“Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық қатынастағы шаруашылық-қаржылық жағдайын талдау



Мазмұны

Кіріспе

1. тарау “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық қатынастағы шаруашылық. қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1 “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық қатынастағы шаруашылық. қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ...19

2. тарау тарау “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорындағы еңбек және еңбек ақы төлеу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі ... ... ... ..26
2.2 Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.3 Еңбекақының түрлерімен нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.4 Орташа және қосымша еңбекақы есептеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... .59
2.5 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетәін сомалар есебі ... ... ... ... ..62

3 .тарау Еңбекақы есебінің аудитін жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
3.1 Аудит жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
3.2 Еңбекақыға жүргізілетін аудторлық бағдарлама және оның ерекшелігі ... .72
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 84

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...87

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық сапаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы. Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді. Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады. Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетеді. Алынған табыстың құрамы негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауына байланысты болып келеді. Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен байланысты мәселелер маңызды болып есептелінеді.
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
• Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
• Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
• Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
• Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
• Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
• Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты еңбек ақы төлеуде оның есебімен аудитін жүргізу. Зерттеудің объектісі “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” мемлекеттік каммуналдық кәсіпорын жарғысы болып табылады. Мемлекеттік каммуналдық кәсіпорын “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден 2003 жылы 12-ші мамырда өткен өзінің меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу, өндірістің негізгі түрі қызымет көрсету. Сонымен қатар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада қызымет көрсету мен шұғылдана алады. Кәсіпорынның 1-ші қаңтар 2007 жылғы қаржы – шаруашылық жағдайына тоқталсақ, жалпы қызыметтен түскен табысы 101781,5 мың теңге, көрсетілген қызыметтің өзіндік құны 100451,1 мың теңгені құрап, жалпы табысы 1330,4 мың теңге болған. Сондай-ақ кезең шығыстары 13915,4 мың теңгені құрап, салық салынғанға дейінгі зияны –12585 мың теңгені құраған, кәсіпорын 2006 жылды жоғарыда көрсетілген яғни 12 мил 585 мың теңге шығын мен аяқтаған.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіп-орындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үрдістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Еңбек және еңбек ақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің міндеттеріне жататындар:
 еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
 бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
 шаруашылық жүргізуші субектінің әр бір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;
 белгіленген мерзімді еңбекақы бойынша есеп айырысу;
 жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызыметтің, өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы еңбек туралы» заңының 5 – ші бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 26.12.95ж. № 2732-ші “Бухгалтерлік есеп жайлы” Заңды күші бар. ҚР Президентінің қаулысы- “Нормативтік актілер” №1, 1996ж
2. Бас счеттар жоспары
3. “Бухгалтерлік есеп стандарттары және оны әдістемелік нұсқаулар” Алматы-1999 ҚР. Қаржы министрлігі- Бух есеп және аудит әдістемесінің Департаменті
4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя № 17-18(83-84), 1997 ж қырқүйек
5. “Бухгалтерлік есеп және аудит” №2, 2000ж. Ғылыми- практикалық журнал.
6. Бухгалтер бюлетені. №1 (106), №2 (107) 2000ж. Қаңтар, №6 (111), №7(112) 2000. ақпан, №24 1997ж
7. Дүйсембаев К.Ш. “Анализ финансового положение предприятия” 1998г. уч. пособие, Алматы “Экономика”
8. Дүйсембаев К.Ш. “Аудит и анализ финансовый отчетности” Егемен Қазақстан 1998ж. 11 наурыз
9. Қаржы - Қаражат 2000ж. №1-2 және 1999ж. №2
10. ҚР-ның Президентінің “Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер жайлы” Заңды күші бар Қаулысы
11. 1С: Предприятия 7.7. ІІ бөлімі –фирма “1С: предприятия
12. Радостовец В.В., Шмидт О.И. “Бух учет на предприятиях” Алматы-97 НАК “Центраудит”
13. Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”
14. Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”
15. “Организация финансового учета” под редакцией В. К. Радостовеца
16. Скала В.И. Белкин А.И. “Сборник бухгалтерских проводок” учебное пособие
17. Толпаков Ж.С. “Учет основных средств”
18. Тасмағанбетов Т.А. “Қаржы есебі” Алматы - 98, ИД “LEM”
19. Белкин А.И., Скала Н.В. “Сборник бухгалтерских проводок”, Алматы –1999, ИД “LEM”
20. Русакова Е.А., Ибрагимов Н.А. “Учет основных средств”, москва –1990, “Финансы и статистика”
21. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Фининсовый анализ. Москва –1995г
22. Баканов М.И. Шеремет А.д. Теория анализа хозяйственной деятельности. Москва –1987г.
23. Радостовец В.К., Шмидт О.И. “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп” Алматы., 2000ж
24. А.А. Сәтмырзаев Б.Е. Укашев., Аудит теориясы., Алматы-2000ж Республикалық баспа кабинеті.
25. М.Байдаулетов С.М. Байдаулетов “Аудит” Алматы “Қазақ университеті”2004ж
26. «Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі» кәсіпорынның бухгалтерлік балансы және басқада есептік құжаттары. 2005 – 2006 жылдағы.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1- тарау “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық
қатынастағы шаруашылық- қаржылық жағдайын талдау.---------------------------
-6

