Қазақстандағы ластану салдарынан дамитын генетикалық аурулар



1 Қазақстандағы ластану салдарынан дамитын генетикалық аурулар
2 Атмосфераның ластануы
3 Тамақтар және тамаққа қосатын заттар
4 Физикалық факторлар және металдармен улану
Ағзаның орта факторлары әсерлеріне өте жоғары сезімтал болуының негізі болып кейбір арнайы (спецификалық) мутациялар саналады. Ортаның зиянды факторлары барлық адамдарды зақымдамай, тек кейбір, осы мутацияларға генетикалык, бейімді ағзаларды ғана зақымдайды. Адам ағзасына енген химиялық қосылыстар метаболизмінің (биотрансформациясының) генетикалық тұрғыдан бақыланатыны (басқарылатыны) белгілі.
Адам ағзасына күнделікті енетін заттар - ас-су құрамындағы әртүрлі заттар, дәрі-дәрмектер, түтіндер (темекі түтіні), шаң-тозаңдар және ауа құрамындағы түрліше газдар, тіпті күн сәулесі - метаболизм ферменттерінің қатынасуымен жасушаларда биотрансформацияланады.
Биотрансформация - 700-ге жуық реакциялардан түратын өте күрделі үдеріс. Оның III - фазасын ажыратады. Биотрансформацияның І-фазасында ағзаға енген экзогендік молекулалар цитохром 450 (СУР-450) қатынасуымен, монооксигенация реакциясы нәтижесінде, активтенеді. Осының' нәтижесінде көптеген аралық улы өнімдер түзіледі. Ал, биотрансформацияның ІІ-фазасында аралық улы өнімдер залалсызданады.
Егер биотрансформацияның I- және ІІ-фазасы үдерістері арасындағы тепе-теңділік сақталса ағза бірқалыпты тіршілік етеді, ал егер I фаза реакциялары өте белсенді не ІІ-фазада заттардың залалсыздануы жеткіліксіз болса, яғни тепе-теңділік бұзылса, жасушада аралық улы өнімдер (эндогендік еркін радикалдар) көптеп түзіліп, жинақталып оксидативтік стрессті қоздырады. Нәтижесінде жасуша тез қартайып өледі.
Осылайша, улы молекулалардың көптеп түзілуі ағзаны жасуша және ұлпа деңгейлерінде улап, қоршаған орта факторларының әсерлерінен ағзаның ауру тәуекелділігінің күшеюіне (өкпенің, көкіректің, аталық бездің, тоқ ішектің т.б. ісік ауруларының дамуына) және дәрі-дәрмектерге деген қосалқы реакциялардың қалыптасуына алып келеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы ластану салдарынан дамитын генетикалық аурулар
Ағзаның орта факторлары әсерлеріне өте жоғары сезімтал болуының негізі
болып кейбір арнайы (спецификалық) мутациялар саналады. Ортаның зиянды
факторлары барлық адамдарды зақымдамай, тек кейбір, осы мутацияларға
генетикалык, бейімді ағзаларды ғана зақымдайды. Адам ағзасына енген
химиялық қосылыстар метаболизмінің (биотрансформациясының) генетикалық
тұрғыдан бақыланатыны (басқарылатыны) белгілі.
Адам ағзасына күнделікті енетін заттар - ас-су құрамындағы әртүрлі
заттар, дәрі-дәрмектер, түтіндер (темекі түтіні), шаң-тозаңдар және ауа
құрамындағы түрліше газдар, тіпті күн сәулесі - метаболизм ферменттерінің
қатынасуымен жасушаларда биотрансформацияланады.
Биотрансформация - 700-ге жуық реакциялардан түратын өте күрделі
үдеріс. Оның III - фазасын ажыратады. Биотрансформацияның І-фазасында
ағзаға енген экзогендік молекулалар цитохром 450 (СУР-450) қатынасуымен,
монооксигенация реакциясы нәтижесінде, активтенеді. Осының' нәтижесінде
көптеген аралық улы өнімдер түзіледі. Ал, биотрансформацияның ІІ-фазасында
аралық улы өнімдер залалсызданады.
Егер биотрансформацияның I- және ІІ-фазасы үдерістері арасындағы тепе-
теңділік сақталса ағза бірқалыпты тіршілік етеді, ал егер I фаза
реакциялары өте белсенді не ІІ-фазада заттардың залалсыздануы жеткіліксіз
болса, яғни тепе-теңділік бұзылса, жасушада аралық улы өнімдер (эндогендік
еркін радикалдар) көптеп түзіліп, жинақталып оксидативтік стрессті
қоздырады. Нәтижесінде жасуша тез қартайып өледі.
Осылайша, улы молекулалардың көптеп түзілуі ағзаны жасуша және ұлпа
деңгейлерінде улап, қоршаған орта факторларының әсерлерінен ағзаның ауру
тәуекелділігінің күшеюіне (өкпенің, көкіректің, аталық бездің, тоқ ішектің
т.б. ісік ауруларының дамуына) және дәрі-дәрмектерге деген қосалқы
реакциялардың қалыптасуына алып келеді.
Оксидативтік стресс — мембрана липидтерінің асқынтотықты тотығуының
бұзылуына алып келетін тізбекті реакциялар салдары больш табылады.
Биотрансформацияның I фазасында түзілетін эндогеңдік еркін радикалдар өте
қауіпті молекулалар болып табылады және олар жасушаны белсенді шабуылдап,
мембрана липидтерінің асқынтотықты тотығуын бұзып, мембраналарда саңылаулар
пайда етеді. Нәтижесінде жасушаішілік қысым төмендеп гомеостаз өзгереді.
Бұдан басқа, оксидативтік стресс жасушалардың қартаюын тездетеді де
олардың ерте өліп қалуына алып келеді. Ұлпалық деңгейде ұлпалардың қалыпты
биохимиясы бұзылады.
Осының бәрі қоршаған орта факторлары әсерлерінен дамитын аурулардың
және ағзаның қартаюының басты себебі оксидативтік стресс екендігін
көрсетеді.
Кейбір ғалымдар биотрансформацияның ІІІ-фазасын-метаболизм өнімдерінің
ағзадан шығарылу (элиминация) фазасын ажыратады. Бұл фаза негізінен шығару
гендерінің - МДR қатынасуымен жүзеге асады.
Биотрансформация реакциялары не бәрі 50 шақты гендердің қатынасуымен
жүреді. Бірақ, бұл гендердің бәрі өте күшті полиморфты жүйе болып табылады,
мысалы кейбір цитохром гендерінің СУР 2Д6 60-қа, NAT2 генінің 20-ға жуық
әртүрлі аллельдері белгілі.
Биотрансформацияның І-фазасы (активтену) цитохром 450 (СУР450), ал ІІ-
фазасы (залалсыздану)- глютатион S-трансфераза (GST) және N-
ацетилтрансфераза гендерінің өнімдері арқылы жүзеге асады.
І-фаза гендері
СУР 1А1 гені 15 хромосоманың 15q22q-24 локусында орналасқан. Ол І-
фазада темекі түтіні әсерінен активтенеді. Оның кодтайтын ферменті СУР1А2
полициклдық ароматтық көмірсулардың алмасуын катализдейді. Осы ферменттің
жеңіл индукцияланатын формасы темекі тартушылар арасында өкпе рагының
дамуының тәуекедділігінің жоғары болуымен сипатталды. Бұл геннің еуропа
популяцияларындағы орташа жиілігі 10%-ға жуық.
СУР 1А2 гені 15 хромосоманың 15q22-qter. локусында орналасқан және
адамдардың бауыр жасушаларындағы барлық цитохром 450-дің 10-15% қүрайды. Ол
көптеген ксенобиотиктердің —ароматтық және гетероциклдық аминдердің,
нитроароматтық қосылыстардың, микотоксиндердің, эстрогендердің және кейбір
дәрі-дәрмектердің (фенацетин, ацетоминофан, кофеин т.б.) метаболизмінің
активтенуіне қатынасады.
СУР 1А2-нің жеңіл индукцияланатын формасы тоқ ішек, қуық рагының
тәуекелділігін жоғарылатады, әсіресе темекі түтінімен, қуырылған еттермен
қосылса.
СУР 2Д6 — гені 22 хромосоманың 22ql3.1 локусында орналасқан. Бұл ген
негізгі фармакогенетикалық маркер болып табылады. Оның полиморфтық эффекті
30-ға жуық дәрі-дәрмектердің және қоршаған ортаның химиялық өнімдерінің
(бета-адреноблокаторлардың, трициклдық антидепрессанттардың,
антиаритмиялық, антигипертензиялық препараттардың) және нейромедиаторлардың
(дофамин) метаболизміне әсер етеді. СУР 2Д6 белсенділігі төмен (баяу
метаболизаторлар-РМ) не жоғары (жедел метабалайзер-ЕМ) күйінде болуы
мүмкін. Бұл геннің еуропа популяцияларындағы жиілігі — 5-10%, азиаттарда 1-
2%.
СУР2С19-гені 10 хромосоманың 10q24.1-q24 локусында орналасқан жоне дәрі-
дәрмектер метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Ген BHiMi-S-
мефенитоингидроксилаза — тырысуға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер,
протондық сорғыш ингибиторы (омепрозол) және кейбір барбитураттардың
метаболизміне қатанасады.
Баяу метаболайзерлер жиілігі Шығыс халықтары арасында 13-23%, ал
еуропалықтар популяцияларыңца 5%.
ІІ-фаза гендері
GSTM1 (глутатион-8-трансфераза) гені - 1 хромосоманың ІрІЗ локусында
орналасқан. Ол тотыққан липидтердің, ДНҚ, катехол өнімдерінің кейбір
электрофильдік қосылыстарын залалсыздандыратын ІІ-фазаның GSTM1 ферментінің
белсенділігін айқыңцайды.
GSTM 1 гені - полиморфты ген. Оның 0 аллелінің гомозиготасы GSTM 1
ферментінің белсенділігін бұзады және қоршаған орта факторларының әсерінен
өкпе, қуық, тоқ ішек рагының даму тәуекелділігін салыстырмалы жоғарылатады.
GSTM 1 00 генінің еуропа популяцияларындағы жиілігі 40-50 % жуық.
NAT-2 (N-ацетилтрансфераза 2) гені —биотрансформацияның II-фазасының
ацетилдеу үдерісін қалыптастырады. Ацетилдеу полиморфизмі осыдан 50 жыл
бүрын анықталған және фармакогенетикалық зерттеулердің алғашқыларының бірі
болып табылады.
NAT-2 полиморфтық ген, оның 20-ға жуық аллельдері белгілі. Бұл геннің
полиморфтық эффектінің баяу, жедел және өте жедел ацетилдеу сияқты
фенотиптері белгілі.
NAT-2 көптеген ксенобиотиктердің, оның ішінде ароматтық жоне
гетероциклдық аминдердің активтенуактивтенсіздену реакцияларына
қатынасады. NAT-2-нің полиморфтық эффекттері зәр шығару жолдарының,
қуықтың, сүт безінің, бас және мойын, өкпе, тоқ және тік ішектің қатерлі
ісіктеріне және дәрі-дәрмек метаболизміне деген сезімталдықтың өзгеруіне
айтарлықтай әсер етеді.
NAT-2-нің баяу ацетилдеушілер (NAT2 SA) және жедел ацетилдеушілер (NAT2
RA) ара қатынасының жиілігі әр түрлі популяцияларда түрліше болады. Орталық
Еуропа және Солтүстік Америка популяцияларында NAT 2SA жиілігі 65-70%, ал
Қытай және Жапонияда 32-40%.
RS (рении-ангиотензин — альдестерон жүйесі) гені — 17 хромосоманың
17q 23 локусьгада орналасқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық генетика пәнінен лекциялар
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы
Қоршаған ортадағы мутагендер
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
Ядролық сынақтар
Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері
Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия
Пәндер