Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу



1 Әкімшілік құқық бұзушылық
2 Ел дамуының бағдарламалық құжаты
3 Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері
4 Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана құқықтық құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар жиынтығы маңызды жүйелік сипат - азаматтық - іс жүргізу, әкімшілік - іс жүргізу және қылмыстық - іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің жаңа түрі ретіндегі әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс қызығушылық тудырады.
Қазақстанның Негізгі заңы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде әлемдік қауымдастыққа енуіне және елдегі экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге байланысты, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу саласын түбегейлі өзгерту туралы мәселенің өзектілігі артып отыр.
ХХ ғ 60 ж ортасына дейін іргелі құқықтық санат ретіндегі процестің мәні туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық процестер негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің юрисдикциялық сипаты: құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және мәжбүрлеуді қолдану (қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және қылмыстық процестердің мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытынан шығады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа
әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті
құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің
ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана  құқықтық
құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар
жиынтығы маңызды жүйелік сипат -  азаматтық - іс жүргізу, әкімшілік - іс
жүргізу және қылмыстық -  іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс
жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің
жаңа түрі ретіндегі  әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс
қызығушылық тудырады.
Қазақстанның Негізгі заңы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары
әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм
айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны
мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің халықаралық қатынастардың
толыққанды субъектісі ретінде әлемдік қауымдастыққа енуіне және елдегі
экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге байланысты, қолданыстағы
заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу саласын түбегейлі өзгерту
туралы мәселенің өзектілігі артып отыр. 
ХХ ғ 60 ж ортасына дейін іргелі құқықтық санат ретіндегі процестің мәні
туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық процестер
негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің юрисдикциялық сипаты:
құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және мәжбүрлеуді қолдану
(қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және қылмыстық процестердің
мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық юрисдикция мақсаттары үшін
арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытынан шығады.
ХХ ғ 60 жж басында құқықтанушы ғалымдардың процесс түрлеріне, оның
ішінде әкімшілік процесті зерттеуге деген қызығушылықтары арта бастады.
 1964 ж басылымнан шыққан Н.Г. Салищеваның алғашқы монографиялық еңбегінде
әкімшілік процесс, азаматтық және қылмыстық процестердің көрінісі ретінде
сипатталған. 
Біріншіден, юрисдикциялық қызмет, мемлекеттік органдар және ұйымдар
жүргізетін атқарушы әкімшілік қызметінің тек бір бөлігін ғана білдіреді. 
Екіншіден, әкімшілік процесс шеңберінде юрисдикциялық сипаттағы
істердің санаттарын ғана қарастыру, мемлекеттік басқару органдарының
көпжақты ұйымдастырушылық қызметінің әкімшілік іс жүргізу, басқару сипатын
жоққа шығару болып табылады. 
Үшіншіден, әкімшілік процесс функцияларын юрисдикциялық сипатта ғана
қарастыру барысында, оның шеңберінде көптеген жеке істерді шешу мәселелері
елеусіз қалады. 
Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу,
оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп
айту қиынға соқтырады. 
Бесіншіден, әкімшілік процесті, процесс және әкімшілік іс жүргізу деп
 бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық
тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу
процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара
қатынаста болады. 
Алтыншыдан, әкімшілік процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін
қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен
қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды. 
Ел дамуының бағдарламалық құжаты – Қазақстан – 2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп–өркендеуі, қауіпсіздігі және әл–ауқатының артуы
атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев "тәуелсіз,
гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық
бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы
жағдайын қарастырумен байланысты" [1], деп айрықша атап өткен. Осы орайда,
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, биліктің әрбір
тармағын, ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына етене жақын, азаматтың құқығы
мен бостандығын қамтитын атқарушы билікті зерттеудің жаңа әдістерін қажет
етеді. Осы мәселеге байланысты, мемлекетіміздің қазіргі таңдағы даму
кезеңінде, арнайы іс жүргізу нормалары арқылы әкімшілік-құқықтық дауларды
қарастыратын әкімшілік соттар жүйесін құрудың қажеттілігі туралы мәселе
өзекті болып отыр. 
Біріншіден, 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалық етуіне
байланысты, Еуропа Кеңес мүшелігіне үміткер Қазақ елі үшін адамның
құқықтары мен бостандығын қорғау деңгейін еуропалық және әлемдік
талаптарға, стандарттарға сәйкестендіру аса маңызды. Бұл ең алдымен, қазақ
халқының ұлттық ерекшелігін ескере отырып дербес әкімшілік сот ісін
жүргізуге қатысты мәселе.  
Екіншіден, қазіргі кезеңде жария-құқықтық қайшылықтарды реттейтін
нормалар шашыраңқы түрде, бұл әрине оларды қолдануда және бірыңғай құқықтық
саясатты қамтамасыз етуде қиындық тудыруда. 
Үшіншіден, Қазақстан Республикасында дербес, мамандандырылған
әкімшілік сот ісін жүргізуді құру, мемлекеттің саяси идеяларына және
азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін шенеуніктердің қияндықтарынан
қорғаудың тиімді механизмдерін құруға бағытталған қайта құруларға сәйкес
келеді. 
Қазіргі таңдағы заң доктриналарындағы әкімшілік іс және әкімшілік-
құқықтық дау терминдері күрделі және талас тудырып отырған ұғымдар екенін
ескерте кеткен жөн. Бірқатар ғалымдардың осы заң санаттарын түбегейлі түрде
зерттеуге ұмтылып отырғанына қарамастан, әлі күнге дейін олардың  ара-
қатынасы және өзара байланысына қатысты ортақ тәсілі болмай отыр. Барлық
құқықтанушылардың, "әкімшілік-құқықтық дау" және әкімшілік іс ұғымдары
өзара байланысты болуы керек деген көзқарастарына қарамастан, олар ұқсас
болмай отыр. Берілген термин, атқарушы билік органдары қызметінің саласымен
қатар, әкімшілік әділеттің мамандандырылған сот органдарында немесе
арбитражды соттар және әкімшілік-құқықтық дауларды шешетін жалпы
юрисдикциядағы соттар қызметінде де қолданыла алады. Бүгінгі таңда заң
ғылымында, әкімшілік дауларды әкімшілік юрисдикция арқылы шешу керек деген
пікірлер айтылуда. Алайда, әкімшілік дау түсінігін тек сот ісін жүргізумен
шектеп қана қарастыруға болмайды, себебі әкімшілік-құқықтық даудың, яғни
әкімшілік істің сипаты бірыңғай және даулы құқықтық қатынастарды шешудің
тәртібі оны өзгерте алмайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қазіргі таңда әкімшілік істердің, сот
органдарының және басқа да биліктік уәкілеттік органдарының юрисдикциялық
өкілеттіктерін жүзеге асыру арқылы шешіле алатындығын ерекше атап өтеміз. 
Әкімшілік – іс жүргізу қызметінің және Қазақстан Республикасындағы
барлық деңгейдегі басқару жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі әкімшілік-
құқықтық дауларды шешудегі бірыңғай механизмінің болмауы. Сот тәртібінде
қарастырылатын осы түрдегі даулардың үлес салмағының өсуі, осы дауларды
шешудің соттан тыс тәртібін нақтылап, әкімшілік-құқықтық қатынастар
шеңберінде биліктік өкілеттіліктерді асыра пайдалану мүмкіндіктерін жоққа
шығаратын, әкімшілік – құқықтық даулардың түрлерін реттейтін тәртіпті
нормативтік - құқықтық негізде бекіту қажеттігін көрсетеді. 

Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері
   Әкімшілік  процесс құрылымында  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
істер бойынша  өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны  өкілетті 
субъектілердің  әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі  және осы кезде
туындап әкімшілік құқық  нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы
ретінде де қарастыруға да болады.
Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс
жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді
қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген
әрекеттерінің тәртібі.
Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік сот ісін жүргізу
Әкімшілік процесс субьектілері
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері
Әкімшілік процесс құрылымы
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттағы өкілдің мәртебесі, рөлі және құқықтық реттелуі туралы
Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарау
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнама туралы
Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
Пәндер