1.1 “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық қатынастағы
шаруашылық- қаржылық жағдайын талдау ----------------------------6

2. “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы--------------------- --
19
2- тарау тарау “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорындағы еңбек
және еңбек ақы төлеу есебі------------------------------ --------------------
---------------26
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі--------------
26
2.2 Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі----------------------------- --------
--------32
2.3 Еңбекақының түрлерімен нысандары ----------------------------------- ----
--------39
2.4 Орташа және қосымша еңбекақы есептеу тәртібі----------------------------
-----59
2.5 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетәін сомалар есебі-----------------
-62
3 –тарау Еңбекақы есебінің аудитін жүргізу---------------------------- -----
----------69
3.1 Аудит жайлы жалпы түсінік----------------------------------- ------------
------------69
3.2 Еңбекақыға жүргізілетін аудторлық бағдарлама және оның ерекшелігі-----
72
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық қортынды--------------------------- ---------
-------79

Қорытынды----------------------------------- --------------------------------
-----------------84

Пайдаланған әдебиеттер----------------------------------- ------------------
--------------87

Қосымшалар----------------------------------- -------------------------------
-

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық сапаларында
түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске
ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы
төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға
көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі
жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және
ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Әрбір кәсіпорын өз алдында
тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін
таңдауға құқылы. Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге
еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер
әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны
төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді. Еңбек
күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу
жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі
себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды.
Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел
бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз
алдына белгілі бір ерекешілігі болады. Еңбек ақы төлеудің жаңа
жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетеді. Алынған табыстың құрамы
негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауына байланысты болып келеді.
Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек
ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік
адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен
байланысты мәселелер маңызды болып есептелінеді.
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің
негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан
реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
• Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
• Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде
үйрену.
• Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына
толыққанды мінездеме беру.
• Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және
аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
• Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің
ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
• Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты еңбек ақы төлеуде оның есебімен аудитін
жүргізу. Зерттеудің объектісі “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі”
мемлекеттік каммуналдық кәсіпорын жарғысы болып табылады. Мемлекеттік
каммуналдық кәсіпорын “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” заңды тұлға болып
табылады. Мемлекеттік тіркеуден 2003 жылы 12-ші мамырда өткен өзінің
меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі
белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу, өндірістің негізгі түрі қызымет көрсету.
Сонымен қатар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ҚР-ның заңдарына қайшы
келмейтін кез-келген басқада қызымет көрсету мен шұғылдана алады.
Кәсіпорынның 1-ші қаңтар 2007 жылғы қаржы – шаруашылық жағдайына тоқталсақ,
жалпы қызыметтен түскен табысы 101781,5 мың теңге, көрсетілген қызыметтің
өзіндік құны 100451,1 мың теңгені құрап, жалпы табысы 1330,4 мың теңге
болған. Сондай-ақ кезең шығыстары 13915,4 мың теңгені құрап, салық
салынғанға дейінгі зияны –12585 мың теңгені құраған, кәсіпорын 2006 жылды
жоғарыда көрсетілген яғни 12 мил 585 мың теңге шығын мен аяқтаған.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіп-орындарда
орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі
уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген
кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үрдістерімен
айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр.
Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын
арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын
құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің
пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Еңбек және еңбек ақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс
уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты
мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін
аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің міндеттеріне жататындар:
▪ еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің
орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
▪ бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан
жалақыны ұстап қалу;
▪ шаруашылық жүргізуші субектінің әр бір жұмысшысына жалақыны уақтылы
және дұрыс есептеу;
▪ белгіленген мерзімді еңбекақы бойынша есеп айырысу;
▪ жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызыметтің, өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару
үшін қажет. Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңының 5 – ші бабына
сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті
құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен
реттеледі.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және
еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Әр қызыметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызыметінің түпкілікті
қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол
салық пен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды. Еңбекақы
мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбек
ақы мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген (Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңының 71 - бабы) ең аз шамадағы еңбек ақы
мөлшерінен төмен болмауы керек.
Қазақстан Республикасы еңбек туралы Заңының 13 бабына сәйкес
қызыметкерлердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек
кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісім шарты сондай-ақ
жұмысқа қабылданғаны жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.

1- тарау “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық
қатынастағы шаруашылық- қаржылық жағдайын талдау

1. “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорнының нарықтық
қатынастағы шаруашылық- қаржылық жағдайын талдау

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сон дай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты
(бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Казахстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және
қаржылық қызметін бестапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен
расталып, жинақталған деректерден жасалады.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек. “Мақтаарал аудандық ауыз су
жүйесі” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынны бухгалтерлік есептің
ақпараттарын балансқа дейін қажет өңдеулерден өткізген. [26. 1-2 бет]
Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталған (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктелген,
содан соң бухгалтер лік шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшірілген (баланс,
қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру т.б).
Төртінші кезең. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашалық қызметі талданады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру жүрген. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнін басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталған. Қаржы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттелген:
№2 “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі
көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қоғалысы туралы
есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады. [26. 3 бет]
Жылдық есептің меншік иелері құжаттарында көрсетілген мәліметтері
бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері
бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына
есеп берген.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп. тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бір інші
айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін
берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланс тар деректерінің түзетілуі,
сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті
түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды
өздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың
нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда
бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуї
тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтер мен үйлесе бермейді,
яғни олардың арасында алшақтық орын алу мүмкін. Аталған алшақтық табиғи
азаюдың, тасмалдаудың, қайта сорталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-
жабдықтарының дұрыцс көрсетпеунен, операцияларды рәсімдеу кезінде
жіберілген қателіктерден, т.б салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп
мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды
дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай турін түгендеу (немесе
түгелдеу) деп. атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу)- бұл бухгалтерлік есеп әдісінің бастр
элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған
өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес
активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың
есеп мәліметтерінің салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет
түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, он барлық кәсіпорын
жүргізіледі. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек сонын
көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар
бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына арап екіге
бөлінеді: толық және ішінара болады. [23.487 бет]
Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-
қаржылық қызметінің нәтижесі турады есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы
турады есеп және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудіңмақсаты пайдаланушыларды есептік
кезеңдегіқызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді
және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы
әрқилы мәліметтерді қажет, мысалға:
-инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың
алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға
салған инвестициясын сатудың немесе соған соған сәйкес активтерін сатып
алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның
келекшектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін
қажет ақпараттарды талап етеді;
-кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін
(мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
-жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын
қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
-сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
-қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына
мүдделі, өйткені олар, өзініің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктеріне мен
төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент алып тұруын көздейді;
-Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс
істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты
(салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сон дай-ақ статистикалық
мәліметтерді жинайды.
-Жұртшылық – жұмыс орынын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді
мекенді аймақты дамутуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға,
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағының
бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесімен ресурстарын бағалауға және олардың
басқарушы органдарын қызметіне қажет ақпараттар мен қамтамасыз етуге өзге
септігін тигізеді. [23.491 бет]
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі
мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның
қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал . Сондықтан олардың негізгі
талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік
капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы
тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін
апарат балып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға
мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру өзара байланысы, өйткені ондағы шаруашылықтың бір
ғана операциясы әртүрлі факт імен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі
ақпаратты береді, ал он сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші
субьект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық
мәнді ақпараттарды ашуг тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында
(жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша
мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беру де заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру
кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды
нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады.
Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі-
мың теңге. Жылдық есеғп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл
саналады; ал жаңадан құрылған субьектілер үшін- заңды тұлға ретінде
статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін
саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы
бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және
басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына
сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері
болып табылады.
Актив-бұл құндық бағасы бар субьекттің құқығы мен жеке мүліктік және
мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде
көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып
табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді
(жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа
мақсаттыр үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық ложа ретінде жүзеге
асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуын немесе басқа
активтерге айырбасталуы, кәсіпоынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы,
меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар,
қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия,
“ноу-хау”, гудвіл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес
те болып келуї мүкін.
Шаруашылық жүргізуші субьекттің активтерге меншік құқығы болуы да және
оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта
өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз
меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды
пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен
оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар
уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға,
аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды
қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін
жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген обьектіден, көп жылдық екпе
ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті
өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге
құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу
қажет. Субьекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда
болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субьект
келісім – шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны
төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін.
Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып
саналалды (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
Меншік капиталы- бұл субьектінің міндеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша
төленген капиталы, резервтік капитал, таратылған табыс. Қаржылық есеп
беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған
кезде қажет. Егер де баланс пасивінің құрылымында меншік капиталының үлес
салмағы көп болса, онда ол субьектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорының қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесі (шығыс пен батыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу
элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндемелердің азаюы,
шығыс- бұл есептік мезеңде активтердің азаюы не міндеттемелердің көбеюі
(өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субьекттің
табысы болып табылады, ал субьект иелеріне меншік капиталын таратып беру-
шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субьект қызмет түрінде
(өндірісіне) қаракп табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға,
өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, аул шаруашылық қызметі бойынша және
т.б, сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан
алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар – бұл субьектінің негізгі және негізгі емес қызметінің
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық
құндылықтардын, жалға беруде инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары
жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі
құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акцияф бойынша
табыс және пайз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен
табыстары жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізіг емес қызметтен шеккен зияндар
және төтенше жаңадан туындаған шығындары.
Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің
пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары материалдық запастар, негізгі
құралдар т.б) [23.487- 491 бет]
Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты
бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбеді және ол жеке элемент болып та
саналмайды.
“Мактаарал аудандық ауыз су жүйесі” МКК
1 қаңтар 2007 жылдың бухгалтертлік балансы.

Кесте -1

Мың теңге

Актив Қатар Жыл Жыл
саны басына соңына
1 2 3 4
І. Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтер
Бастапқы құны 010
Тозу сомасы 011
Қалдық құны 012
Негізгі құралдар.
Бастапқы құны 020 36831,2 36831,2
Тозу сомасы 021 14698,5 16717,1
Қалдық сомасы 022 22132,7 20114,1
Аяқталмаған құрылыс 030
Инвестиция 040
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз 050
Есепті жылдағы зиян 060
070
Жиыны 090 22132,7 20114,1
ІІ. Ағымдағы активтер
Тауарлы материалдық қорлар
Материалдар 100 370,1 607,2
Аяқталмаған өндіріс 101
Тауарлар 102
Дайын өнімдер 110
Басқалар 120
Дебиторлық қарыздар
Тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың 130 9051 10473,5
қарыздары
Еншілес серіктестердің қарыздары 140
Басқада дебиторлық қарыздар 150
Осыдан:
Қосылған құн салығы 151
Болашақ кезең шығыстары 160
Алынған аванстар 170
Қаржылық инвестициялар 180
Ақша қаражаттары 190 10,8 16
Осыдан:
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары 191 10,8 16
Жолдағы ақшалар 200
Валюталық шоттағы ақшалар 210
Басқада ағымдағы активтер 220
Жиыны 230 9431,9 11112,7
Барлығы 240 31564,6 31226,8

Қатар Жыл Жыл
Пассив саны басына соңына
1 2 3 4
І. Меншікті капиталы
Материалдық емес активтер
Жарғылық капиталы 300 22822,2 24230,7
310
320
Қосымша төленген капитал 330
Қосымша төленбеген капитал 340
Резервтік капитал 350
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) -3683,5 -5013,9
Өткен жылдардағы 360
Ағымдағы жылғы 370
380
Жиыны 390 19138,7 19216,8
ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімдік кредит 400
Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз 410
Мерзімі ұзартылған салық 420
Жиыны 430
ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді несиелер 440
Қысқа мерзімді қарыздар
Бюджетпен есеп айырысу 450 4834,1 7413,1
Осыдан:
Қосылған құны салығы 451
Еншілес серіктестердің қарызы 460
Бюджеттен тыс мекемелермен есеп айырысу 470
Алынған аванстар 480
Тапсырыс берушілер мен сатып алушылар бойынша 490 338,8 219
есеп айырысу
Жұмысшылар мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу 500 7253 4377,9
Демалыс бойынша есептелінген қарыздар 510
Басқада қысқа мерзімді қарыздар 520
Басқалары: 530
Жиыны: 540 12425,9 12010
Барлық жиыны: 550 31564,6 31226,8

Кәсіпорын басшысы: А. Мурзаев.
Бас есепші: Р. Туреханова.

“Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” МКК – ның

2006 жылғы табыстары мен шығыстары туралы есебі.

Кесте-2

Мың теңге
Көрсеткіштердің атауы Қатар Табыс Шығыс
санының №
стр
Қызымет көрсетуден түскен табыс 01 101781,5
Көрсетілген қызыметтің өзіндік құны 02 100451,1
Жалпы табыс 03 1330,4
Кезең шығыстары, барлығы 04 13915,4
Негізгі қызыметтен түскен табыс (зиян) 05 -12585
Негізгі емес қызыметтен түскен табыс (зиян) 06
Салық салынғанға дейінгі табыс (зиян) 07 -12585
Табыс көзінен алынатын салықтық шығындар 08
Салық салынғаннан кейінгі табыс (зиян) 09 -12585
Төтенше жағдайдан шеккен зиян 10
Таза табыс (зиян) 11 -12585

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның 1-ші қаңтар 2007 жылғы
балансында, ұзақ мерзімді активтердің, жыл басындағы құны 22132,7 мың теңге
болып, жыл соңына 20114,1 мың теңгені құрап, жыл басындағы құнымен
салыстырғанда азаюның негізгі себебі, негізгі құралдың тозуы әсер еткен.
Ағымдағы активтердің жыл басындағы жалпы құны 9431,9 мың теңге болып, жыл
соңына 11112,7 мың теңгені құраған, бұған әсер етуші фактор, материалдың
келіп түсуі және сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешек
қарыздарының есебінен ұлғайған. Жалпы жыл басындағы баланс сомасы 31564,6
мың теңге, жыл соңындағы сомасы 31226,8 мың теңгені құраған.
Баланстың пассив бөліміндегі, меншіктік капиталдың жыл басындағы
сомасы 19138,7 мың теңгені құрап, жыл соңына 19216,8 мың теңгені құрап,
айтарлықтай өзгеріс болмаған. Ұзақ мерзімді міндеттемелер бөлімінде
шаруашылық операциялар жүрмеген. Ағымдағы міндеттемелер бойынша жыл басына
қалдығы 12425,9 мың теңге болып, жыл соңына 12010,0 мың теңгені құраған.
Жалпы баланс сомасы жыл басына 31564,6 мың теңге, жыл соңына 31226,8 мың
теңге болып баланс дұрыс түзілген.
Кәсіпорынның көрсеткен қызыметерінен түскен жалпы табысы 101 млн
781мың 500 теңгені құраған, ал көрсетілген қызыметтің өзіндік құны 100 млн
451 мың 100 теңге болып жалпы табысы 1 млн 330 мың 400 теңгені құраған.
Ал кезең шығыстары 13 млн 915 мың 400 теңгені құрап салық салынғанға
дейінгі зиян 12 млн 585 мың теңгені құраған. Жалпы алғанда кәсіпорынның
қаржы шаруашылық жағдайы өте нашар деңгейде, бұл кәсіпорынды табыстылық
деңгейге көтеру үшін қызымет көрсету тарификацияларын қайта көріп шығып,
сондай-ақ шығындар есебін бір жүйеге түсіріп көрсетілетін қызыметтердің
өзіндік құнын арзандату мәселелерін түбегейлі қарап шығу керек.

1.2 “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорыныдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырлуы

Қазақстан Республикасының аймағындағы әрекет етіп тұрған барлық
субьектілерге (Қазақстан Республикасының аймағындағы тіркелген резиденттік
емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызыметпен
шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті
жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке
мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз
қалауынша оперативтік тұрғыдан басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге
меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп
танылады.
Мемлекеттік кәсіпорын жататындар:
- шаруашылықты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ
мемлекет міндеттемелері үшін жауапты алмайды;
- ағымдағы (оперативтік) басқару құқығына (қазыналық кәсіпорын)
негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті атқару органының шешімі мен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның
шаруашылық қызыметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен
және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті
әкімшілік аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша
жәрдем беру жауапкершілігін өз мойынына алады.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша
жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін
жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері
мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,
олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызыметкерлердің
біліктілігіне қарап нақтыланған. [3.187 бет]
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған
тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік
есептегі шаруашылық қызыметіне жасалған қорытынды шолу фактілері
кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда,
есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі
нормативтік – құқықтық құжаттарда бегіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты
келесідей жорамалдардан алынған жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен - өзі болушылығы (кәсіпорын өз
баланссында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған
барлық құндылықтар мен міндеттемелер балансттан тыс шоттарды есепке
алынады);
- толасыз қызыметті (есеп саясатының мәселесі бойынша қандайда бір
қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызыметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы
немесе қызымет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын
көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен
мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);
- шаруашылық қызыметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр
фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің
орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы –
кәсіпорынның қызыметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы
қызыметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы
ақпарат пен қаптастыру.
Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік,
техникалық, ұйымдық жақтарын. Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің
өзіндік құнын есептеу амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау
үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің
синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің
қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік
қызымет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару
құрылымындағы алатын орнын айтады.
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың
қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының бір шама
рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап
алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің
кейбір обьектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік
актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің
процедурасын дербес әзірлей алады.
- материалдардың есебі. өндіріске жатқызылатын (немесе өндіріске
есептен шығарылатын). матералдық ресурстарының нақты өзіндік құнын анықтау
тәсілі туралы шешім қабылдау қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдісін,
фифо әдісін, лифо әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұқсастырылған)
әдісін таңдайды. Шауашылық жүргізуші субьекті аталған әдістердің бірін ғана
таңдай алады және ол барлық тауарлы – материалдық құндылықтарға пайдалануы
тиіс;
- басқарушы есеп. Есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде
пайдалануына арналмаған, сонымен қоса, оның есеп беру талабына сай келетін
үйлестірілген регистрлері де жоқ, сондықтан оны ішкі бақылау мен жоспарлау
мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсіпорын ол үшін шоттардың
бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе
жекелеген шоттарын қолдануына болдады. Бірақ ол кезде кәсіпорынның құрамы,
құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі;
- өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құынын калькуляциялау
есебінің әдісі. Кәсіпорын калькуляциялаумен есеп обьектісін, шығындарды
жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Кәсіпорын өзінің негізгі
қызыметінің сипатына байланысты өзіндік құнның калькуляциялауы мен
өндіріске кеткен әдістерінің бірін немесе бірінешеуінің үйлескен түрін
таңдай алады.
Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шала фарикаттық немесе шала
фабрикатсыз нұсқасымен жүргізілуі мүмкін.
- үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсіпорын №7 тауарлы-
материалдық запастардың бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген
әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне
өндіріс қызыметінің ерекшеліктері ескере отырып, қосымшалар мен
өзгерістерді енгізуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және
күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары
және басқада осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының
құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса онда олардың есебі
жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалық
мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де
көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік
деңгейіне парапар (пропорцияоналды) етіп, тікелей материалдық шығыстарына
парапар етіп, тікелей нақты еңбек ақы шығыстарына парапар етіп, немесе
оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары
таратылады, мысалыға, бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан
алынған күрделендірілген коэффиценттері бойынша;
- мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу. Міндетті түгендеу мен қоса,
құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де
жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектілігін, түгендеуді
жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;
- бухгалтерлік есеп нысаны. Кәсіпорын бухгалтерлік есеп нысанын өзі
таңдай алады, олардың тізімін және есеп регистірлерін, жүйелілігін, жасау
техникасын өзара байланысын анықтайды;
- нақты (іс жүзінде) пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсіпорын шоттардың
бас жоспарын басшылыққа ала отырып, өздеріне пайдаланатын шоттарын іріктей
алады, яғни оның құрамына кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызыметін және
қаржылық жағдайын, мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын
енгізеді. Содан кейін синтетикаалық шоттарына тиісті суп шоттарының тізімін
жасайды. Сонымен қатар, кәсіпорын аналитикалық есептерінің де толық
номенклатуралық обьектілерін және олардың коттық белгілерін белгілейді. Бұл
кезде басқарудың, талдауын, бақылаудың және есеп берудің мақсатын
есекереді. Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшін,
шоттардың бас жоспарына кәсіпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады.
Бірақ ол жағдайда, ол шоттардың бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік
қағидасын сақтауы керек;
- өндіріс ішіндегі есеп беру. Ішкі есеп беруді жүргізудің барлық
мәселесін кәсіпорынның өзі шешеді, оның кезектілігін, есеп беру нысаны мен
құрамын және есеп беру мерзімін, сондай-ақ потенциялды пайдаланушыларын,
есепті жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды. Есеп саясатының
ұйымдастырушылық бөлігі келесідей мәселелерді қарастырады:
- бухгалтерлік қызыметтің құрылымы мен ұйымдастырушылық нысаны.
Кәсіпорын құрылымдық бөлімше ретінде, өзінде бухгалтерияны ұстау керекпе;
жоқ, әлде келісім – шарттық негізде тиісті мамандарды жалдау керекпе;
бухгалтерлік қызыметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек яғни есеп
персоналдарының саны қандай болуы керек, қандай бөлімдер қажет (есеп
айырысу, материалдық, өндірістік, жинақ бөлімдері), олардың бағыныштылығы
қалай болуы керек деген мәселелерді өзі шешеді. Бірақ барлық жағдайда
кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына қажетті
жағдайларды жасалуы керек.
- есепті орталықтандыру деңгейі. Кәсіпорынның нақты қызыметінің
жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкін,
ол кезде кәсіпорынның барлық бөлімшелері бір тұтас есептік жұмысқа
біріктіріледі; ал орталықтандырылған жағдайда, кәсіпорынның жекелеген
құрылымдық бөлімшелері дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейінгі есеп
жұмысының барлық цикілін толығын мен аяқтап, кәсіпорынға тек балансты
жасауға тиісті мәліметтерді береді;
- ішкі өндірістік бақылау. Кәсіпорын ішкі өндірістік бақылау жүйесінің
қандай болуын және олардың басты элементтерін анықтап, олардың ішінен
алғашқы есептік құжаттарды жасап және рәсімдеп отыратын жауапты тұлғаларды
белгілеп бөліп отыруын, олардың есеп қызыметінде дер кезінде берілуін және
т.б. осы сияқты мәселелерін шешеді. Әр бір қызыметкерлердің жауап беретін
аясы мен міндеттері айхындалады. Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде
барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны
сақтаған жағдайда кәсіпорын үшінде, жалпы республика бойынша да шаруашылық
жағдайына беиімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Есеп
саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары № БЕС жан-жақты берілген.
Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен
міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп
көрсетуі тиіс (яғни, мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорын
өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызыметін жалғастыруда көздейтін
болса, яғни өз қызыметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда
толасыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі
таңдап алған бухтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек
тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелік қағидасын сақтағаны,
ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне
жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған (белгіленген) қағидасын
ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа, мынадай талаптарды да ұстағаны жөн,
атап айтқанда:
- шаруашылық қызыметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте
толығымен көрсету;
- сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту
(шығыстар) мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс, активтер мен
табыстарға қарағанда;
- шаруашылық нысанының басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық
қызыметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек,
демек оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған
шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнында қамтуы керек;
- қайшылықсыз деп әр қилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің
сәйкестілігін бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық,
аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады;
- ұйымдылық (рационалдық) кәсіпорынның көлемімен, оның қызымет
масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлығын білдіреді.
Аталған қағидалар мен талаптар кез келген ксіпорынның есептік саясатын
әзірлеу барысында оның негізін құрайды. Егер де олар толығымен сақталмаса,
оның бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және
кәсіпорынның мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін. [23.7 – 16 беттер]
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге
асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Кәсіпорын активтердің
меншікті капиталдың, міндеттемелердің және олармен жасалған шаруашылық
операцияларының екі жақты жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының бас
жоспары мен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізген. Кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп 1.С. 7,7 “Бухгалтерия ” програмасы бойынша жұмыс
істемейді, Ехсеl програмасы бойынша жұмыс істейді.

2- тарау “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі” кәсіпорындағы еңбек және
еңбек ақы төлеу есері

2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалық қызмет атқаратын кәсіпорының
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет атқаратындар мынадай екі топқа
бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
2. Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың
жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары
мен қызметкерлері болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және басқа топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – президент, ректор, директор, меңгеруші т.б жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және т.б
жатады.
Басқада қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер,
менеджерлер, агрономдар, механиктер т.б жатады.
Бухгалетлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің санымен олардың жұмыс
істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындарда қызмет атқаратын
адамдардың жалпы саны олардың “тізімдегі саны” деп аталады.
Жұмысшылар саны қызметкерлердің тізімдегі саны- кәсіпорындар мен
ұйымдарға қызметке жаң адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан
босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіпорындарда жұмысшылармен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс
уақытыда есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындармен
ұйымдардың мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай
алғашқы құжаттарды пайдаланады:
- жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;
- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
- демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-6;
- жұмыстан шығарылу жайлы (өкім) үлгілі Т-8;
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның
мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен
қызмеикерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары,
сондай-ақ ескертулері, сөгістері мен және т.б деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
кіәтапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі
түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады.Ол карточкада жұмысшылармен
қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге
келген күні, айы және жылы, мекен жайы, т.б керекті мәліметтер толтырылады.

Кәсіпорындардағы әр бір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылармен
қызметкерлерге тәбелдік номер беріледі. Бұл номер-еңбекақы бойынша есеп
айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезендегі яғни, уақыттағы
ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа саны анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол
үшін жұмысшылармен қызметкерлердің тізімдегі саны әр бір жұмыс күні сайын
жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу
бұйрықтары негізінде анықталып отырады.. Жұмысшылармен қызметкерлердің
күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде
табел деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның
жұмысшыларымен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күн тізбенің әр бір
күніндегі жұмысшылары мен қызметкерлердің тізімдегі саны косып, яғни 1-нен
30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе
1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса
алғандағы қосымды сандық күн тізбенің күніне бөлу арқылы табады. Демалыс
немесе мейрам күні, сондай-ақ басқада жұмыс істемейтін күндері екі немесе
оданда көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің,
әрқайсысына демалыс немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру
Нарықтық жағдайдағы Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының дамуын талдау
Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары
Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдірудің жолдары
ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы
Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Пәндер