Есептеу техникасынан дәрістер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Дәрістер
1-дәріс. Алгоритм түсінігі. Алгоритм анықтамасы, қасиеттері және берілу тәсілдері. Алгоритмге қойылатын талаптар. Алгоритмнің
блок - схемасы.
Алгоритм ұғымы математика мен есепikoтеуіш техниканың негізгі ұғымы. Алға қойған кез-келген мәселені ЭЕМ-ның көмегімен шешу үшін ЭЕМ-ға түсінікті нұсқаулар тізбегін құру керек. Алгоритм - берілген есепті шешу үшін орындаушыға берілетін нұсқаулар тізбегі.
Алгоритм атауы IX ғ. математигі Абу Джафара Мохамеда ибн Мусы Аль-Хорезми атынан шыққан. Ол ондық санақ жүйесінде берілген сандармен орындалатын амалдардың жалпы ережесін ұсынған болатын.
Алгоритмге қойылатын талаптар:
- Анықталғандық -орындалатын нұсқаулар компьютерге “түсінікті” және осы нұсқаулардың саны шекті болуы керек;
- Нәтижелілік- нақты бір қадамнан кейін есептің шешімі алынуы керек;
- Жан-жақтылық- алгоритм тек бір ғана есепті шешуге емес, осыған ұқсас басқа есептерді шешуге да арналған болуы керек;
- Тиімділік- есепті шешудің ең тиімді жолдары қарастырылуы керек.
Есептің алгоритмін құру - өте жауапты кезең. Тек тәжірибелі программист қана кішігірім есептерді шешкен кезде берілген есепті алдын-ала талдамай-ақ, компьютерлік программа құра алады. Әдетте ондай есептер сирек кездеседі. Сондықтан, алдымен, есептің алгоритмі құрылады да, соған сәйкес программа жазылады.
Алгоритмдер мынадай топтарға бөлінеді: сызықтық құрылымды алгоритмдер, тармақталушы құрылымды алгоритмдер, қайталанушы алгоритмдер.
Алгоритмді графиктік бейнелеудің әртүрлі тәсілдері бар. Блок-схемалар және Насси-Шнейдерман құрылымдамалары (структурограмма) - алгоритмдерді графиктік бейнелеудің ең кең тараған тәсілі. Блоктарға тікелей нөмерлер меншіктеледі және олар бағыттаушылар арқылы өзара жалғастырылады. Блок - схемалардағы блоктар сәйкестігі және белгілеулер төменде келтірілген.
Кесте 1. 1. Блок-схемалардың сипаттамасы
54 санын алу және оны
х айнымалысына
орналастыру.
Параметрлі қайталау блогы.
А. а. -параметрлі айнымалы аты;
Б. м. - параметрдің бастапқы
мәні;
С. м. - параметрдің соңғы мәні;
қадам - цикл денесінің әрбір орындалуынан кейін параметрдің өзгеру мөлшері.
Цикл денесі параметр қанша рет әртүрлі мән қабылдаса, сонша рет орындалады.
2-дәріс . Паскаль программалау тілі. Программа құру кезеңдері.
Негізгі ұғымдар. Паскаль тілінің алфавиті. Қызметші сөздер. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнек
Паскаль программалау тілі. Паскаль тілі XVII ғасыр математигі Блез Паскальдің құрметіне аталған. Бұл тілді Цюрих (Швейцария) техникалық университетінің профессоры Никлаус Вирт ұсынған. Вирт Паскаль тілі жайлы алғашқы мәліметті 1971 жылы жария етті. 1979 жылы Паскаль тілінің стандарты қабылданды.
Н. Вирт ұсынған Паскаль тілі - әлемде кең таралған алгоритмдік тіл. Бұл тіл кітапханалық модульдарды пайдаланып, операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады.
Паскаль тілі - оқуға және түсінуге жеңіл және үлкен құрылымды программалар құруға мүмкіндік беретін алгоритмдік тіл. Дербес компьютердің пайда болуына байланысты Паскаль тілінің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, ең қуаттысы 7. 0 нұсқа болып табылады.
Есептерді компьютерде шығару кезеңдері:
- Есептің берілуі(қойылымы) ;
- Талдау:
А) Есептің математикалық моделін құру;
Б) Есептің алгоритмін құру;
В) Есептің программасын құру;
- Программаны енгізу және нәтижені талдау.
Есептің берілуінде есептің мазмұны, берілген шамалар қарастырылады.
Осы кезеңде программист есепті шешудің тиімді жолдарын қарастыра бастауы қажет. Есептің математикалық моделі дегеніміз - есепті шешу әдісін сипаттау. Мұнда сандық әдістер талданады және берілген есепті шешудің ең тиімді жолы таңдап алынады. Келесі кезеңде есептің математикалық моделіне сәйкес есептің алгоритмі құрылады. Құрылған алгоритмді компьютерге түсінікті тілде жазу қажет, яғни қандай да бір программалау тілінде есептің программасы құрылады. Құрылған программаны компьютерге енгізіп, нәтижесін алу - есептерді компьютерде шығарудың соңғы кезеңі.
Паскаль тілінің алфавиті. Кез-келген тілдің алфавиті болады. Тілдің алфавиті дегеніміз тілде пайдаланылатын символдар жиынтығы. Тілдің жеке символдары арқылы тілдің белгілі бір мағынаны білдіретін сөздері мен сөйлемдері құрастырылады. Паскаль тілінің алфавиті төмендегі символдар тобын қамтиды:
- Латын әріптері (баспа және жазба әріптер) ;
- Цифрлар (0-ден 9-ға дейін) ;
- Арифметикалық амал белгілері: +, -, *, /, div- бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін бөлінді, mod-бүтін санды бүтін санға бөлгендегі қалдық;
- Қатынас белгілері: <, >, =, <=, >=, < >;
- Логикалық амал белгілері: and (және), or (немесе), not (жоқ) ;
- Арнайы символдар: (, ), [, ], {, }, _(бос орын) және т. б.
Орындайтын қызметіне байланысты сөздерді қызметші сөздер, атаулар және тұрақтылар деп бөледі. Қызметші сөздер дегеніміз мағынасы алдын ала анықталап қойылған, Паскаль тілінде пайдаланылатын сөздер тобы. Қызметші сөздердің тізімі 2. 3- кестеде көрсетілген. Атау бір объектіні белгілеуге арналған. Паскаль программалау тілінде стандартты атаулар және пайдаланушылар атаулары бар. Стандартты атаулар стандартты функцияларды, стандартты программаларды және т. с. с белгілеуге арналған. Пайдаланушылар атаулары ретінде әріптен басталатын кез-келген әріптер мен цифрлар тізбегі, сөздер, тіпті сөйлемдер алынады. Атауда бос орын болмауы керек.
Кесте 2. 1- Арнайы символдар
Кесте 2. 2 - Құрама белгілер
Кесте 2. 3 - Паскаль тілінің негізгі қызметші сөздері
Паскаль тілінің негізгі ұғымдары. Программа - алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы. Программаның негізгі сипаттамасы: алынған нәтиженің дұрыстығы, орындалу уақыты, жадыда алатын орны немесе көлемі. Кез-келген программаның басты қызметі - берілгендерді өңдеу. Программаның басында өңделуге берілетін мәліметтер - алғашқы берілгендер деп аталады. Алғашқы берілгендерді пернетақтаның көмегімен енгізуге болады. Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделіп, нәтижеге айналады.
Берілгендер типтері . Тұрақты - программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу барысында мәні өзгермейтін шама. Турбо-Паскальда тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық және жолдық түрлері қолданылады. Айнымалы - программаның орындалуы барысында мәні өзгеріп тұратын шама. Берілгендер - сақтау, өңдеу және тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, формальды түрде берілетін ақпарат.
Стандартты функциялар. Стандартты функциялар дегеніміз негізгі элементар функциялар. Стандартты функциялар математикада қалай аталса, Паскаль тілінде де солай аталады. Паскаль тілінде стандартты функциялардың мәні автоматты түрде есептеледі. Оларды есептеу үшін функцияны дұрыс жазса болды.
Стандартты функциялардың жазылу ережелері:
- Функция аты латын әрпімен жазылады;
- Функция аты 6 әріптен аспауы қажет;
- Функция аргументі функция атынан соң дөңгелек жақша ішіне алынып жазылады.
- Функция аргументі тұрақты, айнымалы немесе арифметикалық өрнек болуы мүмкін;
- Функция аргументі бірнеше болса, олардың арасына үтір белгісі қойылады;
- Тригонометриялық функцияларда аргумент мәні радиан өлшемімен берілуі керек.
Кесте 2. 4 - Стандартты функциялардың Паскаль тілінде жазылуы
Sin x
Cos x
ln x
arctg x
tg x
arccos x
lg x
sin(x)
cos(x)
exp(x)
ln(x)
sqrt(x)
arctan(x)
abs(x)
sqr(x)
exp(b*ln(a) )
sin(x) /cos(x)
1/cos(x)
ln(x) /ln(10)
real, integer
Бұл да солай
---
---
---
---
---
real, integer
…
…
…
…
real
Бұл да солай
---
---
---
---
real, integer
real
…
…
…
…
Бүтін бөлікті табу
Мәнді дөңгелектеу
Trunc(x)
Round(x)
real
Бұл да солай
LongInt
Бұл да солай
Алдыңғы символды табу
Келесі символды табу
pred(x)
succ(x)
Реттік скалярлық тип:
integer
char
boolean
Бұл да солай
Реттік скалярлық тип:
integer
char
boolean
Бұл да солай
Тізімде жоқ функцияларды табу үшін әртүрлі түрлендіру формулаларын қолданады:
Арифметикалық өрнек. Программадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Арифметикалық өрнек - тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар белгісынан және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жақшадан тұрады. Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты сан болады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұрады. Паскаль тілінде арифметикалық өрнек сызықты түрде жазылады, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен индекстер бір қатарда жазылады.
Div және Mod амалдары. Div қазақша - бөлу деген сөз. Div амалының әдеттегі бөлуден айырмашылығы: бөліндінің тек бүтін бөлігі ғана алынады, бөлшек бөлігі қарастырылмайды. Мысалы. 40 Div 8=5, 11 Div 5=2.
Mod - бөліндінің бүтін қалдығын табу амалы.
Мысалы: 11 Mod 5=1, -17 Mod 5=-2.
3-дәріс . Программа құрылымы. Программа бөліктері. Белгілерді бейнелеу бөлігі. Тұрақтыларды бейнелеу бөлігі. Типтерді анықтау бөлігі. Айнымалыларды бейнелеу бөлігі. Берілгендердің типтері
Паскаль тіліндегі программа жолдар тізбегінен тұрады. Жолдың ұзындығы 127 символға тең. Программадағы текст жолдарының экранда қалауынша орналасуына және олардың кез-келген бағанадан басталуына мүмкіндік беріледі. Паскаль программасы программа тақырыбы мен программа денесінен тұрады. Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады, содан соң программа денесіне еш қатысы жоқ және программа барысында қолданылмайтын программа аты жазылады. Программа атынан соң, жақша ішінде, пайдаланатын файл аттарының тізімі беріледі. Мысалы: input, output.
Паскаль тіліндегі программа құрылымы:
program аты (input, output) ;
Белгілерді бейнелеу бөлігі;
Тұрақтылар бөлігі;
Типтер бөлігі;
Айнымалылар бөлігі;
Процедура және функция бөлігі;
begin
………
(әрқайсысы “; ”-мен аяқталатын операторлар тізбегі)
………
end.
program қызметші сөзімен басталатын программа тақырыбында программа атауы және пайдаланатын стандартты файлдың аттары беріледі (input, output) .
Белгілерді бейнелеу бөлігі. Белгілерді бейнелеу бөлігінде программада пайдаланылатын белгілер хабарланады. Программаның кез-келген операторын белгілеу арқылы басқа операторлардан бөліп алуға болады. Белгі ретінде 0-ден -ға дейінгі оң бүтін сандар қолданылады. Ол үщін label қызметші сөзі қолданылады.
Жалпы түрде жазылуы: label <белгі>, …, <белгі>; Белгілерді еркін түрде қолдануға болады.
Тұрақтылар бөлігі. Тұрақтылар ретінде белгілі бір сандар алынады. Бұл бөлікте айнымалының атына тұрақты мәндер меншіктеледі. Бөлік const қызметші сөзінен басталады. Бірнеше тұрақты бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Паскаль тілінде алдын-ала анықтауды қажет етпейтін тұрақтылар: pi, true, false және т. б.
Жалпы түрде жазылуы: const тұрақты атауы = мәні;
Типтерді анықтау бөлігі. Стандартты скаляр типтерден басқа Паскаль тілінде қолданушының өзінің типтері болуы мүмкін. Жаңа типтер type қызметші сөзінен басталатын типтер бөлігінде орындалады.
Жалпы түрде жазылуы: type <типтің аты> = <типтің мәні>;
Типтің аты программада қайталанбауы керек. Типтің мәні көп мәндер жиынын қабылдауы мүмкін. Паскаль тілінде қолданушы өзіне ыңғайлы типтерді енгізіп, қолдана алады. Мысалы: саналушы және шектелген типтер. Саналушы тип мәндері нөмірленген болып есептеледі(санау тәртібі бойынша) . Мысалы: type day=(mon, tue, wed, thu, fri, sat, sun) ;
Var d:day;
Саналушы типтегі тұрақтыларды өрнекте жазуға болады, бірақ алмастыруға болмайды.
Кез-келген есепке программа құрғанда, кейбір айнымалылардың шамасы салыстырмалы белгілі болса немесе диапазоны берілсе, онда шектелген тип қолданылады. Шектелген типте берілген айнымалылар үшін, олардың мәні қандай диапазонда шектелгендігін көрсететін екі тұрақты сан беріледі. Бірінші тұрақтының мәні екінші тұрақтының мәнінен аспауы керек.
Айнымалылар бөлігі. Программада пайдаланылатын кез-келген айнымалы айнымалылар бөлігінде сипатталуы керек. Айнымалылар бөлігі var қызметші сөзінен басталады. Егер бірнеше айнымалылардың типтері бірдей болса, онда олар бір жолға үтір арқылы бөлініп жазылады.
Жалпы түрде жазылуы: var айнымалы атауы: типі;
Программада кездесетін әрбір айнымалы тек бір ғана типпен байланыстырылуы қажет. Скалярлық тип сызықтық реттілікпен құрылған өзінің әртүрлі мәндер жиынымен сипаталады.
Процедура және функция бөлігі. Үлкен программаның белгілі бір бөлігін әртүрлі мәндер үшін бірнеше рет қайталау қажет кезде осы бөлікті жеке жазған ыңғайлы. Жеке программа ретінде бөлек жазылған, негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа деп атайды. Қосалқы программа екіге бөлінеді: процедура және функция. Паскаль тілінде процедуралар мен функциялар программаның басында, айнымалылар бөлігінен кейін жазылады. Ол үшін Procedure немесе Function қызметші сөзі қолданылады. Бұл бөлікке біз келесі дәрістерде кеңінен тоқталамыз.
Берілгендердің типтері. Берілгендердің типтері қарапайым және күрделі (құрылымдық) болып екіге бөлінеді. Қарапайым типтерге стандартты және айнымалы типтер жатады. Стандартты типтер төменде көрсетілген. Айнымалы типтерді қолданушының өзі анықтайды.
Берілгендердің стандартты типтері:
- Бүтін сандар (типі integer) - Ауқымы -32768 - ден 32767 - ге дейін (толығырақ 3. 1-кестеде) ;
- Нақты сандар (типі real) - Ауқымы 10-381038және 0; көрсетілім дәлдігі - 7 орынды цифр (толығырақ 3. 2-кестеде) ;
- Логикалық мәндер (типі boolean), true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндердің бірін қабылдайды;
- Литерлік (символдық) тип (типі char) - апострофпен берілген символдар ('а', 'Ь', '+') ;
- Байттық тип (типі byte) - ауқымы: 0-ден 255-ке дейін.
Кесте 3. 1 - Бүтін сандар типі
Кесте 3. 2 - Нақты сандар типі
Берілгендердің құрылымдық типтері:
- Массив: array [алғашқы мән . . соңғы мән] of элементтердің базалық типі;
Мысалы: mas=-array [1. . 10] of real; - 10 нақты элементтен тұратын массив.
- Жол string [n] ; Мұндағы n≤255 - жолдың максимал ұзындығы. Мысалы: string [10] ;
- Файл: file of_ файлдың типі; Мысалы: file of_real; file of_rec;
- Жиын: set_of_ элементтер типі; Мысалы: set_of_shar.
4-дәріс. Паскаль тілінің негізгі операторлары. Меншіктеу операторы. Берілгендерді енгізу және шығару. Сызықтық құрылымды алгоритмдар. Құрама оператор. Тармақталушы құрылымды алгоритмдер.
Программаға енетін нұсқауларды Паскаль тілінде операторлар деп атайды. Паскаль тілінің операторлары қарапайым және құрама (күрделі) операторлар болып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлардың құрамына басқа операторлар енбейді. Ал, құрама операторлардың ішінде бірнеше қарапайым операторлар болады. Паскаль тілінде қарапайым операторларға меншіктеу операторы, бос оператор, енгізу және шығару операторлары жатады.
Құрама операторларға шартты көшу, қайталау, таңдау және т. б. операторлар жатады. Программада операторлар орналасқан реті бойынша орындалады.
Меншіктеу операторы. Айнымалыға тұрақты немесе арифметикалық өрнек мәнін меншіктеу үшін қызмет етеді. “Мән меншікте” деген бұйрықты орындайтын операторды меншіктеу операторы деп атайды.
Меншіктеу операторы файлдардан басқа кез-келген типті айнымалыларға қолданылады.
Меншіктеу операторының жалпы жазылу түрі:
Айнымалы := арифметикалық, логикалық немесе жолдық өрнек;
Мысал: VAL :=2. 3; (VAL айнымалысына 2, 3 саны меншіктелген) ;
к:=12+round (sqrt (m) ) ;
x:=5*a+cos(b[i] ) ;
p:=R or (соs (с) > 0. 5) ;
q=' у функциясы';
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz