Y2-ге өседі, демек ΔY= ΔG mg. mg - мемлекеттік шығындардың мультипликаторы. Мемлекеттік шығындар 1 теңгеге көбейгенде пайда мөлшері қаншаға өседі деген сұраққа жауап береді. Мемлекеттік шығындар ΔG-ға өскенде мультипликаторлық үрдіс басталады және табысты сол мәнге өсіреді, ол тұтынуды (b × ΔG) шамасына өсіреді. Тұтыну көлемінің мұндай өсуі табыс пен шығын көлемін тағы да өсіреді. Ол тұтынуды (b × ΔG) шамасына өсіреді.

Жиынтық әсер төмендегідей

Шығынның алғашқы өзгерісі = ΔG

Тұтынудың алғашқы өзгерісі =2 b × ΔG

Тұтынудың екінші өзгерісі = (b × ΔG)

ΔY= ΔG(1+b+b2 + . . . )

Е Y=E

Е=Y2 . . . В E=С+I+G+Xn

ΔG

Е=Y1 ΔY

. . . А

ΔY

45˚

Е=Y1 Е=Y2 Y

Табыс, өнім шығару көлемі

1-сурет. Кейнс кресі үлгісіндегі мемлекеттік шығындар өсімі

ΔY/ΔG=1/1-b қатынасы мемлекеттік шығындар мультипликаторы деп аталады. Кейде бұл үлгіні кейнс мультипликаторы деп те атайды.

Мемлекеттік шығындар мультипликаторының көлемі мен тепе-теңдік көлемін теңдеулер жүйесін шешу арқылы табамыз.

{Y=C+I+G

{C=a+b*Y

Мұндағы Y=C+I+G негізгі макроэкономикалық теңдеу C=a+b*Y - тұтыну функциясы.

Тұтыну функциясының мәнін макроэкономикалық теңдеуге қою тепе-теңдік өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Y=a+b*Y+I+G Y - bY = a+I+G Y(1-b) = a+I+G

Y=1/(1-b) *( a+I+G), мұндағы ( a+I+G) - табыс көлемі У-тен тәуелсіз автономды шығындар, ал 1/(1-b) - мультипликатор.

Жабық экономикада тепе-теңдік табыс көлемі деңгейінің қаншаға өсетіндігіне байланысты. Мемлекеттік шығындар ғана емес, автономды шығындар да бір бірлікке өседі, осы құбылысты мультипликатор көрсетеді.

Мультипликатор шамасын анықтайтын негізгі фактор болып тұтынудың шекті бейімділігі (b), МРС есептеледі.

Табысқа салық салынғаннан соң, тұтыну функциясы басқаша болады, демек мультипликатор үлгісі де төмендегідей:

{Y=C+I+G

{C=a+b(1-t) *Y Y=1/1-b(1-t) *(a+I+G)

Мұндағы 1/1-b(1-t) жабық экономикадағы мультипликатор шығындары.

t - шекті салық мөлшерлемесі.

Шекті салық мөлшерлемесі - енгізілген салық сомасы өсімшесінің табыс өсімшесіне қатынасы арқылы табылады. t = ΔT/ΔY

Мұндағы t - салық салудың шекті мөлшерлемесі.

ΔT - енгізілген салық сомасының өсімшесі.

ΔY - табыс өсімшесі.

Өнім шығару көлемі мен жұмысбастылық деңгейін тұрақтандыратын және мультипликатор әсерін азайтуға ықпал ететін фактор - үдемелі салық салу жүйесі.

Жабық экономикаға қарағанда ашық экономикада мемлекеттік шығындарға мультипликатор әсері төмен.

Ашық экономикада тепе-теңдік өнім көлемі төмендегі теңдеулер жүйесін шешу арқылы табылады.

{Y=C+I+G+Xn

{C=a+b(1-t) Y

{Xn=g-mY

Мұндағы Y=C+I+G+Xn негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

C=a+b(1-t) Y - тұтыну функциясы

Xn=g-mY - таза экспорт функциясы

Y=1/1-b(1-t) m*(a+I+G+q), мұндағы 1/1-b(1-t) +m

Ашық экономикадағы мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

m - импорттаудың шекті бейімділігі.

Салық мультипликаторы, баланстық бюджет мультипликаторы.

Жоғарыда қарастырылғандай тепе-теңдік табыс көлеміне мультипликаторлық әсер салық мөлшерінің Т төмендеуіне байланысты болады. Егер салық төлеу мөлшері ΔT-ға төмендесе, онда қолда бар табыс Yd= Y - T-ға өседі. Тұтыну шығындары сәйкес түрде (ΔT*b) көлеміне өседі, бұл жағдай жоспарланған шығындарды оңға қарай жоғары қозғалтады және тепе-теңдік өнім көлемін Y1-ден Y2 көлеміне өсіреді.

Ол көлем ΔY = - ΔT*b/1-b тең.

Мұндағы ΔY/ΔT=-b/1-b салық мультипликаторы деп аталады.

Салық мультипликаторының механизмі, мемлекеттік шығындар мультипликаторы сияқты, салық көлемінің бір өзгерісіне тұтынудың көп қатар өзгерісін көрсетеді.

Салық мөлшері ΔT-ға төмендесе

Қолда бар табыс ΔT-ға өседі

Тұтыну (b* ΔT) шамасына өседі

Жиынтық шығындар (b*ΔT) өседі

Жиынтық табыс (b*ΔT) өседі

Тұтыну (b*ΔT) өседі 2

Жиынтық шығындар (b*ΔT) өседі

Жиынтық табыс (b*ΔT) өседі

Тұтыну b (b*ΔT) өседі, т. б.

Егерде мемлекеттік бюджетке берілетін салық мөлшері табыс динамкасына тәуелді деп алсақ, онда салық функциясы төмендегідей түрде жазылады. T=t*Y

Е Y=E

Е=Y2 . . . В E=С+I+G+Xn

МРС*ΔT

Е=Y1 ΔY

. . . А

ΔY

45˚

Е=Y1 Е=Y2 Y 2-сурет. Кейнс кресіндегі Табыс, өнім шығару көлемі салықтардың азаюы

Мұндағы t - шекті салық мөлшерлемесі.

Бұл жағдайда тұтыну функциясы төмендегідей болады:

C=a+b(Y - t*Y) =a+b(1-t) *T

Ал салық мультипликаторының үлгісі төмендегідей:

mt= -b/1-b(1-t) Мұндағы mt - жабық экономикадағы салық мультипликаторы. Жалпы салық функциясы төмендегідей:

T=Ta+t*Y

Мұндағы Та - автономды салық мөлшері, табыс мөлшерінен тәуелсіз.

t - шекті салық мөлшерлемесі.

Табыстан (Y) тәуелді функционалды салық салымын ескеріп, тұтыну функциясын төмендегідей жазуға болады:

C=a+b[Y - (Ta+t*Y) ]

Ашық экономикадағы тепе-теңдік өнім көлемінің үлгісі төмендегідей болады:

Y=1/1-b(1-t) +m*(a+I+G+g) - b/1-b(1-t) +m*Ta,

Мұндағы -b/1-b(1-t) +m - ашық экономикадағы салық мультипликаторы.

Автономды салық мөлшері мен мемлекеттік шығындардың бір мезгілдегі өзгерісінің нәтижесінде табыстың жиынтық өзгерісі мынадай түрде жазылады :

ΔY= ΔG*1/1-b(1-t) +m - Δta*b/1-b(1-t) +m

Егерде мемлекеттік шығындар және автономды салық төлемдері бірдей көлемге өзгерсе, онда тепе-теңдік өнім көлемі де өседі. Мұндай жағдайда баланстық бюджет мультипликаторы орын алады деп айтылады. Баланстық бюджет мультипликаторы бірге тең немесе бірден кіші.

Баланстық бюджет мультипликаторы бюджет тапшылығы мен артықшылығы мүлдем жоя алмайды. Бұл жерде табыс пен шығынды теңгеру туралы айтылады, демек (ΔТ= ΔG) . Мұндағы ΔТ - бюджеттегі табыстың өсімшесі, ал ΔG бюджеттегі шығынның өсімшесі.

Мысалы. Егер мемлекеттік шығын ΔG-ға өссе, онда тепе-теңдік өнім көлемі төмендегідей мәнге өседі:

ΔY= ΔG*1/1-b(1-t) +m

Егерде үкімет бір мезгілде автономды салықты ΔY = ΔG өсірсе, онда тепе-теңдік өнім төмендегідей мәнге азаяды:

ΔY=- ΔTa*b/1-b(1-t) +m

Тепе-теңдік өнім көлемінің жиынтық өзгерісі төмендегідей болады:

ΔY= ΔG*(1/1-b(1-t) +m - b/1-b(1-t) +m)

ΔY= ΔG= ΔTa

Мемлекеттік шығындардың өсуімен салыстырғанда, салық мөлшерінің азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл жағдай алгебралық өрнекте шығын мультипликаторының салық мультипликаторынан жоғары, үлкен екендігі арқылы көрсетілген.

Бұл құбылыс салықтың өзгерісімен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға әсерінің күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат құралдарын таңдағанда анықтаушы, негізгі болып есептеледі. Егерде қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту мақсатын көздесе, онда циклдік құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын өседі, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер береді.

Ал инфляцияның көтерілуін тежеу үшін, салық мөлшері өседі. Бұл құбылыс салыстырмалы жұмсақ тежеуші шара болып есептеледі.

Егерде қазыналық саясат мемлекеттік секторды тежеуге бағытталса, онда циклдік құлдырау кезеңінде салық төмендейді. Бұл жағдай салыстырмалы аз ынталандырушы әсер береді. Ал циклдік көтерілу кезеңінде мемлекеттік шығындар төмендейді, бұл инфляция деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік береді.

