1936-1937 жж. Конституциялық реформалар, партиялық орталықтандыру және Қазақ КСР-інің құқықтық қалыптасуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

1936 жылғы Конституция

1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б) П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституцияның жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.

Жаңа негізгі заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер енгізілді, Конституция Кеңес өкіметін өтпелі саяси форма емес, социализм жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің социализм және коммунизм орнату кезінде құрып бітуі туралы тезис мықты мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды. Мемлекеттік жүйенің күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі Екінші дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.

Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.

Қазақ КСР Конституциясына сәйкес 1936 жылы Қазақ КСР-і одақтық республика болып қайта құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа да республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымеп, КСРО да социализмнің салтанат құруына арналды. Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917 - 1936 жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің накты нәтижелеріне сүйенді.

Мәдени-рухани салада - қоғамдық өмірдегі КОКП-ның жетістіктерін көрсету бағытында социалистік реализм кағидаларын орнықтыру мәселесі жүріп жатты. Қазақ КСР-і қатардағы басқа да республикалардың бірі ретінде, сол баяғы автономиялық кезіндегіден артық өзгешелікті өз басынан өткере қойған жоқ. Олай дейтініміз, үкіметтің орталық буынынан келген барлық тапсырмалар, басқа да I құжаттары қалтқысыз орындалып жатты. Әр республикалардағы коммунистік партия ұйымдарын қоса алғанда, КОКП мемлекеттің ең доғарғы басшы әрі жетекші ұйымы болып есептелді.

Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері

1937 жылдың 5-12 маусымында Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының I съезі өтті. ҚК(б) П ОК-нің Бірінші хатшысы болып Л. Мирзоян сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Өлкелік партия ұйымын Қазақстан большевиктерінің Коммунистік партиясы деп іс жүзінде бекітті.

1938 жылдың 3-14 шілдесінде ҚК(б) П-ның II съезі болып өтті. Елдің үшінші бесжылдық жоспары ауқымында бұл съезд республика халық шаруашылығы өркендеуінің үшінші бесжылдық жоспарының нақтылай тапсырмаларын алға міндет етіп қойды. ҚК(б) П ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. А. Скворцов сайланды.

1940 жылы ҚК(б) П ОК-інде - көмір, мұнай, түсті металл өндірісі, көлік және байланыс бөлімдері, ал Ақтөбе, Алматы, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеттерінде - түсті металл өндірісі, Ақмолада - көлік, сондай-ақ бірқатар қалалық партия комитеттерінде өндіріс бөлімдері құрылды. 1938 - 1939 жылдары Қазақстанда партия шешімдерінің орындалуын тексеру күшейді.

1940 жылдың 10-18 наурызында ҚК(б) П-ныц III съезі шақырылды. Үшінші бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау - съездің күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қаралды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында партия органдарының қызметі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Маңызды деген әскери өнеркәсіп пен ауыр өнеркәсіптің шешуші салаларында партия органдары - хатшыларының институттары жұмыс істей бастады. Ал халық шаруашылығының аса маңызды учаскелерінде БК(б) П-ныц ОК-і партия ұйымдарының құрамы мен партбюро хатшыларының саны едәуір арттырылды. Партия ұйымдары жеделдетілген әскери штабтар рөлін атқарғандықтан, бұл кезеңде ішкі партиялық демократияны орталықтандыру және ширықтыра түсу өз дәрежесінде жүріп жатты. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1920-1940 жж. Қазақ КСР-інің қалыптасуы: индустриалдану, әлеуметтік және мәдени трансформация
Қазақ КСР-ден Қазақстан Республикасына: Президент институтының қалыптасуы мен конституциялық-құқықтық мәртебесі
КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрылымы мен өкілеттіктері (1937-1996)
1926, 1937 және 1978 жылдардағы Қазақ АКСР/КСР Конституцияларының тарихи және құқықтық талдауы
1936-1995 жылдардағы Қазақстанның конституциялық дамуы мен мемлекеттік билік органдарының трансформациясы
Тәуелсіз Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен конституциялық реформалар
XX ғасырдағы Қазақстанның конституциялық дамуы және тәуелсіздік кезеңіндегі негізгі реформалар
Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздіктің қалыптасуы: мемлекеттік рәміздер, конституциялық реформалар және қоғамдық қозғалыстар
Қазақстан Республикасының Парламентінің қалыптасуы мен құзыреттері: конституциялық реформалар, палаталар және депутаттық өкілеттіктер
Қазақстан Республикасының Парламенті: қалыптасуы, қызметі және конституциялық-құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz