Инфляцияның мәні, себептері әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1. Инфляцияның мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 .12
2. Инфляцияның салдары, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.23
3. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері ... ...24.30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде — тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция — ақша жүйесінің дағдарысты жай — күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны блдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшыларының тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануына халықтың әл – ауқатынының дәрежесін төмендетуге әкеп тоқтырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясы.» — Алматы, 1997. 25-31 бет.
2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру,
экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан
халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.
3. Аубакиров Я. Ә. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 1998.
152-157 бет.
4. Брю С. Л. «Экономикс» - Бишкек, 1998. 1 том, 78-81 бет.
5. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993. 92-101
бет.
6. Иманғазин О. Қ. «Экономикалық саясат» - Алматы, 2002. 105-110 бет.
7. Көшенова Б. А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» -
Алматы, 2002. 75-79 бет.
8. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» -Алматы, 2000. 84-89 бет.
9. Осипова Т. М. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 2002. 203-
209 бет.
10. Шеденов «Жалпы экономикалық теория» - Алматы, 2002. 215-219
бет.
11. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
12. «Инфляция — хроническая болезнь бумажных валют» - Журнал:
Финансы Казахстана, 1995. 13-17 бет.
13. Қожахметов А. «Инфляция и ее последствия» -Журнал: Экономика и
статистика, 2001. 25-29 бет.
14. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005 ж.

Инфляцияның мәні, себептері әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 5
1. Инфляцияның мәні және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 -12
2. Инфляцияның салдары,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...13-23
3. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері ... ...24-30
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...31
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2
Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну)
ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың
Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің")
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-
ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал
бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде —
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.
Инфляция — ақша жүйесінің дағдарысты жай — күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық
ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы
ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп,
осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы
инфляцияны блдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік.
Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз
ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз доллардың
екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшыларының тұрмыс
жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі,
ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның
құнсыздануына халықтың әл – ауқатынының дәрежесін төмендетуге әкеп
тоқтырады.
1 Инфляцияның мәні және мазмұны
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән күрделі де
көпфакторлы, обьективті құбылыс. Ол қағаз ақша айналымына негізделген және
ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және
қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай —
ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған, қажетті ақша көлемі алтын — күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз
ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.
Инфляция — бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан
сәйкессіздік. Ақша тауарларды сатып алу қабылеті күшті валютамен
салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама
эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға
сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар
рынокында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес.
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық
дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20-есеге өсті) емес,
басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973-жылы
жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы — 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс,
тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және
маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның
монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа
ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялынуы мен
ревальвациялануына нарық коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның көптеген неше
түрлі себептердің әсері болады, Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция
емес. Айталық экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың
өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі
төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбек ақы деңгейі еңбек
өнімділігінен тез өскен болса онда ұлттық шаруашылықта "шағын инфляциясы"
деп аталатын жағдай қалыптасып бағалардың жалпы деңгейі өседі. Кездейсоқ
апаттарда бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді.
Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені, қандай жағдайларды
жатқызуға болады? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске
ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл
мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе
тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді.
Егер тапшылық орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару
арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және
инфляцияны қалыптастыру әбден мүмкін.
Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған
әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптеп
келгенде, бұлда инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Әсіресе экономиканы
милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық
табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар — олар қоғамдық
байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша
төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша
массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджеті
тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың "ашыла" түсуіне, олардың
дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты
инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қауыпы артады. Жоғарыда аталған
1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергиялық дағдарыс) сырттан
әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар
бағасының қымбаттауына әкелді. "Импортталған инфляциямен" күресу
мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын
арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап,
ұлттық өнімінің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, "инфляцияны тосу" деген жағдайға байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген
экономистердің пікірінше, "инфляцияны тосу" психологиясын жеңу
антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
"Инфляцияны тосу" механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе
мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар
олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Өндірушілерде шикізат пен материялдарға және энергияға бағаның өсуін
болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі әрбір өндіруші өзін
инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді.
Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, "инфляцияны
тосу" деңгейіне көтеріледі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфлиция
қалыптасқан. Соңғы жылдары батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі
мемлекет шығындарының өсуі, "баға - еңбекақы", "инфляциялық тосу",
"инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы" және басқалары болды. Бұрынғы
кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
Батыс елдердің экономистері жасаған теорияларда балама қайнар көзі
ретінде "сұраныс инфляциясы" мен "шығын инфляциясы" көрсетеді.
"Сұраныс инфляциясы" жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің
сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы,
өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс
құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық
мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға деңгейі өседі.
Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем
ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық
өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде былай суреттеп
көрсетуге болады. (1-сызба).
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (АD1 – AD2) және, экономика
жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р1 — Р2), яғни инфляция қалыптасады.
Сұраныс инфляциясы. 1-
сызба
"Шығындар инфляциясы" өндіріс шығындарының өсуінен туындаған бағалардың
жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық немесе
олигополиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан,
шикізат пен энергия ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден
болады.
Шығындар инфляциясын график түрінде суреттеп көрсетуге болады (2-
сызба).
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жылжиды (АS2 — АS1), баға деңгейі өседі (Р1 - Р2),
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Шығындар инфляциясы 2-сызба.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс
шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп
болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары
үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау
барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияның әртүрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара
тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбекақының өсуі табыс
инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
XX ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың үзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті, дағдарыс фазасында бағалардың өсуі XIX ғасырдағы циклдер
үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада стагфляция деп аталады.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықбас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мынадай
түрлері болады.
1. Баға өзінің қарқыны бойынша:
- Баяу инфляция — жылына 10% дейін өсу түрі. Экономика теориясында
инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор
ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден бір тиімді
саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты өндіріс
пен нарық (сұраныс) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға
мүмкіндік береді.
- Қарқынды инфляция — бағалардың жылында 20%-дан 200% дейін өсу түрі.
Экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемдеме береді.
- Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған пайызға артқан
жағдаймен сипатталады. Сонымен қатар гиперинфляция — инфляцияның ұлттық
өндіріс пен жұмысбастылық көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше
тез қарқынды өсуі болып табылады. Мәселе мынада, егер бағалар жайлап,
түрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле
түсуіне дайындалады. Сондықтан да, олардың пайдаланылмаған жинақ ақшасы
және ағымдық табыстары құнсызданып кетпеуі үшін, яғни, болжамдалған баға
көтерілуін анықтау үшін, "ақшаларын дәл қазір жаратуға" мәжбүрлі болады.
Инвестициялық тауарларды сатып ала отырып, кәсіпорындар да солай істейді.
"Инфляциялық елірме" әкелген қылықтар бағаға қысымшылықты күшейтеді, және
инфляция "өзін-өзі қоректендіре" бастайды. Мұның үстіне, өмір сүру құнының
артуына байланысты, жұмысшылар талап етіп және өте жоғары жалақы алады. Ал
кәсіподақта болса, өткен жылғы өсімін жабуға ғана жетерліктей жалақы өсуіне
ұмтылып қоймайды, сонымен бірге жаңа ұжымдық келісім күшінде тұрғанда, сол
кезеңде күтілген инфляцияны өтеуді де талап етеді. Мұндай талаптарды
қабылдамай тастап, елді ереуілге жіберу экономикалық өрлеу кезеңі үшін ең
тиімді уақыт емес. Фирма әкімшілігі бағаны арттыра отырып жұмысшы күшіне
кеткен өз шығындарын өтеп алады. Мұндай көп ретте фирмалар, пайда табушылар
инфляциялық парадтың алдында немесе бірқатарда келе жатқандығына көз
жеткізу үшін бағаны бір екі сатыға көтеріп жіберуге тырысады. Бағаның
мұншалықты көтерілуі нәтижесінде тіршілік құны артады, жалақыны айтарлықтай
көтеруді қайтадан талап етуге жұмысшылардың тамаша мүмкіндігі туады. Бірақ
ол баға көтерілуінің жаңа орамына жеткізеді. Ақырғы нәтиже болып жалақы мен
бағаның кумулятивтік инфляциялық шиыршығы (спираль) саналады. Жалақы мен
бағаның көтерілуі бір бірін қоректендіреді, және ол жорғалаған
инфляциялардың жоқырақтану инфляцияға өтуіне көмектеседі. Гиперинфляция
қайта бөлу үшін қиратушылық салдардан басқа экономикалық күйреуді
жеделдетуі мүмкін деп саналады. Қатал инфляция күш-жігердің өндіріске емес,
алыпсатарлық қызметке бағытталуына ықпал етеді. Кәсіпорындарға болашақтағы
баға көтерілуін көре білген жағдайда шикізаттар мен дайын өнімдерді
жинақтау беру барған сайын тиімді бола бермек. Шикізаттар мен дайын өнімдер
мөлшеріне сұранымның сәйкес келмеуі инфляциялық қысымның күшеюіне тірейді.
Капиталдарын инвестициялық тауарларға жұмсаудың орнына өндірушілер мен
жекелеген адамдар инфляциядан қорғанып, өнімсіз материялдық құндылықтарды
-сәндік бүйымдарды, алтын және басқа қымбат бағалы металдарды, қозғалмайтын
мүліктерді т.б. ала бастайды.
Баға кілт жоғарылап, кілт төмендей беретін төтенше жағдайларда қалыпты
экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпорын иелері тауарларға қандай баға
қоюларын білмей, дал болады. Ал тұтынушылар болса, қандай баға
төлейтіндерін білмей әуреленеді. Шикізат жеткізушілер болса, құны тез түсіп
кететін ақшаны емес, нақтылы тауарларды алғылары келеді. Несиешілер арзан
ақшамен қарыздарын қайтарғылары келген өздеріне қарыздар адамдардан
қашқақтауға тырысады. Іс жүзінде ақша өз бағасын жоғалтады және ол құн
өлшемі мен айырбас құралы ретінде өз функциясын орындауды тоқтатады.
Өндіріс пен айырбас шиқылдай отырып аялдамаға қарай жылжыйды, ең ақырында
қорытындыда экономикалық, әлеуметтік және, аса маңызды, саяси былық тууы
мүмкін. Гиперинфляция қаржылық күйреуді, тоқырауды және қоғамдық-саяси
тәртіпсіздікті жеделдетеді. Стагфляция инфляция экономикадағы құлдырауға
байланысты болады.
2. Инфляциялық үрдістің сипатына қарай: Ашық инфляция — бұл жағдайда
бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке
алады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану
(инфляция) жағдайда қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі тауар
тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға
сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
- Жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасайды.
- Инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
3. Таралу орнына қарай:
- Локалдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі.
- Дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
4. Әртүрлі бағалардың өсу қарқындарының сәйкестіктері бойынша:
- Теңгермелі, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда
бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес пайыз кесімі де өседі. Нарықта тепе-
теңдік сақталады.
- Теңгермелі емес инфляция кезінде және товар топтарына бір қалыпты
емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
5. Болжамға сәйкес дәрежесі бойынша:
-Тосылған инфляция, яғни алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет
арнайы мақсатпен жоспарлайды.
- Тосын инфляция, яғни бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді.
Мұндай жағдай ақша айналмын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның
өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды
жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады,
сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен бағалардың
кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың инфляциялық тосу психологиясын
туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған
елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы
тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;
және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі
әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын
үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтың сұранымының
қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың
деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде біз қалыпты қызмет атқаратын нарықтың шаруашылықтың
жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын Пигу
әсері, немесе нақты кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылысты
суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар мен
икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады
екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты
болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш - тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын
тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының иңдексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула
қолданылады:
Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы
Базалық жылдағы т9тыну қоржынының бағасы
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
- баға индексі 100% - ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып
табылады;
- баға индексі 100% -дан жоғары, мысалға 140 % - ға тең. Демек,
ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстарғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданады;
- баға индексі 100%-дан төмен төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы
жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз
дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
2 Инфляцияның салдары, ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін
және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи — экономикалық даму
процесінде қалыптасқан өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің
дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік қорғанысқа кететін үлкен
шығыстар Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл
шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі, баға
белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ
болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін
еместігінің салдарының, бағаның бірден өсуіне инфляцияға жол беріледі.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте
диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер
пайда болады.
Кеңес экономикасының 70 -ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық
өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп
отырған.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық
өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір
10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы
инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісімен
түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас
Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы
негізінен Кеңес Одағының тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының
шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда
өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал
өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90% тұтыну товарларының 60% сырттан
тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар
тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу
үшін салынған несие көлемі бір жарым миллиард доллардан артып кеткен
болатын. 1993 ж бұрынғы Кеңестік Республикалардың "егемендіктер парадының"
басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы
Қазақстанда өте ауыр әлеуметтік — экономикалық жағдайға әкеп соқтырады.
Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады.
Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарлас жүріп, 1994 жылдың жазында
гиперинфляция өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылдың
қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта — теңгені ендіруге
мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын
жоғалтып жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен
қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді. Айналыстағы ақша
массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырады. 1990 жылы ақша
массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе, 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның
өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%, 1995 216% және 160% құрады. 1996
жылы ақша массасы өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол береді.
Монетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999
жылы инфляция 11,7% болды, ал 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді. Бұл
өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай
жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ,
оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл
өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік
өндірісі 50-60%-ке қысқарды.
Инфляция жағдайында үкімет "қымбат ақша" саясатын ұстануға мәжбүр
болды, Ұлттық банк несие беру пайызын және міндетті резерв нормасын өте
жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы)
саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен
нарық екі — үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды,
жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқы өнім шығаратын шикізат өндіру
салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай
өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндіріс
аралық диспропорциялар қысқырғынның орнына арта түсті.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші
пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі
бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы ара
қатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады.
Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі
шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге
көбейтіледі:
Инфляция қарқыны
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің
тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990-1; 1992-
2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-
1,18; 2000-1,13.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және
одан көбірек жағдайда айына 50% немесе аптасына 11,5% құрса, онда мұндай
деңгей әсіресе инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей
1992-1995 жыл ішінде айтарлықтай асып түсті.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректері
бойынша инфляция деңгейі 2000 жылы 9,8%, 2001 жылы 6,4%, 2002 жылы 6,6%,
2003 жылы 6,4%, 2004 жылдың II тоқсанында 6,6%-ды көрсетті.
3-сызба.
Қазақстан Республикасының 1994-2003 жыл аралығындағы инфляция
деңгейінің көрсеткіші.
Инфляция нәтижесіне тоқталған Елбасы 2003 жылдың желтоқсан айымен
салыстырғанда инфляция 2,4% өсті, ал 2003 жылы бірінші жарты жылдығында
көрсеткішімен 6,6%-ға артқан, соған сәйкес мұнайдың әлемдегі жоғарғы бағасы
жағдайында және шетел валютасының мол ағыны инфляция деңгейіне үкіметпен
Ұлттық банк бірлескен мәлімдемесінде көрсетілген деңгейден 1,2% арттырып
отыр.
1-диаграмма. Инфляция және шетел валюта бағамының 2003 жылғы теңгеге
қатысты өзгеруі.

бойынша тұтыну бағасы 2001 жылы 0,1%-ға төмендегені байқалған жағдайда,
2002 жылдық көрсеткіші 6,6% болды.
2002 жылы халыққа ақылы қызмет көрсету тарифі бойынша жоғары дәрежеде
8%-ға көтерілді, соның салдарынан тұрғын үй -коммуналды қызмет көрсету
(1,2%-ға) және денсаулық сақтау қызметі (1,7%-ға) қымбаттады. Қанттың (15%-
ға) сондай ақ күріштің (2,4%-ға) бағасының айтарлықтай өсуі азық-түлік
тауарларының 0,6%-ға қымбаттауының басты себептердің бірі болды. Азық-түлік
емес тауарлар 0,2%-ға қымбаттады. Бензиннің бағасы екі ай бойы өсуден кейін
0,9%-ға төмендеді.
2002 жылдың басынан бастап тұтыну бағасы 3,7%-ға өсті. Азық-түлік
тауарлары 3,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар 3,3%-ға, халыққа ақылы қызмет
көрсету 3,8%-ға қымбаттады.
Ал 2004 жылдың сәуір айындағы инфляция көрсеткіші 0,4%-ды құрап,
алдымыздағы екі айдың деңгейін сақтаған. Бағаның өсуіне негізінен азық-
түліктен қымбаттауы мен ақшалай қызмет көрсету 0,4%-ға, сонымен қатар, азық-
түлікке жатпайтын тауарлар бағамының 0,2%-ға қымбаттауымен байланысты болып
отыр. 2004 жылы сәуір айында азық-түліктің бағасынан - 1,6%, яғни 30
теңгеден 34-ке, ұн мен макарон тағамдары 1,1%-ға, яғни 1 кг. ұн 55 теңгеден
60-қа, ал ұннан тағайындалған тағамдар, мәселен, рожки 50 теңгеден 55-ке,
дән өнімдері және балық бағасы 0,6%-ға көтерілген. Сол секілді, жемістер
2,1%-ға, мәселен алманың бағасы 100-ден 120 теңгеге көтерілсе, ал
көкөністер 0,9%-ға арзандаған. Ал есепте сүт пен жұмыртқаның бағасы 2,0-
1,5%-ға төмендеді деп көрсетілгені мен, ол қазіргі нарықтағы
көрсеткіштермен сәйкес келіп отырған жоқ.
2-диаграмма. 2004 жылдың тұтыну тауарлары және қызмет көрсету бағалары
мен тарифтер индексінің өзгеруі.
Азық-түліктік емес тауарлардың арасында аяқ-киім 0,8%, киім, ыдыс-ыяқ,
маталар бағасы 0,6%, жеке гигиеналық тауарлар мен текстильдік өнімдер —
0,5%-ға өскен. Ал бензин бағамы 2,7%-ға төмендеп, яғни А80 - 40-тан 37
теңгеге, А93 — 52-ден 47 теңгеге түскен.
Әсіресе, қала тұрғындарын тұрғын үй жүйесіндегі төлемақының 0,4%,
транспорт пен оқу жүйесінде — 0,2%, мәдениет және демалыс орындарының 0,9%,
денсаулық сақтау қызметінің 1,0%-ке көтерілуі алаңдатып отыр.
Жылдың басынан бастапқы инфляция көлемі 1,9% құрап, азық-түлік бағасы
3,0%-ке өскен. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағамы 0,5%, аймақты
ақылы қызмешен қамтамасыз ету жүйесі 1,1%-ке жоғарылап, жалпы 2004 жылдың
сәуір айындағы инфляция жылдық көрсеткіші бойынша 6,5% құрап, наурыз
айындағы деңгейін сақтап қалған.
Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан
үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып
табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің шығыс бөлігінде
20,4%, 1992 - 8,6%, 1993 - 11,9%, 1994 - 10,2%, 1995 - 17,4%, 1996 - 15,4%,
1997 - 17,7%, 1998 - 18%, 1999 - 14,3%, 2000 - 9,8%, 2001 - 6,4% құрады.
2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 миллииард теңгені (ЖІӨ-
геО,11%) құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды —
алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді,
экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына
қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын —
инвестициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік
қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден
көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін
туғызады.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтый ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын
экономисі О. Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін
(моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания
статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбекақы кесімдері мен жұмыссыздық
деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты
(функцияны) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3%-тен артық өсуі
бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға
мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша
айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру
арқылы қысқартуға болады.
Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист
жасаған екен. Кейіннен Американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон
Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс
моделінде еңбекақы кесімін (ставкасын) тауар бағаларының өсу қарқынымен
ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты
жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды
тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. X сызығында жұмыссыздық
деңгейі (%-бен), Ү сызығында — товар бағаларының өсу қарқыны (%-бен)
көрсетілген (4-сызба). Филлипс қисығы осы көрсеткіштердің арақатынасын
белгілейді.
4-сызба.
Филлипс қисығы.
Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық жағдайды көрсетеді.
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы U1 (Р1 инфляция
деңгейіндегі), өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін
қысқарту мақсатында белгілі ақша-несие және қаржы-бюджет іс-шараларының
жүргізілуі қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне
қосымша жағдай жасалады. ЖҰӨ-нің өсуі жалпы сұранымның өсуіне байланысты,
жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының
деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келгенде, ЖҰӨ өседі.
Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша
сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың
үлес салмағы U2-ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны Р2-ге
дейін көтеріледі. Бұл экономиканың қызуын арттырып, дағдарыс жағдайын
қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге
мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады,
қымбат ақша-несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде
бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл
өседі, оның деңгейі U3-ке жетеді. Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс
қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ
мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде
Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге
болады.
Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz