“Аса жоғары жиілікті және жоғары жиілікті токтардың медицинада пайдаланылуы”


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

“Аса жоғары жиілікті және жоғары жиілікті токтардың медицинада пайдаланылуы”

Медициналық биофизика

АДАМ АҒЗАСЫНА ЭЛЕКТРОФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРМЕН ӘСЕР ЕТУӘДІСТЕРІ

Адам ағзасына тұрақты немесе айнымалы электр тогымен, тұрақты немесе айнымалы немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері электрофизикалық әдістер қатынасына жатады. Сондықтан жиілігіне сәйкес сол факторлар мынандай топқа бөлінеді:
Төменгі жиілікті 0 - 20 Гц
Дыбыс жиілігіндегі (ДЖ) 20 Гц - 20 кГц
Ультрадыбысты жиілік (УДЖ) 20 кГц - 200 кГц
Жоғары жиілікті (ЖЖ) 200 кГц - 30 МГц
Ультражоғары жиілікті (УЖЖ) 30 МГц - 300 МГц
Аса жоғары жиілікті (АЖЖ) 300 МГц -тен жоғары.

Адам ағзасына электрофизикалық факторлармен әсер ету негізінен екі топка белінеді: токпен әсер ету және өріспен әсер ету. Ағзаға электр тогымен әсер ету әдістерінде электродтар адамның денесіне тікелей жабыстырылады, ал өріспен әсер еткенде электродтар адам денесіне жабыстырылмайды - электродтар адам денесінен белгілі бір арақа-шықтықта орналастырылады.
Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістеріне мыналар жатады:
а) тұрақты токпен әсер - гальванизация және электрофорез әдістері;
ә) үздікті (импульсты) электр тогымен әсер - электростимуляция әдістері;
б) жоғары жиілікті электр тогымен әсер - дарсонвализация және электрохирургия әдістері. Адам ағзасына электрофизикалық факторлармен әсер ету негізінен екі топка белінеді: токпен әсер ету және өріспен әсер ету. Ағзаға электр тогымен әсер ету әдістерінде электродтар адамның денесіне тікелей жабыстырылады, ал өріспен әсер еткенде электродтар адам денесіне жабыстырылмайды - электродтар адам денесінен белгілі бір арақа-шықтықта орналастырылады.
Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістеріне мыналар жатады:
а) тұрақты токпен әсер - гальванизация және электрофорез әдістері;
ә) үздікті (импульсты) электр тогымен әсер - электростимуляция әдістері;
б) жоғары жиілікті электр тогымен әсер - дарсонвализация және электрохирургия әдістері. Адам ағзасына электр немесе магнит ерістерімен әсер ету әдістері:
а) тұрақты электр өрісімен әсер - аэроионотерапия әдістері;
ә) жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр немесе магнит өрісімен әсер - индуктотерапия және УЖЖ - терапия әдістері;
б) аса жоғары жиілікті диапозондағы электромагниттік толқынмен әсер - микротолқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия. Дарсонвализация және электрохирургия
Дарсонвализация - нерв рецепторларын сергіту ушін қолданылады. Бұл әдісте адамның денесіне жоғары жиілікті әлсіз электр разрядымен әсер етеді. Арнайы пішінді шыны электродтардың (1-сурет) ішіндегі ауасы сиретіледі немесе олар графитпен толтырылады да бір полюсті аппаратқа қосылады. Екінші электрод болмайды. Электр тізбегі адам денесімен қоршаған ортаның арасындағы электрсыйымдылықпен тұйықталады. Электрод жоғары жиілікті v = 500 кГц, кернеуі U = 15-20 кв, ток күші 0, 015-0, 02 A ток кезіне қосылады. Сонда нүктелік электродтың астындағы токтың тығыздығы максимал мәніне жетеді де, ұлпаны 60-80°С-қа дейін қыздырады. Осы тем-пературада ақуыздар ұйыйды да, қанның ағуы тоқтайды. Диатермотомияда (электротомияда) активті электрод жұқа ұстара пішіндес болады.
Сондықтан осы электродтың астында ұлпаның қызу температурасы артады. Жасушадағы және жасуша арасындағы сұйықтар лезде буланады да, тінді қияды. Ұсақ тамырлардағы қан ұйып, кесілген жері жабылады. Сонда нүктелік электродтың астындағы токтың тығыздығы максимал мәніне жетеді де, ұлпаны 60-80°С-қа дейін қыздырады. Осы тем-пературада ақуыздар ұйыйды да, қанның ағуы тоқтайды. Диатермотомияда (электротомияда) активті электрод жұқа ұстара пішіндес болады.
Сондықтан осы электродтың астында ұлпаның қызу температурасы артады. Жасушадағы және жасуша арасындағы сұйықтар лезде буланады да, тінді қияды. Ұсақ тамырлардағы қан ұйып, кесілген жері жабылады. УЖЖ-терапия

Адам өмірінде радио қабылдағыштардың ролі артқан сайын радиотолқындарды тарату үшін қуатты радиостанциялар қолданыла бастады. Сол кезде онда жұмыс атқаратын адамдардың жүйкесі тозып, тез шаршап, тіпті кейде денесінің қызуы көтерілетіні де байқалған. Осы мәселелер электромагниттік толқындардың адам организміне физиологиялық әсерін зерттеу қажеттігін туғызады.
Тәжірибелер нәтижесінде электромагниттік толқындар адам организміне ғана әсер етіп қоймай жануарлар мен жәндіктерге де әсері байқалады. Мысалы, электромагниттік толқындар әсерін кейбір ұсақ жануарлар өле бастаса, жібек құрты тез өскен, тотықұс жұмыртқасы-нан балапандары уақытынан бұрын жарып шыға бастаса, ит күшіктерінің салмақ қосуы арта бастаған.
Радиотолқындар бір ортамен әсерлессе, онда сол ортада жұтылады. Жұтылған толқынның энергиясы әсерлескен ортаның ішкі энергиясына айналады. Сондықтан электромагниттік толқындардың әсерін ғалымдар алғашында, тек қана жылулық эффекті тұрғысынан қарастырған. Ал шын мәнінде жылулық эффектімен катар радиотолқындардың физиологиялық әсері бар. Осы мәселені алғаш дәлелдеген ғалым Коваршик мынандай тәжірибе жүргізген: Дистилляцияланған су құйылған астаудың температурасы 24°С болғанда оған балықтарды жіберіп электромагниттік толқынмен әсер ете бастаған. Біраз уақыт өткеннен кейін балықтардың температурасы небәрі 0, 2 градусқа ғана көтерілсе де, олардың организмінде физиологиялық өзгерістер болып, өлуіне әкеліп соклырғанын байқаған. Екінші дүниежүзілік соғысқа радиоэлектрлік қондырғыдағы қызметтегі солдаттар микротолкын шығаратын радиолокаторлар адам денесін жылытатынын байқап, суықтан тоңған қолын, аяғын жылытып жүрген. Осы нәтижелер электромагнит толқындардың адам денесіне тигізетін жылулық әсерді зерттеуді бастауға себепші болған.
Жылулық емдеу әдістері ерте заманнан белгілі. Олардың қатарына кызған кірпіш, ыстық су және т. б. көптеген әдістерді жаткызуға болады. Ол әдістер адам денесінің белігіне ғана әсер етеді де, сол бөлікте ғана жылулық процесі жүреді. Бұл тәсілдің кемшілігі мынада: адам денесіне жылу сыртқы жылу көзінен (қызған тас, күм, су және т. б. ) беріледі. Сондықтан тіндердің қызуы біркелкі болмайды: ең алдымен адам терісі, одан кейін май қабаты мен жоғары қабатта орналасқан бұлшық еттер қызады да, теренде жатқан тіндер мен ағзалар (бұлшық еттер, буындар) өте аз кызады. Ал шындығына келсек, теренде жатқан тіндер жылулык әсерге өте мұқтаж келеді. Олардың температурасын 2-3°С-қа арттыру үшін адам денесіне температурасы 70-80°С сыртқы жылу көзімен әсер етуі қажет. Осындай жылу адам денесін күйдіреді, сол себепті оны колдану мүмкіншілігі жоққа шығады.
Теренде жатқан тіндер мен ағзаларды қыздыру үшін қазіргі уақытта медицинада айнымалы электр немесе магнит өрісімен әсер ету әдістері кеңінен қолданылады.
Медицинада қолданылатын жоғары жиілікті және ультра жоғары жиілікті электр тербелістерін алуға орналасқан приборлардың жұмыс принципі біртектес. Диэлектриктің ішінде электр зарядтарының осылай өз бағытын өзгерту нәтижесінде пайда болған токтың ерекше түрін ығысу тогы дейді. Адам ағзасы диэлектрикті өтімділігі s біртекті изолятордан және өтімділігі өткізгіштен тұрады. Адам ағзасына электр өрісімен әсер еткенде болған өткізгіштік тогының әсерінен де (электролиттерде), ығысу тоғының әсерінен де (диэлектриктерде) жылу бөлініп шығады. Электролиттерде иондардың ығысу амплитудасы жылулык қозғалыстың амплитудасынан онша үлкен болмайды да, жылу аз бөлінеді. Негізгі жылу диэлектриктік тұрақтысы жоғары тіндерден шығады. Айнымалы электр өрісімен адам ағзасына әсер етудің басты ерекшелігі де осында.
Тіндерден уақыт аралығында белініп шығатын жылу мөлшерін былай анықтауға болады: (1) және (2) теңдікті салыстыра келіп мынандай қорытындыға келеміз: электр өрісінің жиілігі неғұрлым үлкен болса, диэлектриктерде соғұрлым жылу кѳп бѳлініп шығады екен.
УЖЖ электр тербелісі атермиялық терапия мақсатында кен. қолданылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электротерапия
Түрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері
Резонансты кернеу түрлендіргіштері
Ұлпалар
Электромагниттік өрістердің әсері
Электромагниттік толқынның шкаласы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы
Радиотелефондық байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы
ЭЛЕКТРОНДЫ КҮШЕЙТКІШТЕР
Төмен жиілікті белсенді сүзгі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz