Мектепте әдеби тіл нормаларын меңгерту – тілдік сауаттылықты қалыптастырудың басты шарты
1 Оқушыны сөз мәдениетіне төселдіру
2 Сөз мәдениетінің нормалық сапасының сақталуы
3 Стилистика және оның проблемасы
4 Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз
2 Сөз мәдениетінің нормалық сапасының сақталуы
3 Стилистика және оның проблемасы
4 Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз
Оқушыны сөз мәдениетіне төселдіру, ең алдымен, әдеби тілдің нормаларын дұрыс меңгеруден бастау алады. Ғалым Н.Уәлиев зерттеу еңбегінде сөз мәдениетінің нормативтік аспектісі мен қатысымдық қырының өзара бірлігін былайша тұжырымдайды: “Сөз мәдениеті, алдымен, әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді” [1, 6]. Яғни сөз мәдениеті, бірінші кезекте, әдеби тіл нормаларын қамтиды да, екінші кезекте, сөйлеу шеберлігі деңгейіне қатысты мәселелерді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, сөз мәдениетінің бірінші аспектісі сөз дұрыстығы болуы тиіс екендігі дау туғызбайды.
Тілдік нормалар сөз дұрыстығы деген ұғыммен барабар келеді. Балаға тіл үйрету де дұрыс сөйлеудің жолдарын таныту арқылы жүзеге асырылады.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде сөзді талғап жұмсаудың басты шарты былай көрсетіледі: “Сөз дұрыстығы – әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы. Ол үшін сөз мағынасын, тұлғасын өзгертетін жалғау, жұрнақтарды дұрыс тұтыну керек; сөйлем ішінде сөздерді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру керек; сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластыру, дұрыс орналастыру керек” [2,48 б.]. Тіл мен норманың арақатынасы туралы А.Байтұрсынұлының бұл пікірі оқыту үрдісінде үнемі ескеріп отыруды қажет етеді. Өйткені әдеби тіл нормасы тіл тазалығын қамтамасыз етеді: біріншіден, ол оқушыға сол қоғамда әбден орныққан ортақ заңдылықтарды қолдануды міндеттейді, орынсыз ауытқушылыққа жол бермейді; екіншіден, тілді қарабайырлықтан сақтайды, диалектілер мен жаргондардың орынсыз қолданылуына тосқауыл қояды; үшіншіден, баланы сөзді талғап жұмсауға төселдіреді. Сол себепті қазақ әдеби тілінің нормаларын меңгерту жалпы білім беретін мектептің бастауыш және негізгі мектеп сатыларындағы білімнің өзегі етіп алынады. Бастауышта ол практикалық тұрғыдан меңгертілсе, негізгі сатыда әрі теориялық, әрі практикалық жағынан қатар игеріледі. Бұл сатыда оқушы тілдің әр саласына қатысты әдеби тіл нормаларынан хабардар болады. Мәселен, ол фонетиканы оқу барысында қазақ тілінің ең басты заңы Үндестік заңы екенін білу арқылы оның әдеби тіл нормасы екенін де саналы түсініп, сөйлеу тілінде оны қолданудың міндеттілігін ескеруі тиіс.
Тілдік нормалар сөз дұрыстығы деген ұғыммен барабар келеді. Балаға тіл үйрету де дұрыс сөйлеудің жолдарын таныту арқылы жүзеге асырылады.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде сөзді талғап жұмсаудың басты шарты былай көрсетіледі: “Сөз дұрыстығы – әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы. Ол үшін сөз мағынасын, тұлғасын өзгертетін жалғау, жұрнақтарды дұрыс тұтыну керек; сөйлем ішінде сөздерді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру керек; сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластыру, дұрыс орналастыру керек” [2,48 б.]. Тіл мен норманың арақатынасы туралы А.Байтұрсынұлының бұл пікірі оқыту үрдісінде үнемі ескеріп отыруды қажет етеді. Өйткені әдеби тіл нормасы тіл тазалығын қамтамасыз етеді: біріншіден, ол оқушыға сол қоғамда әбден орныққан ортақ заңдылықтарды қолдануды міндеттейді, орынсыз ауытқушылыққа жол бермейді; екіншіден, тілді қарабайырлықтан сақтайды, диалектілер мен жаргондардың орынсыз қолданылуына тосқауыл қояды; үшіншіден, баланы сөзді талғап жұмсауға төселдіреді. Сол себепті қазақ әдеби тілінің нормаларын меңгерту жалпы білім беретін мектептің бастауыш және негізгі мектеп сатыларындағы білімнің өзегі етіп алынады. Бастауышта ол практикалық тұрғыдан меңгертілсе, негізгі сатыда әрі теориялық, әрі практикалық жағынан қатар игеріледі. Бұл сатыда оқушы тілдің әр саласына қатысты әдеби тіл нормаларынан хабардар болады. Мәселен, ол фонетиканы оқу барысында қазақ тілінің ең басты заңы Үндестік заңы екенін білу арқылы оның әдеби тіл нормасы екенін де саналы түсініп, сөйлеу тілінде оны қолданудың міндеттілігін ескеруі тиіс.
1 1 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. -Алматы: Мектеп, 1984. -119 б.
2 2 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Алаш, 2003. -1-том - 408 б.
3 3 Қазақ тілі. Энциклопедия. -Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. -509 б.
4 4 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Рауан, 1991.- 184 б.
5 5 Сыздық Р. Сөз саралау мәдениеті // Сөз өнері. -Алматы, 1978. -18-24 б.
6 6 Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. -Алматы: Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1948. 1-кітап. - 215 б.
7 7 Сарыбаев Ш. Көркем әдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер// Жазушы және сөз мәдениеті. -Алматы, 1983. -131-138 б.
8 8 Аташев С. Қазақ тілі қандай тіл немесе тіліміздің қарым-қатынастық заңдылықтары // Қазақ тілі мен әдебиеті. -1996.- №1-54-59 б.
1. Әлкебаева Д. Стилистика және оның проблемасы/Д. Әлкебаева//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-?-№4.-Б.41-43.
2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974.
3. Васильева А. Н. Практическая стилистика русского языка.-М.,1989.
4. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы// ҚазМҰУ "Хабаршысы".-1997.- №8.
5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.
2 2 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Алаш, 2003. -1-том - 408 б.
3 3 Қазақ тілі. Энциклопедия. -Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. -509 б.
4 4 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Рауан, 1991.- 184 б.
5 5 Сыздық Р. Сөз саралау мәдениеті // Сөз өнері. -Алматы, 1978. -18-24 б.
6 6 Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. -Алматы: Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1948. 1-кітап. - 215 б.
7 7 Сарыбаев Ш. Көркем әдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер// Жазушы және сөз мәдениеті. -Алматы, 1983. -131-138 б.
8 8 Аташев С. Қазақ тілі қандай тіл немесе тіліміздің қарым-қатынастық заңдылықтары // Қазақ тілі мен әдебиеті. -1996.- №1-54-59 б.
1. Әлкебаева Д. Стилистика және оның проблемасы/Д. Әлкебаева//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-?-№4.-Б.41-43.
2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974.
3. Васильева А. Н. Практическая стилистика русского языка.-М.,1989.
4. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы// ҚазМҰУ "Хабаршысы".-1997.- №8.
5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.
Мектепте әдеби тіл нормаларын меңгерту – тілдік сауаттылықты
қалыптастырудың басты шарты
Оқушыны сөз мәдениетіне төселдіру, ең алдымен, әдеби тілдің нормаларын
дұрыс меңгеруден бастау алады. Ғалым Н.Уәлиев зерттеу еңбегінде сөз
мәдениетінің нормативтік аспектісі мен қатысымдық қырының өзара бірлігін
былайша тұжырымдайды: “Сөз мәдениеті, алдымен, әдеби тілдің грамматикалық,
лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру,
сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың
мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді” [1, 6]. Яғни
сөз мәдениеті, бірінші кезекте, әдеби тіл нормаларын қамтиды да, екінші
кезекте, сөйлеу шеберлігі деңгейіне қатысты мәселелерді қарастырады. Осы
тұрғыдан алғанда, сөз мәдениетінің бірінші аспектісі сөз дұрыстығы болуы
тиіс екендігі дау туғызбайды.
Тілдік нормалар сөз дұрыстығы деген ұғыммен барабар келеді. Балаға тіл
үйрету де дұрыс сөйлеудің жолдарын таныту арқылы жүзеге асырылады.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде сөзді талғап жұмсаудың басты шарты
былай көрсетіледі: “Сөз дұрыстығы – әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде
жұмсалуы. Ол үшін сөз мағынасын, тұлғасын өзгертетін жалғау, жұрнақтарды
дұрыс тұтыну керек; сөйлем ішінде сөздерді дұрыс септеп, дұрыс көптеп,
дұрыс ымыраластыру керек; сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс
құрмаластыру, дұрыс орналастыру керек” [2,48 б.]. Тіл мен норманың
арақатынасы туралы А.Байтұрсынұлының бұл пікірі оқыту үрдісінде үнемі
ескеріп отыруды қажет етеді. Өйткені әдеби тіл нормасы тіл тазалығын
қамтамасыз етеді: біріншіден, ол оқушыға сол қоғамда әбден орныққан ортақ
заңдылықтарды қолдануды міндеттейді, орынсыз ауытқушылыққа жол бермейді;
екіншіден, тілді қарабайырлықтан сақтайды, диалектілер мен жаргондардың
орынсыз қолданылуына тосқауыл қояды; үшіншіден, баланы сөзді талғап
жұмсауға төселдіреді. Сол себепті қазақ әдеби тілінің нормаларын меңгерту
жалпы білім беретін мектептің бастауыш және негізгі мектеп сатыларындағы
білімнің өзегі етіп алынады. Бастауышта ол практикалық тұрғыдан
меңгертілсе, негізгі сатыда әрі теориялық, әрі практикалық жағынан қатар
игеріледі. Бұл сатыда оқушы тілдің әр саласына қатысты әдеби тіл
нормаларынан хабардар болады. Мәселен, ол фонетиканы оқу барысында қазақ
тілінің ең басты заңы Үндестік заңы екенін білу арқылы оның әдеби тіл
нормасы екенін де саналы түсініп, сөйлеу тілінде оны қолданудың
міндеттілігін ескеруі тиіс.
Сөз дұрыстығымен сабақтас қаралатын мәселенің бірі – сөз қолданым.
Себебі “сөз қолданым – сөйлеу не жазу үдерісінде сөз таңдау, қолдану
принципі, сондай-ақ әдеби тіл нормалары тұрғысынан сөз жұмсаудың ережелері
мен заңдылықтары” деп саналады [3,360 б.]. Ойды мүлтіксіз жеткізуде
грамматикалық тұлғалардың сөз мазмұнын анық та нақты, түсінікті жеткізуде
рөлі ерекше, сондықтан сөйлеушіден тұлға мен мазмұнның сәйкестігін сақтау
талап етіледі. Олай болса, сөз қолданым мәселесі тіл мәдениетімен тікелей
байланысты екендігі дау тудырмайды.
Егер сөз мәдениеті, алдымен, әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық,
стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге
бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен
мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді деп тұжырымдалса, онда
бұл тұжырым сөз мәдениеті ұғымының аясына енетін бір-бірімен тығыз
сабақтасып жатқан тілдік мәселелердің нақты екі бөліктен тұратынын
пайымдауға негіз болады. Яғни сөз мәдениеті, бірінші кезекте, әдеби тіл
нормаларын қамтиды да, екінші кезекте, сөйлеушінің сөз табиғатын
шеберлікпен игеру деңгейіне қатысты мәселелерді қарастырады. Егер сөз
шеберлігінің сөз дұрыстығы сатысынан кейін қалыптасатынын ескерсек, онда
қазақ тілі пәні мазмұнының да осындай сатылы-сабақтастық ұстаным негізінде
өзара бірлікте жүруі заңды. Оқытудың жүйелілік, сабақтастық, қарапайымнан
күрделіге қарай немесе жеңілден ауырға қарай секілді дидактикалық
ұстанымдарына сүйене түзілуі тиіс білім мазмұны да қазақ тілін меңгертуде
сөз дұрыстығы мен сөз шеберлігі аясындағы білім көлемін нақтылау қажеттігін
көрсетеді.
Әдеби тіл нормаларына “тұрақтылық, қолданыс аясының кеңдігі, жалпылама
қолданымдық, жалпыға ортақтық, тілдік жүйенің өзіндік дәстүрі мен
мүмкіндіктеріне сәйкестік тән” [3,72 б.]. Қолданушылары шетсіз де шексіз
ұлы даланың, кең байтақ өлкенің қай жерін мекендесе де, айтарлықтай тілдік
айырмашылығы болмаған, жалпы жаратылысы әу бастан-ақ текті де таза қазақ
тілінің нормалары оның табиғи болмысымен тығыз тұтасып жатқандықтан, оны
үйрету де қиынға соқпайды. Тек тілді оқытуда оны өзге тілдің қалыбына
салып қоймай, “біріншіден, оны өз табиғатына сүйене отырып жүргізуге,
екіншіден, сол білімді баланың ұғыну психологиясынан туындатып үйретуге”
[4,5 б.] басымдылық берілуі шарт.
Әлбетте, тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, оның әдеби
тілдік нормалары да ішінара өзгеріп, жетіліп отыратыны заңды. Ондай
өзгерістер, әсіресе, сөз мағынасына, сөз тұлғасына, сөз құрамына қатысты
болып отырады. Тілде жаңа сөздердің, оралымдардың тууымен байланысты екі не
одан да көп нұсқалардың қатар қолданылатын кезеңдері болады. Сондықтан
әдеби тіл нормасында да екіұдай қалыпта қолданылатын сөздер ұшырасып
жатады. Ол бала тіліне де әсер етпей қоймайды. Сол себепті ғалымдар тілдің
нормалануының үш деңгейін саралап көрсетеді:
1-деңгейдегі норма - қатаң норма - міндетті түрде сақталуы керек,
өзгертілмейтін, басқа нұсқаның қолданылуына жол бермейтін норма. (Мысалы:
ауызша тілде шегара деп айтылғанмен, жазбаша нұсқада тек шекара деп
қолданылады).
2-деңгейдегі норма - босаң норма - екі нұсқаның қатар қолданылуына шек
қоймайтын, еркіндікке ыңғайлы норма. (Мысалы: мақрұм сөзінің махрұм, рақмет
сөзінің рахмет нұсқасы тілде қатар қолданыла береді).
3-деңгейдегі норма - өзгермелі норма - ауызекі тілдегі көнерген
формалардың қолданылуына шек қоймайтын норма” [5,77 б.]. Біздіңше, алдыңғы
екеуі нормалану деңгейіне жатқанымен, соңғы деңгей норманың талабына жауап
бере алмайды. Өйткені нормалаудың басты кртерийі – оның тұрақтылығы. Ал
осында көрсетілген үшінші деңгейде ол талап мүлде ескерілмейтіндіктен және
тілді қарабайырландырып жіберетіндіктен, оны норманың деңгейіне жатқызу
ойға сыйымсыз.
Сөз мәдениетінің нормалық сапасының сақталуы әр сөздің мағынасын дұрыс
ажыратып, орынды қолданумен тығыз байланысты. Яғни мұнда лексикалық
норманың мәні ерекше деген сөз. Сол үшін мектепте оқылатын тіл білімінің әр
саласы оқушыға сол саладағы негізгі нормаларды сақтай білуге үйретуден
басталады. Сөздерді өз мағынасына сай қолдана білу сөйлеушінің тілдік
талғамы мен ой дәлдігін өзара бірлікте дамытады.
Сөз тазалығы адамның ой тазалығын да, оның жалпы тілдесімге деген биік
жауапкершілігін де танытады. Өйткені тілді шұбарламай сөйлеу, ең алдымен,
адамның сол тілге деген құрметінен туындайды. Ойдағы алалық қана тілдегі
алалыққа әкеледі.Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы ана тілдің сөзін басқа
тілдің сөзімен шұбарламауды тіл тазалығының белгісі деп қарастырады және
“тіл тазалығы тіл анықтығын тудыратынын, яғни айтылған лебіздің ашық
мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмеуіне әсер ететінін”
бағамдайды [2,180 б.]. Жалпы, сөз тазалығының сақталмауының себебін екі
тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншіден, тілдесімде бөтен сөздердің
қолданылуы жағынан; екіншіден, сөйлеуде басы артық сөздер мен оқшау
сөздерді, сөз тіркестерінің кірістірілуі жағынан сөз тазалығына нұқсан
келеді. Шындығында әлемде бөтен сөз араласпаған, шеттен сөз қабылдамаған
бірде-бір тіл жоқ. Мәселе сол сөздердің дұрыс, орынды қолданылуына
байланысты болып отыр. Сөз байлығы мен тазалығына қатысты В.Г.Белинский
былай дейді: “Орыс әдебиетінің әр дәуірінде шет сөздер ағыл-тегіл еніп
отырады; біздің дәуір де ол салттан арыла алған жоқ. Бұл қалып жуырда
жойыла қоймайды: бөтен жерде туған идея бізге келгенде бөтен сөзді ертіп
ала келеді ... Бірақ тілдің тағдыры жеке адамның бұрмалауына көнбейді.
Тілдің сенімді, азбас сақшысы бар, ол сақшы – тілдің тума рухы, табиғаты,
тума данышпандығы. Сондықтан да шеттен енген сөздің көбі өзінен-өзі
жоғалып, азы ғана өмір сүріп қалады. Жаңадан енген орыс сөздері де сол
заңға бағынады: біразы кірігіп, іске асады, қалғандары жоғалады. Әйтсе де,
жат ұғымды атау үшін олақ жасалған орыс сөзі шет сөзден тиімді емес, қайта
әлдеқайда жаман” [6,127 б.]. Дәл осындай жай қазіргі қазақ тілінің де
басынан кешірілуде. Жаһандану жағдайындағы алыс-жақын шет елдермен алыс-
берістің арта түсуі, әсіресе, сөздік қорға үлкен салмақ салуда. Күнделікті
бұқаралық ақпарат құралдарындағы, сан алуан жарнамалардағы “шұбар тіл”
мектеп балаларының санасына сіңбей қалмайды. Ендеше, бүгінгі шұбар тіл ана
тіліміздің ертеңгі тағдырына қалай әсер ететінін бағамдау қиын емес. Сол
ағылып келіп жатқан сөздердің кейбірі күнделікті тұрмыста қолданылатын,
тілде бұрыннан бар сөздердің өзін ығыстыратын жайы да кездеседі. “Тіл –
бейне бір шексіз мұхит, оған дария суы да, ірілі-ұсақ өзен суы да, қайнар
бұлақ та, өткінші жауын да, қажетсіз лай да құйылып жатады”. Мәселе сол
сөздердің ішінен қажеттілерін іріктеп ала алатын талғамды қалыптастыруда.
Осы орайда бүгінгі мектеп оқушыларының ғана емес, жалпы қоғамдық сипат алып
бара жатқан келеңсіз үрдістің бірі – сөйлеу тілінде кірме сөздердің, бөгде
тілдік элементтердің жиі қолданылуы. Осы құбылыстың тым кең етек алуы
тілдің мәдениетін төмендетумен бірге жастардың ойлау қабілетіне де кеселін
тигізеді. Сондықтан сөз мәдениетінің арнайы пән ретінде оқытылуы жас буынды
осы тілдік кеселден сақтауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Сөйлесімде диалектілер де тілдің тазалығына кері ықпал етеді. Ғалым
Ш.Сарыбаев сөзде диалектизмдердің қолданылуынан туындайтын кері әсерді оның
тек тіл тазалығына нұқсан келтіруімен шектемейді, “ол сөздің
түсініктілігіне де кедергісін тигізетінін” айтады. [7,98 б.]. Өйткені
диалект әр аймақтың адамына түсінікті болғанмен, қазақ тілінде
сөйлеушілердің барлығына бірдей ұғымды емес. Бұл орайда қазақ тілін оқытуда
жалпы табиғаты таза да текті қазақ тілінің сөз қорында диалектілердің де,
жаргондардың да, қыстырма сөздердің де өте елеусіз деңгейде кездесетінін
балалардың өзі сезінетіндей жұмыстар жүргізудің ұтымды жақтары мол. Мұнда
көне мұралар тілін де, кейінгі шешендік сөздерді де, қазіргі сөз
шеберлерінің айтқан ой-пікірлерін де қатар қамти отырып, көз жеткізуге
болады. Ал ізденіс сипатындағы жұмыстарда оқушы өз ортасындағы адамдардың
сөйлеу тіліне талдау жасау барысында өзіндік тұжырым жасағаны ұтымды. Бұл
орайда әр түрлі әлеуметтік топқа жататын адамдардың (қарттардың,
интеллигенттердің, оның ішінде әр түрлі пән мұғалімдерінің, жоғары білімді
өзге де мамандық иелерінің, мектептес, сыныптас оқушылардың) тілінің
негізінде қорытындылар шығару жалпы адам болмысы мен сөз мәдениетінің
арасындағы байланысты бағамдауға жол ашады. Кемшіліктердің сырын өзіндік
ізденіс арқылы тану бала үшін үлкен мектеп болып қалары даусыз. Тек сабақ
үстінде ғана емес, жалпы мектеп ішінде тіл тазалығына қатысты арнайы
шараларды оқушылардың өздері ұйымдастырса, оның әрі тәрбиелік, әрі білімдік
маңызы жоғары болмақ.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде тілдік норманы іштей одан да әрі жіктеп
бөлу үрдісінің барын байқауға болады. Бұл қазақ тілін оқытуда оқушылардың
сөз мәдениетін жетілдіруге өз септігін тизетіні кәміл. Мәселен, ғалым
С.Аташев тілдің ішкі құрылым жүйесіне байланысты мынадай тілдік нормаларды
көрсетеді:
- - сөйлегенде тілдегі дыбыстардың дұрыс-анық айтылуы
(фонологиялық-дикциялық);
- - сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірістерді сақтау
және дауыс тембрі (интонологиялық-просодиялық);
- - екпіннің түсуін және түрлерін сақтау (акцентологиялық);
- - әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті салып жазу
(шрифтологиялық-каллиграфиялық);
- - сөйлеу мәдениетіне қатысты нормалардың сақталуы
(қатысымдық);
- - тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның
мүмкіндіктерін пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дәлдеу, сөздерді
іріктеу (образды-эстетикалық);
- - сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтық,
дәстүр-салттық ерекшеліктерді сақтау (коммуникативтік-зтникалық);
- - сөйлегенде ойдың көлемін, мазмұндық құрылымын, хабардың
жеткізу жүйесін реттеу (информативтік-коммуникативтік, контекстік)
[8,56 б.].
Бұлардың әрқайсысын тілді меңгертуде әмбебап жүйе ретінде қарастыруға
болады. Себебі олардың барлығы сөз мәдениетіне келіп саяды. Сөз
мәдениетінің бірінші басқышы тілдік норма болғандықтан, оның барлық
талаптарын білу, сол талаптарды сөйлеу, жазу тілдерінде берік ұстану
оқушылардың тіл туралы дүниетанымын кеңейтумен бірге тілдік дағдыларын
жетілдіруде негізгі шарт болып саналады.
Қорыта айтқанда, оқушының сөзді дұрыс қолдануда сөз тудырушы, сөз
түрлендіруші жұрнақтардың, жалғаулардың рөлін білуі, сөздердің еркін және
тұрақты тіркестеріндегі ойдың нақтылана, тереңдей түсетінін түсінуі, сөйлем
құраудағы сөздердің орын тәртібі мен сол тәртіптен әдейі ауытқу арқылы ойды
әсерлеп жеткізудің жолдарын қоса меңгеруі ғана шын мәніндегі сөз
мәдениетіне жетелейтін баспалдақтар болып саналады. Бұл жұмыстар стильдің
түрлерін өткенде одан әрі тереңдеп, өрісі кеңейе түседі. Ауызекі сөйлеу
тілі мен күрделі де күрмеуі мол ғылыми стильдің аралығындағы
айырмашылықтарды түсіну барысында сөз қолданымның табиғатын тануға мол
мүмкіндік беруіне басты назар аударылып, нақты мақсат етіп алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 1 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. -Алматы: Мектеп, 1984. -119 б.
2. 2 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Алаш,
2003. -1-том - 408 б.
3. 3 Қазақ тілі. Энциклопедия. -Алматы: Қазақстан даму институты,
1998. -509 б.
4. 4 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Рауан, 1991.-
184 б.
5. 5 Сыздық Р. Сөз саралау мәдениеті Сөз өнері. -Алматы, 1978. -18-
24 б.
6. 6 Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. -Алматы: Қазақтың біріккен
мемлекет баспасы, 1948. 1-кітап. - 215 б.
7. 7 Сарыбаев Ш. Көркем әдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер
Жазушы және сөз мәдениеті. -Алматы, 1983. -131-138 б.
8. 8 Аташев С. Қазақ тілі қандай тіл немесе тіліміздің қарым-
қатынастық заңдылықтары Қазақ тілі мен әдебиеті. -1996.- №1-54-59 б.
Стилистика және оның проблемасы
Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ тілі
СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы
уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен
орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде
қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының
басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері -
тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері,
стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ,
бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.
Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген
кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің
дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының
атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.
Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1)
ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық
стиль; 5) көркем әдебиет стилі.
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні
артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі,
сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу
талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай
түйіндейді:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті
сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль - тарихи категория;
3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған
тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық,
грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген
анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі
қасиетін танудан туған деп айтуға болады.
Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи
категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп
отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды
стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан
кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді.
Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің
даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі
нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі
ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік
белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден,
стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы
қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми
стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз
мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға
да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза
стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті
екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық
қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау
жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық
орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал
етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер
етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты,
үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби
тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер
бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік
кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде
тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура
келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге
қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты
жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес,
азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы
публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің
элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі
екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын
бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет
стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне
байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де,
ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң
тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде
де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері,
сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге
жіктелген түрлерін кездестіруге болады.
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби
тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде
публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл
ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі
түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп
отырады.
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы
тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес
тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.
Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке
өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі,
жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.
Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік
себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми
ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде
сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада
айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан,
үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін
сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде
жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу,
сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту
қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық
қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ
тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура
келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты
салаға тән кемшілік екені белгілі.
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін
маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль
қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі
бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық
сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты
публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер
публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет,
журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік
сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.
Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте,
бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің
бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең
таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз
мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты
публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси
терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық
баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші),
экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен),
фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын –
көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс
шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-
саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа
жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің,
қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан
алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің
басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік
байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның
дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық
публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3)
ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік
публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6)
жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7)
салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық
стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық
стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.
1. Әлкебаева Д. Стилистика және оның проблемасыД. ӘлкебаеваҚазақ тілі
мен әдебиеті.-2004.-?-№4.-Б.41-43.
2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974.
3. Васильева А. Н. Практическая стилистика русского языка.-М.,1989.
4. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы ҚазМҰУ
"Хабаршысы".-1997.- №8.
5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.
Сөз өнерінің ғылымы туралы еңбегінде А. Байтұрсынов теңеуге қатысты біршама
мәселелердің бетін ашқан. Негізгі тұжырымдарын былайша берген: Теңеу,
көріктеу, нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанымен, нәрсенің
бейнесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты
белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп,
ашығырақ көрсетеміз.
Сол мысалдар бойынша ғалым теңеуді екі түрге бөлген: 1) әншейін теңеу, 2)
әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу - әдетті теңеу
болады. Мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі удай,
айдай, күйедей деген сияқты сөздер, - дейді [2].
Теңеудің салыстырмалық мәнге ие екендігі жөнінде Қ. Жұмалиев те өз
еңбегінде тоқталған. Мұнда ғалым теңеудің көпшілігі зат есімге, есімше
етістікке жалғанған - тай (-тей), - дай (-дей), -ша (-ше), және – дайын (-
дейін) жұрнақтары арқылы жасалатындығын анықтай түсіп, - тай (-тей), - дай
(-дей) сөзге жұрнақ ретінде жалғанса ғана теңеулік мағына беретіндігін, ал
көсемше етістік боп келген жерлерде теңеулік мағына бермейтіндігін
ескерткен.
Тілдік көркемдеу құралдары жөнінде толымды пікір айтқан академик З.
Қабдоловтың еңбегінде теңеуді ажарлаудың бір түрі ретінде нақтылай дәлелдеп
берген. Ғалым былай дейді: Әдеби тілге мағына беріп, оның көркіне көрік
қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін
ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Мұнда суреткер заттың,
құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен
салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі тереңдейді де,
өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі.
Сондай – ақ, теңеудің халық шығармаларынан қалыптасып, жазба әдебиетіне ену
жолдары туралы Қ. Жұмалиев, М. Базарбаев, Б. Манасбаев, М. Белбаева, Т.
Қоңыров және т.б. еңбектерінде айтылған.
Батырлық жырдағы қаһармандарға қатысты нақтыланып, түстелген теңеулердің
портреттік сипаты басым екендігі жырдан аңғарылады. Мәселен, жолбарыстай
білекті, арыстандай айбатты, ақ сұңқардай, аш бөрідей тиеді,
ителгідей емініп, бүркіттей қолды салады, жүрегі оттай, нар
түйедей, құр аттай, үркер мен айдай, аш көзендей бүгіліп, қабағы
түстей түйіліп, қарт бурадай, жолбарыс шапқан құландай, тышқан алған
мысықтай, ақ тұйғындай, қабыландай, күркіреген күндей т.б.
Осы теңеулерге қарай отырып, белгілі бір дәуірдің, керек десеңіз ұлтқа тән
талғам – талаптары, көркемдік ұғым – түсінікті жазбай тануға болады.
Халықтың дүниеге көзқарасының қандай деңгейде екендігін пайымдаймыз.
Себебі, халықтың жақсылық пен жамандықты ажырата білу жолындағы көркем
өнердегі күресі сұлулық пен жексұрындық, батырлық пен алаяқтық,
адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық ұғымдары бейнелі сөздермен
өрнектеледі. Соның тамаша айшықты ажары теңеулер арқылы беріледі. Батырлар
жайында жоғарыдағы эпитеттік және метафоралық теңеулерден басқа көбірек
ұшырасатын гиперболалық және литоталық теңеулер екендігін байқаймыз.
Теңеу сонымен көркем шығармадағы адам образын жасауда айрықша қызмет етіп,
қаһарманның жан – дүниесін барынша тереңдей, мейлінше ашуға байланысты
қолданылады . Мысалы:
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Құбылып ойнап жер басты,
Жалғаса ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты.
(Қобыланды батыр жыры)
От орындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты,
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
("Ер Тарғын" жыры)
Міне, осындағы күндей күркіреп, жаңбырдай тері, от орнындай тұяқтан,
құшақтай құйрықтан, бір уыстай қалыпты т.б. шындыққа сәйкеспейтіні рас.
Асылында бұлар асыра көрсетілген сипаттаулар емес, қайта мейлінше бейнелеп,
көркемдік заңдылыққа бағындырылған ажарлаудың белгілері. Батырлық жырларда
гипербола мен литота бірге, аралас жүреді. Теңеу соған қатысты қарама –
қарсы мәнде қолданыс табады екен. Бұған қатысты айғақты дәлелдер өте көп.
Мәселен, жырдағы батырлардың қалыңдығына қатысты Жүйрік аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой тастап, Толған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып
т.б. ой жалғастығы (ассоциация) барлығы, оның негізгі салыстырулар
нәтижесінде келгендігін көреміз. Бұл көшпелі өмірге бейімделген халықтың
мінез – құлқын, нені кәсіп еткенін толық түсіндіре алады. Батырлық
жырлардағы дамытуларда да теңеудің функциясы айрықша байқалады. Градация –
теңеулерді, образды, эпитеттерді, метафораларды және көркем сөйлеудің басқа
да бейнелеу тәсілдерін біртіндеп күшейтетін немесе, керісінше, біртіндеп
солғындататын стильдік фигура. Градацияның екі түрі – климакс (жоғарылау),
антиклимакс (төмендеу), - деген Квятковскийдің пікірі орынды айтылған.
Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз.
Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл я
лұғат деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады:
1. Ақын тілі.
2. Әншейін тіл.
Ақын тілі айырықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл ондай өн
берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң
берілгендіктен лебіз көрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде
сөзге өң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Сондықтан
алдыңғысы көрнекті лебіз делініп, соңғысы жалаң я (көсе) лебіз делініп
айтылады.
Сөз өнері деп асылында нені айтамыз?
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің
күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі
пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін
келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз
осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда
айтылды. Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек қылады. Мұнан
сөз өнерінің ғылымы туады.
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі:
1. Ақылға.
2. Қиялға.
3. Көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау,
қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына,
бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, көңіл ісі — түю, талғау.
Тілдің міңдеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін
меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай
білетін адамы табылса, тіл шама қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай
білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген
түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай
білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын
екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады:
орыстың асқан ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен.
Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы ЛевТолстой шығарған сөздерін баспаға
беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен. Бұл
ойындағы, қиялындағы, көңіліңдегі нәрсені тілмен айтып жеткізу өте қиын
екендігін көрсетеді. Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар мүддесін тілмен
айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай болып
табылар ма? Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс әркімнің
қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы
бола бермейді.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да ішінде бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? —
деп Абай айтқандай сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндері аз
болады. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгіреді. Әр ақын, әр
жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді. Өз білуінше
пікірлейді. Сондықтан әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік
белгісі болады. Ол — айырым белгілерін жай айтып түсіндіру қиын,
әрқайсысының шығарған сөздерін оқып, әбден танысып, үйреншікті болғанда
ғана сезілетін белгі. Шеберлердің қолынан шыққан нәрселермен таныс адам,
сол шеберлердің істеген нәрселерін қай жерде көрсе де айтпай таниды;
мәселен, пышақты көріп, мынау пәлен ұстаның қолы екен дейді, ерді
көріп, мынау пәлен ершінің қолы екен дейді. Сол сияқты сөз
өнерпаздарының да шығарған сөздерін оқып, лұғатына үйір болғаннан кейін,
оның бұрын оқылмаған, аты қойылмаған сөздерін де айтпай тануға болады.
Сөздің өзін танытататын белгі — тіл яки лұғат белгісі болады. Ол белгі
әркімнің өз ыңғайымен, өз оңтайымен сөз тізіп әдеттенуінен, салттануынан
болады. Әркімнің өз салты болғанымен, ол салттар жалпы сөз тізу
салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар әуелі сөз ұнасымына
керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның
үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз заңынан
шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі кажет.
© Ахмет Байтурсынов.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл
комитетінің ұйымдастыруымен К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет
театрында Нұрлы сөз транслингвистикалық шоу-бағдарламасының қойылымы
өтті. Сар далада сатыр-сұтыр ете көкті жарған найзағай, нөсерлете жауған
жаңбырдың даусымен сахна пердесі ашылып, Бұхар жырау, Төле мен Әйтеке, Қаз
дауысты Қазыбек билерімізбен Абай, Жүсіп Баласағұн сынды ұлы даналарымыз
шықты. Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл деп Абай атамыз
айтпап па еді. Аталмыш шараға Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-
Мұхаммед қатысып, барша тіл жанашырларын ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе
алған 20 жылдығымен құттықтап, кешті ашты.
– Жалпы жер бетіндегі барлық адамның әртүрлі дінге, әртүрлі наным-
сеніміне қарамастан барлығының бірдей уайымдайтын құдіреті бар. Оның аты –
сөз. Жаратушыдан жеткен қасиетті төрт кітаптың төртеуі де бізге әуелі
сөзбен жеткен. Сондықтан сол қасиетті кітаптардың бәрінде әуелі сөз болған
деп жатады. Шындығында сөз болмаса біз 18 мың ғаламның бар-жоғын, күн мен
түнді, жақсы мен жаманды, табиғаттың құпияларын, тіпті адамзат ашпаған
жаңалықтардың барлығын немен таңбалап, немен таныр едік. Сондықтан өнердің
ішіндегі ең құдіреттісі де, ең күштісі де осы сөз өнері. Бүгінгі кеш Нұрлы
сөз деп біздің ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алған 20 жылдығына орай
өткізілгелі отыр. Осы жиырма жылдың ішінде ана тіліміз өсті, өркендеді,
дамыды. Ауызды қу шөппен сүрте беруге болмайды. Кешегі 70-80 жылдары
басқаны былай қойғанда сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматыда екі ғана
қазақ мектеп-интернаты, бір №12 мектеп толық мәндегі қазақ мектебі болды.
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде 800-ден астам жаңадан қазақ мектептері
ашылыпты. Егер 50-ші тың игеру жылдарынан бері қарай Қазақстанда 600-ден
астам мектептің жабылғанын ескеретін болсақ, бұл бізге өшкеніміздің жанып,
өлгеніміздің тірілгені деп толық айтуға негізіміз бар. Бірақ тілді өсіріп-
өркендететін бұл Үкіметтің бұйрығы, қаулысы емес, әр қазақтың өзінің өз
жүрегінің қалауы. Әрбір қазақ баласын жетектеп апарып қазақ мектебіне
беретін болса, дүниеге келгеннен бастап құлағына ана тілінде білім нәрін,
ата-бабадан келген асыл сөзін, нұрлы сөзін құятын болса ондай елдегі
мемлекеттік тілдің де болашағы аса зор болар еді деп есептеймін. Сол
себепті тіл жөніндегі көп әңгімеден гөрі, тіл жөніндегі әрбір үйдегі тәлім-
тәрбие тілдің болашағын бүгінгіден де жақсы етіп өсіретін басты құрал.
Сондықтан бүгінгі барша тіл жанашырларын ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе
алған 20 жылдығымен құттықтаймын! – деді Мәдениет және ақпарат министрі.
Одан әрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет және ақпарат минитрлігінің арнайы
тағайындаған номинацияларын табыс етті. Әр номинацияның кімге, не үшін
берілетініне де жеке-жеке тоқталды. Алғашқы Аталы сөз деп аталатын
номинация М.Әуезовтің шәкірті, сол кісінің тәлім-тәрбиесін көріп, мақтауына
ие болған Әбіш Кекілбаев ағамызға тиесілі екен.
– Осындай Мұхтар Әуезовті көрген, Қаныш Сәтбаевты көрген, үзеңгісін
ұстап, тізгінін тартып, атын ерттеуге жараған сол ұрпаққа үлкен шын мәнінде
қызығушылықпен қараймын. Бірақ біз Мұхаңды көрмесек те, Мұқағали айтқандай
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты, Мұқағали Мақатаев бар мұнда деп, сол
Әуезовтердің сарқыты, қазақ сөз өнерін жаңа белеске көтерген, аталы сөз
айтқан, ұлтқа ұлы ұстаз болған, ұлттың ұлы жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамызға
осы Аталы сөз сыйлығы беріледі, - деді Мұхтар Абрарұлы сыйды тапсырмас
бұрын. Алайда Әбіш аға шетелде іс сапарда жүргендіктен сыйлығы кейін
тапсырылатын болды.
Келесі номинация Жүйелі сөз деп аталады. Бұл марапатқа Еуразия Ұлттық
университетінің академигі Мырзатай Серғалиев ие болды.
– Аталы сөз болған жерде сөз жүйесін табу керек. Сөз жүйелі болу үшін,
тіл өсіп, өркендеу үшін тіл білімі қоса өркендеу керек. Қазақ тілінің
байлығын, қадірін, қасиетін көрсететін, оны әлемнің ұлы тілдерінің қатарына
жеткізіп, зерттейтін ғылымды лингвистика ғылымы дейміз. Ұлы тілдер деген
сөзді жай айтып отырғам жоқ. Себебі сөйлейтін адамдарының саны 10
миллионнан асқан тілді ұлы тілдердің қатарына жатқызады. Бүгінде қазақ
тілінде жер бетінде 15 миллион қазақ бар десек, қазақ тілі сол әлемдегі 80
алдыңғы қатардағы ұлы тілдердің қатарында орын алған. Осы ұлы тілімізді,
кешегі кеңес заманында, бүгінгі тәуелсіздік заманында жүйелі зерттеп келе
жатқан, оның ішінде ақпарат саласындағы тілді зерттеп, журналистерге,
ақпарат құралдарына ақыл-кеңес берген, тіпті теледидардағы дикторлардың
қалай сөйлеп, қалай дыбыстап, қалай ой айту керек екендігін де үйретумен
келе жатқан жүйелі ғылым иесі академик Мырзатай Серғалиевке Жүйелі сөз
номинациясы беріледі, – деді Мәдениет және ақпарат министрі.
– Бүгінгі беріліп отырған сый жалғыз маған емес көзі тірі
ұстаздарымның, ағаларымның, қазіргі замандастарымның, іні-қарындастарымның
еңбектері бағаланды деп есептеймін. Біз еңбек еткенде әлдебір атақ үшін
емес, қабілетіміздің жеткенінше ана тіліміздің мәртебесін көтеру, ана
тіліміздің табыстарын насихаттау, басқаларға ана тілінің қасиеті не екенін
түсіндіру мақсатында жұмыс істедік, – деп толқыды Мырзекең сыйды алып
тұрып.
Одан әрі Ұрымтал сөз номинациясына тоқталған Мұхтар Құл-Мұхаммед:
Бұл номинация бойынша үш кісіні марапаттаймыз, – деп еліміздің ең қарымды
журналист-жазушыларының бірі Сабыржан Шүкіровке Ұрымтал сөз
номинациясының алғашқы сыйын табыстады. Келесі жүлделер Тіл ақпараттық-
сараптамалық журналының бас редакторы Нұргүл Қарағойшинаға, Хабар
арнасының журналисі Берік Уәлиге тапсырылды.
Шоу-бағдарламаның алғашқы бөлімі осылай өтті. Балбұлақ, Қасқабұлақ,
Дария бөлімдерінде студенттер, мектеп оқушылары, лингвист ғалымдар мен
өзге ұлт өкілдері сөз жарыстырып, шешендік жағынан сынға түсті. Сонымен
қатар көрермендермен де түрлі ойындар ұйымдастырылып, естелік кітаптар
сыйға тартылды. Бұл шоу-қойылымға Рамазан Стамғазиев, Қарақат Әбілдина,
Ақан Әбдуәлі, Ерлан Рысқалы сынды әншілермен қатар айтыс ақындары Аманжол
Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашевтар қатысып, халықтың көңілін
серпілтті.
– Бүгінгі бағдарламадағы мақсат өзгеше бір қызықты форманы ұсыну.
Сондай-ақ, тілдің тағдырын, табиғатын жан-жақты көрсететін, қастерлі қазақ
тілінің кеңдігін, тереңдігін, көркемдігін танытатын қойылым жасауға
ниеттендік. Болашақта осы Нұрлы сөз бағдарламасын жыл сайын фестиваль
ретінде өткізетін арнайы жоба болады деген ниетіміз бар, – дейді Нұрлы
сөз лингвистикалық шоу-бағдарламасының продюсері Базарбек Атығай.
Жалпы мемлекеттік тілді насихаттаудың түрлі әдістері бар. Әсіресе
мемлекеттік тілді жастардың арасында насихаттаудың ең тиімді жолдары көп-
ақ. Ең алдымен соларды қолдануға күш салу керек. Өйткені тек қана ақыл
айтып, ғылыми конференциялар арқылы бұл мәселелерді шешу оңайға түспейді.
Ал Нұрлы сөз шоу-бағдарламасы өзінің өміршеңдігін жоғалтпас деп ойлаймыз.
Себебі, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін жетілдіру,
жастардың көркем шығармаларды оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру
– бағдарламаның басты мақсаты.
Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлесі әрі қасиеттісі –
көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен бірілгі бола тұра өзгешелігі
де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын:
сөз – бояу не дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр
ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады.
Көркем сөз – құдіретті нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау да –
ақылдан кенде пенденің қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар
мен дәуірлерге қараңыз! Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл мен ой
аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар
кімдер? Хан ба, патша ма? Юоқ, білім мен өнер иелері – ғалымдар,
жазушылар... Осы ғасырдың нақ басында А.С. Суворин өзінің күнделік
дәптеріне былай деп жазды: Біздің патшамыз екеу: II Николай мен Лев
Толсьой. Екеуінің қайсысы күшті? II Николай Толстойға түк қыла алмайды, оны
тақтан қозғай алмайды, ал Толстой ше: қаһарға мінсе, Николайдың тағын
династиясымен қоса теңселтіп, төңкеріп түсіре жаздайтыны күмәнсіз.
Бұл арада сөз өнерінің адам қоғамындағы аса зор қуат – күші жатыр.
Максим Горький 1912 жылы И.Д.Сургучевқа жазған хатында Русьтегі ең
жауапты және қиын қызмет - патшының қызметі емес, әдебиетшінің қызметі
екенін айта келіп, егер әдебиетші өзін шын мәнінде әдебиетшімін деп
сезінсе, тек қана әдебитеші қалпында қалуын талап еткен болатын. Өйткені
әдеби талант деген нәрсе – қолдан жасалмайтын, өзінде жоқ болса, өзгеден
қарызға алу мүмкін емес, жер-жаһаннан қанша іздегенмен таптырмайтын нәрсе!
Ақындық оқуы деген оқу да жоқ...
Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері дедік. Ал өнер жайлы сөз
қозғап, сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды.
Суреткер кім, оның қоғамдық тұрпаты, тұлғасы қандай?
Суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған
жөн.
Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез
келген кісі өнерді де, көркем әдебиетті де жан жүрегімен қабылдап, сезіне,
түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән
бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын
сипаттайды.
Ол қандай ерекшеліктер?
Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан
тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше
сезіну, нәзік түйсіну, сезінген – түйсінген шындығына бейтарап қала алмай,
тербеле тебірену, көкірегінде көл – көсір сыр ұялату, - бәрінен бұрын, -
ақынға тән қасиет. Ал суреткер, - бәрінен бұрын, - ақын. Бұл ерекшелікті
Гетенің қазасына деген өлеңінде Баратынский дәл суреттеген:
Жасыл шөптің тілін ұғып кезінде
Жапырақтың сәл дірілін сезінген,
Жұлдыздармен жымыңдасқан, ымдасқан,
Жал толқынмен ақылдасқан, мұңдасқан.
Жаратылыс – табиғатпен бір туған
Жан еді ол кеудесіне нұр тұнған,
Одан бүгін қалған адам сыры жоқ!
Мұншалық тамаша эмоция ірі таланттың табиғатындағы аса мағыналы сипат
екені даусыз: Пушкин мен Абай, Достоевский мен Әуезов, Маяковский мен
Мұқанов...- бәрінде де сондай ерекшелік болған.
Екіншіден бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл
бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант
табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген
мазмұнын танытпақ.
Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген
шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчеятволық қиял – таланттың
серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпы
әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: ...суреткердің творчестволық
фантазиясы – ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы, - десе, Ленин де
фантазияның барлық творчествоға тән сипат, ұлы қасиет екенін айтқан:
Тіпті, ең бір дәл ғылымның өзінде де фантазия атқарар роль зор екенін
жоққа шығару бекер...
Төртіншіден интуиция. Мәселен өлең жазу – есеп шығару емес. Есеп
шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең – ішкі терең, табиғи
тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz