Елді мекен жерлердің ұғымы



1. Елді мекен жерлердің ұғымы

2. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту

3. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану

4. Қала маңындағы аймақтар
Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
1. Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
2. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
3. Елдi мекендер жерiнiң құрамына:
1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ жалпы бiлiм беру, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер;
3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

Жоспар

1. Елді мекен жерлердің ұғымы

2. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту

3. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану

4. Қала маңындағы аймақтар

11-тарау. Елді мекендер жері

107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
1. Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды
дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
2. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен
қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы
шектеледi.
3. Елдi мекендер жерiнiң құрамына:
1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер,
үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын
жай салатын жер;
2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық
қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ жалпы бiлiм
беру, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-
зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар
мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық
iскерлiк құрылыс салатын жер;
3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн
қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған
және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-
қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары,
инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды
салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi; 5) ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер;
6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау
аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары
орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар,
парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары,
жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған
өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары
және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және
соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан
дамытуға және өзiндiк үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған
резервтегi және өзге де жер;
10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын
және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын
өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;
11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген және өзге де пайдалану режимiндегi
жер кiруi мүмкiн.
4. Жер учаскелерiн елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы жерлерге
жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақ
пайдаланудағы жердiң құрамынан шығаруды өз құзыретiне сәйкес жергiлiктi
атқарушы органдар жүзеге асырады.

108-бап. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту
1. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу мен өзгерту жерге
орналастырудың, сәулет және қала құрылысының тиiстi органдары бiрлесiп
жасаған ұсыныс бойынша белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы
құжаттамасы негiзiнде жүргiзiледi.
2. Республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы
астанасының шекарасын (шегiн) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуымен
Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi және өзгертедi.
3. Облыстық маңызы бар қалалардың шекарасы (шегi) Қазақстан Республикасы
Үкiметiмен келiсiм бойынша облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың
бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi.
4. Аудандық маңызы бар қалалардың шекарасы (шегi) облыстық өкiлдi және
атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi.
5. Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегi) аудандық
(қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi
және өзгертiледi.
6. Жep учаскелерiн қала, кент, село шегiне қосу осы учаскелерге меншiк
құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды.

109-бап. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану
1. Қалалардың, кенттердiң, селолық елдi мекендердiң барлық жерi олардың
бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-
шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елдi мекендерде белгiленген тәртiппен
бекiтiлген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елдi мекендi дамыту мен онда
құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгiленген
тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасымен жердi пайдалануға жол
берiледi.
2. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды
тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, жеңiл үлгiдегi құрылыстарды
(caудa жасайтын шатырларды, киоскiлердi, жарнама құрылғыларын және басқа да
сервис объектiлерiн) орналастыруы үшiн уақытша жер пайдалануға берiлуi
мүмкiн. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның iшiнде базарлар,
ақылы автотұрақтар (автопарктер) орналастыруы үшiн жол (көше, өтпелi
жолдар) жиегiнен учаскелер беруге жол берiлмейдi.
Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi жеке меншiкке оларды ортақ
пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн.
3. Зираттар орналасқан және соларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден
елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс
болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр
жер учаскесi тегiн бөлiнедi.

110-бап. Қала маңындағы аймақтар
1. Қала маңындағы аймақтар жерiнiң құрамына қаламен бiртұтас әлеуметтiк,
табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегiнен тыс жер қосылуы мүмкін.
2. Қала маңындағы аймақтарда қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн
қарқынды дамыту, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарын (қаланы дамытуға,
инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi
ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегi аумақтарды), қорғау
әрi санитарлық-гигиеналық қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып
табылатын ормандар, opмaн парктерi және басқа да жасыл екпелер алып жатқан
жасыл аймақтарды белгiлей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.

3. Қалалардың қала маңы аймақтарының мөлшерi мен шекарасын жерге
орналастыру, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың
бiрлесiп жасаған ұсынысы бойынша осы қалалардың бас жоспарларын бекiтетiн
мемлекеттiк органдар белгiлейдi және өзгертедi.
4. Жердi қала маңы аймағына қосу бұл жерге меншiк құқығы мен оны
пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соқпайды.
5. Қала маңы аймағына енгiзiлген жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн
қала маңы аймағын белгiлеген орган айқындайды.
Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына
қосылған жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн аумағы қала маңы аймағына
қосылған тиiстi облыстық атқарушы органдармен келiсiлген, аталған
қалалардың атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2009
жылдың 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жерге орналастыру жұмыстары жүйесіндегі жерді түгендеу орны
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Байланыс және энергетика жерлерінің құқығының режимі
Жер ресурсы
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Ауруға бейім жануарлар
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Пәндер