1. 2. Бюджет-салық саясатының экономикалық құрылымына әсері және оны іске асыру әдістері

Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат. Бюджет тапшылығы және артықшылығы. Мемлекеттік бюджеттің циклдік және құрылымдық тапшылығы .

Дискрециялық қазыналық саясат - үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Дискрециялық емес қазыналық саясат - жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық түсімі - бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.

Үкіметтің дисрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеуімен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.

Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.

Кіріктірме тұрақтандырғыш - үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.

Экономиканың «кіріктірме тұрақтандырғышы» дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істейді.

Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы «амортизаторы» қызметін атқарады.

Циклдік тапшылық(артықшылық) - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.

Циклдік өрлеу кезеңінде Ү2>Ү0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді. Нәтижесінде бюджет артықшылығы өседі және инфляциялық дүрлігіс төмендейді(3-сурет) .

G, T T1

Бюджет

тапшыл { T=Ta+t*Y

{ }

{ } G=const

{ }

{ Бюджет артықшылығы

G=Ga-γ*Y

Y

Y1 Y0 Y2

3-сурет

Егерде ағымдағы табыстың динамикасынан тәуелсіз мемлекеттік шығындарды (G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда да экономика тұрақтылығының деңгейі жоғары болады, өйткені салық мөлшерлемесі (t) деңгейі жоғары болған сайын, сәйкес түрде Т сызығы «тікше» орналасмады. Т1 жағдайында циклдікң бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады. Сондықтанда Т жағдайымен салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді. Сол мезгілде экономиканың кірітірме тұрақтандырғышы бюджет-салық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына - экономика әлеуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге ынтаны бекіту мақсаттарына қарама-қарсы келеді. Инвестициялауға ынталы болу, кәсіркерлік тәуекелшілдікке және еңбекке салыстырмалы түрде қарағанда әсері күштірек болады, өйткені салық функциясының қисығы жатыңқы, бұл жағдай шекті салық салымының мөлшерін төмендету арқылы мүмкін болады. Бірақ бұл төмендеу циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығының көлемі қысқаруымен қатар жүреді. Демек, экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейі төмендейді.

Қазыналық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін таңдау күрделі макроэкономикалық проблема болып есептеледі. Бұл проблеманы шешу өркениетті мемлекет болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын тиеді. Әлеуетті деңгейде тепе-теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді шектейді. Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы қазыналық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін бағалауға болмайды. Өйткені циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық қамтылған жағдайына жақындата алмайды, мұндай жағдай кез келген өнім көлемінің деңгейінде бола береді. Сондықтан экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін үкіметтің қазыналық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапшылығы (артықшылығы) туындайды. Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет шығындары (табысы) және табысы(шығындары) арасындағы айырма. Циклдік тапшылық көбіне былай анықталады - бюджет тапшылығының нақты мәні мен құрылымдық тапшылықтың арасындағы айырма.

Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және әлеуетті көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапшылығын (артықшылығын) есептеу қиынға түседі. Бұл қиындық дамыған мемлекеттер мен жаңа дамып келе жатқан мелмекеттер үшін бірдей кездесіп отырады. Сонымен қатар ұзақ мерзімдік қазыналық саясаттың тиімділігін бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз болады.

Бюджет артықшылығының экономикаға әсері. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық және инфляциялық емес тәсілі. Сеньораж. Ығыстыру әсері. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықты өсіру проблемасы .

Бюджет артықшылығын тұрақтандыру әсерінің ең жоғары жағдайы. Бюджет артықшылығын жою. Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады.

Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше, бюджет артықшылығын «тиым салу» артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

1) ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару)

2) займ шығару

3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж - ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.

Инфляция деңгейінің жоғарылауы жағдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады.

Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткені уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.

Мемлекеттік тапшылықты жою үшін тиын шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақтылы төлемейді. Егерде сатып алу жеке секторлардан жүргізілетін болса, онда олар бағасын алдын ала көтереді, мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады. Бұл орташа баға деңгейін көтереді және инфляция деңгейі көтеріледі.

Егерде мемлекеттік сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда бұларды Орталық банк қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін өсіреді. Сондықтан тиын шығаруға қарағанда, уақтылы төленбеген төлемдер бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі. Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығарылу арқылы қаржыландырылса, онда орташа нарықтың пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының төмендеуіне алып келеді. Осыдан ығыстыру әсері пайда болады, ол қазыналық саясаттың ынталандырушы әсерін азайтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы салықтық реттеу
Ақша несие саясаты мақсаттары мен құралдары
Кiшi ашық экономика
Экономиканы мемлекеттік реттеу: маңызы мен бағыттары
Қаржы жүйесі жайында
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Салықтар және Қазақстан Республикасының салық жүйесі
AD-AS және IS-LM үлгiлерiнiң бiр-бiрiмен байланысы
Салық саясаты: экономикалық мәні мен мазмұны, атқаратын рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz