Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Кіріспе
1 Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
1.1 Ғылыми зерттеудің әдістемесі. Зерттеу бағытын таңдау
1.2 Ғылыми іс . әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері
1.3 Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау . ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі
2 Ғылыми зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
2.1 Ғылыми зерттеудің жүргізілу процесі
2.2 Эмпирикалық зерттеу әдістері
2.3 Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері
3 Ақпараттық іздестіру теориясының негіздері
3.1 Ақпараттану туралы түсінік. Ақпараттану ғылым ретінде
3.2 Ақпараттық іздестіру және ақпараттық технология
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.

1.Бабаев Б. Жалпы педагогика. – Алматы, 2006.
2. Педагогика және психология сөздігі. – Алматы, 1995
3. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. А., 2005.
4. Герасимов И.Г.Структура научного исследования. – М.,1985.
5. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред.С.А.Смирнова. 3-еизд. – М.: «Академия», 1999.
6. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.
8. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.
9. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.
10. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.
11. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж
12. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).
13. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2
14. Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. - Қазақстан мектебі. 2009. -№12. (61-64 бет).
15. Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005.
16. Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста мынадай нормативтік құжаттарға:
- ҚР Білім туралы заңы;
- ҚР Білім және Ғылым министрлігі 2005ж.23.12. №779 бұйрығымен
бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.
- ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасына;
- ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сілтемелер қолданылған.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы
талаптар. Университет ережесі. УЕ-ХҚТУ-015-2014
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей терминдер мен анықтамалар
қолданылды:
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту.
Кейс-технология - оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан
консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және
мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау.
Компьютерлік білім алу – бұл бағдарламалық амал (бағдарламалық
топтама) немесе заттық мағынадан тұратын және оқытылушымен бағытты
қатынастан тұратын, белгілі бір педогогикалық тапысрмаларды шешуге
арналған бағдарламадық-техникалық топтама.
Компьютерлік оқыту жүйесі - бір немес бірнеше бөлімдер (тақырып)
курстары (тәртіп) бойынша базалық дайындық үшін компьютерлік білім алу.
Білім бақылауының компьютерлік жүйесі - берілген тәртіп, курс, бөлім,
тақырып немесе заттық көлем фрагменті бойынша оқытудың (тестлеудің) білім
дәрежесін анықтау үшін және оның белгіленген талаптар санаттарын санап
бақылау үшін компьютерлік білім алу.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ДЭЕМ – дербес электронды есептеуіш машина
ЖАТ - Жаңа ақпараттық технологиялар
ЖОО – Жоғарғы оқу орны
ҒТЖ - Ғылыми - техникалық жұмыстар
ТЭН - Техниклық-экономикалық негіздеме
ҚБП - қолданбалы бағдарламалар пакеті
КОЖ - Компьютерлік оқыту жүйесі
КБА - Компьютерлік білім алу
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
1.1 Ғылыми зерттеудің әдістемесі. Зерттеу бағытын таңдау 5
1.2 Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері 13
1.3 Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің
алғашқы кезеңі 23
2 Ғылыми зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
2.1 Ғылыми зерттеудің жүргізілу процесі 27
2.2 Эмпирикалық зерттеу әдістері 35
2.3 Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері 44
3 Ақпараттық іздестіру теориясының негіздері
3.1 Ақпараттану туралы түсінік. Ақпараттану ғылым ретінде 55
3.2 Ақпараттық іздестіру және ақпараттық технология 58
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер 65
Кіріспе
Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға
бағытталған зерттеу ортасы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми
еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен,
экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің
қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан
бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым
кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция
тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес,
керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің
барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта,
басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың
маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене
және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның
күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара
байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты
ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы.
Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін,
тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу
бағытына қарай ерекшелінеді.
Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады,
сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі
организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола
алады.
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының
бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы,
қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы
білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында,
кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге
жіктеледі.
Диплом жұмысының мақсаты. Ғылыми зерттеудің жоспарын ұйымдастыруда кез
келген ізденушінің бекіткен ғылыми тақырыбын анықтап, оған талдау
жүргізеді және кез келген ізденушінің білімін жоғарлатуды қадағалайды.
Іс – тәжірбиеден өту барысында ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізіуді
қарастырады. Сонымен қатар ғылыми тақырыпқа байланысты ғылыми зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде жинақтаған құжаттардан ҚР білім және ғылым
саласындағы комитетінің ұсынылуымен журнал беттеріне мақалалар жазу
әдістерін үйренеді. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми – практикалық
конференцияларға қатысу, доклад жазу әдістерін және ақпараттық іздестіру
теориясының негіздерімен таныса алады.
Диплом жұмысының міндеті. Бұл диплом жұмысының міндеті кез келген
ізденушінің ғылыми ізденушілік тақырыбын бекіту, мұрағатта, кітапханаларда
ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді қадағалау, мұрағаттардағы
құжаттарды анықтап талдау. ҚР білім және ғылым саласындағы комитетінің
ұсынылуымен журнал беттеріне мақалалар жазуына теориялық тұрғыдан көмек
беру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады:
Бірінші бөлімде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау,
ғылыми зерттеудің әдістемесі, зерттеу бағытын таңдау, ғылыми іс - әрекет,
оның мақсаты мен ерекшеліктері және зерттеудің мәселесі мен тақырыбын
анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі мәселелері қарастырылған.
Екінші бөлімде ғылыми зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі, ғылыми
зерттеудің жүргізілу процесі, эмпирикалық зерттеу әдістері және ғылыми
бағыттың құрылымдық бірліктері ашып жазылған.
Екінші бөлімде ақпараттық іздестіру теориясының негіздері, ақпараттану
туралы түсінік, ақпараттық іздестіру және ақпараттық технологиялар кеңінен
қарастырылған
Дипломдық жұмыста құжат жасау негіздері, кесте және тізімдер жасау,
графикалық кескіндермен жұмыс жасау жолдары қарастырылады.
1 Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
1.1 Ғылыми зерттеудің әдістемесі. Зерттеу бағытын таңдау
Қазақстан Республикасында ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық
жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы
салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық
Ғылым Академиясы болып табылады.
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты.
Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары
болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия
жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.
Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми - ұйымдастыру жұмыстарын
қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс
салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін,
ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-
зерттеу институттары бағынады.
Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу
орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға
жоғарғы мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық -
оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау
әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы
қаражат, зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ғылми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары
оқу орындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми -
зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген
ғылыми-зерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылыми-
зерттеу институттары үшін ғылыми-техникалық қызметкерлердің арнайы құрамы
бөлінеді.
Кафедраларда, проблемалық лабораторияларда және ғылыми-
зерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар
жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс
уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу
негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды.
Шаруашылық келісім-шарт негізінде зерттеулерді орындау үшін
кафедралар белгіленген шектен тыс қосымша штат қызметкерлерін тартуға
құқылы, яғни оқу-көмекші тұлғалар, аспиранттар мен студенттер.
Кафедралардың салалық министрлікпен байланысы тұрақты болып, ал
өткізілген қолданбалы зерттеулер нәтижелі болған жағдайларда салалық
минстрлік бөлген ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады. Осылайша,
елдің жоғарғы мектебі ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен мамандарды
дайындаудан басқа ел үшін маңызы бар зерттеулердің үлкен бөлігін орындайды.
ЖОО-да өткізілген зерттеулердің тиімділігі - кешенді ғылыми жұмыстарды
орындауға жағымды жағдай туғызатын ғалымдар мен мамандардың қатысуынан
байқалады.
Кафедралардағы, ғылыми мекемелердегі, жоғары квалификациялы ғалымдар
жетекшілігіндегі ғылыми зерттеу концентрациясы, таңдау мүмкіндігі мен
барынша дарынды студентті ЖОО-да қалдыру - халық шаруашылығы саласында
жоғарғы ғылыми беделі бар ғылыми мектеп қалыптастыруға жақсы жағдай
туғызады.
Бүгінгі таңда өндірістің тікелей итеруші күшіне айналған ғылымда
ғылыми - техникалық ревлюцияның мәні күннен – күнге артуда.
Ғылым - жаңа білім алып, оны қолдануға бағытталған интеллектуалдық
қызыметкер:
- технологиялық, экономикалық, қоғамдық, гуманитарлық проблемаларды
шешу;
- ғылым, техника және өндірісті бір жүйе ретінде қамтамассыз ету.
Үлкен машина өндірісінің пайда болуы ғылымды өндірістің өзінің
белсендіфакторына айналдырады. Ғылыми – техникалық революция жағдайында
ғылымның түп тамырымен өзгеруі болды. Мұнда ғылым тек техниканы меңгеріп,
соның деңгейіне жетуді ғана мақсат еткен жоқ, ол одан асып кетті.
Саясаттануда, басқаруда, білім жүйесінде және материалдық өндірісте ғылымың
қажеттілігі, басқа қызыметтерден қарағанда ғылымның даму жылдамдығын
арттырды.
Ғылымың жіктелуі. Маркс бойынша келесідей жіктейді: техникалық,
табиғи, қоғамдық және философия болып бөлінеді. Бұл жіктелудің негізіне
материалдық әлемнің негізін зерттейтін барлық ғылымдар жатыр.
Ғылымды жіктеу проблемалары – барлық ғылыми білімің құрылымының
проблемалары. Қазіргі заманғы ғылымның жіктелуі дифференциалдық және
интегралдық болып бөлінуі.
Техикалық ғылымдарда табиғи денелердің мақсатты түрленуі деген жүйелік
білім бар. Ғылыми техникалық білімді қосуға бағытталған алғашқы қадамдар
Энгельсте көрінген жүйелеу және жіктеуден көрінеді. Одан әрі аталған
жіктелу даму мен бірігуге алып келінді.
Ғылымның даму кескінін тереңірек қарастырмай жатып, біз таза түрде
ғылыми білімнің жүйесі ретінде ғылымның дамуының басты тенденциясын
анықтамақ боламыз. Әрине, шынайы келгенде барлық тенденциялар бір – бірімен
бірігуі мүмкін. Қазіргі заманғы негізгі тенденцияға дифференциалдық дамудан
интегралдық дамуға айалуы жатады. Ғылым даму классификациясына
фукционалдылықтан субстраттыққа айналуы тән. XVI...XVII ғғ бастап ғылымның
дамуы затпен емес, қозғалыс формасымен немесе зерттелетін заттың жеке
жақтарынан ерекшеленді.
Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері.
Қазіргі заманғы ғылыми- техиникалық ойлау қарастырылатын құбылыс пен
процессті толық түсінуге бағытталған. Осылайша қарастыру меңгерілетін
тыңғылықты қарым – қатына жасау, ол заттың пайда болу кезеңін, дамуын және
оның тарихи қолдануын қарастыра отырып мүмкін болды.
Белгілісі сол жаңа ғылыми нәтижелер мен бұрыннан бар білім
диалектикалық қарым – қатынаста болады.
Ғылыми зерттеуде барлығы маңызды. Барлық назарды негізгі немесе басты
проблемаларға аудара отырып, бір қарағанда маңыздылығы аз көрінетін жанама
фактілерді де ұмытпау керек. Жиі байқалатыны мұндай фактілер маңызды
жаңалықтың ашылуының көзі болып табылады.
Ғылымда қандай да бір ғылыми фактіні орнату жеткіліксіз, сонымен қатар
оны қазіргі ғылым тұрғыдан түсіндіріп, жәнеде оның қоғамдық, теориялық және
практикалық маңызын көрсету керек.
Практикадан, қоршаған әлемді бақылаудан жәнеде өмір қажеттілігінен
идея туады. Идея негізіне нақты фактілер мен оқиғалар жатады. Өмір нақты
тапсырмаларды жүктейді, бірақта өнімді идея мен шешім бірден пайда
болмайды. Сол кезде зерттеушінің таңсық дүиеге жаңа шешім беру қасиеті
келеді.
Ғылыми зерттедің жалпы схемасы
Ғылыми зерттеудің барлық сатысын келесі логикалық схема түрінде
қарастыруға болады:
1 Таңдалған тақырыптың өзектілігі.
2 Нақты мақсат пен тапсырмалар жүктеу.
3 Затты анықтау және зерттеу заты.
4 Зерттеу жүргізудің әдісін таңдау.
5 Зерттеу процессін суреттеу.
6 зерттеу қортындысын талқылау.
7 Қортындыны дайындау және алынған нәтижені бағалау.
Зерттеу процесін суреттеу — логикалық заңдар мен ережелерді қолдана
отырып зерттеудің әдісі мен техникасы жақсы байқалатын диссертациялық
жұмыстың негізгі бөлігі.
Ғылыми зерттеудің ең маңызды сатысына – арнайы отырыстарда, ғылыми
кеңесте алдын – ала диссертацияның практикалық және теориялық құндылығы
бағаланатын нәтижені талқылау жатады.
Ғылыми зерттеудің соңғы сатысына өткізілген диссертациялық жұмыстың
ғылыми және практикалық нәтижесінен тұратын қорытындылау жатады.
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау және ғылыми-ізденіс жұмыстарының
кезеңдері.
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау мақсаты зерттеу әдісін анықтау және
берілген тапсырмаларды шешу қабілеті арқылы анықталады. Осы сатыда ғылыми –
техникалық әдебиетті жинау және таңдау нормотивті – техникалық құжат,
аналог жайында ақпарат және тақырыпқа қатысты басқа да материалдар іске
асады.
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау сатысында тапсырманы шешу мүмкіншілігі
қалыптасады; жаңа өнімді енгізудің экономикалық эффективтілігі анықталады.
Нәтижені бағалау жұмыстың жалпыланға нәтижесі жазылған есеп жасау мен
оны безендірумен сипатталады.
Ғылыми - техникалық жұмыстардың орындалу тізбегі, саты сапасы мен
олардыдың орындалу тізбегі, саты сапасы мен олардың мазмұны зерттеу
бағытымен байланысты, ҒТЖ сипаты мен қиындылығы, тақырыптың дайындалу
дәрежесіне байланысты. ҒТЖ – ға келесі сатылар тән:
– Техникалық тапсырманы орындау;
– Зерттеу бағытан таңдау;
– Теоретикалық және эксперименттік зерттеулер;
– Зерттеу нәтижесін жалпылау мен бағалау;
– ҒТЖ қабылдауы.
Қолданбалы ҒТЖ – да зерттеу бағыты жеке сатыда ерекшеленбейді.
Соңғы саты ҒТЖ қабылдауы. Бұл сатыда ҒТЖ қабылдау комиссиясының
қарауына дайындалады. ҒТЖ қабылдау түрі техникалық тапсырмада орындалады
және зерттеу маңызы мен құнына байланысты. Комиссия ҒТЖ – ны ол берген
бағдарламаға сәйкес қабылдайды. Жұмыс техникалық тапсырмада орнатылған
нәтиженің талаппен сәйкес келуімен бағаланады
Ғылыми зерттеу жұмысының есебі бекітілсе, ғылыми – техникалық кеңесте
жұмыс жоспары оң болса жәнеде комиссия бекіткен акт бекітілсе Ғылыми
зерттеу жұмысы орындалған және қабылданған деп есептеледі.
Ғылыми мәліметтерді іздеу, жинақтау және өңдеу.
Ғылыми зерттеуді қамтамассыз ететін тапсырманың маңызы зор. Ең озық
әдіспен ақпараттарды жинау, іздеу, сақтау, өңдеу және беру маңызды.
Бірнеше қатарды ерекшелеуге болады:
Техникалық (инженерлік), есептеуіш техника мен автоматтандырылған
ақпараттық – іздеу жүйесі, программалау, есептеуіш техниканы программамен
қамтамассыз етумен байланыстысырманы шешумен байланысты.
Ақпараттық жүйелер. Халықты ақпаратпен қамтамассыз ету үшін ақпараттық
жүйені жасау, қолдану және өңдеу. Осыған айланысты информатика термині
пайда болды.
Ақпаратты пайдаланушылар.
Әр тұтынушының ақпараттық жүйеге, өз сұранысы бар. Жәнеде оның талабы
жеке адамдық пікір. Бірақта рацианалдық түсінік бойынша ақпараттық жүйені
пайдаланушы тұтынушылар келесі топтарға бөлінеді:
1. Ғылыми зерттеуді өткізумен байланысты;
2. Жаңа техниканы жасау мен өңдеумен байланысты;
3. Басқару шешімін қабылдаумен байланысты;
4. Жаңа техниканы жасаумен байланысты.
Ақпаратты беру тәсіліне байланысты құжаттар:
– тексттік (кітаптар, журналдар, есептер және басқалар);
– графикалық (сызбалар, схемалар, диаграммалар);
– аудиовизуальдық (дыбысжазу, кино, және бейнефильмдер);
– машинаоқитын (мысалы, анықтама базасын құрайды);
– бастапқы (ғылыми зерттеудің тікелей нәтижесін алушы);
– қосымша (аналитикалық – синтетикалық және логикалық өңдеуден
тұратын).
Библиографиялық көрсеткіш тық және журналдық типтегі баспаға жатады.
Библиографиялық суреттеудің орналасу жүйесіне байланысты көрсеткіштер
системалық және пәндік болып бөлінеді.
Теориялық зерттеу
Теориялық зерттеу диссертацияны жазудың міндетті бөлігі болып
табылады. Аталған маңызды бөлімдегі зерттеу көлемі мен тереңдігі сәйкесінше
ғылыми мамандықпен анықталады, сонымен қатар ізденушінің мүмкіндігі мен
оның қабілетіне байланысты. Теоретикалық зерттеу аксиомаларға, заңдарға,
принциптерге, теоремаларға жәнеде логикалық құрылымға негізделеді. Олардың
мәне жаңа бір зерттеу нәтижесін алмас бұрын сол тақырыптағы өткен
білімдерге талдау жасай келе логикалық үйлесімді жаңа нәтиже алу.
Теоретикалық зерттеудің басты мақсаты келесі тапырмаларды шешу болып
табылады:
– зерттелетін заттың физикалық табиғатын, құбылысты және процесстерді
оқу;
– жалпы және жеке сипаттамасына негіздей принциптік моделін орнату;
– зерттелетін заттың мүмкін болатын эквивалентті моделін салыстыру;
– функционерлеген заттың мүмкін болатын эквивалентін салыстыру;
– зерттелетін заттың внвлиз, синтез және оптимизация параметрін шешу.
Теоретикалық зерттеуде жалпы қабылданған, барлығына ортақ әдістермен
қатар, арнайы әдістер де қолданады. Жалпыға қабылданған әдістер келесілер:
– салыстыру – берілген заттың біртекті қасиетін басқалармен
сәйкестендіру (сапалық және сандық);
– талдау– жалпы затты ойша немесе физикалық тұрғыдан жеке оны құрап
тұрған элементтерге бөлу;
– синтез – жеке құрап тұрған элементтерді ойша немесе физикалық
тұрғыдан қосу;
– жалпылау – бірнеше топтағы обьектілерге олардың сыны мен қасиетін
орналастыру;
– индукция – жеке жағдайдан жалпы қортынды жасау;
– дедукция – жалпы жағдайдан жеке сипатты қортынды жасау;
– ой эксперименті – материалдық іске асуы мүмкін емес үлгілердің
комбинациясы;
– идеализация – затты, оның шын іске асу шартын есепке алмай ойша іске
астыру.
– формализация – операция арқылы заттың құрылымы мен өтетін
процесстердің заңдылығын анықтауға көмектесетін жалпыланған белгілі
моделдерді құру.
– моделдеу –зерттелетін заттың орнын ауыстыратын моделді құру және
меңгеру жәнеде соңынан алынған ақпаратты түпнұсқаға көшіру.
Бүгінгі таңда осындай тапсырмаларды орындауға қолданылып жүрген
идентификациялық әдіс келесі сатылардан кезектен өтеді:
– зерттеудің затын мазмұнды суреттеу, жүйе ретінде;
– жалпыланған априорлық ақпарат;
– мақсатты талдау және жасау және зерттеу тапсырмаларын анықтау;
– жүйенің декомпозициясы;
– зерттелетін заттың схемасын жасау;
– математикалық моделді жасау;
– математикалық моделді моделдеуші алгоритмге түрлендіру.
Ғылыми және техникалық шығармашылықтағы модельдеу
Моделдеу – зерттеудің творчествасының ғылыми – техникалық негізі.
Моделдеу заттың жанама опирациясының практикалық және теоретикалық
әдісі ретінде анықтауға болады. Сонымен қатар заттың өзі зерттелмейді, тек
сол зерттелетін затпен белгілі – бір сәйкестікте болатын аралық көмекші
зерттеледі.
Моделдеуде физикалық табиғаты әр – түрлі, біртекті физикалық табиғат
пен құбылыстың сапалық және сандық қасиетін анықтайтын көмек маңызды.
Табиғатта материалдық бірлігінің нәтижесінде жалпы келтірілген мен
қарапайым форма кеңейтілген практикалық жалпылау жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша моделдеуде кейбір сәйкестік болуы керек. Ол сәйкестік
моделден зерттелетін үлгіге ауысуды орындайды. Мұндай сәйкестік масштаб деп
аталады. Моделдеу жалпы философиялық және жалпығылыми проблемаларды шешуге
бағытталған (бірінші аспект) жәнеде нақты ғылыми – техникалық тапсырмаларды
(екінші аспект) шешуге бағытталған. Мұнда моделдеу зерттеу құралына
айналады. Талдауды қабылдау мен шешу аппараты сонымен қатар әр – түрлі.
Үйлестік құбылысы модел мен түп нұсқаға қатысатын, құбылысты
меңгергенде қатысатын шамалардың сәйкестігімен сипатталады (жеке жағдайда
пропорционалдық).
Абсолюттік үйлестік, кеңістік пен уақытта күйлер мен құбылыстың толық
бірігуін талап етеді.
Толық үйлестік – уақыт пен кеңістікте өтетін процесстердің
үйлесімділігі. Мысалы, синхрондық генератор басқа генераторға қарағанда
толық электромеханикалық үйлесімді.
Толық емес үйлесіміділік уақыт пен кеңістіктегі процесстерді оқумен
байланысты. Синхрондық генераторда электромеханикалық процесстер уақытқа
үйлесімді сияқты.
Физикалық табиғаттың моделі мен түп нұсқасы адекваттық жағынан:
– физикалық – меңгерілетін құбылыстың бірдей физикалық
табиғатында іске асады;
– аналогты – салыстырмалы процесстердің параметрлерімен осы және
басқа мағынасында сәйкестікті талап етеді.
Мысалы, физикалық табиғаты әр – түрлі құбылысты сипаттайтын теңдеудің
бірдей формасы.
Ұқсастық теоремасы. Жоғарыда айтылған ұқсастықтар жалпы заңдылықтарға
бағынады. Осы бағынатын заңдылықты ұқсастық теоремасы деп атау келісілген.
Болжамнан барлығы үш теореманың екеуі алынған. Мұнда ұқсастығы алдын – ала
белгілі құбылыс алынған. Олар параметрлер арасындағы ұқсастықты орнатады.
Ал үшінші теорема болса, құбылыс ұқсас немесе үйлесімді болуы үшін шартты
ғана орнатады.
Эксперименттік зерттеу.
Негізі ғылым болып табылатын ғылыми зерттеудің маңызды құрама бөлігі
болып эксперимент (көбіне биологиялық, қоғамдық, педагогикалық және
психологиялық ғылымдарда қолданады) табылады. Түрлендіруші эксперимент
зерттелетін үлгінің функциясы мен структурасына белсенді өзгертеді.
Зерттеуші үлгінің дамуына сәйкес жасырын тенденцияға сәйкес алдын – ала
сәйкес болатын шарт қояды. Эксперимен процессі кезінде затқа әсер ету мен
оның нәтижесі арасындағы байланыс орнатылады.
Теорияның математикалық теориясы зерттеу жүргізудің үйлесімді шартын
анықтайды. Эксперименттің математикалық теориясы зерттеу жүргізудің
үйлесімді шартын анықтайды жәнеде ол шарт зерттелетін заттың физикалық
табиғатын толық анықтамағанда да анықталады. Ол үшін тәжірибені
дайындағанда және өткізгенде математикалық әдіс қолданады. Аталған әдіс
эксперименттің өтуінің жоғарғы эффективтілігін және зерттелетін
факторлардың анықтамасының дәлдігін анықтайды. Сонымен қатар құбылыстың
механизімін толық білмегенде экспериментті басқаруға мүмкіндік береді.
Эксперименттер алдын – ала келісілген алгоритммен аздаған сериямен
өткізіледі.
Әр сериядан кейін нәтижелерді өңдей жәнеде одан ары не істеу керек
екендігі шешіледі.
Математикалық жоспарлау әдісін пайдаланғанда: қиын процесстерді
шешумен байланысты әр – түрлі сұрақтарды шешу, эксперименттің жоғары
сапамен өтуін қадағалау шешіледі.
Эксперименттік зерттеу нәтижелерін өңдеу
Кездейсоқ олқылықты талдау кездейсоқ қателіктерге негізделген. Ол
дегеніміз белгілі бір кепілдікпен нақты мәнін алуға жәнеде мүмкін болатын
қателікті бағалауға мүмкіндік береді.
Кездейсоқ қателік теориясының негізіне бірден шамалардың көп санының
кездейсоқ қателігі, сол шаманың теріс таңбамен алғандағы кездейсоқ қателігі
тең екенін көрсетеді. Көп қателік аз қателіктен қарағанда аз (шаманың
артуымен қателіктің пайда болу ықтималдылығы азаяды); өлшенетін шамалардың
шексіз көп санының өлшенуінде нақты мәні барлық өлшеу нәтижесінің
орташаарифметикалық санына тең. Кездейсоқ оқиға ретінде осы және басқа
нәтижелердің пайда болуы таралу заңымен суреттеледі.
Өлшеудің басты және терілмелі қосындысы ажыратылады. Басты қосындығы
барлық х пен, оның мүмкін болатын қателігі ∆х жатады.терілмелі қосынды
үшін өзгеру саны n шектеулі, жәнеде әр нақты кезде нақты анықталады. Егер
n30 болса, онда х өзгерісінің орташа шамасы нақты мәнге жақындайды.
Ғылыми жұмыстардың нәтижесін өңдеу
Қортынды жасалынып, жалпыланған соң, иллюстрацияны дайындалып,
дәлелдер анық болған соң, келесі саты – алынған нәтижені есеп, мақала
ретінде әдеби безендіру керек болады.
Шығармашылық еңбекті әдеби безендіру білім мен кейбір талаптарды
ұстануды қажет етеді. Ең бастысы жеткізудің түсініктілігі, жүйелілігі мен
материалдарды айтудың кезектілігі болып табылады.
Текстті абзацтарға бөліп, азат жолдан бастау керек. Абзацқа бөлу
ережесі оқуды жеңілдетіп, мағынасын оңай түсінуге көмектеседі. Әр абзац бір
немесе бірнеше абзацтан тұрып, ол абзацтар жеке ойды білдіреді.
Жазбада қайталауға жол бермеу керек, жәнеде бір абзацтағы ой толық
аяқталмай тұрып келесі абзацқа көшуге рұқсат етілмейді. Жазбада дұрыс
бағыңқы сөздерден құрастырылмаған, ұзақ, кіріспе сөздер болмауы тиіс. Жазба
қысқа әрі түсінікті болуы тиіс. Текстте тавтология болмаса, бір сөз қайта –
қайта қайталанбаса жақсы қабылданады.
Сөз факт автордың жағында болмаса да бар көзқарастарға критикалық
бағалаулы болуы тиіс. Егер екі ұшты пікір бар болса, онда ол жайлы айту
керек. Текстте оны баяндаушы адамға аз сілтеме жасалынуы керек. Егерде
ондай бар болса онда біздіңойымызша, автордың пікірінше деген сияқты үшінші
жақта сөйлеу керек.
Жазбаны сандармен, цитаталармен, иллюстрацияларды көп қолданбау керек.
Өйткені ол оқушының назарын аударып, мағынасын толық түсінтпейді. Бірақта
ондай материалдарды еш қоспауға болмайды, өйткені ол сынау нәтижесін
көрсетеді. Жазбаның цитататық жері сілтемемен бекітілуі тиіс.
Шартты елгілер мен жіберілетін қысқартылған сөздердің барлық жерде
бірдей жазылып тұрғанын қадағалау керек. Мысалы, 10 тонн немесе10 тн,
немесе 10 т., деп жазуға болмайды, тек 10 т (точкасыз). Бұл стандарттар мен
қысқартулар туралы ақпарат сөздіктерде, энциклопедияда бар.
Ғылыми есепті, баяндаманы, мақаланы жазғанда келесі жалпы жоспарды
ұстанған жөн.
Бастапқыда атауын ойластыру керек (жұмыс атауы, ол қысқа, анық, жұмыс
мазмұнына жауапты болуы керек, өйткені атауына қарай содан кейін ғылыми
жұмыс каталогта жіктеледі). Басты бетте жұмыс атауы, атау септігінде
жұмысты орындаушының аты – жөні, жұмысты жазған кездегі жұмысты жазушының
қызыметі, жұмыс жасалған қаланың атауы мен ұйым аты, оның безендірілу жылы,
ғылыми жетекшінің аты – жөні, қызыметі кіреді.
Мазмұнын қысқа формада негізгі бөлімдерді белгілеу арқылы жасалады.
Жазба құрылысында мазмұнының орны не жұмыс басында не жұмыс аяғында болады.
Кейде ғылыми жұмысты безендіруде кіріспе беру керек. Онда ғылыми
жұмысты жасауға не түрткі болғаны, жұмыс қашан және кім орындағаны, аталған
жұмысты жасауға ықпал еткен ұйымдар мен адамдарды тізімдеу керек.
Негізгі бөлімді жазбас бұрын өзіңе оқырманды қызықтыратын сұрақтарды
қойып, осы бөлім бойы оған жауап беру керек. Негізгі көңілді бұл бөлімде
берілген сөздердің нақтылығына, екі ұшты еместігіне бөлу керек.
Жаңа енгізілген терминдер мен ұғымдарды толығымен түсіндіру керек.
Қоғамдық және тіпті арнайы терминдерді ашу міндетті емес.
Сандық материалдар оқырманға түсінікті тілде (таблица, диаграмма,
график түрінде) болуы тиіс, белгілі – бір дәлдікте болуы тиіс, өйткені
олардың қателігі нәтижеге әсер етуі мүмкін. .
Ғылыми зерттеудің тиімділігі және еңгізілуі
Енгізу екі сынмен жіктеледі: материалдық іске асыру; іске асқан заттың
жұмысшы функциясы.
Енгізу материалдық іске асыру формасына қарай келесі топтарға
бөлінеді: басқару мен сынаудың тәсілі, тұтынатын өнім, процессті
автоматтандыру мен басқару, автоматтандыру мен басқару жүйесі, алгаритм мен
бағдарлама, зерттеуді қамтамассыз ету әдісі, стандарттар.
Енгізілетін заттың жұмыс функциясына қарай енгізу:
– ғимараттар мен құрылыстың іске асуы;
– өнімді дайындау;
– ұйымдастыру және басқару жүйесін орнату;
– өндірістік қызыметте типтік нормативті – әдістемелік қызмет пен
өндірісті қолдану.
Енгізу процессі тәжірибелік – өндірістік және сериялық болып
бөлінеді.
ҒТЖ жылдан – жылға дамыса да өндірістік жағдайда барлық болатын
шарттарды есептей алмайды. Сондықтан машиналардың, ғимараттардың,
құрылыстардың жаңа конструкциясы алдын – ала дайындалып, полигон мен
зауыттарда сыналуы қажет. Тәжірибелік аумақтарда тек өндірістік жағдайлар
мен лабораториялық жағдайда сыналып барып қана қолданылады. Техникалық
процесстер өндірістік аумақтарда тәжірибелік тексеруге түседі. Кей
жағдайларда жаңа қондырғыларды қосып, традициялық технологиялық линия қайта
қондырғылармен жабдықтауға ұшырайды. Егер ҒТЖ нәтижесінде жаңа машина,
механизм немесе жаңа сынаманы дайындау керек болса, онда сынама дайындау
керек.
Конструкцияның, материалдың немесе машинаның тәжірибелік сынамасы
бірнеше рет механикалық жүктеу мен табиғи факторларда мұқият оқылады.
Мұндай сынаудың ұзақтығын есептеу береді.
Сынау нәтижесі түсіндірмелі хат түрінде баяндалады. Оған
конструкциялық, технологиялық, эксплуатациялық, экономикалық,
эргономикалық, санитарлық – гигеналық, өртке қарсы, ұйымдық және басқа да
сынаманың ерекшелігін акт түрінде қосымша береді.
Көп жағдайда тәжірибелік сынаманы сынаған кезде ең басты критерий өмір
сүру уақытының ұзақтығы мен жоғары сапа болып табылады.
Ендірудің алғашқы сатысы үлкен экономикалық шығынға алып келеді,
тәжірибелік сынамаларды дайындауда маңызды еңбек өнімділігімен, созылмалы
өндірістік сынамамен байланысты. Бұл сатыда авторлардың зерттеуге қатысуы
шарт және оларды ары қарай жетілдіруге ұсыным бере алады.
1.2 Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері
Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі.
Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың
даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп
отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік
түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса
маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет
бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық
байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр.
Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі
ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке
салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми
жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми
жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында
арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті
интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды
жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы
байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық –
гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген
зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы
процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік)
мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық
проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының,
типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге
болады. Біріншіден, ғылымды логикалық – гносеологиялық зерттеу, оның пәні
ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы
болып алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи
процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи – ғылыми
зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын
зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер.
Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу
зерттеулері.
Сонымен, ғылым – күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің
түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі
жақтарынан зерттейді.
Қорыта айтқанда, ғылым қоғамдық өмірге, әсіресе техникалық –
экономикалық дамуға, әлеуметтік басқаруға, білім жүйесін және адамның
дүниеге көзқарасын қалыптастыруға белсене қатысатын әлеуметтік
институттардың біріне айналды.
Ғылыми шығармашылық
Шығармашылық сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және
қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес
оқушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және
жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа
белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі).
Яғни оқушының танымдық іс - әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі
критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды
таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.
Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың
деңгейі анықтайды: төмен, орташа, жоғары.
Шығармашылық іс - әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген
білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажетіні
ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес.
Кез – келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін
нәтижені алдын – ала көру жатыр.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін
негізгі іс - әрекеттерінің (оқу – танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек,
эстетикалық және спорттық) тиімді арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол
қазіргі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан –
жақты даярлығының деңгейіне қойылатын жоғарғы талаптармен айқындалады.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын
алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың
негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті
оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі саналы іс - әрекеттің бір
түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді
өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Шығармашылықтың көлемі әр оқушыда әр түрлі, сондықтан шығармашылық
дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол
оқушының бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады,
ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу.
Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады,
оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы
мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай
критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану
мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге
жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс
жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға
жататын зерттеулерді бастар алдында бұл кімге қажет ? деген сұрақтар
қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу
мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және
жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне
айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып,
қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал
жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым
теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету
үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді,
есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың
мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл
түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы,
ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса
маңызды. Сырттан қарағанда мұндай іс - әрекет көзге көрінбейді. Ал шын
мәнінде зерттеуші дәл сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды.
Дәл осылай ғылымның көптеген негізгі заңдары қалыптасқан, мысалға физикада,
математикада т.б.
Мұндай іс - әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп – қатер
әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айтқандай, адамның өзіне оның
шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды түсініксіз,
әдеттен тыс фактілерді байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына
байланысты. Сондықтан кейбір жағдайда орасан зор уақыт өткізіп, зерттеуші
ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс нәтиже алуы да мүмкін.
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді.
Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық
өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен
құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу
объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап
математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді,
зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады.
Өнертапқыштық іс - әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер
ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды
деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық
сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс - әрекет
жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол
үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында
қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу - қалыпты пікір
шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми
ой - өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар
тоқырауынан алып шығады.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару
үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын
тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген
жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен
төзімділік, мақсаттану, сәтсәздәкке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді,
бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.
Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементтері
теориялық іс - әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке зерттеушінің
енші – үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Теория мен эмпирика
ғылымдары бір – бірін толықтырады, байытады.
4. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық
жұмыс.
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің
өзіндік оқу еңбегінің бір түрі.
Курстық жұмысты орындау студенттердің теориялық білімін тереңдете
түсуіне, ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыруына, түсінуіне,
берілген облысындағы алғашқы дағды мен біліктерін, меншікті позициясын
тудыруға септігін тигізеді. Курстық жұмыста студент талдау жасауға, ғылыми
машықтық материалдар арқылы педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмысын
жүргізуге, қорытындылар мен талдаулар жасауға үйренеді.
Зерттеу іскерлік технологиясының негізі болып, ізденушілік негізгі
саты бойынша зерттеу логикасы болып табылады.
1. Тақырып таңдау – анықтаушы негізінен тақырып көкейкестігі студенттің
ізденушілік жұмысына қызығушылығы негізінде уақыттағы ғылыми жұмыс
тақырыбы белгіленеді. Көкейкестілігі күнделікті мәселеге сай болуы
керек.
2. Зерттудің мақсаттарын анықтайды.
3. Міндеттерін айқындайды.
4. Психологиялық – педагогикалық зерттеу.
Дипломдық жұым бітірушілердің болашақ мамандығына және теоиялық,
практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыстың
мақсаты:
- таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін жүйелеу
және тереңдету, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуге қолдану;
- өздігінен жұмыс істеу дағдысын;
- зерттеу әдістемелерін меңгеру;
Студент дипломдық жұмысында келесі мәселелерге мән беруі керек:
- таңдаған тақырыбы бойынша берік теориялық білімге және теориялық
материалды тұрғыда баяндауға;
- әдебиет деректерін зерттеу және жалпылау іскерлігіне, практикалық
міндеттерді шешу, шешімдер мен ұсыныстар жасай білуге;
- талдау жасау дағдысы, эксперимент жүргізе білу және қазірге есептеу
техникасын меңгере білуге;
- зерттеу әдістерін тиімді қолдана білу іскерлігіне.
Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:
- мақсатқа бағыттылық;
- құрылымының анық болуы;
- материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;
- зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;
- аргумент және фактілердің сенімділігі:
- ойдың ашық және нақты жүргізілуі;
- жұмыс нәтижесін жеткізудің нақтылығы.
Дипломдық жұмыстың тақырыптарын бітірушілерді даярлайтын кафедра
әзірлейді. Дипломдық жұмыстын тақырыптары студенттердің болашақтағы
мамандығына сәйкес болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай болуы
керек.
Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін таңдауға құқылары
бар. Көпшілік жағдайда дипломдық жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа
да ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Студент тақырыпты таңдаған соң, оны жазу үшін рұқсат алуға өзін
даярлап отырған кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады. Дипломдық
жұмысының тақырыбы, ғылыми жетекшісі және кеңес берушіні бекіту кафедра
сұранысы бойынша факультет деканының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тақырыпты
бекіткен соң, студент ғылыми жетекшімен бірге отырып, оны орындау жоспарын
қарастырады. Оған ғылыми жетекшісі және студент өз қолдарын қояды, соңында
кафедра меңгерушісі бекітеді.
Тапсырма екі данамен даярланады: біреуі студенттің қолына беріледі, ал
екіншісі кафедрада сақталады.
Дипломдық жұмыс тақырып бойынша ғылыми деректерді және әдебиеттерді
терең зерттеу негізінде орындалады. Арнайы әдебиеттер тақырып бойынша
сұрақтарды негіздеу және нақтылау үшін қолданылады.
Эксперимент жүргізілетін мекеменің практикалық материалдарын міндетті
түрде қолдану керек.
Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады:
1) сыртқы беті;
2) дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;
3) мазмұны;
4) кіріспе;
5) негізгі бөлім;
6) қорытынды;
7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
8) қосымшалар;
9) графикалық материалдар.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама?
2. Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?
3. Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?
4. Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анқтама
беріңіз.
5. Курстық жұмыстың мәні?
6. Дипломдық жұмыс дегеніміз не, оның құрылымы, мақсаты?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптері
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару.
Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген
зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында
әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті
байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс -
әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді
айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің
нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б.
сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу
процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика
әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық
ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру
қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы
мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптвтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным
заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт – бағдар
береді. Ал прескриптвтік әдіснама – зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың
жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс -
әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне
байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда
ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап
баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин).
Философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық.
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен
бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық
білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы
ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде
қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты
ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу
әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы
белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай – ақ
жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын
мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру
мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық
әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық
материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми
білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz