Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралдары ретінде пайдалану жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді» :

Педагогикалық ғылымдар

кафедрасы меңгерушісі,

п. ғ. к., доцент

Рысбекова А. Қ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралдары ретінде пайдалану жолдары

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы

Орындаған ППП-211

тобы студенті: Сабырханов Нұрберген

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. д., профессор: Мұсабекова Г. Т.

ТҮРКІСТАН - 2016

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3

АНЫҚТАМАЛАР . . . 4

КІРІСПЕ . . . 5

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Халық дәстүрлерінің мәні мен мазмұны . . . 8

1. 2 Халық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері . . . 15

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 38

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларын жеті ата шежіресі және қазақ дастарханы дәстүрлерінде тәрбиелеудің мазмұны . . . 38

2. 2 Бастауыш сыныптарда жеті ата шежіресі және қазақ дастарханы дәстүрлерін пайдаланудың жолдары . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. - Алматы, 2007
  2. «Қазақстан-2050» стратегиясы. - Астана, 2013
  3. Қaзaқcтaн Рecпубликacының Кoнcтитуцияcы. - Алматы, 1995

АНЫҚТАМАЛАР

1. «Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп о тыратын, тарихи қалыптасқан, о лардың әлеуметтік о ртасында ұзақ уақыт бо йы сақталып о тырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. («Қазақстан ұлттық энцикло педиясы») .

2. «Дәстүр - тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп о тыратын қарекет пен мінез-құлық нысандары, со ндай-ақ о ларға ілеспе астасқан ғұрыптар, қағидалар, құндылықтар, түсініктер. («Педаго гика және психо ло гия» ғылыми түсіндірме сөздігі) .

3. «Дәстүр дегеніміз-әдет-ғұрыптың өмірдегі әртүрлі фо рмасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа ауысып берілетін түрі » (И. С. Ко н) .

4. «Дәстүр-әдепке айналған игі іс-әрекеттің әлеуметтік көрінісі, ұлттың ізгі қасиетін көрсететін мәдени құбылыс» (Ә. Табылдиев) .

5. « . . . Дәстүрге ғасырлар бо йы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жо л-жо ралар, көзқарас-түсініктер жатады» (С. Қалиев) .

6. "Атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып о тыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі"(С. Кенжеахмето в) .

7. «Дәстүр» сөзінің араб тілінен ауысқандығын, мағынасы «о рныққан, тұрақты» дегенді білдіреді. Дәстүр - күрделі про цесс. Мұның өзі әдетте со л ұлттың психо ло гиясына, дүниетанымдық деңгейіне сәйкес қалыптасып, ғасырлар бо йы екшеліп сұрыпталып о тыратын про цесс» (Мұхтар Арын) .

8. «Халықтық педаго гика мұрасының бірі - дәстүр. Дәстүр - адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қо ғамдық сананың барлық фо рмаларынан о рын алады. (Олар: саясатта, қо ғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арасындағы ынтымақтастықта, теңдікте, бо стандықта, өзара көмек дәстүрінде, қарым-қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, о қу-білім ғылымындағы дәстүрде, о тбасы-жанұялық дәстүрінде, еңбек дәстүрінде) » (Р. К. Төлеубеко ва) .

9. "Салт - бұл дәстүрлі «тәртіп» (А. Н. Ушако в) .

10. «Салт (заң) - ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, «этно стық тіршіліктің заңды, мәдени көрінісі» (Ә. Табылдиев) .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының қабылданған «Білім туралы» заңында» (2007) жас ұрпақты « . . . азаматтық пен патрио тизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Ко нституцияға қайшы және қо ғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» қажеттігі айқын көрсетілген [1, 2-4б. ] . Демек, бағзы заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық ауыз әдебиеті, халықтың салт - дәстүрлері, ақын-жазушыларымыздың таңдаулы шығармалары еліміздің ертеңгі болашағын көркейтетін, о таншыл, елін, жерін сүйетін, адамгершілігі мо л, білімді, парасатты, туған жерін, ана тілін, қастерлей білетін, бәсекеге қабілетті азамат өсіруде ұстанатын басты құралымыз бо луы тиіс. Со ндықтан о қушыларды төменгі сыныптардан бастап халық дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу бүгінгі күннің аса маңызды мәселесіне айналып о тыр.

Әлеуметтік-эко но микалық өзгерістер бүгінгі жаңа қо ғамда бо лып жатқан терең білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етті, қалыптасқан әдіснама мен педаго гика ғылымының парадигмалары қазір өзгерді. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің тео риялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталды, ал рефо рманың негізгі талаптарына жауап бере алмады. Со л себепті Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, о ның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып о тыр.

ХХ ғасырдың со ңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, о ның ішінде Қазақстанда тәрбие тео риясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, техно ло гиялық, нәтижеліліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты. Осындай тарихи-қо ғамдық фо рмация жағдайында, ғылыми-педаго гикалық әдебиеттерге жасалынған талдау жаңа қо ғамдық фо рмацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанда жо ғары және о рта арнайы о қу о рындары студенттерінің ізгілікті көзқарасын қалыптастыру арқылы бо лашақ маманның адами сапасын арттырудың аса маңызды міндеттердің бірі екендігін көрсетіп беріп о тыр [2, 31б. ] .

Жо ғары және о рта арнайы мектеп педаго гикасы бүгінгі күні көптеген жалпығылымилық, әлеуметтік-фило со фиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық про цестердің то ғысуына тап келіп о тыр, өйткені қо ғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау көқейкесті мәселе ретінде қарастырылуда. Оқу-тәрбие үдерісін гуманитарландыру арқылы, яғни бо лашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы әрбір студенттің тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады деп саналады [3, 96б. ] .

Білім беру мен тәрбие арқылы өскелең ұрпақтың ізгілікті көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру педаго гика тарихында кең қаралған мәселелер қатарына жатады. Педаго гика тарихында жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру адамзаттың ізгілікті-про гресшіл бағытта дамуының басты алғы шарты екендігі Я. А. Ко менский [4, с. 23 ] , К. Д. Ушинский [5, с. 15 ] , В. А. Сухо млинский [6, с. 18 ] , Г. Н. Во лко в [7, с. 16 ] , Ы. Алтынсарин [8, 32б. ] , А. Құнанбаев [9, 41б. ] , Ж. Аймауыто в [10, 36б. ] , А. Байтұрсыно в [11, 10б. ] , М. Жұмабаев [12, 43б. ] , т. б. шығармаларында айтылған бо латын.

Жас маманды қалыптастырудың ұлттық мазмұнын қамтамасыз ететін қазақ этно педаго гикасының тәлім-тәрбиелік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы Н. Наурызбай [13, 38б. ] , Қ. Жарықбаев [14, 39б. ] , З. Әбіло ва [15, 14б. ] , Ә. Табылдиев [16, 52б. ] , С. Қалиев [17, 41б. ] , Қ. Бөлеев [18, 34б. ] , С. Ұзақбаева [19, 15б. ] , К. Қо жахмето ва [20, 53б. ] , А. Қалыбеко ва [21, 24б. ] , М. Сарыбеко в [22, 39б. ] , А. С. Мағауо ва [23, с. 61 ] , А. Әбдікәрім [24, 17б. ] , Т. Қо ңыратбаев [25, 23б. ] , К. Сейсенбаев [26, 11б. ] , Р. Төлеубеко ва [27, 20б. ] , Ж. Асано в [28, 32б. ] , Н. Көшеро в [29, 41б. ] , С. Кенжахметов [30, 30б. ] , С. Ғаббасо в [31, 41б. ] , А. Сейдімбек [32, 53б. ] және т. б. еңбектерінде жан-жақты зерттеулер жүргізілген. Жас ұрпаққа гуманистік тәрбие беру адамгершілікке тәрбиелеудің тео риялық-әдіснамалық негізі ретінде А. А. Бейсенбаеваның [33, 10б. ] , К. К. Жампеисо ваның [34, с. 28. ] , К. Б. Жарықбаевтың [35, 19б. ] , Л. К. Керимо втің [36, 37б. ] , Б. И. Мұкано ваның [37, 57б. ] , А. Х. Мұхамбаеваның[38, с. 29 ] , С. А. Ұзақбаеваның[39, 36б. ] , В. А. Кимнің [40, с. 10 ] , Н. Д. Хмельдің [41, с. 31. ] және т. б. зерттеу жұмыстарында мұқият қарастырылған.

Зерттеудің нысаны: бастауыш сыныптардағы о қу-тәрбие үдерісі.

З ерттеу пәні: бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін (жеті ата шежіресі және қазақ дастарханы) тәрбие құралы ретінде пайдалану жо лдары.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін (жеті ата шежіресі және қазақ дастарханы ) пайдалануды тео риялық тұрғыдан негіздеу және о ның әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

-дәстүрлердің педаго гикалық-тео риялық мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

- дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;

- бастауыш сынып о қушыларын жеті ата шежіресі және қазақ дастарханы дәстүрлерінде тәрбиелеудің мазмұнын айқындау;

- бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін (жеті ата шежіресі және қазақ дастарханы) пайдаланудың әдістемесін жасау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: халық дәстүрлері туралы фило со фиялық, этно педо го гикалық, психо ло гиялық, педаго гикалық тұжырымдар, идеялар, жеке тұлғаға бағдарланған іс-әрекет, тұтас педаго гикалық үдеріс, тәрбие тео риялары, қазақ халық педаго гикасының негізгі қағидалары.

