Қазақстандағы туризм индустриясының қалыптасуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ 5
1. 1 Туризм жүйелі зерттеу объектісі ретінде 6
1. 2 Туризмнің классификациясы 15
1. 3 Қазақстанда туризмнің дамуы 24
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ 29
2. 1 Оңтүстік Қазақстан 29
2. 2 Шығыс Қазақстан 40
2. 3 Солтүстік Қазақстан 45
2. 4 Орталық Қазақстан 51
2. 5 Батыс Қазақстан 56
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 63
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
ҚОСЫМША А Қазақстанда туристік фирмалар қызмет көрсеткен туристер саны 74
ҚОСЫМША Б Туристік фирмалар қызмет көрсететін келермендер туризм типтері бойынша 74
ҚОСЫМША В Туризмнің қатынас құралдары 75
КІРІСПЕ
Қазақстанның дамыған және жоғары деңгейлі кластерлерінің бірі туризм болып табылады. Туризмнің дамуы мемлекеттің экономикалық жағдайының жақсаруына аралық салалардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бұл жаhандану деңгейіндегі салмақты саясат, үлкен ақша ірі бизнес болып саналады. Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына, автомобиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсіптерінен кейін енеді. Туризм өз кегінде әлемдік шаруашылық ең қарқынды және өз шығымын өзі өтей алатын түрі болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту үшін рекреациялық ресурстарын анықтап, бағалап және Республикадағы туризмге жалпы экономикалық тұрғыдан сипаттама беру, осы ғылыми жұмыстың мақсаты болып табылады.
Аталған жұмыстың маңыздылығы. Қазақстан Республикасындағы туризм жүйесінің дамуы туристік индустриясының сипаты және имиджінің қалыптасуы жайында . Қазақстан аумағында туризмді дамыту мүмкіндігі бар аймақтары жайында сипатталған.
Қазақстан Республикасындағы 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамытудың тұжырымдамасына сәйкес елдің орнықты дамуына көшуінің алғышарттарының бірі ретінде, қоршаған ортаны қорғау қызметтерін жетілдіру және экономикалық мүмкіндіктерді өрістету. Сонымен бірге аталған тұжырымдамада « . . . Қазақстан Республикасы халқының саны орнықты дамуының маңызды өлшемі болып табылады. Халық тығыздығының төмен болуы шекара созылған жағдайда әрдайым мемлекет дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндігі ең алдымен еңбек нарығы, мәселесін шеше отырып, қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасындағы генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық жағымсыз шараларды еңсеру қажет» деп көрсетілген. Осы мәселелерді шешуде елде дамыған туризм индустриясы үлкен рөл атқара алады.
Өйткені, туризм дамуында дүние жүзілік тенденциясы бойынша туристік аймақтың экологиялық тұрақтылығына аса назар аударылады және Қазақстанның түпкір түпкіріне (Қазақстанның туризм саласында кейбір мамандардың есептеулері бойынша, елдің әр аймақтарында белгілі бір туризм түрін дамытуға болады. Ж. Н. Алиева, С. Р. Ердавлетов) жетуі жергілікті халықтың табыс көзін қамтамассыз етер еді. Кей жерлерде бұл табыс көзі маусымдық сипатта болса да халықтың табысына қосымша қаражат әкеледі. Ал ол өз кезегінде аталған әлеуметтік мәселерді шешуге өз себін тигізеді. Сондықтан Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытуға қатысты зерттеулер әлі де қажет.
Жұмыс барысында әдебиет көздерімен жұмыс істеу, статистикалық мәліметтерді жинап, талдап, жүйелеу, картографиялық анализдеу әдістері қолданылды.
Осы бітіру жұмыс тақырыбында ғылыми конференцияда баяндама жасалды. Сондай - ақ сол тақырыпта курстық жұмыс жазылған және ондағы мәліметтер бітіру жұмысында қолданылады.
Жұмыстың авторы ғылыми жетекшісі Сансызбаев Е. Е., құнды ескертпелер үшін сынпікір білдіруші Нұрғалиев Т. Қ. алғысын білдіреді.
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Туризм ол көптеген адамдардың білуінше ол демалыс, жаңа әсер алу, қанағаттанумен байланысты. Белгісіз өлкелерді ашу және тануға, табиғи ескерткіштерді, тарих және мәдениет, әртүрлі елдердің салт - дәстүрлерін танып білуге деген құштарлығының арқасында адам өміріне өте қажеттене түсті.
Туризм - ол экономиканың ірі жоғары кірісті және динамикалық саласы болып табылады. Туризм сферасы 250 млн - дай адамды қамтиды. Туризм әлөуметтік ретінде шығып, көлік және байланыс, сауда - саттық, құрлыс, ауыл шаруашылық, халықтың тұтыну тауарларын өндіру және тағы осындай салаларға үлкен әсерін тигізеді.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:
- XVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм;
а) ежелдегі туризм;
б) орта ғасырлар мен қайта өллеу дәуірі кезіндегі туризм;
в) XVІІ және XVІІІ ғасырлардағы туризм.
2) XІX және XX ғасырлардағы - ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм.
3 ) Қазіргі заманғы туризм.
Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
- Туризм жүйелі зерттеу обьектісі ретінде
Нарықтың туристік тауарлары және әлемдік және ұлттық экономикаға тигізу үлесін анализдеуі қазіргі кезде өте қажетті болып саналады.
Бірақ туристік бизнеске тереңдемес бұрын, алдымен «туризм» сөзінің мағынасын ашып алайық.
«Туризм» және «турист» термині XVIII ғасырдың аяғында әдебиеттер жазыла бастады. Ол сөздер францусды сөзін «tour» (сөзінен шыққан) - саяхат алғаш рет XVIII ғасырда, ағылшын жастары Британ аралдарынан континентке білім алу үшін барарда қолданылған. Егер дәлірек айтсақ, ондай саяхат «grand tour» саяхатшыларды туристер деп атай бастады.
1811 жылы бір журналдағы туризм түсінігінде барлық экскурсиялар немесе ескерткіштер, ландшафттану мақсатында сондай-ақ қонақжайлылық жерлерге тең саяхаттар деген мағыналарды қамтылды, сонымен ғылыми сипаттағы немесе әсер алу саяхаты миграциялары кіреді. XIV ғасырдың аяғынан бастап туризм және турист сөзі әлемнің барлық тілдерінде түгелдерлік қолданыла бастады.
Қаншама тарихы тереңге кетіп жатса да, туризмнің әлі бір нақты анықтамасы жоқ және әр түрлі мамандар және туристік ұйымдарда әр түрлі айтылып жүр. Қиын әлеуметтік - экономикалық құбылыс сияқты ол да толығымен зерттелмеген соң сандық бағалауы қиынға соғады.
Туризм дифинициясы екі топқа біріктірілуі мүмкін.
Оның бірі жұмысшылар жіңішке маманданған сипатты, тек жеке экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа туризм аспектілері немесе оның түрлік ерекшеліктері және белгілі бір тапсырмалық шешу құралы ретінде шығады. (Мысалы: статистика мағынасында туризм анықтамасы) Басқалары, концептуальді немесе негізді дифинициялар пәнді толығымен қамтиды, туризмнің ішкі мазмұнын ашады, ол көптік қасиет және қатынатың бірлігін айтады, және оны ұқсастан ажыратуға мүмкіндік береді, жиі қарама-қатынастық, бірақ сондай-ақ ұлттық құбылысты да толығымен ажыратуға мүмкіндік береді [1, б. 315] .
Туризмнің статистикалық анықтамасы. Статистикада туризм түбі халықтың тұрғылықты жері немесе жұмысының ауыспалы болуына байланысты миграция формасы деп түсінеді. Оның дифиницасының қажеттілігі XX ғасырдың бірінші жартысында туындады. Ол туризмнің экономикалық шамасының өсуіне және саяхаттаушы тұлғалардың статистикалық есептеуінің нәтижесі.
Турист сөзінің алғаш анықтамасы Нацлй Лиги (1937жыл) статистикалық сұрақтар бойынша эксперттер Комитетінің елшісінде. Ол халықаралық мойындауы және негізінен біздің уақытқа немесе бізден кейінгі де түзетулермен жетті. Ақырғы ол жылда турист дифинициясы туристтік ұйымның Халықаралық Одақ кеңестерінде қаралды (Дублинде 1950 жылы, Лондонда 1957 жыл) Халықаралық туризм бойынша БҰҰ коференцияларында саяхаттар (Рим 1963 жыл) Ә. Т. Ұ конгресінде (Манила 1986 жыл) туризм бойынша Парламент аралық конференцияда (Гаога 1989 жыл) және тағы басқа. Ол турист анықтамасының теориялық және практикалы маңыздылығын сондай - ақ оны жаңа тенденциялар және құбылыстар есебінен толық және тура етіп істеуге ұмтылысын көрсетеді.
Қазіргі кезде Халықаралық практикада кеңінен қолданылып жүрген анықтама, (Оттаво 1991 жыл) туризм және саяхат статистикасы бойынша Халықаралық конференция жасаған және БӘТҰ және БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы құптаған соған сәйкес.
Турист - бұл келуші тағы басқа саяхат етуші және жерлерге келуші, өзінің күнделікті ортасынан басқа, 12 айдан асқан мерзімде қандай да болмасын демалу мақсатпен, қыдырушы тұлға.
Ұсынылған дифиниция саяхаттаушы тұлғалардың тура сол бөлігін туризмдегі статистикалық зерттеу обьектісі болатын нақты сипаттауға мүмкіндік берді. Оттава конференциясының шешуші іс-қағаздарында және БӘТҰ (ВТО) техникалық әдістемелерінде турист келуші ретінде анықталынады. Бұл анықтама туризм статистикасында негізгі түсінік ретінде қолдануды ұсынуда. Ол жалпы бірдей белгілері бар туристер және экскурсанттар арқылы таралады. Олардың арасындағы ерекшеліктер, құбылыс негізіне қатысты емес, сондықтан экскурсиялық саяхаттар туризмнің жеке оқиғасы ретінде қарастырылады және туристтік статистикалық анықтамалықтарда көрсетіледі.
Туристер мен экскурсанттарды келушілер категориясын 3 негізгі белгілері бойынша жіктелік және сондай - ақ оларды басқа саяхаттаушы тұлғалардан ажыраталық: үйреншікті ортасынан басқа жерге орын ауыстыру, келу мақсаты және сол жерде болу ұзақтығына байланысты бөлейік.
Үйреншікті ортасынан басқа жерге шығу. Саяхатшылар классификациясының бірінші критериі. Бұл термин «үйреншікті орта» Оттава конференциясында келуші адамдар санынан, жыл сайын үйінен жұмысқа, және кері қайтатын адамдарды есептемес үшін пайдаланылды. Олар үйреншікті ортасынан кетпейді және турист болып саналмайды.
БӘҰТ туризм статистикасы ұсынысы бойынша үйреншікті орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: нысанаға бару жиілігі және одан кетушілігі. Тұлға жиі барып отыратын жерлер, оның үйреншікті орта элементі болып саналады. Ол тұрғылықты жерін белгілі бір қашықтықта болса да. Осы негізде, мысалы, шекаралық аудандығы тұрғындар, келесі мемлекетте жұмыс істесе және шекарадан жиі шығатын болса да, олар әлемдік туристтер категориясына жатқызылмайды.
Сонымен қоса үйреншікті ортаға адамның тұрғылықты жерінен жақын жерлер де кіреді, ол жерлерде келу жиілігіне байланысты емес. Бұндай трактовка адамдардың ол нысандары тек қана өндірістік емес, сонымен табиғи және мәдени, олар күнделіктілік элементтері ретінде психологиялық қабылдауынан шыққан. Кім болса да көршідегі театрға баруды туристтік мерекелік шара деп есептемейді. Ол туризм статистикасында да ешқандай көрініс таппайды.
Үйреншікті орта концепциясы мамандар арасында оқтын - оқтын дау туғызады. Түсінік анықтамасы және статистика негізгі қажеттісі, қашықтықтың шекті мағынасы, келушілермен санасу үшін оны жабу қажет және нысанға келушілік дискусиясы болып табылады. Олар маңыздылығы бойынша бөлінген елдерге және әр нақты оқиғада арнайы жөндеуді талап етеді.
Келу ұзақтығы - келушілер жиынтығының статистикалық бөлуінің екінші критериі ол үйреншікті орта концепциясының дамуына жатады және туристтер және экскурсанттарды резиденттерден айыруға мүмкіндік береді. Келу ұзақтылығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келуші тұрғылықты тұрғын категориясына өтіп және статистикалық туризмде саналмайды. Бұрынғы тұрғын барған болса, аз уақытқа (мысалы, туған-туысқандарын көруге) онда ол тұлға сол территорияға келуші ретінде тіркеледі. Испания және Италияда - Оңтүстік Европа елдерінен туристер қабылдау алда-эмигранттар, өз туған жеріне келушілер шығатын туристік ағынның үлкен бөлігін қамтиды.
Сапар мақсаты - келушілердің үшінші белгісі. Басқаларына қарағанда саяхатшыларды туристік мотивтер қозғалысқа келтіреді, олар ресми іс қағаздарында және ғылыми әдебиеттерде өте ұзақ трактатталады БӘТҰ-ның ұсынуы бойынша келушілер статистикалық санақ ыңғайы үшін, туристтік бағыттар бірнеше блоктарға біріктірілді: бос уақыт, рекреация, демалыс; туған-туыс, дос-жарандарына бару; іскерлік кәсіптік мақсаты, емделу; діни әулиелерге сиыну; тағы басқа туристік мақсаттар. Бірдей қарасан келушілер статистикалық жиым өте ала және әртүрлі болып келеді. Саяхаттың бірдей емес ұзақтылығына, бару географиясы, қозғалыс түрлеріне қарамастан бұл тұлғалар бір категорияға біріктіріліп, барлығына жұмыс іздеу негізінде аттанғандарға және төленетін қызметті іске асырушыларға қарама қарсы болып келеді.
Мақсаты бойынша классификация мигранттар категориясының екі әр түрлі экономикалық табиғатын көрсетеді. Олардың әр қайсысының ерекшелігі шекарадан шыққанда бірақ классификациясы ішкіге жатады, басқа орта барған сол жерінде уақытша болса да, рекреациялық, іскерлік т. б. туристік мақсатқа жататыны білінеді.
Бірақ тек осы белгілердің қалдықсыз қатысуы ғана саяхатшы тұлғаны турист ретінде көрсетеді.
Туризм анықтамасының маңыздылығы. Туризм туралы ғылыми білімнің дамуымен соңғысы ол жүйелі зерттеу обьектісі ретінде қарастырылады. Дифиниция жұмысшылары, жіңішке салалы рамкамен шектелгендер, қоғамдық - экономикалық құбылыстың ішкі және сыртқы байланыстарының көптүрлілігін көрсетпейді. Сондықтан концептуалдылық немесе негізгі, туризм анықтамасын қажеттілік туындайды. Ол зерттеу пәні туралы комплексті түсінікті қалыптастырады. Ғылыми әдебиеттерде туризм сұрақтары бойынша бірмағыналы анықтама жоқ. Бірақ қалыптасулар әртүрлілігіне қарамастан барлық авторлар «туризм» түсінігінде туристтік талаптар мен мотивтерді, туристер мінезінің ерекшеліктері, олардың үйреншікті емес жерлерге сирек келуін туристер және тауар өндірушілер және қызмет көрсетушілер арасындағы қоршаған орта мен туристтік орта қарым-қатынасы, экономикалық және табиғат макроорталы қосып қарастырады. Мамандар арасында кең қолданыста туризм маңындағы ғылыми эксперттердің халықаралық ассоциациасын ұсынды. Соған сәйкес «Туризм»- жұмыс істейтін жерінен және үйреншікті ортасынан басқа, адамдар жерлеріне келуі және орын ауыстыруы кезінде туындайтын қатынас және құбылыс. Территорияны рекреациялық жүйенің принциптік модельі. Оныншы жылдарда профессор В. С. Преображинский басқаруымен және ары қарай дамыта зерттеліп пофессор Н. С. Мироненко және И. Т. Твердохлебова отнадық әдебиетерде жазылды.
Ақшаны жаңадан туристтік нысандар салу және капиталды түрде қайтадан жабдықтауға жіберілген қаржыдан мемлекеттік және басқа да инвесторлар берілген қарыздан пайда түсіруге ұмтылады. Олар берілген капиталды және пайызды тура уақытында өтеуде талап етеді. Инвесторларды материалдық назары несиелеудің жақсы шарттарын іздеуге шығып, капиталды экспорттаушылар болады. Осының бәрі туризмді нарықтық жүйе ретінде қарастыруға негіз береді.
Туризм қиын ағартушылықты көрсетеді. Осыған байланысты туризмнің көптеген талқылаулары пайда болды.
Туризмнің негізгі мағынасын анықтауда және шаруашылық сферасын толық сипаттау үшін, ең алдымен әртүрлі субьектісі толықтанған болу керек, олар туризммен ұдайы қарым - қатынаста.
Туристер - бұл әртүрлі психикалық және физикалық талаптарды сезілетін адамдар, туристік қызметте табиғаттан бұл адамдарды бағыттайтын және адамның қатысу түрлерін айтамыз.
Туристерге тауар және қызмет ететін ұйымдар бұлар кәсіпкерлер, олар туризмде тауар және қызмет ету арқасында пайдалы көретін адамдар.
Жергілікті басқару органы: олар туризмді, кіріспен байланысты одан жергілікті халықтар бұл бизнес түрінен салық ретінде пайдакүнемдікке, жергілікті бюджетке келіп түсетін, экономикалық фактор ретінде қарастырды. Жергілікті халық туризмді еңбекпен қамтылу ретінде қабылдайды. Бұл топ үшін туристермен, сондай-ақ интелдіктермен қарым-қатынас негізі болып табылады.
Сондықтан туризмді туристер жергілікті орган және жергілікті халықтардың туристік қызмет қарым - қатынастан туындайтын құбылыстар жиынтығы деуге болады.
Саяхат және туризм - бұл бизнестің ағайынды сферасының комплексі туризм саяхат сияқты нақты шекті, сипатта көптеген анықтамалар түсінушілік жағынан нақты шектелінеді.
Туризмнің негізгі ерекшеліктері:
1) Саяхатқа қарағанда туризм адамдарды қысқа мерзім уақытында орын ауыстыруы.
Статистика бойынша туризмнің көптеген бөлігі демалыс күндеріне (2-3 күн), одан ары үлкен емес туристік сапарлар (6-7күн), одан кіші бөлігін 8-12 күндік турлар алып жатыр. Ал қалғаны біраз ұзақ туристтік сапарлар статтистикадан түсіп қалады. Себебі жалпы массада меншікті салмағының өте кіші болуына байланысты.
2) Туризм үшін ең маңыздысы тұрғылықты жерінің категориясын анықтау. Туризм адамның тұрғылықты жеріне басқа жерге баруын, туризм мақсатында мемлекетке баруын қарастырады.
Негізгі категориясы болып туризм мақсаты жатады. Туризмнің басты мақсаттары: көңіл көтеретін рекреациялық және танымдық. Маңыздылығы бойынша екінші болып сауықтыру және емделу мақсатталы, одан кейін маманды - кәсіптік, қонақжайлық тағы басқа Қазақстан заңдылығы бойынша туризмнің түсініктері.
Туризм - демалу мақсатында іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристік қызмет - туроператорлық және турагенттік қызмет, статистикалық саяхат ұйымының қызметі бойынша.
Ішкі туризм - Қазақстан Республикасы азаматтары мен оның аумағында тұратын адамның Қазақстан Республикасының шегіндегі саясаты кіреді.
Келу туризмі - Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты, тұрақты тұрмайтын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Турист-физикалық тұлға, демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан 24 сағаттан бастап бір жылдан аспайтын уақыт ішінде, әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар.
Туристік ресурстар болып - табиғаттың климаттық, тарихи, әлеуметтік - мәдени, сауықтыру нысандарды, туристтердің рухани қажеттілігін қанағаттандыратын олардың физикалық күшінің дамуы және қалпына келетіндер жатады.
Туристік индустрия - қонақ үйлер және т. б. таралу түрлерінің, транспорт түр, қоғамдық тамақтану орнының көңіл - көтеру орындары, танымдық нысандар, кәсіптің, сауықтыру, спорттық және т. б. негіздегі ұйымдардың, туроператордың және турагенттік қызметін, статистикалық экскурсиялық және аудармашы қызметтерінің жиынтығын айтамыз.
Тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристтік қызмет көрсету кешені.
Туристтік қызмет көрсету - туристік саяхат кезеңінде және осы саяхатқа байланысты туристтің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашы) көрсететін қызметтер және сапар мақсатында байланыты көрсетілетін басқа да қызметтер)
Туристік өнім - саяхат барысында туристтің қажетін қанағаттандыру үшін жергілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
- турлар - сауықтыруға бағытталған (танымдық - сауықтыру)
- өткізілген туристік - экскурсиялық қызметтер.
- турист - сувенирлі тауарлар (карта, открыткалар, сувенирлер және т. б. )
Туристік өнімнің қозғалысы - туристік өнімдердің іске асу шараларының комплексі және жиынтығы (жарнама, арнайы маманданған выставкаларда қатысу, туристік өнімнің сатылымы туралы туристік ақпарат орталықты ұйымы, каталогтардың басылып шығуы, буклеттер және т. б.
Туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әр-туроператор) өзінің туристік өнімдердің қалыптасу, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі.
Турагенттілік қызмет - қызметтің осы түріне лицезиясы бар жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі.
Гид (аудармашы қызметі) - туристердің уақытша келген жерлерінде туристік ресурсын және таныстырумен айналысы арнайы маманданған физикалық тұлға қызметі.
Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.
Туристік ваугир - туристтің құқты қызметіне, турдың құрылымына кіретін және оның растығын анықтайтын құжат.
Туристік маршрут - бұл туристік топтарды белгілі бір реттілікті жолдарын алдын-ала пландаған қозғалыс графигі, аралату. Ұйым формасына қарай маршруттар планды (мұндай маршруттар туристік ұйымдармен арнайы жасалынады, ал олар үшін экскурсиялық және туристік жолдамалар шығарылады) сондай - ақ (бұл туристік топтармен өздігінен және туристер клубы және туристік секциялардың ұсынуларымен жасалынады) Туризмді мемлекетке импорттауға және экспорттауға да болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz