“КҮН ТҰТЫЛҒАН БІР ӘЛЕМ ЖҮРЕР ІШТЕ...”



1 АҚЫН ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМОВ ТУРАЛЫ
2 Біртүрлі ақынның біртүрлі кітабы
Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім.
Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?..
Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды жадыма салды.
Біруақ Алматының көктайғақ көшесінде жаңа ашылған гастрономия дүкенінің алдында шыны жайманың ар жағында тойған торайлардай торсия жайғасқан білем-білем шұжықтарға – “буржуйдай семіз колбасаларға” мадақ жыр оқып тұрған сүмбі талдай ұзын, қайыңның қабығындай жұқалтақ, сөзі сүңгідей суық та өткір, көңілі мартен пешіндей лапылдап тұрған Төлеужан Ысмайылов, біресе есіктен қыз алдына келген ұялшақ жігіттей сыптия киініп, сыпайы кіріп, сыздиып тұрып, сыздана сөйлейтін Тоқаш Бердияров, біресе өлеңін алдыңа жайып салып, өзі құмарта сорған ащы “Беломордың” көк түтінінің арасында, онсыз да қысыңқы көзін одан әрмен сығырайтып жымсия күліп, дымыңды қаралай құртатын Жұмекен Нәжімеденов, бірауық сырт тұлғасы сексеуілдей шып-шымыр да, мып-мығым, бірақ ауызын ашса, көмейі көрініп, ақ қауырсындай үлпілдеп, ақ періштедей елпілдеп тұратын Төлеген Айбергенов көз алдыма келгендей болды.
Өзі өлеңдеріне Мұқағали Мақатаевтың сөздерін көп қыстырады екен. Бірақ, жаны дүлей болғанмен, жырларында жортаққа ұрынбайтын, жорғасынан жаңылмайтын Мұқағалидың бастан-аяқ жайма-шуақтығы жоқ.
Абай мен Махамбетке де тәу ететіні сезіліп тұр. Абайды абыржытқан алаң дүние мен Махамбетті ашындырған қараң дүниеге өкпесінің қара қазандай екендігі қатты аңғарылды. Бірақ, біреуінің күңгірт күңіренісі мен екіншісінің өрепкіген өжеттігіне сүліктей жабысып қалған ештеңесі байқалмайды.
Кей-кейде сонау алпысыншы жылдардағы Еркін Ібітановтың жағасы жайлау, жайдарман көңіл, жайбарақат айта салар аяқасты тапқырлығы көзге ұрады.
Ара-тұра әзелгі Өтежан Нұрғалиевтың жоп-жорта аңқауси қалатын, кейінгі Өтежанның әп-әдейі қитықтана сөйлейтін сайқымазақтығы қылаң береді.
Алайда, бұл әлгілердің ешқайсысын сол қалпында қайталамайтын, қазақ өлеңінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп, айдын жолға айналдыра алған аршынды, сонысымен де көзіңе сойқан елестейтін айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын...
Қазақша айтқанда, біртүрлі ақын.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
“Күн тұтылған бір әлем жүрер іште...”

Ақын тыныштықбек әбдікәкімов туралы

Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім.
Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-
қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?..
Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі
талай-талай жайттарды жадыма салды.
Біруақ Алматының көктайғақ көшесінде жаңа ашылған гастрономия дүкенінің
алдында шыны жайманың ар жағында тойған торайлардай торсия жайғасқан білем-
білем шұжықтарға – “буржуйдай семіз колбасаларға” мадақ жыр оқып тұрған
сүмбі талдай ұзын, қайыңның қабығындай жұқалтақ, сөзі сүңгідей суық та
өткір, көңілі мартен пешіндей лапылдап тұрған Төлеужан Ысмайылов, біресе
есіктен қыз алдына келген ұялшақ жігіттей сыптия киініп, сыпайы кіріп,
сыздиып тұрып, сыздана сөйлейтін Тоқаш Бердияров, біресе өлеңін алдыңа
жайып салып, өзі құмарта сорған ащы “Беломордың” көк түтінінің арасында,
онсыз да қысыңқы көзін одан әрмен сығырайтып жымсия күліп, дымыңды қаралай
құртатын Жұмекен Нәжімеденов, бірауық сырт тұлғасы сексеуілдей шып-шымыр
да, мып-мығым, бірақ ауызын ашса, көмейі көрініп, ақ қауырсындай үлпілдеп,
ақ періштедей елпілдеп тұратын Төлеген Айбергенов көз алдыма келгендей
болды.
Өзі өлеңдеріне Мұқағали Мақатаевтың сөздерін көп қыстырады екен. Бірақ,
жаны дүлей болғанмен, жырларында жортаққа ұрынбайтын, жорғасынан
жаңылмайтын Мұқағалидың бастан-аяқ жайма-шуақтығы жоқ.
Абай мен Махамбетке де тәу ететіні сезіліп тұр. Абайды абыржытқан алаң
дүние мен Махамбетті ашындырған қараң дүниеге өкпесінің қара қазандай
екендігі қатты аңғарылды. Бірақ, біреуінің күңгірт күңіренісі мен
екіншісінің өрепкіген өжеттігіне сүліктей жабысып қалған ештеңесі
байқалмайды.
Кей-кейде сонау алпысыншы жылдардағы Еркін Ібітановтың жағасы жайлау,
жайдарман көңіл, жайбарақат айта салар аяқасты тапқырлығы көзге ұрады.
Ара-тұра әзелгі Өтежан Нұрғалиевтың жоп-жорта аңқауси қалатын, кейінгі
Өтежанның әп-әдейі қитықтана сөйлейтін сайқымазақтығы қылаң береді.
Алайда, бұл әлгілердің ешқайсысын сол қалпында қайталамайтын, қазақ
өлеңінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына
дейін жеткізіп, айдын жолға айналдыра алған аршынды, сонысымен де көзіңе
сойқан елестейтін айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын...
Қазақша айтқанда, біртүрлі ақын.
Қазақтың “біртүрлі” дегені мақтағандықты да, масаттанғандықты да
білдірмейді. Бірақ, тосырқағаны мен таңырқағанын жасыра алмай, амалсыз
мойындағанын аңғарта алады. Түптей біліп, түбегейлі түсіне алмай
жатқандығын да сездіртеді.
Тынышбек Әбдікәкімовті де біреу ұғар, біреуі ұқпас, біреу құптар, біреу
құптамас, бірақ ол ешкім елемей кете алмас, ескермей қала алмас, айрықша
нысаналы ақын.
Жиырмасыншы ғасырдың кейбір ең данышпан суретшілерінің шығармаларын
көргенде оның, ең алдымен, сурет сала алатындығына шүбә келтіретінің бар.
Дәл сондай өлең жаза алатындығына еріксіз шүбәландыратын ұлы ақындары
мен әдемі әуезді аңғарып, әдемі әуенді ести алатындығына күмәндандыратын
ұлы сазгерлері де баршылық.
Ондайда: “Бұған неменесіне бола таңдай қата болып жүр екен бұл жұрт?”,
– деп шыннан аңыратындар да аз емес. Сөйтсе, бұндайда талай гәп бар екен.
Бұл әуелде өткен ғасырда Париж салондарында етек жайыпты. Классикалық
бейнелеу өнеріндегі Ренессанстан кейінгі адамды әспеттеу үрдісі
қалыптастырған эстетикалық қағидаларға байқатпай басталған шабуылдар бірте-
бірте үдей түсті. Адамға тамсану азайып, адамға таңырқау көбейді. Адамға
табыну адамды аяушылықпен алмасты. Таңырқау табалауға, аяушылық әшкерелеуге
жалғасты. Сөйтіп, өнерде бір кездегі Құдайдың орынын иемденген адам бірте-
бірте құбыжыққа айнала бастады. Өмірлік көріністер буалдыр елестерге
ауысты. Қай нәрсе де табиғи қалпындағы тартымдылығын жоғалтып, қилы-килы
қитұрқысыз қызықтырмайтын қым-қиғаш құбылуларға ұшырады. Екі дүркін
жаһандық соғыс дүниені екі рет асты-үстіне шығарды. Адамдардың бұрынғы
көзқарасының ойран-ботқасы шығып, мінез-құлықтары да қырық құйқылжыды.
Құйқылжыған құбылма көңіл төңірегіндегі ештеңені қаз қалпында көруге құлық
таныта қоймады. Құбылтып, құйқылжытып көргісі келді. Қалай құйқылжытқысы
келсе, солай құйқылжытты. Қалай құбылтқысы келсе, солай құбылтты.
Суреткерлер тәңірімен тайталаса бастады.
Бұл ағым әуелі Батыс Еуропаны түгел меңдеп, қалған құрлықтарға да аяқ
салды. Бірақ, Балтықтан бері өте алмай, ұзақ малтықты. Алпысыншы жылдарғы
Хрущевтың эстетикалық тоңмойындығы едәуір бөгесін болғанымен, бәрібір
біржолата тойтарып тастай алмады.
Сексенінші жылдар серпілісі идеологиялық тосқауылдардың бәрін жайпап
кетті.
Эстетикалық бостандық бізге де жетті. Оны біреулер әншейін суреткерлік
желік ретінде қабылдап, жеңіл-желпі түрлік қылтың-сылтыңға бой алдырды.
Енді біреулер санадағы түбегейлі өзгерістер ретінде қабылдап, болмыстың
бұған дейін үңілуге болмай келген астарлары мен қабаттарын зерделейтін ой
жіттілігінің өткірленуі деп түсініп, бостан ойды қасаң қағидалар тізгінінен
тезірек азаттандыруға тырысты.
Түр тәуелсіздігі ой тәуелсіздігінен өрбіп жатыр деп түсінді.
Қазақ топырағында сексенінші жылдардың орта шамасынан аяқ басқан бұл
әуен әуелі саз және бейнелеу өнерлерінде сес берді.
Енді, міне, әдебиетке де...
Айтпақшы, қазақ поэзиясы қай заманда да елгезектік танытқан. Қадым
жырларына қарағанда зар заман әдебиетінің тек мазмұндық қана емес, түрлік
өзгерістері аз болмаған. Олардан Абайдың, Абайдан Сұлтанмахмұттың
өзгешеліктері қаншама?! Ғасыр басындағы Мағжан жаңалықтары өз алдына...
Кеңестік авангардизмнің әсері тиген Сәкен, Сәбит ізденістері сірә белгілі.
Отыз жетінің ойранынан кейін жүні жығылып, желігі басылып қалған қазақ
өлеңі елуінші жылдарғы Қасым серпілісінен кейін қайта жандана бастады.
Әсіресе, алпысыншы жылдары бой көрсеткен үйреншіктілікке, үрдісшілікке
шабуыл, түптеп келгенде, өлеңдік түрдің қасаң қағидаларына шабуыл болды.
Төлеужан Ысмайылов қазақ өлеңінің ұйқастық, ырғақтық, құрылымдық жүйелерін
өзгерте отырып, метафоралық сонылығы мен публицистикалық уытын арттыруға
тырысты. Тоқаш Бердияров қазақ өлеңінің құрылымдық қаңқасына көп тиіспей,
бейнелілік қауқарын нақтыландыра, осы өмір сүріп жатқан заманымыздың
көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап жүрген етене шындығымен мейлінше
туыстырып, шынайыландыруға ұмтылды. Оразбек Сәрсенбаев пен Жүсіп Қыдыров ақ
өлеңге құлаш сермеп, рухани “ақ таңдақ” болып келген оқиғаларды, қоғамдық
санадағы “қара таңдақтарды” жіліктеуге талаптанды. Сырбай Мәуленов пен
Әбділда Тәжібаев қазақ верлибрінің сәтті үлгілерін тудырды. Мұқағали
Мақатаев қазақы қара өлеңнің табиғи мүмкіндіктерін тауыса меңгеру арқылы да
ұлттық поэзияны мағыналық жағынан салиқаландыруға болатындығын дәлелдеді.
Төлеген Айбергенов пен Жұмекен Нәжімеденов қара өлеңге айта қаларлықтай
әуендік, ырғақтық, строфикалық сонылықтар сіңіре отырып, ұлттық жырымыздың
эстетикалық тартымдылығы мен әлеуметтік ауқымдылығын арттырды.
Ал, Тынышбек Әбдікәкімов ше?
Ол расында да, ет турай алмаған есіл тамақтың есін кетіреді дегендей,
өзі дұрыстап өлең жаза алмайтын болған соң, дәстүрлі қара өлеңнің ұлма-
жұлмасын шығарып жүрген көп солақайдың бірі емес пе?
Ендеше, әділін өзіңіз айта жатарсыз. Әуелі мына бір шумаққа көз
жүгіртіңізші:
Біздер “гомосапиенс” кезімізден білгір ек...
Ал, мен өзім, мысал үшін, альфа жылы,
игрек тәулігінде туыппын да...
Кейін, икс-бесінде
(омега жылы)
қайтыс болам.
Соным үшін кешіріңдер.
Айтпақтайын,
мына біздің болмысымыздың жұмбағы –
кәдімгі әлгі Менделеев таблицасындағы
элементтер жиықтығы.
Солар – ішкен, сүйіскен!..
Өлгеннен соң, ыдыраймыз қалайы мен күміске...
Өлеңге тән ұйқас, ырғақ, әуен ыңғайластығынан гөрі математикалық,
физикалық ұғымдардың молдығына бірден назар аудардыңыз.
Кеше сен де мемлекеттік фәниді
Шабыттана жырлап едің,
сонда қаламақыңа
кепкен балық сатып алдың,
Оныңды кім оқымақ?
Оны мына біз оқыдық:
Өлі балық сырамен
Кетті ішіліп!...
Өлең қайда?
Оны да дәл мына мен
айта аламын,
әжетхана шындығына жуықтап,
өлең шіркін азоттана
химиялық қуықтан
ағып кеткен...
Енді таңырқайсыз. Таңырқамақ түгілі абыржисыз.
Сөйлемеші,
Елге деген сенің антиқалпың бар!
Партиялық съездерге кардиограммалық толқындар
кәлләм іші – нуклеинбелогымды қызартып...
Бірге туған қарындастан комсомоли қыз артық!...
Советтенген жадымызға:
Мәжілісхат – парақтар,
Көсемдердің туған күні,
Бесжылдықтар!..
Арақ та
Жұмысшы мен Шаруа аңқиды!..
Дәу де болса, бұл арада бас шайқайсыз. Адам арақ аңқымай, арақтың адам
аңқуы қалай?
Менде тағы бір Елес бар,
бар болған соң, ол да енді
жоғалмайды!
Тек әзірше құр кезіп жүр бөлмемді.
Мәселеңки, ертеңдері әйтеуір бір өлем мен:
Плюс – минус жұлдызданған ет-сүйекті денемнен
элементтер ұшқын атып, жер мен көкке кеткенде,
сол бір Елес соңғы оттегін тұтандырып өкпемде,
Қанымдағы соңғы қызыл түйіршекке Күн тиіп...
Ақымақтау жусан болып, қайта өсемін қылтиып!
Шайқалақтап тұрған басыңыздың кілт кідіре қалары сөзсіз.
Әне,
Менің ел зарыққан Мәңгі Өмірді сүйетін
ғұмыр бойғы эволюциялық-революциялық Ниетім –
топырақтан жаратылған өсімдіктің реті
түрден түрге көшіп жүрер Құбымалы Жүйе-тін.
Демек, әлгі Жусаниялық Құштарлығымның Обалы –
Жалмаңдаған Жануарияның тұмсығында жоғалу?!
Тағы да бас шайқарыңыз күмәнсіз. Бірақ, бұл жолы тек таңырқап қана
емес, таңғалып бас шайқадыңыз. Бағанадан бергі мағынасыз сандырақтай
көрініп тұрған сөз түтегінің ар жағынан әлде бір мән қылтиғандай болды.
Яғни,
“боққа айналу”
деген сөз бар, боқ тілде!
Кие де жоқ!
Аруақ та жоқ!
Періште де жоқ мүлде!
Тым құрмаса, Түлен де жоқ, түртіп ойнар көңілді!...
Тфу-у!..
Өйткен жанталасы құрып кетсін өмірдің!
Олай болса,
Тозбай, сынбай, ыдырамай, буланбай,
He шірімей, не болмаса жанып кетпей тұрғанда,
Жұлдызданған Аспанды да (барлығынан жоғары)
жұмыр баспен дар-р еткізіп жыртып шығам мен әлі!!
Қалай екен?! Өлең бе? Өлең ғой... Ақын ба? Ақын ғой...
Бірақ, біртүрлі ақын. Біртүрлі өлең. “Материя”. Оған не жатпайды?
Автордың манағыдан бері әр қырынан алып тізбелеп отырған қоқыстарының бәрі
де жатады. Сол қоқысқа көміліп қалуға да, тіпті өліп қалуға да болады.
“Ақымақтау жусан болып,”, “қайта қылтиып өсуге” де болады. Ақырында
“жалмаңдаған” “Жануарияның тұмсығында жоғалуға” да, қайтадан қоқысқа
айналуға да болады. Бірақ, ақын рухы тіршіліктің бұл заңына көнгісі
келмейді. Түрден түрге көшіп жүрер Мәңгі Өмірдің эволюциялық-революциялық
құбылмалы жүйесін “жұмыр баспен дар-р еткізіп жыртып” шыққысы келеді.
Қырық құбылған қоқыс материяның қырқылжың хикматтарына мәңгі бақи өз
қалпында тұрғысы келетін Адамдық Рух атой салып қарсы шығады.
Бүкіл кітап – осыны көксеп осқырынған асау жанның ауыр азабының
шежіресі.
Аты да қызық – “Ырауан...” Түнекті серпіп, жарықтың жолын ашатын таң
алдының шырайлы нұры еске түседі. Бірақ, бұл ақынның айтып отырғаны – әрі
сол, әрі ол емес көрінеді. Кітаптың соңындағы авторлық түсініктемеге
үңіліңізші: “Ырауан – ырушы, тілуші, жазушы; өткір: острый, резкий;
проходящий, пронизывающий, протекающий; өткір яғни Жүз: лезвие; Лик; ағын;
өзен; қараңғылықты тіреуші, ыраушы Жарық; күннің ғаламдық Кемпірқосағы (кем
бір қосақ); Таң Жарығы; Күн; Күн Нұры”.

Не де болса, бұл – атар таңға тамсанған Рахат кітабы емес, батар күнге
кәрленген Қаһар кітабы.
Өзі алты бөлімнен және авторлық түсініктемеден тұрады. Әр бөлімге айдар
тағылмаған. Бірінші бөлім: “Құйрық жалы төгілген кіл қысырақ күндер өтті
ойнақтап... күйкі сынақ! Мұң аңқыған сезімнің шатқалынан маңырайды таутеке
ұйқысырап...”, – деген, екінші бөлім: “Сені сүю – әлемге маңдайдан нұр
тарату...”, – деген, үшінші бөлім: “Омыртқасының өзегін күн кернеген
ашқарақ – көкірегімізде құбылады қас-қабақ”, – деген, төртінші бөлім: “Ой
мен сезім отқа толы қып-қызыл, неде екенін біле алмайсың түпкі сыр. Өзін
өзі танымайтын Санаға Өзге дүниені мүмкін бе еді ұққызу? Қара тәнге
қалатыны – бүк түсу. Ал, былайша, бәрі – заңды, түп-түзу: қарын қамы, жемір
топырақ, күпті су!.. Естілерден есалаңдық жұққызу! Қайғы ойламау
мықтылықтың мықтысы?”.. Ой мен сезім отқа толы қып-қызыл!”, – деген,
бесінші бөлім: “Ой атаулы төбе шаштай тік тұрып, берсе бәрін бір-ақ сәтте
ұқтырып! Уһ-һ, күптілік!...”, – деген, алтыншы бөлім: “Бұл дүние – жасанды.
Ресми. Жүрек – жылқы, тулайды... Иесі – ми”, – деген емеурін жолдармен,
“Түйіні”: “Қараңғылықтың көгіне өрмелеп шығып күн болам”, – деген
Сұлтанмахмұт сөздерімен басталады. Кітаптың құрылымдық жүйелілігі
концептуалдық салауаттылық пен бүтіндікті аңғартады. Бұл – әр жылдары
жазылған өлеңдердің әншейін бір көгенде бас қоса қалған кездейсоқ жиынтығы
емес, музыкада симфонияны, архитектурада келісті ғимаратты еске түсіретін
сом шығарма, біртұтас ансамбль.
Алғашқы бөлімде – ауыл, туған өлке, таныс табиғат, бақташы өмір. Бәз-
баяғы орта мен байырғы ахуал. “Ауылым болушы еді күнде боран... Өзгеріп
кетті қазір мүлде балаң. Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап, түнде сәл Ай
сәулесін тыңдап алам. Мендегі сөз – құлынды, көз – боталы, бұл дәурен
қайталанса жазда тағы!.. Мамырдың майын бұлттар бүркіп өтіп, топырақ
жапырағын маздатады. Бір білсе, жер қадірін, тау қадірін, білер ме жусан
емген марқа түлік... Қыз-Көктем көл басына асығады, бұрымы бұлт ішінде
тарқатылып. “Сезімнің сынықтарын құрсар күйді сен маған осы қазір қисаң
қидың!” – деп түнгі құрбым отыр, омырауынан бүр жарған жұлдыздардың иісі
аңқиды...” Ыстаған сабаның жомарт пұшпағынан құйылған қысырақтың қымызындай
өн бойыңды балқытып қоя берер қайран қазақы өлең!
“Май сағымды маңғаз Тау үріп ішкен, өлең аға жөнелер тіліңізден!.. Қаз
дауысы аңқыған қоңыр желге қазанақтың, қайыңның бүрі піскен. Дәрменің жоқ
ойыңнан жаңылмасқа, тау тыңдаған саз басқа, сарын басқа, шегірткенің інжулі
шырылынан моншақ теріп алар ма еді қарындасқа!..” Пай-пай, таңдайыңды жұлар
тәтті сөз-ай! Елігіп үңіле түсесің, елітіп сіміре түсесің.
Кенет – тіліңнің ұшын қышқыл шымшыды ма қалай?.. “Сөз сүйегін өлшеме,
мұңды өлшегін; ой – көп, қобыз ділімнің түртер ішегін. Сары дала дөңбекшіп
Күн астында, сайтан – сағым сорады бұлт емшегін. Айнала – кіл күйік тау,
ісік төбе, айғай жолға көрдім сан түсіп те мен. Құла дүздің кіндігін құйын
бұрап ... қарағандар ғана тек күшіктеген. Сор тағдырға Даламның көнген
түрі: шала-жансар болса да, ермен тірі. Тобылғының гүлі жоқ!.. Гүл орынына
көрінеді қызарып шеңгел тілі”.
Кенет жүрегің шаншып қоя береді. “Мұңсыз да аман болғанмен, құнсыз да
аман, көбелектер бітті өліп жұлдызтабан; қаталаған – шөлдеген шерлі Түздің
шекесінде күлтілдеп Күн сыздаған! Ақылды жұрт ішкізсін бүгін уын, ашырқанар
мендегі ыңыл-уіл. Жел қып-қызыл! Тау ессіз!.. Ессіздіктің езуінің сағымы
шұбыруын!..” Жайма-шуақ идилия кенет жұмсақ элегияға, ол – аяқастынан
апшыған ызаға айналып бара жатқандай. Манадан бері пейіштеніп тұрған
көкжиектен көлгір сағым арылып, тамұқ табы біліне бастағандай.
Сезімтал жүрек өлі төңіректен секем алып, тірі төңірегін тінткілей
бастағандай. Екінші бөлім – пәк махаббат, періште көңіл жырлары. Сартап
сағыныштың зары. Жандәрмен жалғыздықтың шері. Баяғы Ләйлінің еркетотай
назы. Баяғы Мәжнүннің естен танған есірік халі.
Басқаша Махаббат болушы ма еді?! Ол басқаша жырланушы ма еді?! Бірақ,
бүгінгі Ләйлі, бүгінгі Мәжнүн ахуалы: “Міне, міне, қоңырау шалып тұрсың!
(Көкейіңде пенделік қалып тұр зіл?) Парық-тылсым... Дауысың талықтырсын;
айта берші, қайдасың?.. ал, ұқтыршы!.. Күлкі менен күдік те жүре ме бір?
Өмір бақи көңілде түнемегір!.. Қалай, қалай?.. ағаң ба?.. жұмысында!..
Дейді бізге: “Тезірек ұғысыңдар!”. Алло-ау, алло-ау!.. Алло-ау, жауап бер,
жалындырма, жаным менің тұр қазір сым ұшында!..” Телефон құлағына асылып
өліп қалардай бүгінгі Мәжнүннің жан дауысы шыққан жалбарыншы.
Жаны сым ұшындағы сезімталдық. Жаны тырнақ ұшындағы жанкештілік. “Бәрі
осылай – тез өтіп, тез бітеді, шырқалып ән, айтылып сөз бітеді. Жамандықтан
жанымыз күйер әлі, сол күйіктің орынына көз бітеді; болды деген сәтінде
жігер үстем, есік қағып тұрар-ау реніш те. Досың барда – қасың бар,
күреңітіп күн тұтылған бір әлем жүрер іште”.
Үшінші бөлім – сол күн тұтылған әлем. Жапандағы жалғыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Бір көзімен немересін күзетіп, Бір көзімен жұртты аңдиды сұр кемпір
Қазақ әдебиеттану ілімінде тәуелсіздік жылдарында жарық көрген әйел ақындар поэзиясының өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Жұлдыз атмосфералары
Экономикадағы құн формасы
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Дүние деген сары алтын
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Пәндер