Банк салымы шартының түсінігі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

  • Банк салымы шартының түсінігі мен нысаны.
  • Банк салымдарының түрлері.
  • Шарттың мазмұны.

Банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салмның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.

Бұл шарт банктермен салымшыларды несиелеуді қамтамасыз етеді. Ол заем шартына ұқсас, алайда, ол үшін 38-тараудың &4 екі тараптың құқықтары мен міндеттерін көздейтін арнайы нормалар белгіленген. Банктер кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде банктік салым шартын орындаумен байланысты қауіптерді толығымен көтереді, олар салым сомасына оны ақша капиталы ретінде пайдаланғаны үшін есептелетін сыйақыны төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тұрғындардың, заңды тұлғалардың бос ақшаларын пайдаланудың тиімділік дәрежесін арттырады, олар өз кезегінде елеулі қауіпсіз тұрақты табыс алу мүмкіндігіне ие болады.

Келтірілген тұжырымдамаға сәйкес банк салымы шарты консенсуалды, алайда іс жүзінде ол реалды болып табылады, өйткені банктік салым шартының аясындағы құқықтық қатынастар, осының алдында қарастырылған шарт бойынша сияқты, салымшы жүгінген кезде туындайды және ақша ашық жинақтаушы шотқа қабылдауды талап етеді. Банктік салым шарты біржақты шарт болып табылады.

Жинақтаушы шот ашылатын болғандықтан (жеке бірыңғайландырылған код беріледі), банктік салым шарты басқа да міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, шартпен оған жол берілетін жағдайларда жинақтаушы шоттың көмегімен сол бір немесе өзге тұлғалармен есеп айырысуда да жүзеге асыруға болады. Бұл Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шарттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаудың 1-тармағының ережесіне негізделген, онда банктің банктік салым шартында көзделген басқа қызметтерді көрсету міндеті туралы айтылған.

Банктік салым шартының нысанына қойылатын талаптар ҚР АК-ң 758-бабына белгіленеді. Ол жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

Оған қойылатын талаптар банк заңнамасымен де анықталады, соның ішінде «Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы( аталған нұсқаумен анықталады. Банктік салым шарты салымшының (банк клиентінің) атына рәсімделетін салымшының салым жасағанын куәландыратын (салым құжатын) құжатты шарт бекіткеннен кейін берумен рәсімделеді. Салық құжаттары болып депозиттік сертификат немесе салымшының кітапшасы ( жинақтаушы кітапшасы) табылады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін. Салымшы- азаматтың ол қайтыс болған жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар.

Аталған нұсқаудың 14-тармағына сәйкес салымның мәнді жағдайлары болып мыналар табылады: 1) шарт пәні; 2) банктік қызмет көрсету жағдайы мен оған ақы төлеу тәртібі. Шартта тараптармен келісілген (қосымша жағдайлар) басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Онда сондай-ақ, заңнамамен белгіленетін қосымша талаптар да болуға тиіс.

Салымдар және соған сәйкес, банктік салым шарттары бірнеше түрге бөлінеді. Бөлу белгілі болып салымдарды қайтару жағдайы табылады. Сонымен салымның мынадай үш түрі бар:

  • талап етілмелі салым;
  • мерзімді салым;
  • шартты салым;

Талап етілмелі салым салымшының бірінші талап етуі бойынша толығымен немесе қайтарылуға жататындығымен сипатталады.

Мерзімді салым белгілі бір мерзімге, әдетте, бір жылға дейін салынады. Шартты салым шартпен көзделген белгілі бір жағдайлардың туындауына дейін салынады. Ол сол бір немесе өзге кездейсоқ жағдайларда ақша қаражатын іздеп табуға мүмкіндік беретіндігімен ыңғайлы, өйткені бірқатар жағдайларда олар банктік салым шартында туындайтын шарттар түрінде қамтылатын болып табылады. Заңдық табиғаты жағынан шартты салымның өзі шартты мәміле болып табылады.

Шарт мерзімі. Банк салымы шарты салым сомасы банкке түскен күннен бастап жасалған болып саналады. Мерзімді салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін ақшаны іс жүзінде салу сәтіне ұщтасатын уақыт кезеңінің басталуы құрайды. Бұл мерзім ақша салынған күннен кейінгі келесі күннен бастап жүреді. Шартты салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін аяқталуы сөзсіз болуға тиіс. Мысалы, баланың мектептегі оқуының аяқталуы, еңбек демалысы және т. б. қандай да бір жағдаймен ұштасатын уақыт кезеңін құрайды. Талап етілмелі банктік салым шарты мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстырылатын мәнжайлар пайда болғаннан кейін талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етілмелі салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.

Банк салымы шартының элементтері болып объект, тараптар, мазмұны табылады. Оның объектісі (пәні) ақша (ұлттық та және шетелдік те валюта) болып табылады. Банк салымы шартының субъектілік құрамы бір жағынан әрқашан банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым шығатындығымен сипатталады. Екінші (салымшы) жақтан шартқа және заңды тұлғалар да қатыса алады. Заңнамада тікелей көрсету немесе шектеу болмаса да, салымшылар болып басымды түрде коммерциялық емес заңды тұлғалар шығатын болады, өйткені дәл соларда ақша қаражаттарын пайдаланудың басымды шығыс сипаты көрінеді. Яғни олардың ақша қаражаттары тұрақты коммерциялық айналымда емес, керісінше салыстырмалы тыныштық жағдайында болады, сондықтан банк салымы шарты оларға қысқа уақыт аралығында белгілі бір қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Егер банк салымы шартының мазмұнына тоқталатын болсақ тараптардың дәл сол құқықтары мен міндеттеріне (мазмұнына) айқын ерекшелікті беру, осы шартты банк қарастырудың негізі себебі болып табылғанын да атап өтуге болады, өйткені басқаша оған еш қиындықсыз заем қатынастарын реттейтін нормаларды қолдануға болар еді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Банк салымы шарты біржақты шарт болып табылатындықтан ол бойынша міндеттер банкке жүктеледі. Нормаларды осы жағдайда да қосымша маңызға ие болатын, банктік қызмет көрсету және заем туралы жалпы ережелерге сәйкес банк өз міндеттемелерін қажет болған жағдайда ақшаларды қайтаруы сөзсіз қамтамасыз ете алатындай орындауға міндетті. Сонымен қатар, клиент банк салымы шартымен алдын ала келісілген шектерде ақшаға билік ету мүмкіндігінен айырылуға тиіс емес.

Клиент салымдарды қолма-қол ақшамен де және қолма-қол ақшасыз аударулар жолымен де енгізуге құқылы. Талап етілмелі салым кезінде салымдар (қосымша жарналар) клиентпен кез-келген сомада және кез-келген кезеңде енгізілуі мүмкін. Осыған орай банкке салымдар бойынша қосымша жарналар қабылдау міндеті жүктеледі. Мерзімді салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезінде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, ақшаны бір жолғы жарна түрінде енгізеді.

Банк үшінші тұлғалардан салымшының атына түскен ақшаны қабылдауға міндетті, бірақ олар оның бірыңғайландырылған дербес коды туралы қажетті деректерді көрсетуге тиіс.

Банк, сондай-ақ салымшыға банк салымы шартымен анықталатын мөлшерде салым сомасына сыйақы төлеуге міндетті. Клиент талап етілмелі салымдар шарттары бойынша шарттық қатынастырды банк үшін тез және кенеттен тоқтату мүмкіндігі жоғары болғандықтан, әдетте, бұл шарттар бойынша сыйақы мөлшері мерзімді және шартты салымдарға қарағанда төмен.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, банктік салым бойынша сыйақының мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ. Сыйақы мөлшері талап етілмелі салымдар бойынша енгізілетін қосымша жарналар бойынша өзгеруі мүмкін. Осы ереже қолданылады. Егер мерзімді салым немесе шартты салым шарттарымен клиентке салымға қосымша жарналар енгізу құқығы берілсе. Банк бұл жағдайларда сыйақы мөлшерін, ақша түскен күні банк қолданған сыйақыға сүйене отырып, жаңадан түскен қосымша жарналар бойынша есептейді.

Сыйақы төлеу тәртәбі шартпен белгіленеді. Егер ол шартта көзделмесе, онда тікелей заңнамалық бағыттар қолданылуға тиіс. Банк салымы бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуі бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейін салым сомасынан бөлек төленеді, ал бұл мерзімде талап етілмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетін сомасын арттырады.

Талап етілмелі салым бойынша салымшы өзіне тиесілі сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы. Мерзімді салым бойынша да салымшы бойынша өзіне тиесілі сыйақыны оның мерзімі аяқталғанға дейін салым срмасынан бөлек алуға құқылы, бірақ бұл ретте, банк салымы туралы шартта өзгеше көзделмесе, сыйақының мөлшері банк талап етілмелі салым үшін қолданатын мөлшерге сәйкес қайта есептелінеді. Салым мерзімінің аяқталуы бойынша салымшы өзіне тиесілі сыйақыны ол салымды талап ете ме немесе етпей ме оған қарамастан толық мөлшерде алуға құқылы.

Егер салым шартты болса, онда салымшының өзіне тиесілі сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Жалпы салымдар бойынша сыйақы төлеу үшін салымдарды қайтару үшін қолданылатын ережелерде қолданылады. Талап етілмелі салым бойынша салымшы сыйақыны кез-келген уақытта алуға құқылы екенін біз атап өткенбіз. Мерзімді салымдар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылатын арнайы мерзімдер белгілеу орынды (ойға қонымды) болып табылады. Шетел валютасымен енгізілген салым бойынша сыйақы да шетел валютасымен төленуге тиіс.

Салымшы шартты біржақты түрде бұзуға және салымды өзіне қайтаруға құқылы. Егер салым талап етілгенге дейін рәсімделсе, банк салымшының түскен талабы бойынша бүкіл салымды немесе оның бір бөлігін беруге міндетті. Мерзімінен бұрын бұзу құқығы мерзімді салым шарттарына да қатысты. Бұл ретте салымшының салымды беру туралы талабы түскеннен кейін банк салымшының талабы түскен сәттен бастап бес күннен кешіктірмей салымды немесе оның бір бөлігін беруге міндетті. Шартты салымдар бойынша салымшы банктік салымды қайтаруды байланыстыратын жағдайлар туындағанға дейін салымды қайтаруға құқылы шартты салымдарды қайтару кезінде мерзімді салымдарды қайтару кезінде де қолданылатын мерзімдер қолданылады. Салымшының мерзімді салым шартын мерзімінен бұрын туындағанға дейін бұзу құқығынан бас тарту туралы банк салымы шартының ережесі жарамсыз болып табылады.

Шетел валютасымен енгізілген салым, егер заң актілерінде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келісімінде өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға тиіс.

Банк салымшының салымды немесе оның бір бөлігін қайтару туралы талабын көзделген мерзімдерде орындамаса сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.

Бірқатар жағдайларда банк салымы шарттары (мерзімді және шартты) олардың әрекет ету мерзімінің (оларды анықтау ережелерін жоғарыда қарастырғанбыз) аяқталуына байланысты тоқтатылады. Сондықтан мерзімді салым шарттары бойынша банк салымдарын қайтару көзделген салым мерзімінің туындауы бойынша жүзеге асырылады. Шартты салымдар бойынша қайтару банк салымы шарты салымды қайтаруды байланыстыратын жағдайлардың туындауы кезінде жүзеге асырылады. Тұрғылықты халық өз ақшасын банктерге салатын болғандықтан банктердің қызмет етуінің тұрақтылығы мен сенімділігі және салымшылардың тиісті мүдделерін ескере отырып салымдарды толық көлемде өз уақытысында қайтару кепілдіктері аса жоғары маңызға ие бола бастайды.

Салымшылардың құқықтарын қорғау банк салымын қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық шаралардың көмегімен жүзеге асырылады. Орын алған жағдайларға байланысты сол бір немесе өзге құралдар мен тәсілдер қолданылуы мүмкін.

Мысалы, 29 наурыз 2000жылғы Қазақстан Республикасының «Банк құпиясының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен салымдарды (депозиттерді) ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ. Бұған қоса, салымшылар мен банктердің барлық клиенттерін қамтамасыз етуге банктер үшін белгіленетін, банк қызметін лицензиялау және оған ағымдағы бақылау жасау жүйесі, талаптар (нормативтер) бағытталған.

Үшінші тұлғалардың пайдасына салымдар. ҚР АК 764-бабының мәнісінен туындайтыны - үшінші тұлғалардың пайдасына салым жасау банк салымы шартының өз алдына жеке түрін құрайды. Оны бөлудің себебі тараптардың қандай да бір ерекше құқықтары мен міндеттерін белгілеуде емес, ал, үшінші тұлғаның пайдасына салым жасау үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың (ҚР АК 391-бап) белгісіне толық көлемде сай болмағандығында, бірақ ҚР АК 764-бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР Ак 764-бабының нормаларына қайшы келмейтін бөлігінде, үшінші тұлға пайдасына салым жасау қатынастарын қолдануға болатындығын ескертеді. Егер осы белгілерге сай болғанда оны үшінші жақтың пайдасына салым жасаудың ҚР Азаматтық кодексінің аталған 391-бабына сәйкес бекітілетін үшінші жақтың пайдасына шарт жасаудан ерекшелігі атына салым енгізілген тұлға салымшыға, яғни шарт бойынша тарапқа айналатындығында. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын кәдімгі шартта шартты бастапқы бекіткен субъект шарттан шығып қалмайды, ал үшінші тұлға тек шарт бойынша борышқордан орындауды талап етуге қатысты құқығы бар, құқықтық қатынастардың субъектісіне айналады. Олардың тағы бір ерекшелігі - үшінші тұлға пайдасына жасалатын кәдімгі шарт бойынша ішінара несие берушінің пайдасына және ішінара үшінші тұлғаның пайдасына салым шарты бойынша несие беруші болып толық көлемде салымшы танылады.

Алайда, ерекшеліктер туралы айта отырып, біз үшінші тұлға пайдасына жасалатын шарт туралы жекелеген ережелерді үшінші тұлға пайдасына салым енгізу қатынастарына қолдануды жоққа шығармаймыз. Үшінші тұлға пайдасына салым шартының кей дербестігі туралы болжам заңнаманың тікелей тұжырымдамасына негізделген тағы да бір рет атап өтейік. Соның ішінде 764-баптың 1-тармағында айтылғандай, пайдасына салым енгізілетін азаматтың атын немесе заңды тұлғаның атауын көрсету тиісті банк салымы шартының елеулі талабы болып табылады. Шарт жасау қарсаңында да қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына жасалған банк салымы шарты жарамсыз болып табылады. Үшінші жасау қарсаңында жасалған банк салымы шарты қойылатын мұндай талаптар, ең алдымен, жария құқық нопмаларының, соның ішінде салық заңнамасының, әрекеті коррупцияға қарсы бағытталған заңнаманың, әрекет етуін есепке алумен түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Банктік шот және салым шарттары
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Банктік салым шартының элементтері
Банк салымы шартының түсінігі мен нысаны
Банктік қызмет көрсету
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Банктік шот шарты
Орталық банк және оның қызметтері талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz