Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.

Оқу жылдары 1933 жылы Әбубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барады. Сол жерде Әлия мен Сапура /Әбубәкірдің қарындасы/ №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әбубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударды. Әлия Москвада № 891 мектептің 4 қласын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленинградтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері № 140 мектепте оқыды.

Соғыс. Ленинград қоршауы. Интернат тәрбиенушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда № 46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль облысының Вятск селосына көшірілді. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 класын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі.

Мергендер мектебі. Желтоқсан 1942 ж. - шілде 1943 ж.

Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы. - Майдан. Шілде 1943 ж. - қаңтар 1944 ж. - Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Оның майданнан жазған хаттарынан мәлім: ата-анасы, ағайын-туғандары ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңіңде аштан өлген. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды. 9-сыныпта оқыды (қазір ол мектеп Әлия Молдағұлова есімінде) . Бірге оқыған сыныптастарының естелігіне қарағанда, өзіне өте сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас болған. Оны мақсаткерлік пен адалдық және адамгершіл сергектік қасиеттері басқалардан айрықша ерекшелендірген. Алыс ауылдан келе салып, бәрімен де тез тіл тауып кетті, зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін командование алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататынды.

Ашық шайқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясы құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға қатысып, құралайды көзінен атқан нағыз мергендігімен дараланды. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ол алғашқы жауынгерлік тапсырмаларын Ленинград майданында 1943 жылдың шілде айында орындады. Алғы шепке сұранған ол қасында 3 майдандас қыздарымен бейтарап зонадан өтіп, екі еңгезердей немісті тұтқындаған. Екі ай мерзім ішінде 32 фашистің көзін жойған. 1943 жылы Холм қаласы түбінде барлауға қатысып, нәтижесінде бес "тіл" ұстаған. Холм түбіндегі асқан ерлігі үшін әскери комиссариат Молдағұлованы "Даңқ" орденіне ұсынған.

Осы жылдың желтоқсан айында Новосокольник ауданында соғысқа дайын болу бұйрығын алған бригада құрамында 1944 жылдың 10 қаңтарына дейін батальон алғы шепті барлап ұрысқа дайындалады. 12 қаңтарда Шенайлово, Волгино, Насва станцияларын, Казачиха селоларын алуға бұйрық алады.

Казачиха селосына келген кезде бригада жауынгерлерінің жартысынан жуығына дейін айрылған еді, бірақ бұйрықты орындау керек. Әлия барлаушылар қатарында біздің жаяу әскерге қауіп төндіріп тұрған жау пулеметін граната лақтырып талқандаған. Өзін нысанаға алған жауды тұтқынға түсіріп, қаңтардың 13-нен 14-не қараған күні Әлия ротаны ұрандап шабуылға көтерді.

Оның үні жауынгерлерге дем беріп, соңынан ілескен солдаттар жаудың бетін қайтарады. Осы шайқаста өжет қыз ауыр жараланып, қаһармандықпен қаза тапты.

Бүгінде Ә. Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен бульварлар бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман-хикаяттары де көп. Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә.Н. Молдағұлова
Әлия Молдағұлова (1924-1944)
ӘЛИЯ НҰРМҰХАМЕДҚЫЗЫ МОЛДАҒҰЛОВА
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы
Тағызым етем, естен кетпес ерлігіңе туралы
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова Нұрмұхаммедқызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz