Жыраулар



1 Қалқаманұлы Бұқар жырау
2 Толғаулары
3 Кетбұға жырау
4 Шыңғыс ханға естірту
5 Халық қамқоршысы
6 Көшеней Рүстембекұлы
7 Ақтамберді Сарыұлы
8 Асан қайғы Сәбитұлы
Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт Ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.
1. «Айтыс» 1-том .Алматы. «Жазушы» 1965 ж.
2. «Қазақ хандығы дәуріндегі әдебиет» . 4- кітап. Алматы. «Ана тілі» 1993 ж.
3. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Шығармалары». Алматы. «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы. 1992 ж.
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. Алматы. «Ғылым» 2000ж.

5. Нысанбек Төреқұлов. «Даланың дара ділмарлары» .Алматы. «Қазақстан. 2001 ж.
6. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). - Алматы: Ана тілі. 1998 - 384 б.
7. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. / Құрастыр. М. Мағауин, М. Байділдаев. - Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 384 бет.
8. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. 3-том. Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар. - Алматы: Жазушы, 2003. - 232 бет.
9. Көпеев М. Ж. Екі томдық. 2 т. -Алматы: Ғылым, 1992 -224 б.
10. ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
11. ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
12. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
13. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
14. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
15. ↑ Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазакстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
16. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
17. ↑ Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 4 том
18. ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
19. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
20. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
21. ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
22. ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
23. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
24. ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
25. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
26. ↑ Қазақ энциклопедиясы
27. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009

28. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
29. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
30. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
31. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
32. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Жыраулар
Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен
толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы жыр сөзінен
туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі,
қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да
ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік
заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-
жырлар туғызған.Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің
оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан
қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық
қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен
бастап жоғары бағаланған. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий
(абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі
қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны
Қорқыт Ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ
әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.

Қалқаманұлы Бұқар жырау
Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.
жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі
ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны
көмекей әулие деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз
төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.
"ҚараҚ" деген
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы
қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі
мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай
ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте
біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум.
мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы
мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық
бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да
сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай
қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір
ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың
өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен
даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ
жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай.
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан
қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”,
“Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”,
“Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын,
айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен
көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда
барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол
ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан
саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай
мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы
Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих
сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл
орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай”
деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де
жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас”
деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста
алып қарастырады:
“Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді
ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы
жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі
сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену
тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас
сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:
“Отыз жасқа келгенде,
Дүниедей кең едің.
Отыз бес жасқа келгенде,
Қара судың бетінде,
Сығылып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тонның жеңі едің...
Елу бес жасқа келіпсің,
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң,
маужырап барып соларсың”...
Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын
“өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи
ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
Толғаулары
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға
жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау,
отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды.
Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат
пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл
үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі
мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай
дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына
дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да
қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның
дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып
мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-
қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры,
болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік
мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық
күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды
күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар
Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты,
зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына
бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің,
жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік
жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы
заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша
түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған:
“Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не
тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады.
Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының
басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан!
Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды
айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей
империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті
қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы,
сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды.
Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне
ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған
Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ...
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”.

Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын,
күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау... заман
сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді.
Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды.
Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан
толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді...
Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған
ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп,
алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же
— сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз
ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық
сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау
түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты
кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен
тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір,
тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан
қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның
кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:\
“Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!”
Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі
жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек
әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну”
деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау
толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау
процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың
лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір
еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды,
ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра)
сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті,
ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс
ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды
күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең
едің... Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай
түледің ... Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”,
“Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп,
Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом
алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып...”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш
салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары;
ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз
бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы
кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын”
деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін
сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының
ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау
поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды.
Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты
ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-
ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық
қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында
ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де
кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп... Бозжорғадай
бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай
қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай
тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр
аттай”; “От орындай тұяқтым... Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым...
Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра
түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын
ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық
мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық:
“сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс
басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”,
“ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар
көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және
т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын
түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың
бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты
ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы
үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген”
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын
құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді
алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар,
Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б.
Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен
бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды
шендестіре суреттейді:
“Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз”.
Я болмаса:

“Құландар ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз”.
Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой
таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық
қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер
мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп,
салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”,
“Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”,
“Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”,
“Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас”
секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге
болады. Мыс.,
“Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес”,
“Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы”.
Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен
Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік,
Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен
Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген
уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры
ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл
кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры,
Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге
ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер
іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар
жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда,
жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин,
Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов,
М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді.
Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат
белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын,
сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері
өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин),
соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ,
Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау
мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен
сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге
тиіс.
Мирас толғаулар
Бірінші толғау
Күллі әлемді жаратқан
Құбылып тұрған бәйшешек
Он сегіз мың ғаламды жаратқан
Керей, қайда барасың
Әлемді түгел көрсе де
Ай, заман-ай, заман-ай
Абылай ханның қасында
Айналасын жер тұтқан
Ай не болар күннен соң

Кетбұға жырау
Кетбұға [1](шамамен 1150 – 1225) – жырау, күйші, аңыз
кейіпкер,қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйшісі және халықтың тарихи
аңыздарының кейіпкері. Оны көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы
деп те атайды. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер
"Шадтжарат өл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы мен халық аңыздарында
кездеседі.

Шыңғыс ханға естірту
14 ғасырда жазылған “Шаджарат әл-атрак” (“Түрік шежіресі”) атты
кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша иісі Дешті-Қыпшақты
аузына қаратқан Жошы хан аңда жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды
Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұға жырау:
"Хан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?", "Түп-тамырымен
қопарылған ағашты орнына кім қондырар?" — деген сауалдар қою арқылы
әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін "Ақсақ
құлан — Жошы хан" күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып
біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұға жырауды жазалауға шешім қабылдайды.
Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құюды
бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты-
мыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні нақышты
болып, көркейе түсті.Кетбұғаның "Ақсақ құлан — Жошы хан" күйі мен оның
орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Сол кезеңде халық
арасында кеңінен таралса да, Кетбұға жыраудың басқа рухани мұрасы, әдеби
шығармалары біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол қарапайым халықтың өмірін
өзекті мәселелері туралы жыр жолдарымен беруге ұмтылды, сондықтан да халық
оны "Ұлы жырау" деп атап кетті.

Халық қамқоршысы
Кетбұға сөз өнерінің дамуына да өзіндік үлес қосты. Ол көптеген қазақ
жырауларының шығармашылығы мен стиліне игі ықпал етті. Мәселен, ХV-ХVӀ
ғасырлар шегінде өмір сүрген Доспамбет жырау бір толғауында: "Кетбұғадай
билерден, кеңес сұрар күн қайда?!" — деп жырлайды, оның сөздерімен таныс
екендігін білдіреді.Халық Кетбұғаны "Ұлы жыршы" деп те атаған. Орта жүз
құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. Халық аңыздары
мен өлеңдерінде ол халық қамқоршысы мен даланың дана биі бейнесінде
сипатталған.Кетбұға жырау туралы аңыздар қырғыз фольклорында да кездеседі.

Көшеней Рүстембекұлы
Көшеней Рүстембекұлы (22.8.1946, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Ленин атындағы ауыл – 8.3.1973, Мәскеу) – жырау. 1968 жылы Қызылорда
педагогикалық институтының филология факултетін бітірді. 1967 – 1970
жылдары Қармақшы ауданы Ақжар ауылында мұғалім, 1970 – 1971 жылдары
Қазақстан ҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының стажер-
зерттеушісі болған. 1971 – 1973 жылдары М.Горький атындағы әлем әдебиеті
институтының халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеді. Жыраулық өнерді
ата-бабаларынан үйренген. “Көроғлы”, “Рүстем-дастан”, “Қобыланды”,
“Алпамыс”, “Қыз Жібек”, т.б. эпостық жыр-дастандарды, қазақ ақындарының
(''Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет'', т.б.)
шығармаларын жатқа айтып, ел арасына таратты. Көшенейдің орындауындағы
“Көроғлы”, “Қобыланды” жырларының негізгі ерекшелігі – көне мақам-сазға
құрылуы. Көшенейдің ақын ретіндегі шығармаларының біразы мерзімді баспасөз
бетінде, “Қазақтың қазіргі халық поэзиясы” (1973), “Жамбыл және қазіргі
халық поэзиясы” (1975) атты жинақтарда жарық көрді. Оның “Қобыланды батыр”
дастанын орындау кезінде пайдаланатын төрт түрлі музыкалық әуені нотаға
түсірілді, 14 толғау, термесі күйтабаққа жазылып алынды. Көшеней “Құлагер”
фильміне түсіп, Ақан сері баласының бейнесін сомдаған.

Ақтамберді Сарыұлы
Ақтамберді Сарыұлы(1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 —
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені) — жырау,
қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. “Он екіде
аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан
жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік,
жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің
шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына
өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының
барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін
бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен
жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ
жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың
тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат,
әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-
толғауға айналған.

Шығармашылығы
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті
нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі
де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда
бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы.
“Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”,
“Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-
толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының
бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа,
татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы
елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден
сақтандырады.
Зерттеулер
Жауынгерлік поэзияның үздік үлгілері - Күлдір-күлдір кісінетіп,
Отбасар орны отаудай толғаулары тағы басқа өлеңдері қазақ поэзиясының
алтын қорына қосылады. Әуезов Қазақ ССР тарихының 1-томындағы (1957)
Қазақтың ауыз әдебиеті тарауында 18 ғасырдағы жыраулық поэзияны талдай
келіп: Ақтамберді жырау эпостық жанр ақыны еді. Өзінің толғауларында ол
батырлардың ерлігі мен батылдығын таңдана жырлады деген.[3] Ақтамберді
толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың “Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің
тарихынан очерктер” (1942), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан”
(1971), “15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды”
(1985) жинақтарына енгізілген.

Қызыл жырау
Мырзабек Байжанұлы (1870–1945)[1] - қазіргі Отырар ауданында дүниеге
келген ақын, жырау. Ташкент, Шымкент, Бұхара, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында
болып, Мәделі, Молда Мұса, Майлықожа, Нұралы, Нартай, т.б. ақын,
жыраулармен кездескен, біразымен өнер жарысына түскен. Шығыстың аңыз-
хикаяларын жатқа білген. Ауылдағы бай-манаптардың әділетсіздігін бетіне
басып, уытты жырымен әжуалаған (Батан байға, Әкімгереймен айтыс, т.б.).
Қызыл жыраудың Насихат жыр, Әмзе қисса, Аудан басшыларына хат,
Құмырсқа мен шегіртке, Ешкі сауда, т.б. шығармалары ҚР ҰҒА Орталық
ғылыми кітапханасы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазба қорында сақтаулы.

Асан қайғы Сәбитұлы
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы)
–мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың
ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жеті әулие қорымындағы Асан ата кесенесі
Асан Қайғы мазары делінеді.
Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді.
Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті
мәселелерін арқау еткен философиялық- нақылдық жанрлар: толғау, терме,
шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен
Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов тағы басқа
айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында
басталды.Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан,
Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих
сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран
кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған
көшпелілер философы (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы өзінен қалған
қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да
бірталай көрініс, білік-дерек береді (М.Әуезов).

Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы 1361-1470 жылдар аралығында туып ғұмыр кешкен,
қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан
Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала
философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына
кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша
Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, кұстың, жан-
жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол
баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай
өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын,
оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан
да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл
қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол
ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлык өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер
дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді,
шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Осындай
ерен зор талантын байқаған Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамед оны өзіне ақылгөй
бас би етіп, сарайында ұстайды. Ұлұғ Мұхамед (туған жылы белгісіз, 1445
ж.ө.) Бүкіл ноғайлы елін билеген, Алтын Орда ханы, кейін қазақ хандығын
құрушы, Қырымға дейін билік жүргізуші, атақты Тоқтамыс ханның немересі еді.
Асан жырау сол Ұлұғ Мұхамедпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға,
шешуге араласады. Ұлұғ Мұхамед өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта
оралады. 1450 жылдан бастап Әбілхайыр хан қарауында билік құрады. Бұл кезде
де Асан би көптеген хандық, билік тартыстардың қайнаған ортасында жүріп,
өзінің шешендік, пәлсафалық жыр толғауларымен ел құрметіне баленеді. Сол
тұстағы Жәнібек, Керей хандармен пікірлес, саясат ісіне араласып, олардың
ақылгөйі болады. 1456-60 жылдары Шу бойында қазақ ордасы құрылғанда Асан
жырау жаңа орданың ұраншы, абызы болады. Жәнібек, Керей хандарды оңтүстік
жаққа емес, батысқа - Жайық, Жен бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда
ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік,
ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық
үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды.
"Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын
жете ойламайсың деп сөгеді".
Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды
бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен
елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауын бара жатқан бетінде
ноғайлының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда
Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек
айтыпты:
- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған
екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен.
Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды
шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге
қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.
Ханымды үйіне шақырса, карашаның үйіне кіріп шығуға намыс кылып
керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың
алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып
күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса,
ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып
кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен:
Шакырса келмес ханымды,
Бура қуып келтірді.
Қалжы-бұлжы дегізбей,
Тура қуып келтірді.
Бастай көр қатын құртыңды,
Сала көр қатын майыңды, -
- депті. Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз,
аяқсыз келдің-ау Асаным!
- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-кайғы.
- Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып
отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың,
қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық
судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне
келейін, — деп Асан жырлап кетті:
- Ай, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің.
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан.
Мұны неге білмейсің?
Құладың құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Еліңе жау боп келеді.
Құлың кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі.
Мұны неге білмейсің?
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің.
Эй, Жәнібек, ойласаң...
Қилы-қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан,
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің?
Айтқан тілді алмасаң,
Енді мені көрмейсің!
Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол
жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты. Сол Жәнібек
хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған
көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары
Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өр- кендетпек болады.
Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды
тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл
әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай елінің,
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемнен де елді көшірдің,
Ойыл деген ойыңды,
Отын тапсаң тойынды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың.
Ойылдан елді көшірдің,
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген.
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге.
Мұнда кеңес қылмасаң,
Кеңестің түбі нараду...
Ақылды белден алдырдың,
Көңілді жаман қалдырың...
Нәлет біздің жүріске!
Еділ менен Жайықтың,
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал, қолыңды маларсың,
Алтын менен күміске!
Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап
келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға би,
болыс, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер.
Ерегісіп ұрыспа!
Сенікі жөн болса да,
Алтын шықпас дұрысқа.
Өзіңе біреу тимесе,
Кейін қарай жылыста.
Мінезі жаман адамға,
Енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрген кісіңмен,
Жалған айтып суыспа.
Өлетұған тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Жөнге баспай тырысып,
Орынсыз жерде жем болма.
Ашу-дұшпан, артынан,
Түсіп кетсең қайтесің,
Түбі терең қуысқа!
Асан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет
айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан
абыздан:
- Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем калай
болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би:
- Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше:
Төс табаны төрт елі,
Атан жүрер жер екен.
Төсегінен түңілген,
Адам ясүрер жер екен...
- депті. Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш
ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы
көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық
жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер
бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше
күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ
дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар
айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің
ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған
осы жиынды Асан жырау:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -
деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау
халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерүйықты"
іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай
алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ,
өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік
орнайды?" дегенде ол:
Әділдіктің белгісі,
Біле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгісі,
Өткен істі қумаса.
Жамандардың белгісі,
Жауға қарсы тұрмаса;
Залымдардың белгісі,
Бейбіттің малын ұрласа.
Надандардың белгісі,
Білгеннің тілін алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қабірге әзір қоймаса.
Артыңда қалар атақ жоқ,
Тіріде данқың болмаса,-
деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда
қарт абыз:
Бұ заманда не ғаріп?
Ақ қал алы боз ғаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар шын ғаріп.
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса;
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Ғалымды хатим еткендер,
Мақсатына жеткендер,
Жас көрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалым да болса ол ғаріп, -
деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп,
айнала тәңіректеп отырған бай, болыс, би, төрелерге қарата мына сөзді
айтыпты:
Ердің құны сөз емес,
Есебін тапқан сабазға.
Төрден орын тимейді,
Патша болсын малы азға.
Мойнын бұрып сөз айтпас,
Көңілі қалған аразға.
Атадан жауып айтпаңыз.
Алғаным асыл ару деп,
Күн шығарып жатпаңыз.
Атамның малы көп-ті деп,
Атты басқа тартпаңыз.
Есенінде, тіріде
Бір болыңыз бәріңіз.
Ақыретке барғанда,
Хақ қасында тұрғанда,
Қыдырдың өзі болғай жарыңыз.
Асан абыз кідіріп, сөл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап
кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп,
өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай,
шонжарларга, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы
жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай
көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап
отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп
толғай жөнеледі:
Есті көрсең кем деме,
Бәрі тұйғын табылмас.
Қарындасың жамандап,
Өзіңе туған табылмас.
Адам әзіз айтар деп,
Көңілінді салмағын.
Нәпсі алдаушы дұшпаның,
Насихатын алмағын.
Бақыты оянған ерлердің,
Әрбір ісі оң болар.
Дәулеті күнге артылып,
Не қылса да мол болар.
Тазылары түлкі алып.
Қаршығасы қаз іліп.
Сөз сөйлесе жөн болар.
Не десе де жарасар.
"Бай", "байсың" деп ат қойып,
Ел аузына қарасар.
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа!
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа!
Артык үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа!
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама!
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен костама!
Сара жолдан жаңылған.
Ханға зират қазылмас,
Сөгілгелі тұр қабырғаң,
Кеселің бар жазылмас,
Тарқат ханым шеріңді,
Намазыңа асыкпа.
Құрыштан берік елімді,
Алауыздыкпен жасытпа!
Біреу өсірген қауынды,
Тұрсың босқа жарғалы.
Досыңнан іздеп жауыңды,
Тұрсың жалғыз қалғалы.
Үмыттың қазақ даласын,
Ұлғайттың жанды жарасын,
Бір атаның баласын,
Екіге бөліп барасын,
Жолын ханым талпасаң,
Бүлінеді барлық жұрт.
Таң боп қайта атпасаң,
Басқалы тұр қара бұлт...
Бұл сөз Асанқайғы бидің көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш
құса ыза толғауы еді. Осы бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған
Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып
отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел
басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын
іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. Ал, көмейіне лықсып келген
ойын бүкпесіз, бетке тіке айтатын Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті
дейді:
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсің?
Қырда жүрген дуадақ,
Су қадірін не білсін?
Көшіп-қонып жүрмеген,
Жер қадірін не білсін?
Көшсе кона білмеген,
Қонса көше білмеген,
Ақылына көнбеген,
Жұрт қадірін не білсін?
"...Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат
тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйык". Бұл елді жау
алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың
бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ.
Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы
енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, тәңіректің төрт бұрышын
кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы
жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады". Ертісті көргенде: "Мына
шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас.
Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті. Түндікті
өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік.
Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай,
артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты. Қызылтауға
келгенде: "Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты
қысыр қалмайтын жер екен", - депті. Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін
алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп
кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", -
депті. Сарысуды кешіп өтерде: "Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың
іші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Жырау және тарих
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Конструкциялау технологиясы - әдебиетті оқытудың өнімді жолы
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Жыраулар шығармашылығы
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Пәндер