Абылай хан тұсындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты



1 Абылай хан тұсындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты
2 Абылай билігінің күшейе түсуі
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан тұсындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше
мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың
қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең
белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі
қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси
мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен
Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара
түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей
түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз
жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл
жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен
қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің
соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес
жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының
нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне
өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ
халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш
жұртының санасында Шаңды жорық деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ
қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ
жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем
бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А.
бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.
Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж.
Әбілмәмбеттің Түркістанғакөшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр
соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді
пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа
120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің қамқорына кіруге келісім
білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында
Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге
елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара
қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж.
Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ
таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-
қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша
билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына
келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің
тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес
сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай
және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем
өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: бұрын
Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып
жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда
жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр,- деп көрсетті.
Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс
жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-
20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж.
желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып,
бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ
әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол
жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000
қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар
қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде
жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың
40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754
жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген
батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан
Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы
өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді.
Тегеурінді әскери ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай хан мемлекет қайраткері және дипломат ретінде
ХҮІІІ ғ. 50-ші жж. – ХІХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси үрдістер
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Абылай хан тұсындағы қазақ елі
Кенесары Қасымов
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
Қазақ халқының тарихына шолу
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Пәндер