Зерттеу көздері: тақырыпқа байланысты фило со фиялық, этно педаго ги-калық, педаго гикалық және психо ло гиялық еңбектер; Қазақстан Республикасының Ко нституциясы, "Білім туралы" заң, тұжырымдамалар, стандарт, о қу жо спарлары, о қулықтар, о қу-әдістемелік құралдар.

Зерттеу әдістері: тақырып бо йынша әдебиеттерді талдау; жинақтау, о зық педаго гикалық тәжірибелерді зерттеу, бақылау, әңгіме, сауалнама, эксперимент.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

- дәстүрлердің педаго гикалық-тео риялық мәні мен мазмұны ашып көрсетілді;

- дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктері анықталды;

- бастауыш сынып о қушыларын шежіре мен қазақ дастарханы дәстүрлерінде тәрбиелеудің мазмұны айқындалды;

- бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін пайдаланудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы. Жұмыста ұсынылған сабақтарды, тәрбие сағаттарын бастауыш сынып мұғалімдері өз жұмысында пайдаланса бо лады.

Зерттеудің базасы : Түркістан қаласындағы №19 Иассы орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қо рытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Халық дәстүрлерінің мәні мен мазмұны

Барлық халықтарда "дәстүр" ұғымы бар. Олар тарихи негізде қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп-инабат но рмасы. Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы, өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатқа ие, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне салт-дәстүрімен үлес қо сады.

Дәстүрлердің жалпыға о ртақ ең маңызды қызметі адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп о тыратын тұрақтылықты ретке келтіріп о тыру бо лып табылады. Зерттеушілер дәстүр мен үрдістерді өндіріс тәсілдері мен о ған сәйкес келетін өндірістік қатынастарды реттеу фо рмалары ғана емес, со нымен бірге қо ғам мүшелерін өзімшілдіктен, то маға тұйықтықтан құтқаратын құрал деп есептейді. Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт бо лып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үдеріс. Ол ұрпақ тәрбиесінен мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс беретін құбылыс. Әдептілік негіздері - дәстүрлер мен ғұрып-салттар.

Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жо ғары бағалайды. «Дәстүрдің де о зығы бар, то зығы бар» деп халық ең о зық дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыруда: әдемі әдет, әсем әдеп, аталық дәстүр, рабайы рәсім-бәрі-бәрі ғасырлар бо йы қалыптасқан халық педаго гикасы, адамгершілікке то лы үлгі-өнегелер, әрбір ұлттың тарихи, мәдени дәрежесін айқын бейнелеп тұрады, ұлттың ерекшелігін көрсетеді.

Ұлттық дәстүрлер мен салттардың, әдет-ғұрыптардың заманға сай ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жо ғары бағалайды. «Дәстүрдің де о зығы бар, то зығы бар» деп халық ең о зық дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыруда: әдемі әдет, әсем әдеп, аталық дәстүр, рабайы рәсім-бәрі-бәрі ғасырлар бо йы қалыптасқан халық педаго гикасы, адамгершілікке то лы үлгі-өнегелер, әрбір ұлттың тарихи, мәдени дәрежесін айқын бейнелеп тұрады, ұлттың ерекшелігін көрсетеді.

Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азаматы бо лып өсуін армандағаннан-ақ қыз баланы үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, май құю, ас пісіру, су әкелу, сиыр сауу, өрмек то қу, іс тігу сияқты шаруашылықтың алуан түріне, ал ұл балаларды қо зы-лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, тай үйретуге, о тын шабуға, қо ра салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі бұйымдар жасауға, яғни қо л өнер шеберлігіне үйреткен.

Жастарға ән айтқызу, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, күрес т. б. ұлт о йындарын үйрету тәрбиенің өзекті мәселесі бо лған.

Ал, алтыбақан, шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру сияқты о йын то йларда немесе қайтыс бо лған адамға ас беру жиындарында өнер сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға бәйге беріп, ел жұрт бо лып мадақтаған. Қыздар мен жігіттер бас қо сқан жерде бір-біріне жұмбақ айтысып, ән салып, күй шертісіп, өнерлерін сынасқан. Кішіпейілділік, сыпайылық, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, халықтық тәрбиеден үлкен о рын алған. Баланы бүкіл ауыл аймақ бо лып тәрбиелеу ежелден ел дәстүріне айналған.

Дәстүрдің тағы бір қызметі - жақындастыру. Бұл жерде дәстүр әлеуметтік бірлікті қалыптастырудың құралы және ұйытқысы, низамы (ережесі) сипатында көрінеді. Мұның тарихтағы айқын мысалдарының бірі - рулық қауымдастықтар, о лардың ауыз бірлігі, тұтастықтарын ақтауға ұмтылушылық. «Кімнің жерін жайнайсың, со ның жырын жырлайсың» деген мақал со ған байланысты айтылған. Дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып-жалпының о ртақ игіліктері. Өйткені өз еліңнің, халқыңның о ртасында өмір сүре о тырып, о ның салт-сана, әдет-ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жо қ.

Тәуелсіз Қазақстан жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білуіміз қажет. Шешен, ақынжанды, өнерпаз, ақжарқын, өнегелі халқымыздың ғасырлар бо йы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік рәсімдері, әдет-ғұрыптары мен ережелері, салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, о л ұлттық мәдениетті игерген иманжүзді, инабатты, жалпыадамзаттық асыл қасиеттерге ие азамат болып шығады.

Мейірімділік, әдептілік, имандылық, қайырымдылық, ізеттілік, қо нақжайлық, ілтипаттылық құлықтары қалыптасқан халқымыздың о сы асыл да абыро йлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педаго гикасын, сан ғасырда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, іс-қимыл жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге халық алдында бо рышты.

Халық педаго гикасы, яғни ауыз әдебиеті мен ұлттық салт-дәстүрлері әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы бо лып табылады.

Адам қо ғамда өмір сүреді, қо ғам о ған өзінің әдептілік - тәрбиелік қағидаларын, көнеден о рныққан жо н-жо сынды о рындауды, сақтауды талап етеді. Халық педаго гикасын терең зерттеген ғалым С. Қалиев қазақ халқының салт-дәстүрлері құрылымын, олардың этнопедагогикалық және тәрбиелік мәнін мына төмендегі сурет және кестелер арқылы көрсетеді (1-сурет, 1-кесте, 2- кесте) [42, 12-13б. ] .

Ғалым-психо ло гтар Қ. Жарықбаев[43, 34б. ], Ә. Алдамұрато втар[44, 15б. ] қазақ халқының салт-дәстүрлерінің психо ло гиялық ерекшеліктеріне байланысты бағдарлама және арнайы еңбектер жазды.

Әрбір халықтың тарихи дамуында ғасырлар бо йы қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері бар. Ондай дәстүрлердің бәрі халықтың тіршілік бейнесін, тұрмыс, салтын, мінез-құлқын ерекшеліктерін білдіретін тұрақты қалып.

«Халқын қандай десең, салтын сынап біл» деген халық мақалы. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің әдет-ғұрыптардың заманға сай, ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жо ғары бағалайды.

Сурет 1 - Қазақ халқының салт-дәстүрлері құрылымы

«Қазақстан ұлттық энцикло педиясында»: «Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп о тыратын, тарихи қалыптасқан, о лардың әлеуметтік о ртасында ұзақ уақыт бо йы сақталып о тырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр өз ішінде қо ғамды басқару жүйесін, әлеуметтік қарым-қатынас пішімдерін, шаруашылық жүргізу тәсілін, әлеуметтік мұра нысандарын (материалдық және рухани құндылықтарды), о ларды ұрпақтан ұрпаққа қалдыру үрдістері мен тәсілдерін қамтиды. Белгілі бір қо ғамдық тәртіптер, мінез-құлық но рмалары, құндылықтар, идеялар, салт-жо ралғылар, т. б. дәстүр ретінде қаралады. Қазақ халқы да дәстүрге бай халық. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қо нақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т. б. жатады» деп тұжырымдалады [45, 48б. ] .

1
2
3
4
5
6
7
1:

Ақыл-

ды,

арлы, намысқо й азамат бо лу

ын қарас-тыру

2:

Еңбек сүйгіш, елгезек

етіп

тәрбие-

леу

3:

Тән сұ

лулығын қарасты

ру, әсем

дікке баулу

4:

Адамгерші

лік қасиеттерге (ізгілік

ке,

имандылық

қа, қайырымдылыққа және т. б.

тәрбиелеу)

5:

Отан сүйгіш-тікке, ұлтжан

дылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу

6:

«Жігітке

жетпіс өнер де аз», «Өнер өрге сүйрейді» деп қарап өнер мен білімді насихат-тау

7:

Таби-

ғатты, қо ршаған о ртаны аялауға тәрбие-леу

Кесте 1 - Салт - дәстүрлердің этнопедагогикалық мәні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz